Экономикадағы бүкіл бағалар бір-бірімен тығыз байланысқан және бірігіп әрдайым түрлі факторлардың әсері бір жүйені құрайды.
Баға-тауар құнының ақшалай көрінісі.
Бағалар жүйесі – нарық қатысушыларына қызмет көрсететін және олардың экономикалық қарым-қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген әртүрлі баға түрлерінің жиынтығы.
Бағаның бір түрінің деңгейінің, құрылымының өзгеруі басқа бағалар түрлерінің өзгерісіне әкеліп соғады. Бұл нарық механизмінің және нарық субъектілерінің элементтерінің байланысымен шартталған.
*Дүниежүзілік бағалар - жалпы дүниежүзілік нарық масштабында тауарлар мен қызметтер конъюктурасының көрінісін жалпы және толық беретін және халықаралық нарыққа қызмет ететін бағалар.
*Халықаралық аймақтық нарықтар бағалары – дүниежүзілік бағаларды іске асырудың нақты формасы болып табылатын және тауарлардың сату-сатып алу халықаралық орталықтар жиынтығы болатын халықаралық (базалық) нарықтарға қызмет көрсететін бағалар.
Кесте 10. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК Р-65,Р-75 ұзын рельстерін дәнекерлеу калькуляциясы.
№ | Атаулар | Өлшем бірлігі | Сомасы |
Тозу | теңге | 102 005,16 | |
Материалдар | теңге | 230 796,80 | |
Электроэнергия | теңге | 217 316,77 | |
Еңбекақы | |||
-қауіп-қатерді ескермей алганда | 2 338,05 | ||
-қауіп-қатерді ескере отырып | 2 443,81 | ||
-қауіп-қатерді ескермей алганда | км/ж | 280 566,55 | |
-қауіп-қатерді ескере отырып | км/ж | 293 257,24 | |
-материвлдық көмек 8,33 | 23 371,19 | ||
-түнгі 18,33 | 51 427,85 | ||
-мерекелік 3,84 | 10 773,76 | ||
Еңбекақының барлығы: | 416 145,39 | ||
Әлеуметтік аударымдар | 41 198,39 | ||
Үстеме шығындар | 550 477,12 | ||
Өндірістік өзіндік құны | 1 557 939,63 | ||
АУР | 63 378,94 | ||
Жалпы өзіндік құн | 1 626 645,24 | ||
0,925 км/ж құны «ҰК«ҚТЖ» үшін | 1 504 646,85 |
Жоғарғыдағы кесте мәліметтеріне сай «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК Р-65,Р-75 ұзын рельстерінің өзіндік құны 1 504 646,85 теңге құрйды.Ол құнға жұмыс күшінің еңбекақысы,жұмсалған материалдар,аударымдар кіреді.
*Дүниежүзілік бағалар - жалпы дүниежүзілік нарық масштабында тауарлар мен қызметтер конъюктурасының көрінісін жалпы және толық беретін және халықаралық нарыққа қызмет ететін бағалар.
*Халықаралық аймақтық нарықтар бағалары – дүниежүзілік бағаларды іске асырудың нақты формасы болып табылатын және тауарлардың сату-сатып алу халықаралық орталықтар жиынтығы болатын халықаралық (базалық) нарықтарға қызмет көрсететін бағалар.
Бағаның жіктелуі:
1) Көтерме бағалар-өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе олардың делдалдары бөлшектік саудалық ұйымдар қызметтерінсіз өзінің тауарларын үлкен мөлшерлерде сататын бағалар.
2) Бөлшектік бағалар - тауарларды соңғы тұтынушы - халыққа сататын бағалар, өйткені бұндай тауарлар негізінде тұтынушылық өнімдер болып табылады. Бөлшектік бағаларды қолдануда көбінесе қолма-қол ақшамен есеп айырысады;
3) Сатып алу бағалары (закупочные) - ауылшаруашылық өндірушілер ауылшаруашылық өнімдерін үлкен көлемде мемлекетке және кәсіпорындаға сататын бағалар.Сонымен қатар сатып алу бағалар деп ауылшаруашылық өнімдерін үлкен партиялармен мемлекеттік емес кәсіпорындар және ұйымдар сатып алатын бағаларды атайды.
4) Сыртқы сауда бағалары - жоғарыда айтылғандай, ұлттық тауарлар мен қызметтердің экспорты, ал шетел тауарлары мен қызметтерінің импорты іске асатын бағалар.
*Экспорттық бағалар - дүниежүзілік нарықта өндірушілер немесе сыртқы саудалық ұйымдар ұлттық тауарларын (қызметтерін) сататын бағалар. Бұл бағалар келесі түрде анықталады:
-дүниежүзілік нарықта ориентир – бағаны таңдау;
- бұл бағаны шарттасудың (келісудің) нақты шарттарына әкелу (сапасын, тасымалдауын, төлемін, сақтандыруын, сақтауын және т.б. ескере отырып);
- экспорттық пошлинасын еңгізу;
- ҚР Ұлттық банкінің курсы бойынша келісімді жасаған күнге экспорттаушы – ел валютасына ауыстыру.
*Импорттық бағалар - фирмалар тауарларды (қызметтерді) шетелден сатып алатын бағалар. Импортталатын өнімдерге бағаларды кедендік импорттық баж салығына, валютаның курсы және бұл тауардың мемлекет ішінде жөнелту шығындарының негізінде белгіленеді. Импорттық бағалар құрылымында жанама салықтар маңызды орын алады.