Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Халі ауыр науқастардың ауыз қуысын күту




Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың ойылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 2 науаны, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тамнондарды, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз.

3. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.

4. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

5. Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін кленкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына науаны қойыңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

7. Науқастан тістерін сығылыстыруын өтініңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).

8. Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз.

9. Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз.

10. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз.

11. Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілден бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейнгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.

12. Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз.

13. Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға салыңыз.

14. Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз.Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндісімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз.

15. Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.

16. Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткіштерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құргатыңыз.

Ескерту:

§ ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына тиіп қалып, кенеттен өліп кету қаупі бар;

§ халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.

§ Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішін қолданбайды.

 

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама «» 2014ж

 


Стандарт





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2263 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2229 - | 1966 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.