Электроннды Сауда Алаңшалары
Лекции.Орг

Поиск:


Устал с поисками информации? Мы тебе поможем!

Электроннды Сауда Алаңшалары




A. Жабдықтау процестерінде (Supply Chain Management ) және компанияның ақпараттық жүйесінде ролін және орнын схема түрінде анықтаңыз.

«Supply Chain Management» –– Бұл жеткізушіден ақырғы сатып алушыға дейінгі тауарды жеткізудің логикалық схемасы.

B. Электронды сатып алу жүйесінің қандай артылықшылақтары бар?

Электрондық мемлекеттік сатып алудың басты артықшылықтары мыналар:

1. Жемқорлықпен тиімді күрес тәсілі; 2. Бюджеттік қаражаттың үнемделуі; 3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстың ыңғайлылығы; 4. Салауатты бәсекелестік үшін тиімді жағдайлар туғызу; 5. Отандық шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау.

Жыл басында қосылған Электронды сатып алу жүйесі нәтижесін беруде. «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС компаниялар тобында үнемдеу соммасы 8 млрд.теңгеге жуық.Отандық кәсіпкерлер үшін де сатып алу рәсімдері әлде қайда жариялымды әрі тиімдіболғандай. «Самұрық-Қазына» басқармасы осы жүйені әзірлеуді тапсырып ,барлық мүмкіндіктерді бергені арқасында,бұл жоба іске асты.Алайда электронды анықтаманың өзін енгізген кезде белгілі бір тәукелдер болды,бірақ нәтижесі ойдағыдай.Қазір жүйеге кіріп барлық ақпаратты алуға болады.Қандай сатып алу жоспарда бар,қайсысы өтті және қанша қалды кәсіпкерлерге қажеті де осы.Жобаның тиімділігі де сол-барлығы электронды түрде. Электронды сатып алу жүйесі енді шенеуніктердің назарында ,қаржы министрлігі қызығушылық танытты .Алдағы уақытта жаңа тәжірибе республика бойынша қолданылуы мүмкін.Бұл ретте кәсіпкерлер сұраныс ауқымын әкелінетін және шығарылатын өнімнің көлемін бақылай алады.Батыста ондай жүйелер жоқ,ол тер ірі сауда нүктелерінде болады,мемлекеттік деңгейде емес.Жалпы ақпараттық жүйе істі тездетуге мүмкіндік береді,демек,кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді.Сатып алу ережелері электронды жүйенің тетіктері туралы ақпаратпен оқыту материалдары «Самұрық-Қазына Контракт» сайтында бар .Бүгіндері мұнда 10 мыңнан астам әлеуетті жеткізуші тіркелген.200 мыңнан аса өнім тауарлары енгізілді ,ал қауіпсіздік жағынан қарағанда жүйе сенімдігін дәлелдеген көрінеді.Бекітілген бағаларды өзгерту немесе ақпаратты бұрмалау сынды жағдайлар осы уақытқа дейін болмаған.

Электронды сатып алу жүйесінің ерекшеліктері бар. Тапсырыс беруші мен өнімін ұсынушының арасындағы делдалдың қызметін электронды жүйе атқарады. Сыбайласқан жемқорлықтың тамырына бір жола балта шаптық деуге әлі ерте, дегенмен.

Былтырдан бастап елімізде мемлекеттік сатып алулар электронды жүйеде іске аса бастады. Үкіметтің көздегені ақпараттық технологияның көмегіне жүгіне отырып, қазынаның қыруар қаржысын үнемдеу болатын.

Биліктің бұл ойы іске асып, былтыр бюджет қаражатының жиырма пайызы үнемделді. Жаңа жүйенің артықшылығы тек бұл емес. Бұрын тендер қалтасы қалыңдар мен қолы ұзындардың құрығына түсетін майлы шелпек болса, қазір бұл шаруада бармақ басты, көз қыстыға жол жоқ.

Бұл – мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы. Себебі бұрынғы қалыптасқан сатып алу жүйесінде тендер өткізетін мекеме тарапынан кәсіпкерлерге көптеген қиянаттар жасалынатын. Мысалы, мемлекеттік мекеме тендерге белгілі бір мүдделі топтарды ғана кіргізіп, басқаларын қатыстырмауға мүмкіндіктері бар еді. Бір телефонды беріп, бірақ оған қоңырау шалсаң, «ертең немесе арғы күні хабарлас» деп, тіпті тендерлік құжаттарды бермей, созбалақтап жүріп алатын. Енді электрондық жүйеге байланысты онда сатып алу туралы ақпарат бірден сайттарда жарияланады. Онда барлығы айқын жазылған, бюджеті де белгілі, сатып алатын тауарлардың сипаттамасы да анық беріледі.

Мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесі мемлекет үшін сөзсіз пайдалы.

Демек, мұнда кез келген мүдделі компания сайтқа кіріп, өзіне қажетті ақпараттарды ала алады. Егер ондағы жарияланған тендерлер сипаттамасы өзіне қажетті болса, онда оған бірден қатысқысы келетінін айтып, өзінің формасы бойынша бағалық ұсынысын айта алады. Бұл жерде барлығы сайтта анық көрсетілген соң, оны ешкім өзгерте алмайды.

Соңғы айда сайтты 2 млн азамат пайдаланған. Олардың дені – ел тұрғындары. Қалған 50 мыңы ресейлік және 5 мың украин азаматы осы электронды желідегі ақапаратты кәдесіне жаратқан.

C. Электронды сатып алу жүйесінің қандай кемшіліктері бар?

Бұл жүйе өз деңгейінде жұмыс істеп тұрған жоқ. Мысалға, электрондық мемлекеттік сатып алуда жарияланатын ақпараттар қазақша берілмей отыр. Барлығы орыс тілінде. Мұның өзі – адам құқын шектеу деген сөз. Енді орыс тілін білмейтін кәсіпкер электрондық мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Әрине, көзбояу үшін онда қазақша сайттар ашылған, бірақ ақпараттардың барлығы ресми тілде беріліп отыр. Демек, ақпараттандыру мәселесі өте төмен. Сонда байқағанымымыз, бізде ауылдардың көпшілігі интернетпен қамтамасыз етілмеген. Компьютерді, интернетті әлі күнге дейін жақсы қолдана алмайтын кәсіпкерлер бар. Енді бұл ретте тек қалалықтар ғана тендерді жеңіп алып, ауылдық кәсіпкерлер шетте қалып кетпесіне кім кепіл?

 


 

Groupon

A. Groupon сервисі негізінде қандай фундаментальды модельдер жатыр?

Groupon– америкалық жеңілдіктердің ұжымдық сервисі. Сервистің көмегімен тұтынушылар жеңілдіктер ала алады, жеңілдіктерге қол жеткізу үшін сервис сайтынан купон сатып алу керек. 2010ж тамызда GrouponДарбери атты ресейлік жобасының сатылымы туралы хабарлады, ол активтер санын одан әрі өсіре берді.Grouponаптасына бірнеше рет көптеген ұсыныстар ұсынады. Акция қатысушылар саны минималды саннан асса жүзеге аса береді. Мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін сіз өз достарынызға почта арқылы хабарлай аласыз. Сіз өз таңдауыңызды жасаған соң «купонды сатып алу » тетігін басасыз. Және төлемнің сіз үшін қолайлы түрін таңдайсыз ол кредиттік карта немесе электронды ақша не болмаса Qiwi терминалы болуы мүмкін.

Groupon сервисі негізінде келесі фундаментальды модельдер жатыр:

Business-to-Consumer (B2C) моделі.

B2C моделі компаниялар және жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларды қамтиды. Бұл компаниялардың тауарларды клиенттерге тікелей интернет арқылы сату сияқты көрініске ие. Мұндай сайттар онлайн каталогтағы тауар не қызмет жөніндегі ақпаратты ұсынады. B2C моделі онлайн-банкинг, саяхат жасау сервистері, денсаулық сақтау жөніндегі ақпаратпен қаматмасыз ету сияқты бизнес түр/іне ие.

Business-to-Business (B2B) моделіне сәйкес келеді.

B2B моделі компаниялар арасындағы тапсырыс жасау, сатып алу және де басқа әкімшілік тапсырмаларды орындайтын электронды транзакцияларды қамтиды. B2B моделі тауарлар саудасы, бизнес жаңалықтарын жазылу, мамандырылған кеңес,өндіріс,сауданық толық циклі сияқты көріністер табады. B2B моделі виртуалды, яғни физикалық түрде болмысы жоқ, компаниялар арасында да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бизнес тек интернет арқылы жасалынады.

 

B. Groupon сервис функционалын сипаттайтын блок-схемасын келтіріңіз.

 

С. Мобильды қосымшалардың дамуы Groupon сервисіне қалай ықпал етеді?

Мобильді қосымшалардың дамуы Groupon сервисіне оң әсерін тигізеді.Себебі, бұл сервис қызметтер көрсетумен айналысады және өз клиенттерін төлем жасаудың ыңғайлы және қол жетерлік сервиспен қамтамасы етуі тиіс.Қазіргі таңдағы мобильді қосымшалардың дамуы ақы төлеудің қол жетімділігіне, шығындарды оңтайландыруға, пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. Шоттарға қол жеткізуді, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуді қамтамасыз ететін ыңғайлы әрі қауіпсіз арнаны өз клиенттеріне қызмет көрсетуі үшін мобильді банкинг дамыды.

«Мобильді банк» жүйесі клиентке оның банктік шотының жағдайы туралы шұғыл хабарлап отыруға мүмкіндік береді. Шотпен жүргізілген операциялар туралы хабарландырулар транзакциялар аяқталғаннан кейін SMS-хабарлама түрінде клиенттің мобильді телефонына келіп түседі. Клиент мобильді телефонның көмегімен өз шотының балансы туралы мәліметтерді, шот бойынша жүргізілген операциялардың тарихын сұрай алады, Mobile Bank — Verified by Visa спецификациясының талаптарына сәйкес қауіпсіз төлемдерді орындай алады, өзінің банкі ұсынатын басқа да сервистерді пайдалана алады. Қызметке GSM-желісі қолданылатын барлық аумақтарда қол жеткізуге болады.





Дата добавления: 2016-10-06; просмотров: 486 | Нарушение авторских прав | Мы поможем в написании ваших работ! | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2021 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.