Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.
Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.
Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.
Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.
Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.
Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.
Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.
Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.
Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген.
Т а қ ы р ы п САЯСАТТАҒЫ ДАУ-ЖАНЖАЛ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС
Дәрістің мақсаты Льюис Козер, Ральф Дарендорф, Кеннет Баулдинг сияқты ғалымдардың шиеленістер теориясы бойынша берген анықтамаларының мәнін ашу, шиеленістердің пайда болу себептері, оның түрлерін қарастыру және олардың шешу жолдарын анықтау.
Сұрақтардың тізімі:
Саяси дау-жанжал және дағдарыс
Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жолдары
Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: конфликтология,дау-жанжал,мұқтаждық, мәміле, келіссөздер, компромисс, консенсус, автономия, сепаратизм
Әдебиеттер тізімі:
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002
5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005
6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007
7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах