Электроннды Сауда Алаңшалары. A. Майклом Раппа (Michael Rappa) ұсынған классификация негізінде қандай табысқа бағытталған модельдерді модельдер жатыр
Лекции.Орг

Поиск:


Устал с поисками информации? Мы тебе поможем!

Электроннды Сауда Алаңшалары. A. Майклом Раппа (Michael Rappa) ұсынған классификация негізінде қандай табысқа бағытталған модельдерді модельдер жатыр




A. Майклом Раппа (Michael Rappa) ұсынған классификация негізінде қандай табысқа бағытталған модельдерді модельдер жатыр ЭСА.

ЭСА сатушы мен сатып алушы арасында сату-сатып алу процесстерін жүзеге асыратындықтан Майклом Раппа ұсынған табысқа бағытталған модельдердің ішінде делдалдар моделі сәйкес келеді.

Делдалдар – сатушы мен сатып алушыны кездесетіндей және өзара әрекет жасайтындай жағдай жасайтын нарық қатысушылары. B2C,B2B, C2C нарығында кездеседі. Негізгі табысы - не белгілі бір сома көлеміндегі төлем не әрбір транзакция сомасының % мөлшерінен құралады.

 

В. ЭСА негізінде қандай фундаментальды модельдер жатыр?

ЭСА тауар жеткізушілерді, қолданушылар мен қызметтерді бір тауар сату және ақпараттық ортада біріктіреді және ЭСА қатысушыларына кәсібін жетілдіретін қызмет тізімін ұсынады. ЭСА ретінде бүгінде компаниялар арасындағы және сатушы мен сатып алушы арасындағы сату-сатып алу процесстерін жүзеге асыратын кез келген Интернет-ресурс бола алады. Сол себепті де ЭСА негізінде келесі модельдер жатыр:

Business-to-Consumer (B2C) моделі.

B2C моделі компаниялар және жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларды қамтиды. Бұл компаниялардың тауарларды клиенттерге тікелей интернет арқылы сату сияқты көрініске ие. Мұндай сайттар онлайн каталогтағы тауар не қызмет жөніндегі ақпаратты ұсынады. B2C моделі онлайн-банкинг, саяхат жасау сервистері, денсаулық сақтау жөніндегі ақпаратпен қаматмасыз ету сияқты бизнес түр/іне ие.

Consumer-to-Consumer (C2C) моделі.

C2C моделі жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларды қамтиды. Яғни сауда тікелей екі жеке тұлға арасында өтеді.

Business-to-Business (B2B) моделіне сәйкес келеді.

B2B моделі компаниялар арасындағы тапсырыс жасау, сатып алу және де басқа әкімшілік тапсырмаларды орындайтын электронды транзакцияларды қамтиды. B2B моделі тауарлар саудасы, бизнес жаңалықтарын жазылу, мамандырылған кеңес,өндіріс,сауданық толық циклі сияқты көріністер табады. B2B моделі виртуалды, яғни физикалық түрде болмысы жоқ, компаниялар арасында да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бизнес тек интернет арқылы жасалынады.

 

С. ЭСА жүйесі бойынша сатып алудың тиімділігін бағалайтын 2 KPI ұсыныңыз. ЭСА жалпы қызметін бағалайтын 2 KPI ұсыныңыз.

KPI — бизнес қызметінің тиімділігін өлшеуге арналаған метрикалар

KPI бизнестің қаншалықты нәтижелі, тиімді ж/е сапалы екендігін көрсетуі қажет.

KPI 1. Клиенттерге қызмет б/ша көрсеткіш. Оны:

- клиенттердің санының артып н/е кемуінен,

- олардың электронды хаттарының санынан,

- сұрақ классификациясымен,

- клиенттердің қоңырау шалулар саны арқылы анықтауға болады.

KPI 2. Табыс б/ша көрсеткіш. Оны:

- ұсынылған акциялардың таралуы б/ша,

- клиенттер саны б/ша,

- қызметті қолданудың орта есебі б/ша,

- клиенттер жасаған транзакциялар н/е іс-әрекеттер б/ша анықталады.


 

Туризм

А. Е-туризм негізінде қандай фундаментальды модельдер жатыр?

Е-туризм – бұл ақырғы тұтынушыларға туристік қызметтерді тікелей сатуды қамтамасыз ететін және өндірушілер, турагенттер мен делдалдарды біріктіретін онлайн қызмет.

Е-туризм негізіндегі фундаментальды модельдер:

1. B2C – интернетте сайт арқылы туристтерге арналған порталға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Онда туристтер барлық қызықтыратын ақпараттарды таба алады және банктік карта арқылы немесе төлемнің альтернативті құралдарымен төленетін пакетті тур немесе бөлек тур-қызметтерді ала алады. Төлем жүргізілгеннен кейін турист жеке кабинеттегі құжаттарға қол жеткізеді немесе құжаттар брондау барысында көрсетілген электронды адреске жолданады (тіркелусіз).

2. B2В2С – турагенттерге жеке кабинет арқылы порталға қолжетімділікті ұсыну (келісім-шарт жасауда логин және парольді алу арқылы) және брондау барысында сайтта көрсетілген, “тікелей” тұтынушыға қолжетімді бағадан өз комиссялық үстеме ақыны алу.

3. B2B – функциялауды және орталық түйіннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, ал нақтырақ программалық жабдықты, деректер қорын басқару жүйесін, сату мен сатып алу актілерінің қауіпсіздігі жүйесін, банктермен (интернет-банкинг), электронды төлем жүйесін және т.б. қамтамсыз ететін өзара іс-әрекеттер.

4. G2B – бизнестің қолдауы мен дамуы үшін орындаушы биліктің және орталық түйіннің онлайн іс-әрекеттерін жүзеге асыруға арналған программалық құралдар жиынтығы.

 

В. Туризмінің қандай бизнес-процесстері ICT арқылы жетілдірілуі мүмкін?

ICT (Information and communications technology) – бұл әр түрлі құралдарды, механизмдерді, әдістерді, ақпаратты өңдеудің алгоритмдерін сипаттайтын жалпылама түсінік. ICT-дің маңызды жаңашыл құралы – программалық жағынан қамтамасыздандырылған компьютер және ақпараты бар телекоммуникация құралдары.

Е-туризм ICT-ді туристік мекеменің нәтижелілігін арттыру мақсатында қолданады. Стратегиялық түрде – бизнес модель қатты өзгереді және туристік мекеменің барлық қызығушы жақтармен өзара стратегиялық қарым-қатынастары өзгереді. Бұл жерде әңгіме бәсекелестіктің артуында.

ICT саласындағы заманауи жетістіктер туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді. Туризмге қажетті барлық кеңістік ақпараттық технологиялармен қамтылады (дестинация, орналастыру, көлік, пэкидж-турлар және қызметтер туралы ақпарат) және осындай қызметтерді белсенді бақылау жүзеге асырылады.

ICT енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:

· Интернет арқылы Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығы имиджін жылжыту, халықаралық көрмелер және спутниктік Kazakh TV (CaspioNet) телеарнасы бойынша іс-шараларды іске асыру;

· Интернет желісіне жедел қол жеткізе отырып туристік инфрақұрылым объектілерін қамтамасыз ету;

· Қазақстанның туристік инфрақұрылым объектілерін (қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер) интернет-брондтаудың танымал халықаралық жүйесіне біріктіру
мемлекеттік- жеке меншік әріптестік шеңберінде туризм саласындағы сервистер мен қызметтерге қол жеткізуді арттыру үшін ұтқыр ұсыныстар әзірлеу;

· туризм индустриясы объектілерін салған және жарақтандырған кезде «жасыл» энергия үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын қолдану.

· туризм объектілерінің орналасқан жерлерін, тарихи және ескерткішті орындарды, санаторийлерді, курорттық аймақтар мен өзге де көрікті жерлерді көрсете отырып геоақпараттық технологиялар базасында Қазақстан, Республикасының бірыңғай цифрлық картасын жасау;
жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда өңірлердегі бар туризм объектілері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария ету;

· Қазақстан Республикасындағы туризм объектілерінің тізілімін жасау және өзектендіру.

 

С. Е-туризм бизнес-архитектурасына қандай 2 талап ең маңызды болып табылады?

E-бизнес архитектурасына қойылатын талаптар

1. Sequrity — қауіпсіздік — жеке мәліметтерді қорғау және авторизацияланбаған әрекеттерден қорғау

3.Robustness — орнықтылық — жүйенің кейбір элементтері істемеген жағдайда жұмыс жасау

4. Extensibility — кеңейу мүмкіндігі — Басқа да қызметтерге зиян келтірместен, клиенттердің үлкен санымен жұмыс жасау

 





Дата добавления: 2016-10-06; просмотров: 356 | Нарушение авторских прав | Мы поможем в написании ваших работ! | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2021 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.