Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады)




Мемлекет түрлері мен қызметі

Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.

Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

Абсолютік монархияның белгілері:

· монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;

· Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.

Конституциялық монархияның белгілері:

· Конституция монарх билігін шектейді;

· монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;

· үкімет монарх алдында жауапты емес.

Дуалистік монархия белгілері:

· билік монарх пен парламент арасында бөлінген;

· монарх үкіметті тағайындайды;

· монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.

Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

Президенттік республика белгілері:

· Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;

· Президент үкіметті құрады;

· Үкімет президент алдында жауапты;

· Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

Парламенттік республика белгілері:

· Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;

· Президентті парламент сайлайды;

· Үкімет парламент алдында жауапты;

· Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;

· Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

Оның белгілері:

· Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;

· Президент кең құзыреттерге ие;

· Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық мемлекетті біріктіреді:

· ортақ Конституция;

· ортақ заң шығарушы орган;

· ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;

· ішкі шекараның болмауы;

· ортақ саясат.

Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

· заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;

· аймақтардың мәселелерін ескермеу;

· этностық топтардың пікірімен санаспау.

Федеративті мемлекет белгілері:

· бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;

· федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;

· территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;

· саяси салада орталыққа бағынған.

Конфедерация белгілері:

· ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;

· азаматтық ортақ емес;

· ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.

Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады?

Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:

· экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;

· әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;

· заңдылықты қамтамасыз етеді;

· мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;

· Сыртқы қызметіне жататындар:

· мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;

· өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;

· ауқымды мәселелерді шешуге араласу;

· басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.

 

Т а қ ы р ы п ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

Дәрістің мақсаты

Сұрақтардың тізімі:

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні

Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер:

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1277 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2307 - | 2069 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.