Бәсекелес фирма, нарықтық конъюнктураға байланысты, 3 мүмкін болатын нұсқадан 1 таңдайды.
1. Фирма пайдасын көбейтеді. Бұл іске асырылады, егер нарықта қалыптасқан баға фирманың орташа шығындарынан асып кетсе:
Р > АСmin, яғни фирма кәдімгі қарапайым пайдасын алады. Оны (пайданы) көбейту үшін өндіруші шекті табыс шекті шығындармен теңескенше өндіріс көлемін көбейтеді.
C,R MC
A B P=MR
D C AC
Q
Бәсекелес фирманың пайдасын көбейтуі
Фирма шығындарды (залалдарды) азайтады. Бұл мүмкін болады, егер баға мына деңгейде тұрса: AVCmin<P<ACmin Осы жағдайда фирма дұрыс пайда алмайды, яғни залал шегеді. Бірақ өндірістің тоқталуы фирма үшін оның жалғасуынан да залалды. Шынында да, егер фирма өндірісін жалғастырса, ол пайдасын алмаса да ауыспалы шығындарды толық және тұрақты шығындарды жартылай жабады; егер өндірісін тоқтатса, тұрақты шығындар көлемінде залал шегеді. Сондықтан, фирма өндірісті таңдап, осылай залалдарды азайтады 67 сурет залалдарды азайту ахуалын көрсетіп тұр. Ондағы сызылған көлем (ABCD) залалдардың шамасына сәйкес. Ендігі назарды ABEF тікбұрышқа аударайық – бұл фирма жабылған жағдайда оның болатын залалдары.
C,R MC
A B AC
C D P=MR
E F
Бәсекелес фирманың залалдарын азайту
Фирма өндірісін жабады. Егер фирма өніміне нарық бағасы орташа ауыспалы шығындардан төмен түссе (P< AVCmin), фирмаға өндірісін жалғастыруға қажеті жоқ, өйткені ол өндірістің кез келген көлемінде тіпті ағымдағы шығындарды да жаба алмайды.
C,R MC
AC
AVC
P=MR
Q
Фирма жабылған жәйт
Сонымен, фирма әрекеттері нарық бағасы мен орташа шығындар араларындағы қатынастарға байланысты. Пайданы көбейту қағидасы ретінде бағаның шекті шығындарға теңдігі болып келеді (МС = Р). Өндірістің оңтайлы көлемінің барлық нүктелері шекті шығындар қисық сызығында, орташа шекті ауыспалы шығындардың ең аз мағынасынан жоғары жатыр. Орташа ауыспалы шығындардың ең аз мағыналарынан жоғары жатқан шекті шығындар қисық сызығының көлемі фирма ұсынысының қисық сызығын қалыптастырады
С MC AVC
Q
Қысқа мерзімдегі фирма ұсынысының қисық сызығы
Бәсекелес фирма ұсынысы қисық сызығының ұлғаймалы еңкіштігі бар. Себебі, Q өсуімен бірге МС өседі және де келесі факторардан тәуелді: саладағы фирмалардың саны, олардың көлемі, ауыспалы ресурстардың бағалары, технологиясы
Ұзақ мерзімді тепе-теңдік орнату ерекшелігі: ұзақ мерзімді кезеңде фирма өндірістің барлық факторларын өзгерте алады немесе ол өндірістен кетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығындар болмағандықтан, тек қана «орташа шығындар» деген түсінік пайдаланады. Енді ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалай болатындығын қарастырайық (70 сурет). Өнімге деген нарық сұранысы өсті дейік, бұл сұраныс қисық сызығын D орнынан D1 ауыстырады, ал тепе-теңдік бағасы. Р-ДАН – Р1 дейін өседі. Әр фирманың ұсынысы q1 дейін өседі, ал нарық ұсынысы – Q1 дейін. Р1 бағасы ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындарынан асып түседі де, бұл фирманың экономикалық пайданы алуын білдіреді. Осының арқасында салаға жаңа фирмалар тартылып, нарық сұранысы өсе түседі. Нарық сұранысы S2 деңгейге жетті дейік, оның нәтижесінде нарық бағасының LRACmin төмен Р2 деңгейге түседі. Онда өндіріс шығынды (залалды) болып, фирмалар нарықтан кете бастайды. Бұнын салдарынан баға қайта өсіп, ұсыныс та S3 деңгейге өседі. Осындай нарықтық тепе-теңдікте саладағы кез келген фирманың пайдасы дұрыс болады: п = (Р – LRACmin)Q = 0 тепе-теңдік q шығару жағдайында. Экономикалық пайданың жоғы саланы басқаларға қарағанда, тартымсыз қылады, демек, жаңа фирмалар оған кірмейді, ал ондағы фирмалар тастамайды. (Q3> Q, яғни жаңа келген фирмалар салада қалады).
P LRMC LRAC S1
P1 S3
P S2
P2
D D1
q q1 Q Q1 Q2
Ұзақ мерзімді тепе-теңдік моделі (үлгісі)
Сонымен, ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалыптасады, яғни фирмалар ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындармен өндіріп, экономикалық пайда алмайды (түсірмейді). Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді ұсынысының қисық сызығы – ұзақ мерзімді орташа шығындардың қисық сызықтарымен қиылысу нүктесінен жоғары жатқан оның ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтарының ұлғаймалы кесіндісінің жартысы. Фирмалардың бәрі де пайда алмайды, кейбіреулері бір себептерден төмен шығындары болса да, экономикалық пайда түсіреді. Бұл жағдайда ол «экономикалық» рента нысанын алады.