Мақсаты: автоклавта зарарсыздандыру үшін салу және регламентеу уақыты бойынша сақтау процесінде зарарсыздықты сақтау.
Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған сүрткілерді (үлкен бөз матадан жасалған). дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді, турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан зарарсыздық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және зарарсыздандыру күнін және салуды жүргізуші, зарарсыздандыруға жауапты мейірбикелердің қолын қою үшін - бос колонканы. фильтрі бар немесе фильтрсіз әр түрлі көлемдік және мөлшерлік зарарсыздандырылған қораптарды.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Гигиенадық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.
2. Бикстің (кораптың) бүтіндігін тексеріңіз.
3. Қолғапты, дем пердесін киіңіз.
4. Бикстің ішін және сыртын тізбектілікпен 2 рет, әртүрлі
шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.
5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
6. Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.
7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.
8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлі, мақсаттық
және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.
9. Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз).
10. Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет.
11. Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.
12. Таңғыш материалды қабаттап салыңыз- сектормсн (шенбердін бөлім арасы), тік (қакпағына перпендикулярлы), бос қопсытып.
13. Бикстің ортаңғы бөлігіне зарарсыздық индикаторын орналастырыңыз.
14. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткімен жабыңыз.
15. Бикстің қақпағының астына зарарсыздық индикаторын салыңыз.
16. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.
17. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.
18. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыныз
Стандарт
Жарақаттанғанда, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда мейірбикенің өз-өзіне және өзара жәрдем (көмек) көрсетуі.
Науқастың биологиялық сұйықтығы арқылы таралатын, вирустық және бактериалдық жұқпаны жұқтыру қауіп-қатері жағдайындағы мейірбикенің жұмыс жасау ерекшеліктері. Манипуляцияны орындау уақытында, биологиялық сұйықтық байқаусызда мейірбике қолына терісіне, көздің және мұрынның сілемей қаабығына, бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақ сілемейлі қабығына түскенде, апаттық дәрі қобдишасын қолдануы кажет. Апаттық дәрі қобдишасы
Апаттық жағдайда апаттық дәрі қобдишасы құрамына кіреді:
Крафт пакетіндегі таңғыш материал:! | Саны, мөлшері | |
1. | Крафт пакетіндегі көз тамызғыштары | 4 дана |
~> | Аспадан ерітіндіні езуге арналған ыдыс | Здана залалсыздандырылған |
3. | Ундинка (көзді жууға арналған кішкене | 2дана |
ыдыс) | залалсыздандырылған | |
4. | 70% этил спирті | 100мл |
5. | 5% йод ерітіндісі | 10 мл |
6. | 0,05% калий перманганат ерітіндісі, | 10 мл |
7. | 1% протаргол ерітіндісі | 10 мл |
8. | 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі | 100 мл |
9. | саусаққа киетін резеңке | 2-3 дана |
10. | Бактериацидті жабысқыш пластырь | 2-3 дана |
11. | Қайшы | 1 дана |
12. | Кейбір антисептикалық заттар аснамен сақталады және қолданар | |
алдында даярланады, оған жататындар: | ||
Протаргол | 0.1 г-орау | |
калий перманганат | (),005г-5 орау | |
Залалсыздандырылған дистилде нген су 10 мл-ден | 6 ампула |
ВИЧ-КЕ ҚАРСЫ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ
Адам вирус иммунитеті тапшылығына қарсы арналған жабдықтар
70% этил спирті
5% йод ерітіндісі
жабысқыш пластырь
марганец қышқыл калий аспасы
марганец қышқыл калийді езуге арналған дистилденген су 1:10 000І (0,05
1% бор қышқылы ерітіндісі
1% протаргол ерітіндісі
Стандарт
Науқастың биологиялық сұйықтығы медбикенің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақ сілемейлі қабығына байқаусызда түскенде жасалатын медбикенің іс-әрекеті.
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустық және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.
2. Дәрі қобдишасынан 70% спирті немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісін салыңыз.
3. Залалсыздандырылған дәке тампонын 70% спирт немесе 0,05% калиий перманганат ерітіндісімен суландырып, бет терісінен және еріндерінен науқастың биологиялық сұйықтығын, саусақтардың қозғалысымен кептіріңіз. Пайдаланған таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
4. 70% спирт немссе 0.05% калий перманганат ерітіндісімен суландырған дәке тампондарымен қайтадан бет терісі мен еріндерін тазартыңыз.
5. ауыз қуысын сумен, сосын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен бірнеше рет шайқаңыз (жұтқыншакқа суды түсірмеуге тырысыңыз).
6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтенше болған жағдай туралы актты және журналды толтырыныз).
Стандарт
Науқастың биологиялық сұйықтығы медбикенің көз сілемейлі қабығына байқаусызда түскенде жасалатын медбикенің іс-әрекеті.
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирусты және, бактериалдық жұқпа жұққтыру қауіп-қатерінің алдын алу
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің көз сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Дайындаңыз: апттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцет, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғыштармен және таңғыш материалмен көзді жууға арналған кішкене стаканды алып, лотокқа салыңыз.
2. Дәрі қобдишасынан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.
3. 0,05% калий перманганат ерітіндісін кішкене стаканға құйыңыз. Басын еңкейтіп, кішкене стаканды ерітіндісімен тығыз бетке қысып, қабақтарымен жыпылдату (қысу) қозғалысын жасап, көзді жуыңыз. Ысқылауға (уқалауға) болмайды!
4. Крафт пакетіндегі залалсыздандырылған көздің сыртқы бұрышынан мұрынға қозғалыспен, көзді сырғызыңыз. Ысқылауға болмайды!
5. Пайдаланған салфеткаларды қауіпсіз жоюға арнаған контейнерге салыңыз.
6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтенше болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
Ескерту: көз тамызғыштары пайдаланғаннан соң 2% сода ерітіндісінде 15 минуттай немесе дистилденген суда -30 минуттай қайнатылады. Көзді сумен жууға да болады.
Стандарт
Науқастың биологиялық сұйықтығы байқаусызда мұрын қуысының сілемейлі қабағына түскенде жасалатын медбикенің іс-әрекеті.
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустық және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерінің алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің мұрын қуысының сілемейлі қабығына науқастың биологиялык сұйықтығы түскенде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.
2. Дәрі қобдишасынан 1% протаргол ерітіндісін алыңыз.
3. Крафт пакетіндегі тамызғышты 1% протаргол ерітіндісінің флаконына салыңыз.
4. Қолынызға лотокты алыңыз.
5. 1% протаргол ерітіндісін мұрынға тамызыңыз, басын төмен түсіріңіз (ішіндегі зат лотокқа ағады). Жұтқыншаққа ерітіндіні түсірмеуге тырысыңыз.
6. протаргол ерітіндісін мұрынға қайталап тамызып, басты төмен түсіріңіз, ішіндегі зат лотокқа ағады.
7. Залалсыздандырылған дәке тампонымен мұрынды кұрғату.
8. Қолданған дәке тампонын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
9. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтенше болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
Ескерту: лотокты қолданғаннан соң регламенттелген залалсыздандыру ерітіндісінде залалсыздандырады, ал көз тамызғышын 2% сода ерітіндісінде -15 минут немесе дистилденген суда 30 минут қайнатады.
мұрын қуысының сілемейлі қабығын тазарту үшін, 0,05% калий перманганат ерітіндісі, су қолданылуы мүмкін.
Стандарт
Науқастың биологиялық сұйықтығы медбикенің киіміне және зақымдалмаған терісіне байқаусызда түскенде жасалатын медбикенің іс-әрекеті.
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустық және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерінің алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің киімне және зақымдалмаған терісіне науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Дайындаңыз: 70% этил спирт ерітіндісін, дәке салфеткаларын, сабынды суды, сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Ластанған арнайы киімді оң жақ бетін ішіне қаратып шешіңіз.
2. Оны көрсетілгсн әсер ету уақытына дезинфектантқа батырыңыз.
3. Жеке киімнің ластанған жерің дезинфектантқа суландырған салфеткамен көрсетілген әсер етy уақытына жабыыз, соңынан ыстық суда жуыңыз.
4. 70% этил спирті ерітіндісімен мол суландырылған салфетканы қолыңызға алыңыз. Осы салфетканы қолдана отырып, жеке киімнен қол саусақтарымен шымшу қозғалысымен, биологиялық сұйықтықтың қолдағы енген жерінен кетіріңіз.
5. 70% этил спирт ерітіндісіне суландырылған салфеткамен уланған учаскесін сүртіңіз (ысқыламаңыз).
6. Тері учаскесін сабындап сумен жуыңыз.
7. Жуылған тері учаскесін қағаз сүлгімен кептіріңіз. Ысқылауға болмайды.
8. 70% этил спирті ерітіндісімен мол суландырылған салфеткамен биологиялық сұйықтықтың қалдығын терісінен қайтадан кетіріңіз. Ысқыламаңыз.
9. Қолданылған дене салфеткаларын қауіпсіз контейнерге тастаңыз.
10. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістен төтенше болған жағдай туралы акті және журналды толтырыңыз).
Стандарт