Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Пәннің мақсаты мен міндеті




Пәнді оқытудың мақсаты қазіргі ғылыми көзқарастарға сүйене отырып, энергетика және табиғаттағы энергетикалық процестердегі физикалық құбылыстарды оқып-зерттеу болып табылады. Бұл ғылым электрлік және магниттік құбылыстарды, электр энергиясын өндіру, беру, тұтынушылар арасында тарату және энергияның басқа түрлеріне түрлендіруді оқып-зерттейді. Қолданбалы бөлімдер электр энергиясын техникада қолдану үшін практикалық білім береді. «Электртехника негіздері» пәнін оқу – физика пәні мұғалімдерінің ғылыми біліктілігі үшін қажетті, ал пәннің өзі басқа да оқытылатын – радиотехника, есептеу техникасы және т.б. сияқты пән болып табылады.

«Электртехника негіздері» пәнінің негізгі міндеттері

§ электротехникалық құралдар мен құрылғылардың жұмыс жасау принципін түсініп, оқып-зерттеу үшін қажетті барлық мағлұматтарды беру;

§ осы пәннен алған білімдерін әр түрлі халық шаруашылығы салаларында тиімді пайдалана білуге үйрету;

«Электртехника негіздері» пәнін оқыту нәтижесінде студент:

· Электрлік процестердің өтуінің объективті заңдылықтары туралы білуі қажет;

· Берілген курс бойынша есептерді шығарудың практикалық дағдылары қалыптасуы қажет;

· Тізбектер теориясынан әр түрлі қиындықтағы есептерді шығара білуі қажет.

 

Бағдарлама отандық және шетел әдебиеттері негізінде жазылды.

Осы пәнді оқыту үшін қажетті материалдарды меңгеруі керек тақырыптардың аты көрсетілген

 

ПӘНДЕР ТІЗІМІ (пререквизиттер)

Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)
1. Жоғары математика
2. Жалпы физика курсы

 

«Электртехника негіздері» курсы электроника, схемотехника, электр тізбектері теориясы пәндерімен байланысты.

 


Пән мазмұны

Дәрістік курс

Дәрістер мазмұны Барлығы (сағ)
1. Кіріспе. Электротехника пәнінің шығу тарихы және даму перспективалары. Базалық негізгі түсініктері және заңдары. Электр тізбегі. Электр тізбегінің компоненттері. Электр тізбегіндегі физикалық процестер. Тоқ көзінен тұтынушыға электр энергиясын беру.  
2. Электр тізбегінің пассивті элементтері. Тоқ және тоқ тығыздығы. Кернеу. Екіұшты тізбекті қосу. Қабылдағыштарды араластырып қосу. Электр кедергісі. Тұрақты тоқты электр тізбегінің негізгі заңдары.  
3. Электр тізбегінің активті элементтері. Тізбекті талдау есептері. Эквивалентті түрлендіру әдісі. Потенциальды диаграммаларды құру.  
4. Кирхгоф заңдары. Кирхгоф заңдарын қолдану. Суперпозиция принципі. Түйінді кернеу әдісі. Контурлы тоқтар әдісі.  
5. Тексеру әдістері. Тұрақты тоқтың сызықты емес тізбектері. Есептеудің графикалық әдісі. Есептеудің аналитикалық әдісі.  
6. Айнымалы тоқ, оның параметрлері. Синусоидалы айнымалы тоқтардың тізбектері. Негізгі анықтамалар. Айнымалы тоқтардың әсерлі және орташа мәндері.  
7. Бірфазалы синусойдалы тоқ. Бір фазалы айнымалы тоқ. Активті, индуктивті және сыйымдылықты кедергілері бар айнымалы тоқ тізбегі.  
8. Бірфазалы синусойдалы тоқ тізбегін есептеу әдістері. Айнымалы тоқтың тармақталмаған және тармақталған тізбектері. Кедергілер мен өткізгіштіктер ұшбұрышы. Кедергілер мен өткізгіштіктер арасындағы қатынастар.  
9. Көпфазалы айнымалы тоқ тізбегі. Айнымалы тоқ тізбегінің қуаты. Қуаттар балансы. Қуат коэффициенті. Қуат коэффициентінің жоғарылауы.  
  Үшфазалы синусойдалы тоқ тізбегін есептеу әдістері. Айнымалы тоқ тізбегіндегі резонанстық құбылыстар. Кернеулер резонансы. Тоқтар резонансы. Жиіліктік сипаттамалар.  
  Сызықты емес тізбек Айнымалы тоқтың магниттік тізбектері. Индуктивті байланысқан тізбектер.  
  Өтпелі процестер. Индуктивті және сыйымдылығы бар тұрақты тоқ тізбегіндегі процестер.  
  Коммутация заңдары.Үш фазалы электр тізбектері. Анықтамалар. Жұлдыз тәрізді қосу. Үш бұрыш тәрізді қосу  
  Операторлық әдіс.Ауыспалы процестерде операторлық әдісті есептеу туралы мағлұмат. Үш фазалы айнымалы тоқтың қуаты. Симметриялы үш фазалы жүйені есептеу. Симметриялы емес үш фазалы жүйені есептеу.  
  Барлығы:  




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1088 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2332 - | 2011 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.