Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Күн туралы жалпы мәліметтер




Күн кез-келген басқа да жұлдыз сияқты плазмалық шар болып табылады. Оның массасы M» 1,99&1030 кг, яғни Жердің массасынан ~333 000 есе көп.

Күннің көрнінетін дискі бойынша радиусы RКүн»6,96&108 м, яғни Жердің экваторлық радиусынан ~109 есе көп. Күннің орташа бұрыштық диаметрі 1919”,26.

Күн затының орташа тығыздығы r»1,41 г/см3, бұл Жер затының орташа тығыздығының»0,256 бөлігін құрайды. Күн орталығындағы тығыздық r»160 г/см3.

Көрнекі беті деңгейіндегі еркін түсу үдеуі 274 м/с2 құрайды. Бетіндегі параболалық жылдамдық (екінші ғарыштық жылдамдық) – 6,18×105 м/с.

Күн бетінің (фотосферасының) тиімді температурасы»5780 К, орталығындағы температура - ~1,6&107 К.

Күн тұрақтысы Q=1360 Вт/м2

Күн жарқырауы L=3,9×1026 Вт.

Спектрлік классы – G2V.

Колор- индекстері: B-V=0,65; U-B=0,10.

Масса бойынша Күн ~71% астам сутегінен, ~27% астам гелийден және ~2% басқа элементтерден тұрады.

Галактикада Күн шиыршықты тармақтар біреуінің шетінде (не оған жақын), Галактика центрінен ~10 кпк қашықтықта орналасқан. Галактика центрі бойымен айналу жылдамдығы 220-250 км/с, айналу периоды ~200 млн жыл. Жақын жұлдыздар жиынтығына қатысты қозғалыс жылдамдығы 19,7 км/с.

Күн жасы - ~5 млрд жыл. Герцшпрунг-Рассел диаграммасында Күн негізгі тізбектіліктің орта бөлігінде орналасқан, яғни миллиардтаған жыл ішінде өзінің жарқырауын өзгертпейді.

 

22.Галактиканың айналу жиілігін анықтаңыз Əр шиыршықты галактика өз центрі бойымен айналып тұрады (жалпы айналыста болады). Диск жұлдыздары галактиканың центрін айнала шеңбертəрізді орбиталар бойымен, ал гало жұлдыздары созылған орбиталар бойымен қозғалады. Галактиканың жалпы айналысы дифференциалды сипатта болады – айналудың бұрыштық та, сызықтық та жылдамдығы галактика центріне дейінгі қашықтыққа тəуелді өзгереді (массаның үлестірілуіне байланысты заң бойынша). Жалпы айтқанда,галлактикалық диск айналуының айналуының бұрыштық жылдамдығы центрге дейінгі қашықтық өскен сайын азаяды,ал сызықтық жылдамдық тәуелді өсіп,кейбір қашықтықта максимумға дейінт жетеді де одан соң баяу азая бастайды.

23.Галактика құрылымын сипаттаңыз Галактикалардың пішіндері өте əртүрлі болады, бірақ олардың негізгі сыртқы белгілеріне сүйеніп, оларды бірнеше түрге бөледі. Морфологиялық ерекшеліктері бойынша, галактикаладрың 4 түрін айырады.

1) Зерттелген галактикалардың шамамен 25% жұмыр немесе эллипс тəрізді болады, оларды эллипстік деп атайды. Бұл галактикалар құрылымы, жұлдыздық құрамы жəне ішкі қозғалыстардың сипаты бойынша ең қарапайым болып табылады. Олардың беттік жарықтылығы центрінен шеттеріне қарай біртіндеп, кенет өзгеріссіз азаяды. Олар құрамындағы ең жарық жұлдыздар – қызыл алыптар, жарқырауы жоғары жұлдыздар (асаалыптар) олар ішінде жоқ болады. Жұлдыздар бұл галактикалар ішіде кез-келген бағыттарда жоғары (≈200 км/с) жылдамдықтармен қозғалады екен. Эллипстік галактилардың жарқырауы мен массасы кең аралықта өзгереді: ~1038-1045 эрг/с жəне 105-1013 МКүн сəйкесінше.

2) Зерттелген галактикалардың шамамен 50% (оның ішінде біздің Галактика да) шиыршықты (спиральді) болып табылады. Мұндай галактикалардың ерекшелігі – оларда екі не одан көп сілемді шиыршықты тармақтар түріндегі құрылым бақыланады. Тармақтар ортасында балдж деп аталатын сфератəрізді жуандалуы бар жазық (қалындығы диаметрінен бірнеше есе аз) дискті құрайды (яғни галактикаға жоғарыдан қарағанда, шиыршық тəрізді құрылымды, ал бүйірінен қарағанда дискті көреміз). Балдж ішінде галактиканың ядросы орналасады. Дискті радиусы диск радиусына жақын сфератəрізді (дəлірек айтсақ, эллипстəрізді) гало қоршайды. Шиыршықты тармақтардағы жұлдыздардың саны олар арасындағы жəне галодағы санынан көп емес болады, тармақтар оларда галактиканың ең жарық ыстық жұлдыздары, жас жұлдыздық шоғырланулары жəне жарқырайтын газдық тұмандықтары топталатындықтан үздік көрінеді. Ал галода көбінесе ескі, жарқырауы аз жұлдыздар орналасқан. Жұлдыз аралық газ бен шаң да галода жоқ дерлік болады (дисктегі жұлдыз аралық газ бен шаңның массасы жұлдыздар массасының бірнеше пайызына жетеді).

 

Дискі мен галоны өте сиретілген жəне созылған тəж қоршайды. Оның өлшемі галоның өлшемінен ондаған есе көп болады. Тəждің толық массасы галактика жұлдыздарының қосынды массасынан бірнеше есе көп болады, бірақ тəждің үлкен өлшеміне байланысты, оның тығыздығы диск пен галоның тығыздығымен салыстырғанда аз болады. Тəж өзін тартылыс арқылы білдіреді, бірақ жарықты сəулелендірмейді, ода жұлдыздар да, газ-тозаңды бұлттар да бақыланбайды. Тəждің мұндай «жасырын» массасының табиғаты əлі де толығымен белгісіз. Тəж массасына негізгі үлесін ода орналасқан жарқырауларының төмендігіне байланысты оптикалық əдістермен бақылауға келмейтін массалары аз сансыз көп жұлдыздар қосуы мүмкін. Жасырын массаға негізгі үлесін əлсіз əсерлесетін элементар бөлшектер де (мысалы, нейтрино, егер оның тыныштық массасы нолге тең болмаса) қосуы мүмкін.

Сөйтіп, шиыршықы галактикалардың бүйірінен көрінісі суреттегідей болады (суретте біздің Галактиканың сипатты өлшемдері келтірілген). Суреттен көрінетіндей, Күн Галактика дискінде, центрден шамамен 10 кпк (2Rдиск/3) қашықтықта орналасқан.

 

3) Зерттелген галактикалардың шамамен 20% линзатəрізді болып табылады. Олар эллипстік пен шиыршықты галактикалар ортасында аралық орынды алады: олардың пішіні эллипсоид тəрізді болады, ал беттік жарықтылығы центрінен шеттеріне қарай сатылы түрде өзгереді. Мұндай галактикаларда ядроны, «линзаны» жəне «жиекті» айырады. Линзаның сыртқы бөліктерінде кейде шиыршықты тармақтардың «ұрықтары», маңдайшалар жəне сыртқы жарық сақина көрінеді.

4) Галактикалардың қалған 5% дұрыс емес галактикалар болып табылады. Мұндай галактикалардың дұрыс (симметриялы) пішіні əдетте жоқ болады. Жалпы айтқанда, бұл топқа жоғарыда айтылған топтың үшеуіне де жатпайтын барлық галактикаларды шартты түрде кіргізеді. Мысалы, пекулярлы (яғни ерекше, əр қайсысының пішіні өзгеше, қайталанбас болатын) галактикаларды да, оның ішінде əсерлесетін галактикаларды, əдетте дұрыс емес галактикаларға жатқызады (кейде оларды жеке топқа бөледі). Дұрыс емес галактикалардың жарқырауы ≤

~1043 эрг/с, ал массалары ≤1010 МКүн болады





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1697 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1984 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.