Микроэкономика теориялары мен айналым моделі.Позитивті және нормативті талдауды сипатта
Микроэ-а — экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі. Микроэ-ң басты ерекшелігі - бұл негізгі экон-қ бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэ-ң макроэ-дан айырмашылығы: макроэ-да талдау үрдісі экономиканы толығынан қамтиды, яғни жалпы экономикалық үрдістердің ауқымын қарастырады (жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, жалпы шығын және тағы басқа). Микроэкономиканы зерттеудің басты объектілері болып баға және баға қалыптастыру үрдісі табылады. Негізгі сызбасы: Қажеттіліктер-ресурстар-технологиялар-өнімдер-қолданылуы- қажеттіліктер-(қайтадан қайталанады)...Сұрақтары: не өндіреміз?қалай өндіреміз?кім үшін өндіреміз?
Адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп айтамыз. Экономикалық субъектілер - экономикада жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер: адамдар, топтар, қоғамдастықтар.
Модель нақты өнім детальдарымен абстракцияланған экономикалық құбылыстарды сипаттау болып табылады.Нарықтық экономиканың ең қарапайым үлгісі ауыспалы айналым моделі болып табылады.Бұл модель бойынша экономика екі сектордан тұрады:үй шаруашылықтары мен фирмалардан,өнім нарығы және өндіріс факторларының нарығы бар
Карама қайшы екі ағын бар:ақша және екінші нақты (тауарлар,қызмет көрсету,ресурстар).Өндіріс факторлары нарығында сұраныс бар ресурстарын ұсына алған индивидум(белгілі бір біліктілік еңбек,капитал,жеке меншік),сәйкес еңбекақы алып,(жалаұы,пайыздар,жал төлемі),өндіріс нарығында таңдау мүмкіндігіне ие бола алады.Фирма өздері өндірген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен ақшаларын үй шаруашылықтарының ресурстарын сатып алуға жұмсайды.Үй шаруашылықтары не тұтынатынын шешеді,олай болса,не өндіреміз деген сұрақ туады.Мұндай шешімдер фирмалардың өндірістік жоспарларының негізі болуы керек.Бұдан фирма шектеулі ресурстарды қалай пайдалану туралы шешім қабылдауы керек.Қорытындылай келе,айналым моделі нарықтық экономиканың басты сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді.
Позитивті талдау бұл экономикалық құбылыстардың өзгерістерін болжауға тырысады.Ол «не бар» деген сұраққа жауап береді.
Нормативті талдау экономикалық талдау,не орындалуы қажет жөнінде ұсыныстар берумен ерекшеленеді.Ол «қалай болуы керек» деген сұраққа жауап береді.Өндірілген тауар мен қызметті тиімді болуы мәселесі позитивті талдау мөлшерінде шешілуі керек,ал әділеттілікке қатысы бар мәселелер нормативті талдауғ қатысты.
ндіріс мүмкіндіктер қисығы.Экзогенді және эндогенді айнымалылар.Экономикалық талдау барысындағы әсерлер.Экстенсивті,интенсивті.
Өндіріс мүмкіндігінің қисығы
Өндіріс факторларының қандай болмасын жиынтығымен, осы жиынтық арқылы өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынас өндірістік фунцияны сипаттайды.
Өндірістік функция ресурстардың шығындары мен шығарылған өнімнің арасындағы технологиялық төуелділікті керсетеді.Осыны изокванта сипаттайды — өндіріс факторларының бір көлемді өнім шығару үшін бір бірімен ұштасуының бірнеше түрі болу мүмкіндігін сипаттайды. Тапсырылған өнім көлемін өндірудің көп варианты болатынын өндірістік функция көрсетеді. Өндірістік функция, қашан болмасын, тек белгілі технологиялық құрылым үшін жасалады. Факторлардың қандайы болса комбинациясында шығарылатын өнімнің қол жететін көлемін одан әрі өте жоғары кетере алатындай дәрежеде технологияның жақсартылуы, қашан болсын жаңа өндірістік функцияда орын алады. Өндірістік функцияны,тауарлардың көрсетілген көлемінің қайсысы болмасын соны өндіруге қажет шығындар санының төменін анықтап білу үшін қолдануға болады. Егер өңдіріс факторларының, немесе, ресурстардың барша жиынтығын енбектің, жердің және капиталдың шығыны деп санасақ, онда өндірістік функцияны былайша жазып көрсетуге болады:
Q = F(L, К, N),
бұнда Q — берілген технологияда және еңбектің L, капиталдың К, жердің N берілген сәйкестігінде өндірілетін өнімнің барынша көп көлемі
Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады — бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз.
Олар модельдің нәтижесі болып табылады. Модельді құру нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогенді айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз.
Кез келген модель нақты экономикалық құбылысты белгілі бір дәрежеде ғана көрсетеді. Сондықтан оның нақты жағдайға сәйкес екенін анықтаған кезде экономикалық іс-әрекеттің модельде көрсетілмеген басқа да қасиеттері, көрсеткіштері өзгермейді деп ұйғаруымыз керек. Бұл шартты әрі қарай зерттеулер кезінде қолданамыз.