1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.
2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар.
3. Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы.
Негізгі сөздер:сыртқы шығындар, ішкі шығындар, тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар.
1. Егер сатып алушыны тауарды алғанда бәрінен бұрын қызықтыратыны оның пайдалылығы болса, онда сатушы үшін маңыздысы өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке жағдайында өндіруші рынок бағасының деңгейіне іс жүзінде әсер ете алмайды, сондықтан өндіріс шығындарының деңгейі пайдаға да, өндірісті ұлғайту мөлшеріне де әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның ағымдағы өндірісінде туындайтын шығындары – басқарушылық есептің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Өндірістік шығындар туралы ақпараттар, сол шығындарды басқаруды ұйымдастыруы үшін өте маңызды. Кәсіпорындағы өндірістік шығындарды басқарудың басты мақсаты - тиімділікті, ұтымды немесе оңтайлы баға және шығын деңгейін орнату, алдын ала белгілеген, көздеген табысқа жету болып табылады. «Шығындар дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс алуына бағытталыған шығындарының бір бөлігі.
Өндірістік шығындардың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
1. материалдарға кеткен тікелей шығындар;
2. еңбек ақы шығындары.
Өндірістік жанама шығындар өндірістік қызметке жатады және үш түрге бөлінеді:
· Материалдарға кеткен жанама шығындар;
· Еңбек ақы төлеуге байланысты жанама шығындар;
· Басқа да жанама шығындар.
Тікелей шығындар, алғашқы құжаттар негізінде (тауар құжаттамасы, наряд), пайда болған уақытында оны дайын өнімге жатқызады (калькуляциялау объектісі). Ал өндірістік үстеме шығындарпайда болған кезінде дайын өнімге жатқызылмайды. Дайын өнімге жатқызу үшін олар алдын ала жиналып есептеу арқылы өнімнің (тауардың, қызметтің) өзіндік құнына бөлініп қосылуы керек. Сонымен қатар өндірістік шығындар сомасын өнімге кеткен шығындар деп те атайды.
Бір өнімді өндіруге кеткен өнімнің өзіндік құны дайын өнімнің өндірістік бағасын өндірілген өнімнің санына бөлу арқылы есептейді.
Өндірістік шығындар және үстеме жалпы шаруашылық шығындар коммерциялық шығындармен бірге өнімнің (тауардың, қызметтің) толық өзіндік құнын құрайды.
Бақылау және реттеу функциясын жүзеге асыру – шығындарға анализ жасау және жоспарлы бюджеттік көрсеткіштердің және ресурстар шығыстарының көрсетіштерінің нормаға сәйкес болуына бақылау жасау, жоспардан ауытқушылықтарды айқындау және нақты шығындардың жоспарлы шығындардан көбеймеуіне шараларды әзірлеу.
Ынталандыру (мотивация) функциясы арқылы кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылдырады (жұмысшыны немесе бөлімшені), қазіргі жағдайдағы мақсаты – кәсіпорынның шығындарын төмендетуге қызмет ету.
Бағаның төмендеуі жоғары деңгейлі шығындары бар кәсіпорындарды зиянды етіп, оларды бұл саланы тастап кетуге мәжбүр етеді. Егер орта шығындар бағадан төмен болса, онда фирма тепе-теңдік жағдайда бола тұра «қарапайым пайдадан» жоғары пайда алады, яғни үстеме пайда немесе квазирента алады.
Орта шығындар бағадан төмен болса, онда фирма жеке өнімге шаққанда ең жоғарғы пайда алады деп тұжырымдалады. Фирма тепе-теңдік шартын былайша түсіндіруге болады: МС=МР=Р. Фирма алатын жалпы пайда жалпы саудадан түсірген табыстары мен шығындарының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады: П = табыс – шығындар.
Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жаңармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Өндіріс шығындары анық және анық емес болып бөлінеді. Анық шығындар (сыртқы шығындар) - сырттан алынған ресурстарға ақша төлемдері (жалданбалы жұмысшылар жалақысы, шикізат және материалдарға төлемдер,транспорт, қаржы, заң қызметтеріне төлем). Осы шығындар бухгалтериямен есептелініп, оларды бухгалтерлік шығындар деп атайды. Анық емес шығындар (ішкі шығындар) - өз ішік ресурстарын пайдаланумен байланысты шығындар. Бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есептеулерде көрсетілмейді. Олар көбінесе жасырын формада болады. Осындай жасырын формадағы шығындарды балама (альтернативті) шығындар деп атайды. Анық және анық емес шығындар сомасын экономистер экономикалық шығындар деп атайды.
2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Тұрақты шығындар (FC) - бұл фирманың өнім шығару көлеміне тәуелсіз шығындары. (сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар). Кәсіпорын өнім өндірмеседе төленеді. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер (бухгалтер) жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, зайым бойынша пайыз т.б. жатады. Өзгермелі шығындар (VC) - өнім шығару көлеміне сәйкес өзгеретін шығындар. Материал, шикізат үшін төлемдер, энергетикалық шығындар, өнімді өндіретін жұмысшылардың жалақысы. Жалпы шығындар (TC) - тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы. TC = FC+ VC. Шығындарды тағы 2 түрі бар -орташа және шекті. Өнімнің бірлігіне қарай шығындарды өлшеу үшін орташа шығындар қолданылады. Ол жиынтық шығындарды өнімнің көлеміне бөлумен анықталады. Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтау қажеттілігін тұдырады. Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жұмсауды көрсетеді.
3. Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Пайда дегеніміз - жиынтық табыс (TR) пен жиынтық шығындар (TC) арасындағы айырма. TР = TR-TC, ТР- пайда. Жиынтық табыс (TR) нарық бағасымен барлық өндірілген тауарларды сатуда түскен түсім. TR=P*Q, P – баға, Q – тауар саны. Орташа табыс (AR) – бір өнімнен орташа алынған табыс. AR=TR/Q. Шекті табыс (MR) – қосмыша өнім өндіргеннен түскен түсім. MR= TR/ Q. Қалыпты пайда - Анық емес шығындарды (ішкі шығындар) өтеу керек.
Экономикалық пайда – қалпыт пайдаданың үстінен түскен табыс. Бухгалтерлік пайда – жалпы түсімнен сыртқы шығындарды алған сомаға тең. Бухгалтерлік пайда - Анық емес шығындарды (ішкі шығындар) = экономикалық пайда