Қазіргі таңда халықаралық экономикалық қатынастардағы әлемдік энергетика негізі мұнай тауары болып табылады. Мұнай аясында көптеген дау-дамайлар, талас-тартыстар стратегиялық альянстар мен саяси бірлестіктер шеңберінде қалыптаса келе, мемлекеттің саяси-экономикалық бағытына елеулі әсер етеді. Соңғы тарихи оңжылдық көрсеткендей, халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды субъектілері, ірі державалар глобалды мұнай ағымын бақылау мен қадағалауға бағыталған саяси және экономикалық күрестерін жүргізіп келе жатқаны ақиқат. Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық дамуын, әлемдік экономиканың дамуын энергетикалық шикізаттарсыз, мұнайсыз, табиғи газдыз және көмірсіз елестету мүмкін емес. Әлемдік энергияның қайнар көзі мұнайға энергияның экономикалық тұтынысының 40 % жатады. Көп жағдайларда табиғи газ мұнайдың экологиялық тұрғыдан ең жақсы альтернативасы болып табылады, бірақ оның физикалық қасиеттеріне байланысты іштен жанатын двигательдерде пайдалану мүмкіншілігі болмағандықтан көптеген халықшаруашылық аймағында және адамның тіршілік әрекет ету аймақтарында энергетикалық шикізаттың бұндай түрі мұнаймен бәсекелесе алмайды.
Көпшілік мақұлдаған қазіргі кездегі болжауларға сәйкес мұнай келесі жиырмажылдық мерзім соңына дейін де әлемдік энергия тұтынудың 40 % үлесін сақтап отырады. Осы мерзім аралығында әлемдегі мұнай тұтынудың өсуі жылына 2,1 % дәрежесіне жетеді – 2004 жылы 85 млн. баррельден 2020 жылы күніне 120 млн. баррельге дейін өседі.
XIX – XX ғасырлар аралығында іштен жанатын двигательді ойлап табу транспорттың дамуына үлкен мүмкіншіліктер ашты. 1911 жылы Адмиралтействаның бірінші лорды Уинстон Черчилльдін талабы бойынша Ұлыбритания өкіметінің бірнеше жыл қарсыласуынан кейін мемлекеттің әскери-теңіз флотын көмірмен жағудан жетілдірілген мазутты жағуға ауыстыруға шешім қабылдады. Көптеген эксперттер бұл қадамды қымбат және тәуекелді деп санады, бірақ Черчилль бұл қадамды стратегиялық қажетті деп санады, өйткені ол ашық теңіздегі герман флотын жеңудегі талап етілген жылдамдық пен қуатты қамтамасыз етеді. Осы кезден бастап мұнай ең маңызды стратегиялық өнім болып табылады және тек қана экономикалық тұрғыдан ғана емес сонымен қатар геостратегиялық фактор тұрғысынан да үлкен мәнге ие болды. Уинстон Черчилль атап өткендей, “флоттарды көмірден мұнайға ауыстыру барлық біздің әскери артықшылықтарды мұнайға ұштастыру, маңызды саяси фактор болып табылады. Біздің аралдарда қажетті мұнай қорлары болмағанымен... Бейбітшілік болған жағдайда да соғыс болған жағдайда да бізден алыс орналасқан елдерден теңіз бойынша мұнай жеткізуіміз қажет. Флоттарды британдық көмірден шетелдік мұнайға ауыстыру ең маңызды шешім болып табылады деді.”
XX ғасырдың басында мұнайды кеңінен пайдалануға бағытталатын экономиканың пайда болуына ғылымның қарқынды өсуі, өнеркәсіп өндірісінің өсіп келе жатқан талаптары, ірі қалалардағы ауаның ластануы сияқты экологиялық мәселелердің тереңдеуі, сонымен қатар миллиондаған адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына талпынысы сияқты көрсеткіштер де әсер етті. Осыған сәйкес мұнай қорларына ие болу көптеген елдердің әскери-саясаттық артықшылықтары мен экономикалық дамудың ең маңызды талаптарына айналды.
Соңғы екі жүзжылдықта энергия мен саясат тығыз байланысты. XX ғасырды көптеген мамандар “мұнай” ғасыры деп атайды. Бұл ғасыр қазіргі таңдағы өнеркәсіптің негізгі саласын, көптеген экономикалық, әскери-саяси, мәдени және басқа да салдарды тудырды. Мұнай қорларын иелену деген тура және жанама күрестер соңғы жүзжылдықтағы көптеген ірі және ұсақ халықаралық келіспеушіліктер негізі болған. Соның қатарына 1941 жылғы Жапонияның Перл-Харборға шабуылы, 1991 жылы болған Парсы Шығанағы соғысы мен Ирақтағы қақтығыстарды айта кетуге болады. Мұнай факторы – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарға әсер ететін негізгі элементтердің бірі. Өкімет энергетикаға деген стратегиялық мүддені әртүрлі себеп-салдар арқылы білдіреді. Біріншіден, мұнай импортынан тәуелділікті төмендету арқылы ұлттық саяси-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Екіншіден, экономикалық дамудың тұрақты деңгейін мұнай тұтынысының жоғары көлемі арқылы ұстану және де ҒТП-ті ынталандыратын экономикалық өсудің құралы ретінде қарастыру болып табылады.
Әлемдік саясаттағы энергоресурстардың орасан зор мәні жетекші державалар арасындағы жасырынды және ашық қарсылашулықтарды тудырады. Мұнай мен газдың әлемдік қорлары жер шарында біркелкі таралмағандықтан, ал соның ішінде мұнай қайтадан қалыптаспайтын ресурс болғандықтан жағдай нашарлайды. К. Флейвин және С. Данн сияқты зерттеушілер жазғандай, “XVI ғасырда Ұлыбритания арзан ағашсыз қалған сияқты біз де арзан мұнайсыз қалуымыз мүмкін.” Мұнай қорының біркелкі таралмауы және осы ресурстың шектеулігі осы концентрленген қорларға қолы жететін елдерге пропорционалды емес билік пен халықаралық әсер етуін болдырады. Оның ішінде, бірінші орында, АҚШ, Ресей және Таяу Шығыс елдері бірінші кезекте тұрады.
Батыс эксперттерінің ойлары бойынша қазіргі кездегі мұнай қорларында шамамен алғанда 1 трлн. баррелі мұнай өңдеп алуға болады.
XXI ғасырдың басындағы мұнайды әлемдік өңдеп шығарудағы максимумға жету тек қана энергетикалық жүйеге ғана емес, сонымен қатар әлемдік шаруашылық байланыстарына және халықаралық қатынастар жүйесіне де әсері тиеді.
2005 жылдың басында аймақтар бойынша мұнай резервтерінің таралуы мынантай түрде болды. Мұнай қорларының абсолютті дәлелденген қорларының 65 %-ы Таяу Шығыс аймағына келеді. Келесі аймақ – Еуропа және Еуразия, бұған бұрыңғы Совет Өкіметі елдері (9,2 %) кіреді. Мексиканы қоспағанда Латын Америка және Африка (8,9 %), Солтүстік Америка (5,5 %), сонымен қатар Азия-Тынықмұхиты аймағы (4,2 %). Мұнайдың сапасы мен арзаншылығы көзқарасынан Таяу Шығыстағы мұнай өндірісі әлемдегі басқа мұнайлы аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді. Парсы шығанағы елдеріндегі бір баррель мұнай өндірісінің құны 1 – 2 доллар құрайды. Бұл Солтүстік теңіз кен орындарында өңдеу құнынан төрт есе арзан.