Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Э к о л о г и я с а л а с ы

Кесте

Апталар                              
Бақылау түрлері ЛТ ЛТ ӨЖ ЛТ ЛТ ЛТ ӨЖ ЛТ ЛТ АБ ЛТ ЛТ Р ЛТ ЛТ ЛТ Р ЛТ Р АБ
Бақылау-дың апталық саны                              

Бақылау түрлері: ЛТ – лексикалық тақырып, Р – реферат, ӨЖ – өздік жұмыс, АБ – аралық бақылау.

 

Студенттердің білімін бағалау

Баға Әріптік эквивалент Пайызбен % Балмен
Өте жақсы А А- 95-100 90-94 3,67
Жақсы В+ В В- 85-89 80-84 75-79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- D+ D 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттандырарлықсыз Ғ 0-49  

 

Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау

жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

I-VIII модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

1. XIV ғасырда тау жыныстарын қопару үшін бірінші атылғыш зат ретінде оқ-дәрі қай елде жасалды?

2. 1913 жылдың аяғында Донецк бассейнінде қанша үңгірлеу машиналары қолданылды?

3. Кен қорының ең тұжырымды көлемі қандай барлау кезінде мәлім болды?

4. Ақпараттың ғұмырлығы және ерекшелігі.

5. Телекоммуникацияның негізгі міндеттері.

6. Кибернетикалық жүйенің құрылымы.

7. Ғылыми-технологиялық процестердің қарастыратын мәселелері.

8. Машинажасау саласының дамуы.

9. Жүк көтеру машиналарының нұсқалары мен жұмыс істеу шарттары.

10. Өңдеу кезіндегі технологиялық бақылаулар.

11. Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасы.

12. Материалдық өндіріс пен индустриялдық өндіріс.

13. Нарық экономикасының қызметі.

14. Сәулет өнерінің басқа өнерлермен байланысы.

15. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің негізгі түрлері.

16. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуы.

17. Сәулет өнерінің мақсаты.

18. Мұнай жөнінде органикалық теорияның қалыптасуы.

19. Мұнай туралы заң және экология мәселесі.

20. Мұнай кен орындарын игеру жобалары.

21. Қарашығанақ кен орны.

22. Металлургиялық жабдықтар.

23. Механикалық жабдықтардың жұмысын жақсарту.

24. Металлургия ғылымының негізін салушылар.

25. Аккумулятордың қызметі мен мақсаты.

 

IX-XV модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

1. Жер қойнауынан кен өндіру, оны байыту, олардың металлургиялық қорыту құпияларын зерттеушілер.

2. Жер бедерінің ерекше нүктелері.

3. Арал өңірінен шығатын кен байлықтары.

4. Дербес компьютерлер үшін қажетті программаның түрлері.

5. Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер.

6. Атмосфера және онымен байланысты экологиялық проблемалар.

7. Қазақстанның табиғатты қорғау жолдары.

8. Табиғаттағы адамның іс-әрекеттері.

9. Радиотехниканың келешегі.

10. Интернеттің қызметі.

11. Электрониканың даму қарқыны.

12. Қазақстандағы байланыс жүйесі.

13. Мұнайдан алынатын өнімдер.

14. Мұнай мен газды өндірудің экологияға тигізетін зияны.

15. «Қазақойл» мұнай-газ компаниясы.

16. ҚР-ның «Теңізшевройл» компаниясы.

17. Динамикалық геологияның ғылыми тармақтары.

18. Геологияның даму тарихы.

19. Геология ғылымының зерттелуі.

20. Технологиялық процестерді жобалаудың прнциптері.

21. Көлік құралдарының классификациясы.

22. Республикамыздағы құрылыс материалдары өнеркәсібі.

23. Жұмыс істеу қызметтеріне қарай жүк автомобильдерінің түрлері.

24. Өндірістік бұйымдардың сапасы.

25. Тас қалаушылардың пайдаланған тәсілі.

 

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар

1. Қазақ қыздарының ішінен шыққан тұңғыш маркшейдер ғалым – Ж.Қаңлыбаева.

2. Жер учакесін бөліп берудегі кадастрлық жұмыстар.

3. Геодезиялық жұмыстарды жүргізудің негізгі принциптері.

4. Кен орнының даму көрсеткіштерінің байланысы.

5. Мұнайды сыртқа шығарудың тиімді жолдары.

6. 1892 жылы Ембі ауданындағы барлау жұмыстарында қолданылған станоктар жайлы.

7. «ҚазТрансОйл» компаниясының мемелекеттермен мұнай саласындағы экономикалық қатынасы.

8. Жобалау мекемесі немен айналысады?

9. Ақпараттық жүйенің түрлері.

10. Электрондық үкіметтің пайдасы.

11. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар қашан пайда болды?

12. Интернетті неге дүниежүзілік өрнек деп атайды?

13. Машинажасау саласы қай кездерден дами бастады?

14. Машинажасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлімдерінің құрылымына нелер жатады?

15. Технология ұғымы нені білдіреді?

16. Қазақстандағы машинажасау өндірістері.

17. Электр жабдықтарының жүйесі.

18. Асыл металдарға жататын металдар.

19. Металл тазартудың әдістері.

20. Металдардың ортақ химиялық қасиеттері.

21. Металлургия қанша салаға бөлінеді?

22. Ежелгі құрылысшылар тастардың арасын біріктіру үшін нені пайдаланған?

23. Шеберлер сәнді өрнектерді қалай қалаған?

24. Сәулет өнерінде қандай әдістер тас шеберінің өнерін дәлелдейді?

25. Қазақстанның табиғат қорлары және оларды тиімді пайдалану.

26. Экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.

27. Экологиялық факторлар.

28. Экономиканың адам өміріндегі маңызы.

29. Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер.

30. Нарық экономикасындағы пайданың орны.

1.11 Курстың саясаты мен процедурасы

Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсыруын негіздеуі қажет. Студенттер өз уақытысында өзіндік жұмысын орындап, оқытушыға тапсырып отыруы керек.

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу

Тақырып атауы Академиялық сағат саны
  Тәжірибелік сабақтар СОӨЖ СӨЖ
1. Тау-кен ісі саласы      
2. Тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихы      
3. Металлургия – өнеркәсіптің бір саласы      
4. Геологиялық-барлау саласы      
5. Полиграфия өндірісі      
6. Ақпараттық технологиялар      
7. Дербес компьютерлер      
8. Microsoft корпорациясының бастығы Билл Гейтс      
9. Мұнай-газ ісі саласы      
10. Мұнай мен газдың халық шарушылығындағы маңызы      
11. Сәулеттік құрылыс саласы.      
12. Құрылыс материалдары өнеркәсібі      
13. Экономикалық дамудың жалпы негіздері      
14. Экология саласы      
15. Машинажасау саласы      
Барлығы:      

1-апта. 1-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріңіздер.

2-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

3-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігін орыс тіліне аударыңыздар.

4-тапысрма. Мәтіннің екінші жарты бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

5-тапсырма. Мәтіннен тау-кен саласынан бес термин сөздерді теріп жазып, оларға түсініктеме беріңіздер.

Т а у-к е н і с і с а л а с ы

* * * * *

Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы

Адам баласының даму тарихы тау-кен ісімен байланысты: күрек пен қайла, балға – бірінші тау-кен ісінің құралдары осы уақытқа дейін тау-кен жұмыстарында қолданылады.

Жердің бетінен барлау жұмыстары жер қыртысына тереңдеген сайын әр жерлерде жаңа технологиялық және техникалық әдістер қолданыла бастады.

Таужыныстарын қопару үшін бірінші атылғыш зат ретінде XIV ғасырда Қытайда оқ дәрі жасалды. Басында оқ дәріні соғыста қолданды, кейін тау-кен саласында қопару жұмыстарында қолдана бастады.

XV ғасырда Европа елдері тау-кен ісінде, Ресейде профессор Зимин жасаған – динамит деген дәріні қолданды.

Оның патентін Нобель сатып алып 50 жыл бойы Европа елдеріне зауытта жасап сатып отырды.

XVIII ғасырда Америкада тау-кен ісі дами бастады.

XIX ғасырда Европа елдерінің қол астындағы Африка, Азия және Австралия мемлекеттерінде тау-кен өндірісі дами бастады.

Қазіргі заманның талабына сай жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіруде табиғатты қорғау және жер бетін ежелгі қалпына келтіру мәселелері адамзат тіршілігі саласынан орасан зор орын алатындығы белгілі. Сондықтан, жер қойнауындағы әр түрлі пайдалы қазындыларды қосқабат өндіріп, олардың өндіру және байыту барысында ысырапқа ұшырамауы көзделуге тиіс. Сонымен қатар, су көздерінің сарқылып қалмауы және олардың әр уақытта таза болуы да табиғат қорғау мәселесінен тиісті орын алулары қажет. Бұл мәселенің орасан зор маңызы бар екендігі – өндірілген кен көлемінің жыл сайын 3%-ке аса түсуге кепіл бола алатындығы. Мысалы, IX жер жүзілік халықаралық тау-кен Конгресінің тұжырымы бойынша 1973-1974 ж.ж. аралығында 220-225 млд. АҚШ долларына пайдалы қазындылар өндірілген. Ал X тау-кен Конгресінің есебі бойынша 1979 жылы бүкіл жер жүзінде 450-470 млд. АҚШ долларына пайдалы қазындылар өндірілген.

Сөздік:

дүниежүзілік – всемирный барлау жұмыстары – разведочные

қыртыс – залежь работы

даму – развитие әдістер – методы

тау-кен ісі – горное дело тығыз байланысты – тесно связано

балға – молоток атылғыш зат – вещество взрывчатое

күрек – лопата оқ-дәрі – боеприпасы; заряд; порох

қайла – кирка қопару – подрывка; выворачивать

6-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тау-кен ісінде ең алғаш қандай құралдар қолданылды? 2. Жердің бетінен барлау жұмыстары тереңдеген сайын қандай әдістерді қолдана бастады? 3. Тау жыныстарын қопару үшін атылғыш зат ретінде не жасалды? 4. Европа елдерінде тау-кен өндірісі қай кезеңнен дами бастады? 5. Пайдалы қазбаларды өндіруде не мәселе көзделуде? 6. Жер жүзінде кен өндіру қалай дамыған?

7-тапсырма. Мәтіндегі көптік жалғаулы сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Егер сөздер дауысты және үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса, онда: -лар, -лер жалғаулары жалғанады. Мысалы: қазба+лар, қазынды+лар, үй+лер.

8-тапсырма. Мәтіннен тау-кен саласында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мысалы: жер қыртысы, пайдалы қазындылар, тау-кен ісі, тау жыныстары.

9-тапсырма. Тау-кен саласы бойынша мамандықтарға негізделген терминдердің мағынасын есте сақтаңыздар.

Ірі сепкілді кен – крупновкрапленная руда. Сепкілдікті ірі не ұсаққа жатқызу шартты ұғым. Мыс.: қара металл кендерінде бағалы минералдардың ірілігі 10-20 мм, не одан да ірі болып кездеседі де, 1-2 мм болса сепкілдікке жатады. Ал түсті металл кендерінде минерал түйшіктерінің размері 1 мм болса, олар ірі сепкілді кен деп аталады.

Көбікті флотация – пенная флотация. Флотациялау процесінің ең көп тараған түрі.

Аралас кен – руда смешанная. Бағалы зат сульфидті және тотықты минералдар түрінде кездеседі. Әдетте мұндай кендердің байытылу дәрежесі жоғары болмайды және әр түрлі процестерді қолдануға мәжбүр етеді.

Кен қаттылығы – твердость руды. Ұсату және ұнтақтау процестеріне үлкен әсер ететін кеннің физикалық қасиеті.

Ұсақ сепкілді кен – тонковкрапленная руда. Кенде бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлері 0,1-0,074 мм-ден төмен болса, онда олар ұсақ сепкілдікке жатады да, мұндай кендер тек флотациялау әдісімен байытылады.

Пайдалы қазбаларды байытудың су-шламды сұлбасы -водношламовая схема обогащения полезных ископаемых. Байыту технологиясының сұлбасында судың қандай операцияларға түсірілетіні және қанша түсірілетіні көрсетіледі.

Зумпф – зумпф (на фабрике). Пульпалы өнім бір операциядан екінші операцияға тасымалдау мақсатымен айдағышқа (насосқа) берілу алдында жинағыш сиымдылыққа түседі. Онда пульпа деңгейі бір қалыпта болады да, айдағыштың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалады. Зумпф бетоннан не металдан жасалуы мүмкін.

Сөздік:

тотық – окись; ржавчина; коррозия ұсату – колоть

тотық түсті – ржавого цвета айдама желдеткіш – вентилятор

байытылу – обогащаться; обогащение нагнетательный

ұнтақтау – перемалывание; размельчение

10-тапсырма. Тау-кен мамандығына қатысты төмендегі синонимдес сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Кен жұмыстарының дамуы, кен жұмыстарының өркендеуі, кен жұмыстарының игерілуі, кен жұмыстарының табысты жүргізілуі, кенді шығару, кенді конвейерге тиеп жоғары көтеру, кен институты, тау-кен жоғары оқу орны, кен ісі институты, кен орнын игеру, кен орнын тиімді қазу, кен орнын тасымалдауға дайындау, кен орнын тазалау, кен даярлау жұмыстарын жүргізу.

11-тапсырма. Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қосып жазып, олардың емлесін түсіндіріңіздер.

Тау жыныс...ын қопару үшін бірінші атылғыш зат ретінде XIV ғасырда Қытайда оқ дәрі жасады. Оның патентін Нобель сатып алып 50 жыл бойы Европа ел...іне зауытта жасап сатып отырды. Африка, Азия және Австралия мемлекет...інде тау-кен өндірісі дами бастады. Жер бетін ежелгі қалпына келтіру мәселе...і адамзат тіршілігі саласынан зор орын алатындығы белгілі.

12-тапсырма. Мамандыққа арналған сұхбатты рөлге бөліп оқып, мағынасын меңгеріңіздер. Сұхбатқа берілген сөздікті жаттаңыздар.

Тау жынысы және пайдалы қазбалар

Сұхбат

- Жер қабыршағы немесе литосфера деп нені атайды?

- Жердің сыртқы қатты қабатын жер қабыршағы немесе литосфера деп атайды.

- Жер қабыршағының қалыңдығы қандай тереңдікте болады?

- Оның қалыңдығы материктерде 30-40 км., тау жоталарында 70 км., ал мұхит астында 6-15 км.

- Литосфераға көп тараған элементтерді атаңыздар.

- Литосфераға ең көп тараған химиялық элементтер: оттегі – 49%; кремний – 26%; алюминий – 7,45 %; темір – 4,2%; кальций – 3,25% және басқалар.

- Ал табиғатта қандай элементтер жеке кездеседі?

- Табиғатта жеке кездесетін элементтер некен-саяқ. Олар: алтын, платина, мыс, күкірт.

13-тапсырма. Берілген сұхбаттың жалғасынан түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

- Минерал деп аталатын химиялық қосылыстарға қай элементтер жатады?

- Жеке кездесетін элементтерден басқалары көбіне минерал деп аталатын химиялық қосылыс күйінде кездеседі (мысалы, кварц, кальцит, магнетит және т.б.).

- Тау жынысы дегеніміз не?

- Құрамы көбінесе тұрақты болып келетін минерал агрегаттары тау жынысы деп аталады.

- Тау жыныстары неше минералдардан құралады?

- Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралады. Мысалы, мәрмәр тек кальциттің кристалл түйіршіктерінен ғана тұрады. Ал бірнеше минералдардан тұратын граниттің құрамына кварц, дала шпаты және слюда кіреді.

Сөздік:

жер қабығы – земная кора тұрақты – местный; коренной

тау-жыныстары – горные породы (житель); постоянный

некен-саяқ – редко; редкостный мәрмәр – мрамор

қабыршақ – пленка; чешуя; оболочка

14-тапсырма. Сөз тіркестерімен қысқаша мәтін құрастырып, орыс тіліне аударыңыздар.

Қ.И.Сәтбаев – қоғам қайраткері, Қазақ политехникалық институты, тау-кен металлургия институты, қопару жұмыстары, Қазақстанның кен байлықтары, кен өндіру технологиясы, рудалы кендер, мен студентпін, сен тау-кен инженерісің.

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

15-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырып, айтып беріңіздер.

16-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің сөздігін есте сақтаңыздар.

17-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, мәтіннің мазмұнына сәйкестендіріп, оларға тақырыптар қойыңыздар.

18-тапсырма. Мәтіннен тау-кен саласындағы терминдерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

19-тапсырма. Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихынан алған мәліметтеріңізбен бөлісіп, пікірталас ұйымдастырыңыздар.

Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы

 

Ұлы Октябрь революциясының алдында (1917 ж.) бұрынғы советтер одағында (Ресейде-Қазақстанда) бірен-саран ғана ғалымдармен жоғары оқу орындарында шамалы ғылыми жұмыстар атқарылып тұрды. Октябрьден кейін көп өзгерістер болды: табиғи табиғат ғылымдарында (геология, химия, физика, механика және с.с. пәндерде).

1890 жылдан 1900 жылға дейін тас көмірдің қазылуы 3,5-нан 12,0 млн. т., былайша айтқанда 3,4 есе өсті. Донецк бассейнінің көмірлерінің ең бай жерлері қазыла бастады, Криворожье темір және Никополь-марганец кендері қазыла бастады.

Қара металлургия толық, тас көмір өндірісі және түсті металлургия кен байлықтары шет ел инвесторларының қолында болды. Шамалы ғана француз банктері шойын құюының 55,8% (ал Ресейдің оңтүстігінде – 83,4% дейін), темір кен байлығының 51,6% (оңтүстікте – 71,5%) билеп тұрды. Олар капиталға шабуыл жасап отырды: өйткені мұнда ең арзан жұмыскерлер еңбегі болып барлық байлықты өздері алып отырды. Мұндай табысты бұлар өз елінде таба алмаған!

Петербург өндірістері және Ресей солтүстік-батыс райондары ағылшын көмірін өте қымбат бағамен сатып алып тұрды, ал Ресейдің көмір орындары қазылмай жатты (өйткені, олар шет елден келгендерге керегі жоқ болды!).

Марганец кен байлығы Чиатура мен Никополь райондарында шет елдердің қол астында болды, олар кенді шет елдерге таси бастады.

1913 жылдың аяғында Донецк бассейнінде тек қана 68 үңгірлеу машиналары қолданылды, көмірді көбінесе қайла мен кетпен арқылы қазуға тура келді, арту жұмыстары күрекпен істелді, тасымалдау жұмыстары – жылқы көлігімен тасылды.

Жұмыс уақыты 11 сағатқа жетті, ал еңбек ақы өте төмен болды. Жұмыскерлердің тұратын жері өте нашар болды: жылынбайтын барактар мен сарайларда (мал қораларына ұқсас) жерлерде тұрды. Лена өзенінің бойында құрылған алтын табатын жеке меншік ұйымында жылына 7 млн. рубль пайда тапса, 1916 жылы емдеу жұмыстарына 70 мың рубль, ал оқуға 12 мың рубль ғана шығарылды.

Көмір мен темір кендерін өте алысқа тасығандықтан олардың сату бағасы тым жоғары болды.

Сөздік:

шойын – чугун

кетпен – мотыга; кетмень

тасымалдау – перевозка; транспортировка; перевозить

ұлғайту – расширить; увеличить; преувеличить

20-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ұлы Октябрь революциясына дейін Ресей-Қазақстанда ғылым қалай дамыған? 2. XIX ғасырдың аяғында қандай кен орындары қазыла бастады? 3. Қара металлургия, тас көмір өндірісі, түсті металлургия кен байлықтары кімдердің қолдарында болды? 4. Жергілікті кен байлықтарын кімдер билеп тұрды? 5. Марганец кен байлықтары кімдердің қол астында болды? 6. XX ғасырдың басында көмірді немен қазып алып отырған? 7. Көмір, темір, жез қазуда Ресей дүниежүзінде нешінші орында болды?

21-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі етістіктерді бір бағанаға келер шақ формасына салып, екінші бағанаға өткен шақ формасына салып бөліп жазыңыздар да, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Қарастырылу: қарастырыл+ ған (бұрынғы өткен шақ); Үш кезеңге бөлініп қарастырыл+ ған. Болу: бол+ ды; ауыр бол+ ды.

22-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, өткен шақтың түрлерін анықтаңыздар.

Мой друг когда-то жил в Ташкенте. Оказывается, она говорила правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то я его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в Оренбурге. Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в читальном зале. Они когда-то катались на коньках. Дети, оказывается, написали письмо учителю. Сания поступила в университет, а ты?

23-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.

24-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

Өзіне сенбе, жас ойшыл, Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Тіл өнері дертпен тең. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

(Абай)

25-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті өткен шақ категориясының жұрнақтарын қойып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Бұрынғы советтер одағында бірен-саран оқу орындарында ғана шамалы ғылыми жұмыстар атқарылып тұр.... Донецк бассейнінің көмірлерінің ең бай жерлері қазыл.... Түсті кен металлургия кен байлықтары шет ел инвесторларының қолында бол.... Мұндай табысты олар өз елдерінде таба алма.... Ағылшын көмірін өте қымбат бағамен сатып ал... еді. Олар кенді шет елге тасы... еді.

26-тапсырма. Тау-кен саласындағы терминдердің мағынасын түсініп, меңгеріңіздер.

Магнитті байыту магнитное обогащение. Бұл байыту әдісі кен ішіндегі бағалы минералдардың магнитті қасиеттері болса ғана қолданылады. Мұндай кендерге негізінде темір кендері жатады.

Кеннің байытылуы – обогатимость руды. Кеннің байытылуы оның құрамындағы минералдардың қасиеттерінің арасындағы айырмашылықтарының мөлшеріне қарай өзгереді. Кеннің байытылуына үлкен әсер ететін кен қасиеті – сепкілдік. Бағалы минералдардың сепкілдігі неғұрлым ірі болса, оны солғұрлым оңай бөлуге болады.

Тотықты кен – руда окисленная. Бағалы минералдар кен ішінде тотықты минералдар түрінде болса, онда кен тотықты болып саналады.

Жинақталу дәрежесі – степень концентрации. Кеннен алынған концентраттың ішіндегі бағалы заттың проценттік үлесінің кендегі проценттік үлеске қатынасы.

Кеннің қаттылығы – твердость руды. Ұсату және ұнтақтау процестеріне үлкен әсер ететін кеннің физикалық қасиеті.

Ұсақ сепкілді кен – тонковкрапленная руда. Кенде бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлері 0,1-0,074мм-ден төмен болса, онда олар ұсақ сепкілдікке жатады да, мұндай кендер тек флотациялау әдісімен байытылады.

Вал – вал. Барлық машиналардың басты бөлшегінің бірі. Ол электро – қозғалтқыштан не басқа бір энергия көзінен айналымға келіп, басқа бөлшектерді қозғалысқа келтіреді.

Бұранда – винт. Әр түрлі бөлшектерді бір-біріне бекіту үшін қолданылады.

Тұтқыр орта – вязка среда. Тұтқырлық барлық сұйық заттарға тән қасиет. Олардың құрамдарына қарай тұтқырлықтары кең шекте өзгереді.

Малта тас, ұсақ тас – галька (в обогащении). Ұнтақтау процесінде кей жағдайда шарлардың орнына қолданылатын кеннен бөлінген белгілі ірілік класы.

Сөздік:

темір – железо; железный бөлшек – доля; дробное число; частица

ұнғы – вруб бекіткіш патрон – зажимной патрон

бекітуші – крепильщик бекіту – закрепить; укреплять;

ұнтақ – заштыбовка ұнтақтау – перемалывание

тұтқырлық – вязкость размельчение

тотық – окись; ржавчина; коррозия

 

27-тапсырма. Болымды етістіктерді етістіктің болымсыз формасына қойып, көшіріп жазыңыздар.

1890 жылдан 1900 жылға дейін тас көмірдің қазылуы 3, 4 есе өсті. Олар капиталға шабуыл жасап отырды. Ең арзан жұмыскерлер еңбегін өздері алып отырды. Марганец кен байлығы шет елдердің қол астында болды. Көмір мен темір кендерінің бағасы тым жоғары болды.

28-тапсырма. Сөйлемдерден келер шақ категориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Көліктің барлық түрі ғарыш техникасы тәрізді басқа да салаларды дамытудағы ғылыми-техникалық прогресс негізі болып табылмақ. Кен жұмыстары технологиясы мен ұйымдастыру жұмыстарын экономикалық негіздеу арқылы таңдамақ. Кенді қазу технологиясы мен тәсілі тау-кен саласы бойынша шығарылатын арнаулы ережелермен реттелмек.

29-тапсырма. Өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Өмір деген кен екен

Өмір деген кен екен, Арман деген құс екен,

Алтыны бар, мысы бар. Төмені бар, өрі бар;

Дүние деген кең екен, Жастығың көрген түс екен,

Неше түрлі кісі бар. Басып кеткен мөрі бар.

Өткен-кеткен көп екен,

Әрқайсысының парқы бар.

Адамгершілік дегеннің,

Салмағы бар, нарқы бар.

(М.Нұрпейісова)

30-тапсырма. Төмендегі сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

1. байыту а) заттар
2. минералдық ә) кеніш
3. тотықты б) кен
4. ұсату в) қабыршығы
5. минерал г) кеңістіктер
6. магнитті ғ) процестері
7. сұйық д) әдісі
8. ашық е) тиімділік
9. бай и) минералдар
10.жер ж) қасиеттері
11.бос з) түйіршіктері
12.экономикалық й) сепкілдігі

31-тапсырма. Төмендегі етістіктерді болымсыз формаға қойыңыздар.

Өндіру, қопару, бұрғылау, байыту, қалыптастыру, анықтау, пайдалану, енгізу.

32-тапсырма. «Кен байлықтарының елдің экономикасындағы рөлі» деген тақырыпқа оқытушы мен студенттің арасында шағын әңгіме құрастырыңыздар.

33-тапсырма. Зат есімнен етістік тудыратын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарымен сөйлемдер құрастырып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.

Ү л г і:

Жастарды балалықты таста п, білім алыңдар, дүниенің кілті білімде, оқу керек, надандықпен күресу керек, – деп сендіреді Абай.

Тас - камень (зат есім), -та етістік тудыратын жұрнағының жалғануы арқылы зат есімнен етістік жасалып тұр, та жұрнағы жаңа мағыналы сөз тудырушылық қызмет атқарып тұр.

34-тапсырма. Көп нүктенің орнына мақсатты келер шақтың тиісті жұрнақтарын қосып жазып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Жезқазған комбинатының құрылысы да тез қарқынмен салынып жатыр, оның бірінші кезегі бір-екі жылдан кейін-ақ пайдалануға беріл.... Өзінің көлемі мен қуаты жөнінен бұл комбинат Одақта бірінші орын ал.... Қияқты көмір кені Қазақстанның Қарағандыдан кейінгі екінші көмір бассейніне айнал.... Жезқазған Қазақстанның, бүкіл Совет Одағының өте ірі индустриялы орталығына айнал....

35-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктердің қай шақта тұрғанын және қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.

Жоғары оқу орындарында шамалы ғылыми жұмыстар атқарылып тұрды. Криворожье темір және Никополь-марганец кендері қазыла бастады. Түсті металлургия кен байлықтары шет ел инвестерлерінің қолында болды. Марганец кен байлығы Чиатура мен Никополь райондарында болып шет елдердің қол астында болды да, олар кенді шет елдерге таси бастады. Азамат соғысы жылдары халықтың тұрмысы, оның ішінде тау-кен өндірісі көп нашарлады.

 

 

1-апта. 3-тәжірибелік сабақ

36-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

37-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, бірінші бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі неде болды?

– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар

қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.

38-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

39-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігіндегі осы шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр (жалаң нақ осы шақ). Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріл+іп отыр (күрделі нақ осы шақ). Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отыр+а+ды (ауыспалы осы шақ).

 

Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми

Даму жолдары

 

Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісі техникалық және өндіріс технологиясының тез өркендеуіне және еңбек өнімділігінің артуына жағдай туғызды.

Совет мемлекетінің ең алғашқы күндерінде, яғни 1918 ж. В.И.Ленин «Совет өкіметінің кезекті міндеттері» атты жұмысында біздің отанымыздың жер байлығының орасан зор екендігін айта келіп «Жер байлығына қатысты барлық элементтер Қазақстанда бар. Қазіргі жаңарған техника күшімен пайдалану өндіргіш күштердің бұрын соңды болып көрмеген қарқынды өсуінің негізі», – деп атап көрсеткен. ХХ ғасырдың 30 жылдарында Совет Одағында көмір өндірудің жаңа техника мен технологиясын жасады, сонымен қатар іс жүзінде пайдалану жұмыстары да жүргізіліп жатты.

Тау-кен өндірісінде Ұлы Отан соғысына дейін кен бір тұтас забойлар және камералық жүйемен өндірілетін. Кен алынған забойлар сол күйінде бос қалатын.

Қазіргі уақытта жер асты кен өндіруде, әсіресе өте бай (құнды) кендерді, екі түрлі тәсілмен құрастырылған тысқары заттармен толтыру процесі (комбинированный) қолданылады.

Көрнекті ғалым энциклопедист Бируни өзінің зерттеу жұмыстарында ұдайы математикалық талдау әдісін, физика жетістіктерін, тарихи жаратылыс тәсілін, табиғаттың құбылыстарын зерттеуде қолданған. Ол ең бірінші болып минералдың, кендердің және қоспалардың салыстырмалы салмақтарын анықтады. Бирунидің маңызды шығармаларының бірі «Асыл тастарды тану мағлұматтары жинағы» кен өндіру істерінің дамуына ерекше әсерін тигізді. ХІ ғасырда темір кенінің көптеген өндірісінен оны байыту күрделі мәселеге айналды. Бируни осы мәселені шешті: оның магнитті сепараторлар арқылы темір кенін байыту тәсілі қазіргі заманның өзінде алға басу әдістерінің бірі болып есептелінеді.

ХІХ ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Оған өлкеде қолайлы жағдайлар болды: жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен, күші мол болды.

Патшалы Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға ерекше назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш салды. Алтын, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібі пайда болды. Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Екібастұз, Қарағанды, Саранда көмір кен орындары жұмыс істеді. Батыс Қазақстанда Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. 1912-1914 ж.ж. мұнай мен кен орындары ағылшын капиталистерінің қолында болды.

Жұмысшылардың, әсіресе жергілікті қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа дейін созылды. Жалақы Ресейдегі кәсіпорындағыдан екі-үш есе кем болды.

Сөздік:

өнімділік – продуктивность; производительность; урожайность

өндіргіш күштер – производительные силы;

жаратылыс – натура; природа; создание

тәсіл – прием; способ; уловка; тактика; средство

байыту – обогощать; обогащение

байыту комбинаты – обогатительный комбинат

барлау жұмыстары – разведочные работы

мырыш – цинк

40-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

41-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін негізге алып, осы

шақтың түрлеріне (нақ, ауыспалы) мәтін құрастырыңыздар.

Өте бай тіл, тәрбиелеудің құралы, мәдениеттің гүлденуі, тарихи қалыптасу, туған тіл, сүйіспеншілік, ұғым, қазақ халқының, ғылыми тіл, мемлекеттік мәртебе, мемлекеттік міндет, қарым-қатынас тілі, тіл комитеті, тілдің салалары, ресми тіл, ауызекі және жазбаша қолдану, тілді қолдану мен дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілі – қазақ халқының этникалық тілі.

42-тапсырма. Өлең жолдарындағы тілеймін, тілдесем, қараймын сөздерінің қай шақта тұрғанын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

43-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

Басқа таяқ тілден.

Беда голове от языка.

* * * * *

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Слово камни разбивает, а если не камни, то головы.

* * * * *

Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады.

Болячки через руки передаются, беда – через слово.

44-тапсырма. Берілген модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тәрізді, секілді (похоже), екен (оказывается), шамасы (скорее всего, вероятно), рас, шын (правда, верно), әйтеуір (когда-нибудь, всегда).

Ү л г і: Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

45-тапсырма. Өлеңнің мағынасын түсіндіріңіздер. Өлең жолдарындағы етістіктің шақ категориясын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ана тілі – ұрпақ тілі

Батар, кетер келмеске күнім менің, Сол тіліммен дүниені атадым,

Қалар, бірақ, киелі тілім менің. Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Қасіретті шақтарда түңілгенде Жатты онда аманаты ананың,

Қасиетті тілімнен түңілмедім. Жатты онда аманаты атаның.

(М. Мақатаев) (С. Мәуленов)

* * * * *

Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта, Дей алмас қайдан әкелді,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа! Бар тілден үйрен білімді.

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел Ұмытсаңдағы бөтенді,

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса. Ұмытпа ана тіліңді.

(Ә. Сәрсенбаев) (А. Тоқмағамбетов)

46-тапсырма. Нақ осы шақтың астын сызып, олардың түрлерін (дара, күрделі) ажыратыңыздар.

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту – Қазақстан Республикасы халықтарының көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр. Болашақ мамандар үшін қазақ тілін білу міндетті болып отыр. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу қолға алынып, іске асырылып жатыр. Мейман сол баяғы сұлқ қалпы үнсіз жатыр. Шеке тамыры әдеттегідей білемденіп тұр. Құрт қайнап, буы бұрқырап, ірімшік пісіп жатыр (Ә. Кекілбаев).

Адамдар мен түйелер міз бақпай, сап түзеп тізіліп тұр. Ертең күзде Хиуаға жылқы сатуға жүргелі отырмын. Орнынан ыршып атып тұрды. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын. Екі шатқалдың арасында тұрмыз. (Ғ.М.).

47-тапсырма. Көп нүктенің орнына нақ осы шақ (дара, күрделі) жасап тұрған сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында........... Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе.................... Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда..................... Тіл құрыса, оның халқы да жер бетінен жоғалып кететіндігі туралы............................ Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізіліп, іске..............................

Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөз және сөз тіркестері: тұр, беріліп отыр, жатыр, айтылып жүр, асырылып отыр.

48-тапсырма. Сұрақтарға нақ осы шақтың дара (жалаң) формасында жауап беріңіздер.

1. Cен қайда отырсың? .......................................................................

2. Ол кімде отыр? .................................................................................

3. Біз қайда отырмыз? ........................................................................

4. Олар кімде отыр? ............................................................................

5. Біз кімде отырмыз? .........................................................................

6. Сіз қай жерде тұрсыз? ....................................................................

49-тапсырма. Төмендегі етістіктерді нақ осы шақтың дара (жалаң) және күрделі формасына салып жіктеңіздер.

Ү л г і:

I. Мен отырмын (Я сижу) Мен жаз+ып отыр+мын (Я пишу)

II. Сен отырсың (Ты сидишь) Сен жаз+ып отыр+сың (Ты пишешь)

Сіз отырсыз (Вы сидите) Сіз жаз+ып отыр+сыз (Вы пишете)

III. Ол отыр (Он сидит) Ол жазып отыр (Он пишет)

Сөйлесу, қарау, айту, оқу, бару, зерттеу, тыңдау, дәлелдеу, сипаттау.

50-тапсырма. Сөйлемдердегі осы шақта тұрған

етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.

Тіл екі түрлі жолмен қызмет етеді. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу тілі көбіне диалог түрінде өтеді. Жазба тілде сөйлем ойды нақты да толық білдіре алатындай жүйелі, әрі түсінікті етіліп құрылады. Тілдің қызметі мен ойдың айтылу мақсатына қарай сөйлем құруда соған сәйкес сөздер, грамматикалық тұлғалар, тіркестер сұрыпталып, талданып қолданылып жүр. Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері әр түрлі болады. Көсіліп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған, тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дәл де әсерлі жеткізіп жүр.

 

51-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына оң жақ бағанадағы сөздерді мағынасына қарай іріктеп, тиісті орындарына қойып жазыңыздар.

Ү л г і: Мен университетте оқып жүрмін (нақ осы шақтың күрделі түрі).

Мен.................................оқып жүрмін. Сен.............................. оқып отырсың. Біз..............................оқып жатырмыз. Мен........................... жазып отырмын. Сіздер....................жазып отырсыздар. Сіз...............................жазып отырсыз. Мен......................ұйықтап жатырмын. Олар........................... ұйықтап жатыр. Сендер................... көріп отырсыңдар. Олар................................. айтып отыр. а) баяндама ә) әңгіме, мақала б) кітап в) төсек, кереует г) диван д) кино, спектакль е) әңгіме ж) хат, газет з) оныншы сынып й) университет

52-тапсырма. Тау-кен саласында кездесетін сол жақ бағанадағы сөздер мен сөз тіркестерін оң жақ бағанадағы баламаларымен сәйкестендіріңіздер.

1. Атылыстық бұрғылау а) Воздухосборник
2. Бұрғылық желдетпе қазба ә) Бурильщик
3. Еңкіштік алап б) Работа открытая
4. Асыра бұрғылау в) Взрывное бурение
5. Аршу жұмыстар орны г) Заходка
6. Арақабаттық құлата қазу жүйесі ғ) Буро-вентиляционная выработка
7. Атпақауіпсіздік д) Поле уклонное
8. Ауажиғыш е) Перебур
9. Ашық (кен) жұмыс и) Фронт вскрышных работ
10. Бұрғылық кескіш й) Система разработки подэтажным обрушением
11. Бұрғышы к) Резец буровой
12. Енбе қ) Взрывобезопасный

53-тапсырма. Жақшаның ішіндегі етістіктерді нақ осы шақтың күрделі формасына қойып, көшіріңіздер.

1. Донбаста осы тәсілді қолдану арқылы көмір қопсыту үшін арнайы шахта (салыну). 2. Тау-кен өндірісінде кен біртұтас забойлар және камералық жүйемен (өндірілу). 3. Кен алынған забойлар сол күйінде (бос қалу). 4. Қазіргі уақытта жерасты кен өндіруде екі түрлі тәсілден құрастырылған заттармен толтыру процесі (комибинированный) (қолданылу). 5. Бұл кітап керекті нұсқау ретінде 200 жылдан астам уақыт ішінде тау-кен өндірісі дами бастаған елдерде (қолданылу).

 

54-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктердің шақ формасын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Ресейдегі геология мен минералогияның дамуына үлкен көңіл бөл+е+міз. «Бөл» – түбір етістік, «е» – ауыспалы осы шақ жасайтын жұрнақ, «міз» – жіктік жалғауы.

Англия, Германия, Ресей және т.б. елдерде болат қорытуды жаңа әдістермен алумен шұғылданады. Өте жоғары сапалы болат алудың сырын шешесіңдер. Осындай кен қорын Баянауыл мен Петропавл уездерінде де (тас көмір, алтын, мырыш, т.б.) пайдаланасыңдар. Мыс, алтын, темір және басқа да қазба байлықтарын шығаратын тау-кен өнеркәсібі орындарын акционерлік қоғамдардың қолына көшіреміз.

55-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, көшіріп жазыңыздар.

Патшалы Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға ерекше назар.... Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш.... Алтын, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібі пайда.... Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда.... Екібастұз, Қарағанды, Саранда көмір кен орындары жұмыс.... Батыс Қазақстанда Орал-Ембі аймағында мұнай...

56-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Көрнекті энциклопедист ғалым Бируни өзінің зерттеу жұмысын неге арнаған? 2. Ол ең бірінші болып нені анықтады? 3. Оның қай еңбегі кен өндіру істерінің дамуына әсерін тигізді? 4. Бируни өзінің зерттеулерінде не мәселені шешті? 5. Батыс Европа мемлекеттерінде жинаған тәжірибелерінің негізінде қандай еңбегін жарыққа шығарды? 6. Бұл еңбегінде нақты қандай жұмыстарға нақты тоқталған?

 

2-апта. 4-тәжірибелік сабақ

57-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

58-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен мамандыққа қатысты термин сөздерді теріп жазып, оларға түсініктеме беріңіздер.

59-тапсырма. Мәтіндегі тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихымен танысып, мазмұндаңыздар.

Тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихы

 

Біздің еліміздің халық шаруашылығының дамуында кен кәсіпорындарының және олармен байланысты пайдалы кен орындарын іздеу мен барлау кезіндегі жұмыстарының маңызы өте зор. Сирек кездесетін және түрлі түсті металл рудаларын, минералдық отынды және химия өнеркәсібінде шикізатты, құрылыс материалдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да пайдалы қазындыларды өндіру өнеркәсібінің техникалық дамуын қамтамасыз етеді, еліміздің экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайтады, халықтың тұрмысын көтереді.

Халық шаруашылығын шикізаттармен қамтамасыз ету үшін жаңа кен орындарын ашу қажет. Сондықтан жер туындыларын барлаушылардың негізгі міндеттері жаңа кен орындарын ашу, пайдалы қазындының мөлшері мен сапасын анықтау және оның геологиялық және гидрогеологиялық жатыс жағдайларын зерттеу.

Пайдалы қазындылардың жер қойнауында жатыс жағдайлары, олардың сапасы мен қоры және кенді өндірудің экономикалық тиімділігін бұрғылау скважиналары және қазбалары арқылы анықталады.

Құрамындағы пайдалы компоненттері тұрақты емес және руда заттарының қалыңдығы біркелкі емес кеннің қорын бұрғылау арқылы анықтауға болмайды. Сондықтан бұндай жағдайда кен жөнінде толық мәліметтер алуға болатын және кеннің қорын анықтайтын негізгі тәсіл болып қазбаларды жүргізу есептеледі. Жер қыртысында жүргізілген тау қазбаларын кеннің геологиялық жағдайын жан-жақты зерттеуге, оның жатысын және элементтерін бақылауға, сапасын және қорын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Бұрғылау скважиналары негізінен сұйық және газ тәрізді пайдалы қазындыларды барлау және өндіру &#



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Критические точки распределения Стьюдента | Оғам және жастар.Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 548 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2194 - | 2031 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.