Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лекция №13. Коммутация заңдары. Үшфазалы электр тізбектері. Анықтамалар. Жұлдыз тәрізді қосу. Үшбұрыш тәрізді қосу




13.1. Үшфазалы электр тізбектері. Анықтамалар

Электр энергиясын тасу кезінде және оны техникада қолдану тиімділігін сақтау мақсатында қоректендіру көздері тәуелсіз бірқатар тізбектерді бір жүйеге біріктіреді. Үш фазалы және алты фазалы тізбектер кеңінен қолданылады.

Үшфазалы жүйені ХІХ ғасырдың аяғында алғаш жасаған және енгізген М.О.Доливо-Добровольский. Үш фазалы жүйедегі энергия көзі генератордың үш орамасы болып табылады. Орамалар периодтың үштен біріне ығысқан айнымалы ЭҚК – ті индукциялайтын етіп жатқызылады.

Үшфазалы электр тізбегі – бұл амплитудасы мен жиілігі бірдей синусоидалы ЭҚК-і бар үш электр тізбегінің жиынтығы. ЭҚК фаза бойынша периодтың үштен біріне ығысқан.

Бұл ЭҚК-тер бір қоректендіру көзінен алынады.

Фаза деп бір жүйеге біріктірілген қоректендіру көздері тәуелсіз болатын тәуелсіз электр тізбектерін айтады.

Фаза деп біріге алатын қоректендіру көздері тәуелсіз әрбір тізбекті айтады.

Фаза деп біріге алатын әрбір тізбектегі электр энергиясының қабылдағыштарын айтады.

Үшфазалы жүйенің анықтамасы бойынша фазалық ЭҚК-тердің лездік мәндері:

,

,

.

Тоқ көздерінің фазалары , , , ал қабылдағыштар фазалары , , әріптерімен белгіленеді. ЭКҚ-тердің векторлық диаграммасы 13–1 суретте келтірілген.

 

13–1 сурет

 

Барлық фазалар бойынша бірдей шарттары бар (комплексті кедергісі мен ЭҚК амплитудалары тең) үш фазалы жүйе симметриялы деп аталады.

 

13.2. Жұлдыз тәрізді қосу

Үш тәуелсіз тізбекті генератор орамасының фазасы және қабылдағыштар фазасының ұштары екі түйін құрайтындай етіп біріктіруге болады. Мұндай біріктіру жұлдыз тәрізді қосу деп аталады.

Екі түйінді қосатын тоқ өткізгіш сымды нейтраль деп атайды. Ал басқа тоқ өткізгіш сымдар (, , ) сызықты деп аталады. Генератор фазаларының (немесе жүктемелерінің) қысқаштарындағы кернеу фазалық кернеу деп аталады. Фазалар орамасындағы немесе фазалық жүктемелердегі тоқ – бұл фазалық тоқ. Сызықты тоқ өткізгіш сымдар арасындағы кернеу – сызықтық кернеу. Сызықты тоқ өткізгіш сымдардағы тоқтар сызықты тоқтар деп аталады.

 

13.3. Үшбұрыш тәрізді қосу

Генератор орамасы мен жүктемелерді суретте көрсетілгендей етіп біріктіруге болады. Мұндай қосылу үшбұрыш тәрізді қосу деп аталады. Бұл жағдайда тізбек үш өткізгішті болады.

 

 

Үшбұрыш тәрізді қосу схемасынан

,

яғни үшбұрыш тәрізді қосу кезінде сызықты кернеу барлық уақытта фазалық кернеу болып табылады.

 

Лекция №14. Операторлық әдісі. Үшфазалы айнымалы тоқтың қуаты. Симметриялы үшфазалы жүйені есептеу. Симметриялы емес үшфазалы жүйені есептеу

 

14.1. Үш фазалы айнымалы тоқтың қуаты

Үшфазалы тізбектің қуатын барлық фазалар қуаттары мен нейтраль өткізгіш сымдар қуаттарының қосындысы ретінде анықтауға болады, яғни

.

Нейтраль өткізгіш сымда бөлінетін қуатты көбіне ескермеуге болады.

Әрбір фазаның қуаты символдық түрі кернеу комплесін тоқтың сыңарлас комплексіне көбейтіндісімен анықталады

.

Бұл теңдеудегі қосылғыштар кәдімгі фазалық қуаттың комплексі сияқты анықталады

,

,

.

Фазалық қуат комплексінің нақты бөлігі фазаның активті қуаты, ал жалған бөлігі – фазаның реактивті қуаты деп аталады:

,

,

,

 

,

,

.

Сонымен, үшфазалы жүйенің қуаты

.

Үшфазалы тізбектің қуатының комплексінің нақты бөлігі

тізбектің активті қуаты, ал жалған бөлігі –

тізбектің реактивті қуаты деп аталады.

 

14.2. Симметриялы үшфазалы жүйені есептеу

Симметриялы үшфазалы жүйені есептеу кезінде эквивалентті түрлендіруді қолдану қажет, яғни

.

Егер жүктеме жұлдыз тәрізді қосылған болса, есептеу бір фаза бойынша жүзеге асады (сурет). Фазалық жүктеме мен сызықтық кернеу берілген есеп шартында беріледі. Фазалық және сызықтық тоқтарды анықтау қажет

,

.

Егер жүктеме үшбұрыш тәрізді қосылған болса, есептеу бір фаза бойынша орындалады (сурет). Фазалық жүктеме мен сызықтық кернеу берілген есеп шартында беріледі. Фазалық және сызықтық тоқтарды анықтау қажет

,

.

 

14.3. Симметриялы емес үшфазалы жүйені есептеу

Тізбекті жұлдыз тәрізді қосу кезінде фазалық кернеу, фазалық жүктемелер және нейтраль өткізгіш сымдардың кедергілері беріледі (сурет), яғни

, , ,

, , , .

Жүктемелердегі фазалық кернеуді, нейтральдар арасындағы кернеуді, сызықтық тоқтарды және нейтраль өткізгіштегі тоқты анықтау қажет, яғни

, , , ,

, , , .

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3774 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2647 - | 2219 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.