Өндіріс факторларының нарығы: еңбек нарығы мен капитал нарығы. Ары қарай біз экономикалық қызметтің 2-ші субъектісі – өндірушінің талдауына көштік. Біз оның дайын өнім нарығындағы сатушы ретіндегі қызметін зерделегенбіз, енді өндіріс факторы нарығындағы сатып алушы ретіндегі оның қызметін қарайық. Сонымен, өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс фирмалардан шығады. Өндіріс факторларының нарықтарын құрылымы бойынша айырады. Оларға қатысты нарықтық құрылымдардың 3 түрі бар:
1. Өндіріс фактораларының нағыз бәсекелес нарығы
2. Факторларды сатып алушылар монопсоникалық билікке ие өндіріс факторларының нарығы
3. Факторлардың сатушылары монополиялық билікке ие болған өндіріс факторларының нарығы
Дайын өнім нарығында сияқты, өндіріс факторларының баға белгілеуі нарық түріне байланысты ерекшеленеді. Алдында факторлардың нағыз бәсекелес нарығын қарайық. Бұл нарықта сатушылар мен сатып алушылар көп, бірақ олардың біреуінде де нарық билігі жоқ. Бәсекелес нарық сатушылар мен сатып алушылардың толық ақпаратталғандығымен сипатталады. Өндіріс факторы нарығының ерекшілігі: нарықтық және салалық сұраныс деген сөздер – синонимдер емес. Факторлар нарығында жеке сұранысты (өндіріс факторларына жеке фирманың сұранысы), салалық сұранысты (осы саладағы әр фирманың жеке сұраныстарын сомалау әдісімен алынады) және нарық сұранысты (факторлар нарығының біреуіндегі сұраныс – еңбек нарығында немесе капитал нарығында, оны салалық сұраныстарды қосу жолымен алады) айырады. Факторларға деген сұраныстың екінші ерекшілігі – ол туынды, яғни тұтынушы сұранысына байланысты. Фирма өндіретін тауарға сұраныс неғұрлым жоғары болса, факторларға деген сұраныс соғұрлым үлкен. Осыған байланысты нағыз бәсекелес өндіріс факторларының нарығы 2 түрге бөлінеді:
1. Өндіріс факторларының нағыз бәсекелес нарығы, дайын өнімнің нағыз бәсекелес нарығынан туынды.
2. Өндіріс факторларының нағыз бәсекелес нарығы, дайын өнімнің монополиялық нарығының туындысы.
жалақы MRPL=P•MPL
MRPL=MR•MPL
Жұмыс уақыты
Дайын өнімнің бәсекелес және монополиялық нарықтары үшін еңбектің шекті табыстылығы.
W
w' SL
MRPL=DL
L' L
Еңбек нарығындағы фирманың тепе-теңдігі
MR (PL2)
A
B C DL
Ұзақ мерзімді кезендегі еңбекке деген сұраныстың қисық сызығы
D1 D2
L1 L2 L3
Еңбекке деген салалық сұраныстың қисық сызығы
1.Микроэкономиканың теориялары мен айналым моделі. Позитивтік талдау мен нормативтік талдауды салыстыруын сипаттаңыз. 2.Өндірістік мүмкіндіктер қисығы. Экзогенді және эндогенді айнымалылар.Экономикалық талдау барысындағы әсерлерін сипаттаңыз. 3.Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныс көлеміне әсер ететін факторларын сипаттап жазықтықтағы графикте кескіндеңіз. 4.Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс көлеміне әсер ететін факторларын сипаттап жазықтықтағы графикте кескіндеңіз. 5.Нарықтық тепе-теңдіктерін және ұтыстарын сипаттаңыз.. Олардың ара қатынасын жазықтықтағы графикте кескіндеңіз. 6.Сұраныс және ұсыныс икемділігінің түрлері. Өлшеу әдістерін сипаттап. жазықтықтағы графикте кескіндеңіз. 7.Салықтардың нарықтық тепе-теңдікке әсерін жазықтықтағы графикте кескіндеңіз. 8.Пайдалылық теориясы және шекті пайдалылық, олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз. 9.Шекті пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы және пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы. Госсен заңына анықтама беріңіз. 10.Тұтынушы қалауы және талғамсыздық қисықтары. Алмастырудың шекті нормасы сипаттаңыз. 11.Тұтынушының бюджеттік шектеуі және қасиеттері. Бюджеттік шектемелердің тепе-теңдік шешімдері және орындалудың шарттарын түсіндіріңіз 12. «Баға-тұтыну» қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы арқылы жеке сұраныс қисығын шығаруды жазықтықтағы графикте кескіндей отырып түсіндіріңіз. 13. «Табыс-тұтыну» қисығы және Энгель қисығы. Табыс және баға индексінің айырмашылығын көсетіңіз. 14.Жұмыс бос уақыт бағалылығы, жұмыскердің табыс пен бос уақыт ара салмағын таңдау есебі және жазықтықтағы графикте кескіндей отырып түсіндіріңіз 15.Ұсыныс қисығының ылдиы оң болғандағы алмастыру әсері мен табыс әсерінің өзгерістері (мысалы,қандай өзгеріс байқалады) сипаттаңыз. 16.Ұсыныс қисығының ылдиы теріс болғандағы алмастыру әсері мен табыс әсерінің өзгерістері (мысалы,қандай өзгеріс байқалады) сипаттаңыз.
17.Өндіріс функциясы және Кобб-Дуглас фунециясы. Изокванталар және олардың ерекшеліктері. Технологиялық алмастыру мөлшер түсіндіріңізі. 18.Өндіріс факторлары орташа, жалпы және шекті өнім. Мысал арқылы графигін тұрғызыңыз. 19.Шығындар түсінігі және түрлері. Шығындардың құлымы. Изокоста, изокостаның өзгеруін түсіндіріңіз. 20.Қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар. Ұзақ уақыт мерзіміндегі шығындар жазықтықтағы графикте кескіндей отырып түсіндіріңіз 21.Бәсекелестегі жетілген нарықтың сипаттамасын түсіндіріңіз. 22.Қысқа мерзімді кезеңдегі бәсекелестік фирма және ұзақ мерзімді кезеңдегі бәсекелестік фирма жазықтықтағы графикте кескіндей отырып түсіндіріңіз 23.Монополия жағдайындағы нарық.. Бағалық сұраныс икемділігінің рөлін түсіндіріңіз 24.Монополистың пайдасын максималдау ережесі. Қысқа мерзімді кезеңдегі монополиялық фирмалардың пайдасын максимилизациялауын түсіндіріңіз. 25.Лернер коэффициенті. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік жазықтықтағы графикте кескіндей отырып түсіндіріңіз. 26.Монополияның қоғамдық шығындары түсіндіріңіз. 27.Бағалық дискриминация. Нарықты сегменттеуден айырмашылығын көрсетіңіз. 28.Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы.Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік.Монополия бәсекелестігінің салдарын түсіндіріңіз. 29.Олигополия түсінігі. Олигополиялық нарықтың сипаттамасы. Курно дуополиясының моделі түсіндіріңіз. 30.Өндіріс факторлар нарығының түсінігі. Өндіріс факторларына сұраныс жазықтықтағы графикте кескіндей отырып түсіндіріңіз.