Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.
Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа су ішуге және зәрді жинауға арналған өлшемді ыдысты даярлаңыз.
2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта өлшенген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.
4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.
5. Науқасқа таңертең сағат 6:00-де зәрін унитазға жіберу қажеттігін түсіндіріңіз.
6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күннің таңертеңгі сағат 6:00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.
7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы -тәуліктік диурез болады.
8. Бөліңген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.
Бөлінген сұйықтық
Бөлінген зәрдің уакыты | Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез) |
Барлығы: |
9. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.
Енгізілген сұйықтық
сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты | Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері |
Барлығы: |
10. Келесі күнгі таңертеңгі сағат 6:00-да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.
Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.
Мейірбикенің міндеттері:
o Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.
o Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.
o Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.
o Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).
o Қатты тамақтарда 60-тан 80% дейін су бар.
o Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.
o Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.
o Шығарылғап сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері
Шығарылған зәр мөлшері х 100
Шығарылу %-ы= енгізілген сұйықтық мөлшері
o Келесі формула бойынша су балансына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.
o Шығарылған сұйықтық мөлшері қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.
o Егер де сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.
o Егер де сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.
o Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.
Нәтижесінің бағасы:
80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (10-15% уақытында; +10-15% - салқын уакытта).
o Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенін және ісіктің кетуін куәлендірады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).
o Kepi су балансы (<70%) ісіктің көбеюін немесе диуретикалык дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама «» 20ж
Стандарт