Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Балалардың ата-аналарынан туғандығың анықтау




АХАТ органдарында адамдарды әкесі мен шешесі (асырап алушылар) ретінде жазу және баланың тууы (асырап алынуы) туралы, куәлік беру баланың туғандығың куәландыратын құжаттар болып табылады.

Баланың анасынан туғандығын анықтау, әдетте, киындық туғызбайды. Бала туған медициналық мекеменің берген анықтамасы, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда — баланы қабылдаган медицина қызметкері толтырған құжат, сондай-ақ куәлардың айғағы және басқа да дәлелдер, соңғысына, әдетте, медициналық сараптамалар жатады (каң сараптамасы) гендік дактилоскопия және басқалары баланың нақ осы әйелден туғандығын айғақтайтын дәлелдемелер болып табылады.

Баланың әкесінен туғандығын анықтау бұдан едәуір күрделірек. Сондықтан ежелгі қазақта бала әкеге — күмөн, шешесіне — аян деген мәтел бар. Бала тіркелген некеден туған жағдайда бала анасының күйеуі болып табылатын адамның өкелік дәлелі әрекет етеді. Бұл адам баланың әкесі деп есептеледі және дәлелді қажет етпейді. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып табылады.

Бала өзара некеде тұрмайтын ата-аналардан туғандығын әкесі жағынан ерікті турде не сот арқылы анықтауға болады.

Әкелігін ерікті түрде тану — әкесі мен шешесінің АХАТ органына бірлескен етініш беру жолымен жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған ата-аналар үшін де әкелігін тану құқығы қолданылатын айтуымыз керек.

Баланың мүдделерін қорғау мақсатында әкелік — сот төртібімен анықталады. Баланың әкесі деп жобалаған адамға талап қойылады.

==Баланың құқықтары. Балалар мүдделерін. мемлекеттік қорғау Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.

Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.

Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.

Егер баланың әкесі анықталмаған жағдайда, оған есім — анасының айтуымен қойылады, баланың әкесі болып жазылған адамның аты оның әкесінің аты болады, ал тегі — анасының тегі болады.

Мысалы, қазақтарда өз балаларын әйгілеудің көптеген ырымдарға, т.б. мәнді оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері болды. Ер балаларға қарағанда қыз балаларға көз тию онша әсер етпейді деп есептелді, сол себепті оларға ен әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар таңдалады.

Ер балаларга ат кою басқаша болды, себебі өмір ауыртпалықтары ерлердің мойынына жүктелетін. Сондықтан бірінші кезекте олардың туған ошағы мен тегін қорғаушы, ал бейбітшілік кезеңде ел құрметтеген атақты адамдардай болса екен деп тіледі. Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары (асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорганшы және қамқоршы органдар, coт, прокурор жүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әр түрлі қолсұғушылықтан, оның кадір-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын киянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды. Біздің мемлекетімізде, әдеттегідей, құқығын қорғау үшін қамқоршы органдарға, сотқа жугіну керек.

Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дәрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.

Баланың мүліктік құқығғы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірак олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.

! Заң баланың сыйлық ретінде немесе мұраға алған меншігінің; еңбекпен айналысып тапкан кіріс меншігінің; жекешелендірілген пәтер меншігінің болуына жол береді.

Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылың турінің артықшылығын заң жолымен бекітті. Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес. Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын үміт іңі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды.

Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы телейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.

Ата-аналар өздерінің конституциялық міндеттерін еркімен орындамаған жағдайда, олардан алиментті мәжбурлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір керінісі болып табылады.[1]

 

52. ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.

Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкіметесеп береді.

Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:

тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай әселелер қаралады;

қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;

қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;

тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.

Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 911 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2096 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.