1. Өндіріс, оның мәні және факторлары.
2. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.
3. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
Негізгі сөздер: өндіріс, жұмыс күші, еңбек заты, мұқтаждықтар, өндіріс факторлары
1. Өндіріс, оның мәні және факторлары.
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.
Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың – адамның күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады.
Еңбек заты- болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар. (мұнай, руда, шикізат т.б.).
Еңбек құрал- саймандары – қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары - бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жекізетін құрылым және т.б. нәрселер.
Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.
Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.
Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.
Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.
Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.
Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы (фирмалардың, т.б. іріленуі), өндірістің орталықтандырылуы (көптеген шаруашылық бірліктерінің бір тұтас бірігуі) және т.б. жатады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.
Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты.
Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.
Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.
Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.
Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды.
Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.
Жеке тұтыну – бұл адамджардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну – қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.
Ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.
Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.
Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші – оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.
2. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.
Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі – шектеулі (мұнай, көмір т.б.). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.
өндіріс факторлары | ресурстары | табыстары |
жер | табиғи | рента |
еңбек | еңбек/жұмыс күші | жалақы |
капитал | материалдық, қаржылық | пайыз |
кәсіпкерлік қабілеттілік | пайда |
3. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
Қоғамдық өндіріс екі саладан тұрады: материалды және материалды емес.
Материалдық өндіріс саласы – халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық иігіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсеиту саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрчсету – киімді өндеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.).
Материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар) жасалады, сондай-ақ матерниалдық емес қызмет көрсету – денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және т.б.