Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ылмыстық жаза түсінігі, оның мақсаты




Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс жасамаған азаматтарға жаза белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескеріледі. Ол мән-жайларға мыналар жатады: байқаусыз жеңіл қылмыс жасау; айыпкердің кәмелетке толмауы; айыпкердің жас балалары болуы; зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсетуі; қылмыспен келтірілген шығынды толтыруға көмектесуі; ауыр мән-жайлардың тоғысуынан; қылмыс жасауға жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жатпайтын қылығының түрткі болуы; шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу; қылмысты ашуға, қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыс жасау арқылы қымқырылған мүлікті іздеуге көмектесу, т.б. Сонымен бірге айыпкер үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да ескерілген

38. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жүйесі, міндеттері

Жалпыға бірдей адам құқығын мойындау олардың конституциялық құқықтар мен арақатынасын, құқықтардың түбегейлі, негізгі және туынды болып бөліну мәселелерін тудырады. Түбегейлі құқықтарға туа біткен ажырағысыз, абсолюттік, халықаралық мойындалған жалпыға бірдей құқықтар жатады. Туынды құқықтарға конституциялық түрде мойындалған және қоғамның өркениеттілігі дәрежесіне байланысты нақтыланатын, түзетілетін құқықтар жатады.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтар — Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Конституциясының екінші бөлімінде бекітілген құқықтар мен бостандықтар. Конституциялық құқықтардың барлығы негізгі болып табылады деп айтуға болады. Отандық қоғамтанушылар негізінен конституциялық және негізгі құқықтардың бірдей екендігін мойындайды. Олар негізгі деп тек мемлекеттің Негізгі заңында белгіленгендіктен ғана емес, сонымен қатар адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің араларындағы елеулі байланыстар мен қарым-қатынастарды бекітетіне байланысты айтылады.

Заң ғылымында негізге қандай критерийлерді алғандығына байланысты адам құқықтары мен бостандықтарының әртүрлі жіктелулері көрсетіледі. Критерийлер белгілі нақты талаптарға жауап беруі тиіс: олардың сапалы, маңызды болуы тиіс және әр топ пен әрбір түрдің ерекшеліктерін анықтауға көмектесуі тиіс.

Конституцияда келтірілген негізгі құқықтар мен бостандықтардың көпшілігі жай ғана жиынтық емес, олар белгілі ғылыми, мейлінше терең ойластырылған логикалық негізі бар жүйе болып табылады. Негізгі құқықтар мен бостандықтар жүйесі тек қана олардың тобын ғана сипаттаумен шектелмей, сонымен қатар Конститутцияда олардың бірізді орналасуының басымдығын да сипаттайды. Бұл жеке адамның құқықтық мәртебесі мәнінің қасиетін тануда мемлекет ұстанатын идеологияны көрсетеді.

ҚР Конститутциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жіктемейді. Дегенмен, негізгі құқықтар мен бостандықтардың мынадай бөлінуін ұсынуды қажет деп санаймыз: азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары, саяси құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік-экономикалық құқықтары. Бұлай жіктеу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлығын қамтитын еді. Ал алдыңғы қатарға жеке құқықтар мен бостандықтардың шығуы біздің мемлекетіміздің қызметінде адамның табиғи құқықтары тұжырымдамасын қолданатындығын көрсетер еді.

Кеңес мемлекетінде адам құқықтары саласы тек мемлекеттің ішкі ісі болып танылды. Мұнда адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың араласуына жол берілмеді. Тәжірибеде КСРО аумағында азаматтардың адам құқықтарын қорғауға қатысты хабарласуына рұқсат берілмей, бұл құқықтарды қорғауды өзінің мақсаты етіп қойған қандай да бір қоғамдық құрылымдардың құрылуына және олардың тексеруіне жол берілмеді. Осы принцип 1993 жылғы Ресей Федерациясының Конститутциясында көрініс тапты. Ресей Федерациясының халықаралық шарттарға сәйкес әрбір адам егер өзін қорғаудың мемлекет ішіндегі барлық құралдары таусылған жағдайда халықаралық адам құқығы мен бостандықтарын қорғау органдарына хабарласуына құқығы бар (3-бөлім. 46-бап).

Қазақстан Республикасының Конститутциясының 11-бабында: «Республика өз азаматтарын республика аумағынан тыс жерлерде қорғайды және қолдау көрсетеді». ҚР парламентіне осы Конститутция бабының мәтінін қайта қарап, мемлекет шеңберінде құқықтары қорғалмаған азамматтардың халықаралық қауымдастықтың шеңберінде өздерінің конститутциялық құқықтарын жүзеге асырылу құқығы жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізгу қажет деп ойлаймын.

39. Қылмыстық іс-жүргізу түсінігі





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 803 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2243 - | 2054 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.