Еңбекті және өндірісті зерттеудегі әлеуметтанулық тәсілдің өзіндік ерекшелігі, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктері. «Жұмыс», «мамандык», «жұмыс бастылық» ұғымдары. Қоғамның әлеуметтік-кәсіби қүрылымы. Еңбектің әлеуметтік ұйымдастырылуы. Э.Дюркгейм еңбек бөлінісі туралы, Ф.Тейлор және Г.Форд көпшілік өндірісі туралы; К.Маркс еңбектің бөтенденуі; өнеркәсәптік жанжалдар және профсоюздар.
Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың құрылымы. Қатарлас еңбек нарығы теориясы. Сегменттік және еңбек нарығының икемділігі. Қазақстан қоғамының экономикалық жаңаруы жағдайында жаңа еңбек түрлерінің ұйымдастырылуы. Жаһандық коғамда еңбектің рөлінің өзгеруі, еңбектің жаһандық бөлінісі.
Экономика әлеуметтік сала ретінде. Экономика шаруашылык жүйе ретінде. Экономиканың негізгі секторлары. Экономиканың әлеуметтік жүйе ретінде тарихи дамуы: аграрлык, өнеркәсіптік, акпараттык революция.
Экономикалык әлеуметтану пәні. Экономикалық өмір туралы әлеуметтанулык идеялардың дамуы: М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маркс, К.Поланьи және баскалары. Шаруашылық жүйелер және олардың ерекшеліктері. Капитализмнің тарихи түрлері. Экономиканың жаһандық жүйесінің дамуы. Жаһандық еңбек бөлінісі және жаһандық экономика мәселелері.
Экономика әлеуметтануы пәні интеграцияланған әлеуметтік тұтастықтың нақты нысаны ретінде жекеліктердің, олардың топтарының экономикалық мінез-құлқы болып табылады. Экономикалық мінез-құлық экономикалық және әлеуметтік мүдделер, мөлшерлер, құндылықтар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, шығармашылық әлеуеті жүзеге асырылатын әрекеттер жүйесі ретінде көрінеді. Экономикалық жүріс-тұрыста адамның мінез-құлқының кіріктірілген, тұтасталған әртүрлі тұрпаттары бой көрсетеді. Олар: саяси, құқықтық, мәдени, психологиялық, діни құбылыстар. Сонымен «экономика әлеуметтануы еңбек үлестіру қатынастары материалдық игілік, өмір жағдайлары т.т., яғни әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері саласында болатын әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды талдаумен байланысты әлеуметтік заңдылықтарды реттейді».
Өндірістің материалды дамуының тарихи себептелінген объективті үдерісінің барысында өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру үшін мүмкіндіктерін ынталандыру нәтижесінде адам «физикалық», «биологиялық», «әлеуметтік-психологиялық», «экономикалық», «социологиялық» кезеңдерден өтеді.
«Физиологиялық» адам кезеңін еңбектің ғылыми ұйымдастырылуынан бастайды. Материалды игіліктерді өндіруді ғылыми негізіне қойған – американдық инженер Ф.Тейлор. Ол еңбектің ғылыми ұйымдастыру тұжырымдамасын жасап шықты. Жұмыс орнындағы еңбекті ұйымдастыруы, яғни әрекет етудің еркіндігін шектеу, артық қимылдарды ұтымды реттеу, құрал-сайманды жұмыс орнында ыңғайлы орналастыру өндірісінің жоғарғы тиімділігіне жетуге мүмкіндік туғызады. Еңбектің өнімділігінің ХХ ғ. Басында шұғыл өсуі, жұмыскердің біліктілігін арттыруымен ғана реттелмей жұмыс орнын парасатты ұйымдастырудың қажеттілігін дәлелдеп берді.
Еңбектің жағдайларын тиянақтаудың екінші баспалдағында әлеуметтік шарттардың «биологиялық» адам шыға бастады. ХХ ғ. 20-ж. өткізілген сынама байқаулар, жұмыскердің өндіріс үдерісінің бөлшегі ретінде қаралуы керек деген түсінікті қалыптастырады. Бүгін еңбек ету қабілетін жоғарғы деңгейде және ұзақ мерзімге сақтау үшін психотерапиялық орталықтар ашылып және рекреациялық қызмет енгізіле бастаған. Бұлар еңбек барысында айырылған денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін, дене күшін, жүйкесін қалпына келтіруге қызмет етеді. Онда денсаулықты қалпына келтірудің түрлі шаралары қолданылады. Музыка, су, ауа, гимнастика т.б. пайдаланатын терапия кеңінен таралды.
Әлеуметтік-психологиялық адам тұрпатын зерттеген Элтон Мэйо (1880-1949) 1927-1932 жж.Чикаго қаласының маңында Вестерн электрик компаниясында өткізілген сынама байқауында ол анықтағандай, еңбек өнімін арттыруда адамның қатынастары ең маңызды орын алады. Әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдайсыз ешқандай еңбек пен жұмыс орнының маңдай алды ұйымдастырылуы, материалдық ынталандырылудың ең тамаша жүйесі жұмыскерді жеткілікті деңгейде қанағаттандыра алмайды.
Өндірістік мақсаттарға жетуі үшін жетекшінің белгілі беделге ие болуы, өз орнында екенін дәлелдейтін басқару әдістерін меңгеру керек. «Социологиялық» тұрпаттағы адамның қасиетері «экономикалық адамға» қарама-қарсы қалыптасады. «Социологиялық адам» жалпы мөлшерлерді қатал ұстанып, оларға толық бағынады, басқалар үшін өзінің пайдасынан безуге дейін баратын қамқорлық жасайды, өзін парасат пен қисынға қайшы және тиянақсыз ұстайды, ақпаратты нашар біледі және өз пайдасы мен шығынын дұрыс есептей алмайды. «Экономикалық» адам «социологиялық» адамға қарама-қарсы тұрады. Ол бейнелейтін тұрпаттағы адам тәуелсіз, өзімшіл, парасатты, өз ісінен хабардар.
Жұмыскерлердің өндірістік мінез-құлқын реттеудің үшінші амалының туындыгерінің – американдық әлеуметтанушы Б.Скинер. Бұл амалды жағдайлық менеджмент деп атайды.Мұнда материалды және әлеуметтік қозғаушы себептер пайдаланылады.
Бұл тұжырымдаманы ары қарай А.Херцбергтің мотивациялық-гигиеналық теориясында дамытылады. Гигиена деп денсаулық сақтаудың шарттары және оған жәрдем ететін шаралардың жиынтығы туралы айтамыз. Әлеуметтік гигиена әлеуметтік ортаның әртүрлі жайттарының (еңбек, тұрмыс жағдайларының, мәдени деңгейдің және т.т.) адамға, оның көңіл-күйін, денсаулығына ықпал етуін зерттейді. Херцбергтің теориясында талаптар жоғарғы және төменгі болып бөлінеді.
Жоғарғы қажеттіліктерге, табысқа жету, қадірлену, қызмет бабымен көтерілу, жұмыстың өзі, шығармашылық ілгері басудың мүмкіндігі және жауапкершілік жатады.
Төменгі талаптарға он себептік жайттар келтіріледі:
1) компанияның саясаты;
2) техникалық қадағалау;
3) жетекшімен қатынастары;
4) ұжыммен тұлғааралық қатынастар;
5) қоластындағылармен қатынастар;
6) табыстар;
7) жұмыстың қауіпсіздігі мен кепілдігі;
8) жеке және отбасындағы өмір;
9) еңбек жағдайлары;
10) мәртебесі (тұғыры).
Херцбергтің дәлелдері, зерттеуінде көрсеткендей, адамдар жұмысына қанағаттанбаушылығын айтқанда көбінесе қоршаған ортаны жобалап түсінеді, ал қанағаттанғанын білдірсе, жұмыстың өзін ғана айтады. Осыдан ғалымның жасаған түйіні, әр жеке адам бір емес, екі талаптар жүйесіне ие болады деуге әкеледі. Бұл қажеттіліктер жүйесі бір-біріне сапалық жағынан тәуелсіз келеді, әрі адамның мінез-құлқына әр түрлі әсер етеді.
Абрахам Маслоу – американдық әлеуметтанушы негіздеген еңбектің дәлелдері теориясы адамдардың талаптарын ашып береді. Адамның қажеттіктерін топтастырып, Маслоу оларды тұғырлы және туынды етіп бөледі. Тұғырлы қажеттіктерге тамаққа, киімге, тұрғын үйге, қауіпсіздікке және т.с.с. тіршілік мұқтаждықтарын жатқызады. Ал туынды талаптарға әділеттікті, амандықты, әлеуметтік өмірдің реттілігі мен бірлігін және т.с.с. рухани-шығармашылық қажеттіктерді жатқызады. А.Маслоудың ойтұжырымының құндылығы әртүрлі жайттардың, талаптардың өзара әрекеттестігін түсіндіріп, олардың қозғаушы тетік болуын ашып беруінде, әр жаңа деңгейдегі мұқтаждықтардың, талаптардың тек төменгілердің қанағаттандырылуынан кейін ғана дара адамға өзекті, маңызды бола алатынын көрсетуінде. Маслоудың пайымдауынша, физиологиялық пен жыныстық және тіршілік етудің талаптары туа біткен, ал басқалары – әлеуметтіліктің табысы.