Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (плевроцентезге) дайындау




Мақсаты: диагностикалық, плевра сұйықтығының кұрамын зерттеу; емдік: плевра куысынан сұйыктықты алу; плевра куысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдсрі: жарақаттану гемотораксында (кеуде куысына қанның құйылуы); қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиземасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпс қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

Қарсы көрсетілімдсрі: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра куысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5% новокаин срітіндісін, 5% спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалык шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты-жөнін анықтап, алда болатын зерттеу туралы мәлімет беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Беліне дейін шешінген науқасты орындыктың арқа сүйенішіне бетімен каратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.

3. Наукастан денесін сол бір кырына қарай бұруын сұраныз, дәрігер тесуді жүргізетіні карама-карсы жағына.

4. Плевра куысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

5. Қолыңызды гигиеналык деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты кигізіңіз.

6. Болжамды тесетін жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

7) Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялык анестезия (тесілетін жердің ауырғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

8. VII-VIII қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымдалады.

9. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.

10. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

11. Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.

12. Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.

13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спирта йод ерітіндісімен өңдеңіз.

14. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмсн бскітіңіз.

15. Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуын ескерту үшіп кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.

16. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Пайдаланған бір рет колданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялык инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

18. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан кысымын өлшеңіз.

19. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

20. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

21. Алынған биологиялық материалды зерттеуге лаборатория жолдамасымен жіберіңіз.

Ескерту:

плевра қуысынан бір уакытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

плевра сұйыктығын лабораторияға апару кешіктірілуді күтпейді, ферменттер мен клеткалык элементтерді бұзбау үшін;

ине плевра қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.

 

 

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама «» 2014ж «» 2014ж

 

Стандарт





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2312 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2192 - | 2114 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.