Атаулар | 1971 ж. | 1982 ж. | 1991 ж. | 2002ж. | 2009 ж. |
қой саны (млн. бас есебімен) | 1044,2 | 1157,7 | 1194,5 | 1034,0 | 1000,0 |
өндірілген жүн (таза талшық, мың т.) | 1610,0 | 1716,4 | 1943,0 | 1292,0 | 1239,0 |
өндірілген ет (сойыс салмағы, мың т.) | 4700,0 | 6244,0 | 6987,0 | 7585,0 | 14000,0 |
қой сүті (мың т.) | 6100,0 | 8163,0 | 7905,0 | 7764,0 | 7900,0 |
Осы жылдары дүние жүзінде жүзден аса жаңа қой тұқымдары шығарылып, жалпы қой тұқымдарының саны 600-ден асты. Соның ішінде биязы, әсіресе биязылау кроссбредті немесе кроссбред типтес жүн беретін етті-жүнді қой тұқымдары көбейе түсті. (2-кесте)
2-кесте. Қазіргі дүние жүзіндегі қой тұқымдарының өнім бағыты, %
Қойдың өнім бағыттары | 1970 ж. | 2002 ж. | 2009 ж. |
Биязы жүнді қой тұқымдары | |||
Биязылау, кроссбред қой тұқымдары | |||
Ұяң, қылшық жүнді қой тұқымдары | |||
Жүнсіз қой тұқымдары |
Соңғы 10-12 жылдың ішінде қой басының дүние жүзі бойынша едәуір азайғанын байқауға болады. Ең алдыменен, Кеңес Одағы мемлекетінің тарауымен байланысты, ТМД елдерінде экономиканың күрт құлдырауының әсерінен КСРО мемлекетіндегі 1990 жылы болған 137,4 млн. қой басынан тек 50-миллиондай ғана қой қалды. Мұнда әсіресе, көп қой басын жоғалтқан Ресей Федерациясы – 62,1 милионнан тек 13,0 млн., Қазақстанда 35,4 млн.-нан тек 7,8 млн. бас қой қалды, сол сияқты көп қой басын кеміткен Қырғызстанда 10,47 млн.-нан 3,0 миллион ғана қалды, Украина 9,3 млн-нан 0,9 млн. қалды. Дегенмен де, бұл жерлерде қой басының келешекте өсу мүмкіндіктері жоғары. Себебі, бұл елдерде қой өсіру үшін объективтік жағдайлар мен негіздер бар. Бұлардың қой өсірудегі тәжірбиесі, жайылымның және тұқымдық ресурстардың молдығы.
Дүние жүзінде қой санынан алдыңғы қатарда болып келген Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде де қой басының кеміп бара жатқандығы бұл елдердің экономикасынының өсуімен, ауыл шаруашлығын екпінді даму жолдарына көшіруімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар аграрлықтан, индустриялық дамуға көшіп, жер қыртысын жақсартып, оны пайдалануды жаңа деңгейге көтеріп келеді. Сондықтан бұларға қойдан гөрі пайдасы көбірек жоғары өнімді ірі қара, шошқа, құс салаларын дамыту және олар бұрынғы жайылымдарды егіншілік жерге айналдырып келеді.
Сонымен бірқатар қой басының кемуіне жасанды және синтетикалық мата жасайтын талшықтардың түрінің көбеюі, олардың сапасының жақсаруы, жүн тылшықтарынан қалыспайтындығы да әсер етіп отыр.
Дегенмен, дүние жүзінде біраз Азия, Африка мемлекеттері қой басын өсіріп келеді. Мысалы, Қытай соңғы он жыл ішінде қой басын 112,3 млн.- нан 137,0 млн.- ға дейін өсірсе, Судан 21,3 млн.- нан 47,0 млн.- ға дейін өсіріп отыр. Мұндай мемлекеттер де баршылық.
Соңғы жылдарда қой етін көбірек өндіруге баса назар аударылуда. Сондықтан да қой етінің көлемі арта түсуде. Ет өндіру жөнінде ежелгі мемлекеттер Франция, Германия, Англия мемлекеттері әр қойдан алатын ет көлемі жөнінде қазір көш басшы болып келеді. Сонымен қатар Азия, Африка мемлекеттері де ет өндіруге баса назар аударуда. Мәселен, Қытай соңғы он жыл ішінде қой етін 551 мың тоннадан 1600 мың тоннаға дейін жеткізіп отыр. Жақсы қарқын Үндістан, Иран, Түркия мемлекеттерінде байқалады.
Жалпы қой шаруашылығының дамуында биязылау, кілемдік, тоқыма жүндерге баса көңіл аударылуда. Бұл қой тұқымдары етті де жақсы беруімен бірге қолданбалы жүнді де көп өндірді.
Дүние жүзінің қой шаруашылығы ғылым мен техника жетістігіне сүйене отырып алға басуда. Әсіресе қойдың төлденуін арттыру, көп төл беретін тұқымдар шығару әдістері мен технологиялары даму үстінде. XXІ ғасырда қой шаруашылығы дүние жүзінің мемлекеттерінде өзінің маңызын да, орнын да жоғалтпайды (3-кесте).
3-кесте. Қазақстан Республикасындағы барлық категориялы шаруашылықтар. (Мал басы, мың бас есебімен)
Мал түрі | 2000 жыл | жыл | 2002 жыл | жыл | жыл |
Ірі қара | 4106,6 | 4293,5 | 4773,8 | 4871,0 | 5180,9 |
Сиыр | 2014,7 | 2077,2 | 2181,4 | 2267,3 | 2374,3 |
Қой мен ешкі | 9980,1 | 10478,6 | 11656,3 | 122447,1 | 13282,1 |
Жылқы | 976,0 | 989,5 | 990,3 | 1064,3 | 1110,1 |
Түйе | 98,2 | 103,8 | 104,2 | 114,9 | 123,0 |
Қазақстан 2000-шы жылғы дағдарыстық кезеңнен біртіндеп шығуда. Қой басының саны өсуде. 16900,0 мың бас – бұл 1.01.2009 ж. сандық көрсеткіші. Қазақстан жағдайында ауылдағы дәулеттің ұйтқысы қой екенін біз білеміз. Осы кезге дейін қой түлігі – мал шаруашылығының жетекші саласы болып келді және солай бола береді. Оның себебі де, негізі де бар. Республикамызда мал шаруашылығын өркендетудегі мүмкіндіктің ең бастысы 200 миллион гектар жер – табиғи жайылым мен шабындықтар. Ауылдың ырысы да, байлықтың кіндігі де осында. Жайылым түрі де неше алуан. Бізде жал-жал құмдар да бар, екі шетіне көз жетпес құлазыған шөлдер мен мидай дала да бар, белес–белес белдер де бар. Терең шатқал, шың, биік таулар да бар, мал қорығы сорлы сортаң ақжемтік жерлер де бар.
1-сурет. Қазақстандағы қой санының өсу динамикасы (млн. бас)
1990 2002 2006 2007 2008
|
“Қойды құмға, жылқыны қырға, сиырды сыртқа, түйені сорға жай”, – деген қазақтың нақыл сөзі жайылымның түрлерінің мол екендігін білдіреді. Жалпы қой малы жаратылысынан жайылымға жақсы бейімделген түлік. «Тұяқ отқа бөленеді, от жерге бөленеді» демекші, қазақ жерінің көшпелі таулы-қыратты, құмайтты, шөлейтті жерлері. Осындай аумақтың отын тек қойдай ешқандай түлік пайдалана алмайды. Қой өте төзімді келетіндіктен, ауа райы өте суық немесе аса ыстық жерлерде де жақсы өсе береді және оңай жерсінеді. Қой үшін құлазыған шөл де, шыңы биік тау да бірдей. Қайсысын болса да өте тиімді пайдаланады.
Қойдың аса бір құнды қасиеті – өсімталдығы. Биязы жүнді қой тұқымдарының әр бір 100 саулығынан 140-150 қозы, ал қалың жүнді қойлардан 120-130 қозы алынады. Қой қозыны бес ай көтереді. Сондықтан азықтандыру, бағып-күту жағдайы келіссе, қойды жылына екі немесе үш рет қоздатуға болады. Қойдың төлі тез жетіледі, 1,5 жасында – ақ ірі қой тобына қосылады. Осы қасиеттері қойдың басын тез көбейтуге мүмкіндік береді.
Қойдың маңызды артықшылығы – одан өнідірілетін өнімдердің көптігінде және олардың аса қажеттілігінде. Қойдан ет, сүт, май, жүн, тері, елтірі сияқты аса бағалы азық-түліктер мен шикізаттар алынады. Қой сойғанда қалдық ретінде жиналатын ішек, мүйіз, сүйек сияқты заттар да өңделген соң өз орнын табатын байлықтар. Олардан желім, түйме, малға берілетін қан-сүйек ұны, минералды азықтар, дәрі құрамаларына керекті заттар жасалады.
1 Қойдың шыққан тегі, биологиялық