Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс




1. Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы.

2. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептері.

3. Құн заңы. Құн және баға.

4. Ақшаның пайда болуы мен мәні.

Негізгі сөздер: натуралды шаруашылық, тауарлы шаруашылық, тауар, құн, Ақша

1. Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы.

Натуралды шаруашылық – бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың жүйесі.

Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар:

1. ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;

2. ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі,

3. өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байлансытар. Ол мынадай формула бойынша дамиды: «өндіріс-бөлу-тұтыну», яғни жасалған өнім айырбасқа түспестен өндіріске қатысушылар арасында бөлініп, тұтынуға түседі.

2. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептері.

Шаруашылықытң ең көп тараған түрі болып тауарлы шаруашылық табылады.

Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі.

Тауарлы шаруашылыққа тән:

1. Ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың анықтығы;

2. еңбекті бөлу жіне оның әсерінен тауар айырбасы жүреді,

3. өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама, делдалдық байланыстар.

Ол «өндіріс-айырбас-тұтыну» формуласы бойынша дамиды.

Тауар шаруашылығының өнімі – тауар.

Тауар – бұл нарықта басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық. Тауар арнайы сатуға, айырбастауға өндірілген зат. Тауарды тепе-тең өнімге айырбастау кезінде нарықта айырбас құнына ие болады.

Баға-тауардың ақшалай көрінісі.

3. Құн заңы. Құн және баға.

Адамдардың қажеттіліктерін тұрақты өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегенміз –тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, еңбек және адам қолымен өндірілген материалдық ресурстар.

Табиғи ресурстар – бұл тауарлар мен игі қызметтердің өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай кен орындары және т.б. жатады.

Еңбек ресурстары – еңбек етуге қабілетті халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстары өзінің жасы, жынысы, білімі, мамандық деңгейі және еңбек етуге ынтасы бойынша жіктеледі.

Материалдық ресурстар - өндіріс нәтижесінде алынатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы.

Өндіріс нәтижесінде қоғамда өнім немесе игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім – бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Жиынтық қоғамдық өнім көптеген салалар мен кәсіпорындардың, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі күрделі өзара байланыстың нәтижесі. Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінде кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауарға айналады.

Натуралдық шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жағдайын сипаттайды. Таурлық қарым – қатынастардың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келді

Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді.

Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамнаң мақсатты іс - әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.

Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адмның мақсатты іс - әрекеттері. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.

Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.

Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бір қатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал – жабдықтары деп қарастырады. Мұндай пікір саяси экономиканың классиктерінен тараған А.Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д.Рикардо капиталды өндіріс құрал – жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де осындай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П.Самуэльсон мен Нордхаустың «Экономикс» деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктер сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, өндірістік ғимараттар және т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон «Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы» деген еңбегінде, «Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған», - деп жазды.

Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда және басқаруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек, ал ол кезегінде өндірістің төртінші факторы болады.

Маркстың теорияда өндіріс факторлар (өндіріс құралдары) және адамдық факторлар (жұмыс күші). Бұлай бөлу марксизм үшін мейлінше маңызды, өйткені қосымша кұн мен пайданы өндірістің барлық факторы емес, адам факторы жасайтынын көрсетпкен. Сондықтан, жұмыс күші тікелей пайдалану нысанасы болды. Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн теориялары болып табылады.

Тұтыну бағалылығы - бұл заттың пайдалылығы,адамның қандай болмасын қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті.Осы арқылы бір өнім басқаларға ұқсамайды,өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады.

Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбекшығынынан тұрады. Осыған сәйкес,тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді.

Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, бір мезгілде орын аладыжәне олар бір-бірімен алмаса алады. Тұтыну құнының өзгерістері ертелі- кеш құнының өзгерістеріне әкеліп соғады.Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Мынаны ескертейік: тауардың құнын қандай болмаса сондай еңбек уақыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек уақыты құрайды.

Тек еңбектің өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жақты процес: нақты әне абтрактылы еңбек процесі болып табылады. Нақты еңбек тауардың тұтыну құнын,ал абстрактылы еңбек - құнын құрайды.

Нақты еңбектің нәтижесі өнім, ал осы өнімнің қажеттіліктерді қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.

Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық игіліктердің белгілі бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі бір қажеттігін қамтамасыз ететінқабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.

Нақты еңбек (технология) абстракты еңбектің белгілі мөлшерде жұмсалуын талап етеді.Осы технологияның негізінде өндірілген өнімнің тұтыну құны және құны болады. Кейін осы өндірілген өнім тұтынылып, өзінің тұтыну құнымен технологияны қайта қалпына келтіреді. Егер үйлесімділік жоғалса, шаруашылық жүйе басқа технологияға көшуі керек,немесе басқа өнім өндірумен айналысуы керек. Міне осылай тұтыну құны тұрақты түрде құнға айналып және керісінше болып отырады.

Құнның еңбек теориясы адамдардың өздерінен тыс қалыптасатын объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының өзгерістеріне сәйкес келетін субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құтқарады.

Шекті пайдалылық теориясы өз жағынан,керісінше,өндірісті ұмытып, бар назарын тұтынуға аударған. Бұл тұрғыда еңбек теориясы шекті пайдалылық теориясының сыңаржақтылығын жояды, оны толықтырады. Шекті пайдалылық теориясы субъективтік бағалаудың неге басқаша емес осылай болып қалыптасуын дәлелдей алмады. Ал енді біз айта аламыз: субъективтік бағалаудың негізін еңбек шығындары түрін алатын объективтік негіз құрайды.

4. Ақшаның пайда болуы мен мәні.

Қоғамдық өндіріс дамыған сайын,айырбас операцияларын жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығуының қажеттігі пайда болды. Ақшаның анайы,тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды- егіншілерде бидай, малшы тайпаларда мал, аңшыларда терілер,т.т.б.Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда қызмет ете алмады,олар кең тарамады. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшаның рөлін асыл металдарға: алтынға, күміске жүктеді. Өзінің табиғи қасиеттері- бір тектілігі, бөлшектеп бөлуге болатындығы, ықшамдылығы, қолайлығы, көп уақыт сақталатындығы жағынан асыл металдар осы рөлді атқаруға неғұрлым бейімді болды. Ақшаның есеп бірлігін оның салмағы атқаратын болды.

Бара-бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын,күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай куәландырған алтын,күміс кесіндісі монета деп аталған.Жер әлемінің көптеген халықтарында монета заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын жәнесынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен растап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында, металдық ақша айналымы жүйесі қалыптасқан.

Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д,Рикардо ақшаның басты қызметі деп, айналыс құралы болуын атап көрсетіп, ал басқаларын осы айналыс құралы қызметінен туынды деп есептеген.

К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан, ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі дей отырып оның мәнін анықтайтын, атқаратын бес қызметіне назар аударады: құн өлшемі, айналым құралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша.

Осы замандағы экономикалық әдебиетте ақшаның атқаратын үш қызметі аталып отыр: құн өлшемі, айналым құралы, жинақ құралы.

Тек нақтылы, қолма-қол ақша айналыс құралы қызметін атқара алады. Бұл қызметті ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқаншағана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет. Осылайша, толық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған.

Ақшаны айналыс құралы ретінде қолданғанда, сатып алу-сатуға жұмсалатын іс-қимыл мен уақыттың үнемделуінің арқасында айналыс шығындарының төмендеуінің нәтижесінде, ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті.Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек қоғамның хал-жағдайы жақсара түсті.

Ақша – жалғыз жалпы балама болып табылатын ерекше тауар.

Ақшаның экономикалық ролі оның қызметтерінде көрінеді.

1. Құн өлшемі.

2. Айналым құралы.

3. Төлем құралы.

4. қазына/қор жинау.

5. әлемдік ақшалар.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1496 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.