Менің мамандығым
Мірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек, Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б. Экономист мамандығы атқарушылық, әкімшілік және қаржылық қызмет түрлеріне жатады.
Университет – білім ордасы
Университет – (лат.universitas –жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан – жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік - оқу және ғылыми – зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы университет ХII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет – Мәскеу университеті. (1755ж.) Байырғы университеттерге Львов(1661ж, алғашқыда академия ретінде құрылған), Тарту(1802ж.), Вильнюс (1803ж.), Қазан (1804ж.), Харьков (1805ж.), Санкт –Петербург (1819ж.), Киев (1834ж.), университеттері жатады. Орталық Азияда 1920жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ(1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті(1972ж.) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және көптеген жекеменшік университеттер бар.
Басшы келбеті.
Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан – жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады.Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай – ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет. Басшысы келіспесе, ел жетім. (Мақал)
Кемел көшбасшы
Ай халықтың болмасын болашағы басшысына байланысты екені белгілі. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді. Елдің көшін алға сүйреп, әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда Елбасының сіңірген еңбегі ұшан – теңіз. Құрамына түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырды. Өзінің дана саясаткерлігімен Қазақстанды әлем жұртшылығына таныта білді. Мемлекетті халықаралық аренада жоғары дәрежеге көтерді.
Нұрсұлтан Назарбаев – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл – ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы. Ол бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді орнықтыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінді. Президент халықты мыңжылдықтар ауысып, ғасырлар тоғысқан алмағайып заманда бейбітшілік пен тыныштықта, ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап басты нысанасы етті. Соның арқасында осы тұста тәуелсіздік алып, түрлі қақтығыстарға килігіп қалған басқа елдердей емес, Қазақстан бірден бейбіт даму даңғылына түсті. Елбасы ел ішіндегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтаумен қатар, аймақтық текетірестерді болдырмауда үлкен қажыр – қайрат көрсетті. Жаһанға өнеге боларлық үлгілі саясат ұстанды. Халқына адалдық, елін, жерін сүю – адамдық борыш болуға тиісті қағидалар. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бойындағы осындай биік адамгершілік қасиеттерді жастар үлгі тұтуға тиіс. Елбасының әрбір ісінен үлгі алуымыз керек. Сонда ғана елдің келешегіне, мемлекеттің болашағына сеніммен қарайтын, Елбасының ағалық үмітін алға апаратын және сара саясатын жалғастыра алатын білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптаса алады.(интернеттен)
оғам және жастар.Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан. «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Ал белгілі әнші Б.Тілеухан: «Біз ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек - жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге ат салысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек», - дейді. Яғни, елінің болашағын ойлау үшін жастардың бойында отаншылдық сезім болу керектігін баса айтады. Егемен елдің ертеңгі тағдыры барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Сондықтан, алдыңғы буын ағалар ел ертеңі – жастардың ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.(Интернеттен)