Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ой шаруашылығының сипаттамасы және даму жолдарының тарихы




Е. И. Исламов, Б. Т. Құлатаев

Ой шаруашылығы

оқулық

Қазақстан Республикасының Білім және

ғылым министрлігі бекіткен

 

 

Алматы, 2011

 

УДК 636 (075.8)

ББК 46.6 я 73

Қ 59

Пікір жазғандар:

Қ. Ү. Медеубеков - ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, академик;

А. А. Шотаев - ауыл шаруашылығы ғылымының докторы

(Ф. М. Мұхаметғалиев атындағы тәжірибелік биология институты);

Т. С. Садықұлов - ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор (Қазақ ұлттық аграрлық университеті).

 

С. Сәбденов., Т. К. Бексейітов., М. А. Абдуллаев, Е. И. Исламов, Б. Т. Құлатаев

Қ 59 Қой шаруашылығы: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 444 бет.

 

ISBN 978-601-217-207-2

 

Қой шаруашылығы оқулығы жоғары оқу орындарының Ауыл шаруашылығы мамандығында оқитын студенттерге арналған, оқулық типтік бағдарламаға сәйкес жазылған. Оқулықта қой шаруашылығының қазіргі жағдайы және оның алдағы уақытта даму мүмкіншілігі жөнінде нақты жазылған. Сонымен қатар, қой тұқымдарының жіктеуі және сипаттамалары, болашақта оларды жақсарту, өнімділігін арттыру жолдары берілген. Қой шаруашылығы өндірісіндегі қолданылып жүрген және жаңа технологиялар негізінде қойды өсіру, төлдету, азықтандыру, бордақылау және жайып семірту мәселелері қарастырылған.

 

ISBN 978-601-241-037-2

 

УДК 636 (075.8)

ББК 46.6 я 73

 

 

© Қ. С. Сәбденов және т.б., 2011 ж.

© ҚР Жоғары оқу орындарының

қауымдастығы, 2011 ж.

КІРІСПЕ

Қой шаруашылығы Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, қазір де солай, алдағы уақытта да бола береді. Оның солай болуының себебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. гектарға жуық табиғи жайылымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан ет, жүн, тері, басқа да өнімдер өндіруге болады. Сондықтан Қазақстан даласын қой малынсыз елестету қиын.

Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті-ғылым мен озат тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қой жөніндегі ғылым сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды. Бұл кітапта алға қойылған мақсат тәуелсіз мемлекетіміздің қой өсірушілерін, мал шаруашылығына маман дайындайтын оқу орындары мен факультеттерінің студенттерін, ғылыми қызметкерлерін, жалпы мал сүйер қазақ баласын қой шаруашылығы саласындағы ғылым мен тәрбие, озат тәжірибе жетістіктерімен егжей-тегжейлі таныстыру, сонымен бірге ғасырлар бойы жинақталған қазақ халқының қой өсірудегі тәжірибесін жеткізу.

Кітапта қойдың биологиялық ерекшеліктері, қой тұқымдары, оларды өсіру, өнімділігін арттыру әдіс – тәсілдері мен технологиялары ғылыми жетістіктердің негізінде байыпты баяндалды.

Кітап жоғары оқу орындарында “Зоотехния” және “Мал өнімдерін өндіру технологиясы” мамандықтарына арналған оқу бағдарламасына сәйкес жазылды.

Қойдың халық шаруашылығындағы маңызы. Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Ол адамға аса қажетті көптеген азық-түліктер атап айтқанда ет, май, сүт, жүн, былғарылық, тондық терілер мен елтірі сияқты өнеркәсіптік заттарды береді. Қой сойғанда қалдық ретінде жиналатын ішек, мүйіз, сүйек сияқты заттар да өңдеген соң өз орнын табатын байлықтар. Олардан желім, түйме, малға берілетін қан-сүйек ұны, минералдық азықтар және дәрі құрамына кіретін заттар жасалады. Қойдың қи-тезегіне дейін береке; өзіне қыста-төсеніш, жыртынды жер мен жайылымда тыңайтқыш, малшы-шопан, барлық ауыл адамдары үшін қысқы-жазғы отын.

Қой малы адамға осындай аса қажетті көп түрлі өнім өңдіретіндігі мен қандай да табиғат құбылысына және биологиялық қасиетіне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде және елдерінде өсіріледі. Қазіргі кезде де қой малы ғаламшарымызда ең көп тараған, көп өсірілетін үй малдарының қатарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінші мыңжылдықтың басында 620-дан астам қой тұқымдары, 1.300 қой малы өсіріледі. Мысалы, сапалы, өнімділігі жоғары қой шаруашылығы Австралияда (169 млн.), Жаңа Зеландияда (62 млн.), Ұлыбританияда (30 млн.) қалыптасқан, дегенмен соңғы он-он бес жылдың басынан ең алдыңғы қатарға Қытай (200 млн.), Үндістан (165 млн.), Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия (50 млн.) шығып келеді.

Қой шаруашылығының аса маңызды басты өнімінің бірі - жүн. Қойдан басқа да жүн беретін малдар, аңдар және жануарлар бар. Мысалы, түйе, ешкі, сиыр, жылқы, қоян т.б. Бірақ барлық өндірілетін жүннің 85-90%-ы қойдан өндіріледі. Сондықтан, шұға – мата жеңіл өнеркәсібі үшін қой жүнінің маңызы зор.

Тоқыма өнеркәсібінде кездеме – мата тоқу үшін, қой жүнінен басқа шикізаттар да пайдаланылады: мысалы кендір, зығыр, жібек, мақта т.б. Соңғы жылдары химия өндірісінің дамуына байланысты жасанды және синтетикалық талшықтар көптеп өндіріліп, олардан тоқылатын кездеме – маталар да көбейді. Бұл талшықтарды өндіру әрі арзан, әрі олардың кейбір қажеттері табиғи талшықтан артық та жағдайлары бар.

Дегенмен, тоқыма өнеркәсібіне қажетті басқа шикізаттармен салыстырғанда қой жүнінің бірнеше артық қасиеттері бар:

- жүн мейілінше берік болады. Оның беріктігін өзінің жіңішкелігіндей сым темірдің беріктігімен салыстыруға болады;

- жүн жылылықты жақсы сақтайды;

- жүннің салмағы өте жеңіл;

- жүн созылғыш, жүннен жасалған киім ұйыспайды және иленбейді;

- жүнге бояу жақсы сіңеді және бояуы кетпейді;

- жүн денеге өте жағымды, тігілген бұйым көзге тартымды келеді.

Қой жүнінен кездемеден басқа да түрлі заттар жасалады. Кейбір қой тұқымдарының жүнінен кілем, алаша, гобелен, қолғап, байпақ, фетр сияқты қажетті заттар тоқылып жасалады. Киіз басуға тек қой жүні ғана жарайды.

Сондықтан, қой жүні халық шаруашылығында кеңінен қолданылып, жоғары бағаланады. 2009 жылы дүние жүзінде таза талшық есебімен 1239,0 мың тонна қой жүні өндірілді. Соның ішінде: Австралияда 512,0 мың тонна, ТМД елдерінде 140,0; Жаңа Зеландияда 213,0; Қытайда 162,0; Аргентинада 48,0; Қазақстанда тек 34,3 мың тонна өндірілді.

Ал дүние жүзінде ет өндіруде сиыр, шошқа, құс еттерімен қатар қой етінің де өз орны бар. 2008 жылы қой еті дүние жүзінде өндірілген еттің шамамен 5%, яғни 14 млн. тоннаға жеткен. Қой етінің ара салмағы әсіресе Азия елдерінде (Иран, Ауғанстан, Пакистан, Түркия және Орталық Азия мемлекеттерінде) үлкен үлес алып (30-40%) құрайды. Қойдың етімен майы өте сапалы жоғары калориялы тамақ.

Сонымен қатар, қой сүтініңде адам тамақ өнеркәсібі үшін маңызы өте зор, ол қою және майлы болады. Дүние жүзінде 6,0 млн. тоннадан астам қой сүті өндіріледі. Одан жергілікті халық сыр, брынза, айран, сүзбе, құрт, ірімшік өндіріп, халыққа пайдаланылады. Қой сүті әсіресе Түркия, Франция, Италия, Иран, Греция, Румыния, Болгария мемлекеттерінде көптеп өндіріледі. Бұл мемлекеттерде дүние жүзіндегі қой сүтінің әрқайсысында 5-6%-дан 15-16%-ға дейінгі үлестері өндіріледі. Олар тамаша, атақты Рокфор, Пекарин, Какавал сияқты сырлар дайындалып, халықаралық деңгейде саудаға тараған.

Қой терісінен тондық, былғарылық бұйымдар жасалады. Әдемілігі жағынан аң терілерінен қалыспайды, ал төзімділігі жөнінен олардан асып түседі. Қой терісінен жасалған былғары бұйымдар да халықтың сұранысына кеңінен ие. Қаракөл қозыларының елтірілері ішік, бас киім, әйел тондары сияқты сан алуан киімдер мен бұйымдар үшін жұмсалады. Қаракөл қозыларының елтірілері тек санаулы елдерде ғана өндірілетін болғандықтан, оларға сұраныс өте жоғары.

Міне, осы айтылғандардың өзі, қой малының әлемдегі мал шаруашылығының арасында орны ерекше маңызды екенін дәлелдейді.

ой шаруашылығының сипаттамасы және даму жолдарының тарихы.

Дүние жүзі қой шаруашылығының қазіргі жағдайы. Қой үй жануарларының ішіндегі кең тараған, көп өсірілетін малдардың қатарына жатады. FАО-ның мәліметі бойынша дүние жүзінің мемлекеттерінде 2009 жылы 1000 млн. бас қой бар. Олар Қиыр Солтүстік полюстен сонау оңтүстіктегі отты жерге дейін барлық құрлықтарда: Австралия, Жаңа Зеландия жазықтарында, Африканың сахарасында, Үндістан мен Тибеттің тауларында, Азияның құрамдары мен қыраттарында, Американың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде, Еуропада, адам өмір сүретін барлық жерде өсіріледі.

Соңғы 30-35 жылдың ішінде қой шаруашылығы өсіп-өніп, дамып тұқымдық жағынан өркендеп, ғылым мен техниканың жетістігінің арқасында жетіліп, нарық экономикасына бейімделіп келеді. Бұл жылдардағы өзгеріс мына төмендегі 1-кестеде көрсетіліп отыр.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1353 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2312 - | 2018 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.153 с.