Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған, лотокты, көз тамызғышыты, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрілік препаратты, қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді қайнатуға арналған ыдысты, ем мөлшерін, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, онын кслісімін алыңыз.
2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, коюлығын, дозасын, сақтау мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік срітіндіні су моншасында t-36-37°C дейін жылытыңыз.
3. Науқасты сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып, тамшы тамызатын екінші мұрын жолына қарама-қарсы немесе жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.
4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.
5. Мұрын жолдарын қараңыз, егер де бөлшек немесе қабыршақ болса, мұрын қуысына күтімді жүргізіңіз (стандартты қараңыз).
6. Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.
7. Он қолға мақта шариктерін алып, оларды V саусақпен алақанға қысыңыз.
8. Он қолға тамызғышты алып, мұрыннан екі жағына есептей отырып, дәрілік ертіндіні сорып алыңыз.
9. Сол қолдың IV саусақтарын наукастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.
10. Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдіке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.
11. Мұрның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
12. Мұрынның қанатып сүйек қалқасына мақта шарикпен қысып, жеңіл козғалмалы айналысты жасаңыз.
13. Дәрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.
14. 2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол тізбектілікпен тамызыңыз. Науқастан хал-жағдайын сұраңыз.
15. Қолыңызды жуып кептіріңіз. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
16. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларып, қауіпсіз жиналған және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: - майлы ерітіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйеқ қалқанына баспаңыз).
- пластикалық флаконның тығынына тамызғыш қондырылған дәрілік ерітінді тек қана бір науқасқа қолданылады.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама «» 20ж
Стандарт
Көзді тамшы тамызу.
Мақсаты: емдік.
Колдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні, қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыныз.
2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына дәрілер жарамдылығын тексеріңіз (атын, қолданылу дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконный бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-37°С температурасына дейін дәрлік ерітіндіні жылытыңыз.
3. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалқасынан көпшіксіз жатқызыңыз.
4. Гигиепалык денгейде қолыңызды тазартыңыз. Колғапты киіңіз.
5. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкерініз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.
6. Оң қолыңызбен тамызғышты алып, екі көзге тамызатын ертіндінің мөлшері есебінен дәрілік ерітінді сорып алыңыз.
7. Сол қолыңыға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге карай тартыңыз және науқастан жоғары қарауын сұраныз.
8. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздін шікі бұрышына жақынырақ, көзден 1,5 см қашықтықта ұстап тамызыңыз.
9. Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.
10. Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.
11. Екінші көзінде тамшыны сол тізбектілікпен тамызыңыз.
12. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнергс салыңыз.
13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кұрғатыңыз.
Ескерту:
- екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1тамшысы ағады;
- бір санымсн бір наукасқа тамызгыштың саны дәрілік ерітіндінің байланысты:
- әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек; егер де көзден ірінді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыныз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама «» 20ж
Стандарт