Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi. Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл - зат та емес, мүлікте емес. “Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас”.
Меншік дегенiмiз тарихи қалыптасқан, белгiлi бiр қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды.
Меншiк қатынастарның өзгеруi - қоғамның негiзгi қозғаушы күшi және барлық әлеуметтiк сiлкiнiстердің себебi. Ал, меншiк қатынастарының өзгеруi қоғамды прогреске де, регреске де әкелуi мүмкiн. Өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн анықтау қиын емес, ол үшiн тиiстi кезеңдердегi мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтiк дамуының статистикалық мәлiметтерiн салыстырса жеткiлiктi.
«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі)» деуге болады. Екінші жағдайда -»меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық түрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік қүқығынан айыру қажет. Меншік - экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншікгің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік қүқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу-сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатьшастары меншікің экономикалық қатынастарнның мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзішне дербес болады.
Меншік құқығы - негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол — тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтардың араласып жатуында болып түр. Бірақ олар қанша тығыз және ауқымды араласқанмен, бұл жерде заттық құқықтан, міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.
Меншік құқығының міндеттемелік нышаңдарының бірі - оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188 бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.
Меншік құқығы — неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң арқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» ерекеже жуықтау анықтама береді.
41. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бұл нормаларды, жүрістұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттің уәкілетті органдарының құқықты қалыптастыруға, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге де нормативтік құқықтық актілер нысанын беруге байланысты тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз құқық қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.
Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының зейнетақы және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығармашылық қызметінің нәтижелерін түсінуге болады. Басқаша айтар болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері – бұл әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады, оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетақылармен немесе жәрдемақылармен қамтамасыз ету туралы нормалардан тұратын құқық.
Әлеуметік қамсыздандыру бұл қағидаға тек еңбек пен немесе қоғамдық жұмыспен айналысқан ғана емес,сонымен қатар жұмыс істемеген азаматтардың да(мысалы жетім балалар,мүгедектер,жұмыс істемеген азаматтардың да әлеуметттік зейнетақы алуға құқығы бар)зейнетақы алу құқығына ие болатынын көрініс табады.
Сонымен қатар,жалпыға ортақтық қағидасы әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес,соған қоса,егер заңдарда және халықаралы шарттарда өзгеше көзделмесе,ҚР аумағында тұратын шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ жететіндік көрініс табады.Әлеуметтік қамсындандырудың қол жететіндік қағидасы әлеуметтік қамсындандырудың жекелеген түрлерін тағайындау,беру және төлеу тәртібін бекітетін нормалардан өз көрінісін табады..Әлеуметтік қамсындандырудың бүкіл жүйесі адамға әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түрін алушыға мейілінше жақындау үшін құралған
42.ҚР сайлау жүйесі және сайлау құқығы