Курстың қысқаша сипаттамасы
«Электртехника негіздері» курсы энергетика мен табиғаттағы энергетикалық процестерге қатысты қазіргі ғылыми көзқарастарға сүйенеді. Физика мен техникадағы әр түрлі пәндердің өзара байланысы көрсетіледі. Ол энергетикалық процестер физикасының ғылыми базасын және оны адамзаттың меңгеруін көрсетеді.
Берілген курсты оқып-зерттеу нәтижесінде студенттер
- Электрлік процестердің өтуінің объективті заңдылықтары туралы білуі қажет;
- Берілген курс бойынша есептерді шығарудың практикалық дағдылары қалыптасуы қажет;
- Тізбектер теориясынан әр түрлі қиындықтағы есептерді шығара білуі қажет.
Календарлы-тематикалық жоспар
№ | Пән бөлімдерінің аттары | Апта | Аудиториялық сабақтар | СӨЖ (45сағ) | Барлығы (сағ) | ||
Контактілік сағат | СОӨЖ (22,5 сағ) | ||||||
Лекция (15 сағ) | Прак(зертх) сабақтар (15сағ) | ||||||
1. | Кіріспе. Электротехника пәнінің шығу тарихы және даму перспективалары. Электр тізбегі. Электр тізбегінің компоненттері. Электр тізбегіндегі физикалық процестер. Тоқ көзінен тұтынушыға электр энергиясын беру. | ||||||
2. | Электр тізбегінің пассивті элементтері. Тоқ және тоқ тығыздығы. Кернеу. Екіұшты тізбекті қосу. Қабылдағыштарды араластырып қосу. Электр кедергісі. Тұрақты тоқты электр тізбегінің негізгі заңдары. | ||||||
3. | Кирхгоф заңдарын қолдану. Суперпозиция принципі. Түйінді кернеу әдісі. Контурлы тоқтар әдісі. | ||||||
4. | Электр тізбегінің активті элементтері. Тізбекті талдау есептері. Эквивалентті түрлендіру әдісі. Потенциальды диаграммаларды құру. | ||||||
5. | Тексеру әдістері. Тұрақты тоқтың сызықты емес тізбектері. Есептеудің графикалық әдісі. Есептеудің аналитикалық әдісі. | ||||||
6. | Айнымалы тоқ, оның параметрлері. | ||||||
7. | Бірфазалы синусойдалы тоқ. Синусоидалы айнымалы тоқтардың тізбектері. Негізгі анықтамалар. Айнымалы тоқтардың әсерлі және орташа мәндері. Активті, индуктивті және сыйымдылықты кедергілері бар айнымалы тоқ тізбегі. | ||||||
8. | Бірфазалы синусойдалы тоқ тізбегін есептеу әдістері. Айнымалы тоқтың тармақталмаған және тармақталған тізбектері. Кедергілер мен өткізгіштіктер ұшбұрышы. Кедергілер мен өткізгіштіктер арасындағы қатынастар. | 1,5 | 6,5 | ||||
9. | Көпфазалы айнымалы тоқ тізбегі. Айнымалы тоқ тізбегінің қуаты. Қуаттар балансы. Қуат коэффициенті. Қуат коэффициентінің жоғарылауы. | ||||||
Үшфазалы синусойдалы тоқ тізбегін есептеу әдістері. Айнымалы тоқ тізбегіндегі резонанстық құбылыстар. Кернеулер резонансы. Тоқтар резонансы. Жиіліктік сипаттамалар. | |||||||
Сызықты емес тізбек. Айнымалы тоқтың магниттік тізбектері. Индуктивті байланысқан тізбектер. | |||||||
Коммутация заңдары. Үш фазалы электр тізбектері. Анықтамалар. Жұлдыз тәрізді қосу. Үш бұрыш тәрізді қосу. | |||||||
Операторлық әдіс. Үш фазалы айнымалы тоқтың қуаты. Симметриялы үш фазалы жүйені есептеу. Симметриялы емес үш фазалы жүйені есептеу. | |||||||
Өтпелі процестер. Индуктивті және сыйымдылығы бар тұрақты тоқ тізбегіндегі процестер. | |||||||
Қорытынды аудиториялық сағат | 22,5 | 97,5 |
Пәнді оқып-зерттеу үшін әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
- Добротворский И.Н. Теория электрических цепей. 1989 г.
- Лосев А.К. Теория линейных электрических цепей. 1989 г.
- Прянишников В.Л. Теория электрических цепей. 2000 г.
- Атабеков Г.И. Линейные электрические цепи. 1988 г.
- Зевеке Г.В. и др. Основы теории цепей. 1991 г.
- Сборник задач по теории электрических цепей. 1987 г.
- Шебес М.Р. Задачник по теории линейных цепей. 1982 г.
Қосымша әдебиеттер:
1.Евдокимов Ф.Е., Общая электротехника.1990 г.
2. Электротехника / под ред. В.Г. Герасимова. – М.: Высш.шк., 1983, - 493 с.
3. Евсюков А.А., Электротехника, М., «Просвещение», 1979 г.
Баға қою саясаты
Бағалау
Берілген курс үшін студентті қорытынды бағалау мына компоненттерден тұрады:
1. Үй тапсырмалары, сабақтың үлгірімі, сабаққа қатысу – 15%
(7% 1 – 7 апталарда; 8% 8 – 15 апталарда);
2. Зертханалық жұмысты қорғау – 15%
3. Ағымдық бақылау:
· бақылау жұмысы, коллоквиум – 20%
(ағымдық бақылаулар санына тәуелсіз 10% 1 – 7 апталарда; 10% 8 – 15 апталарда);
· студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 10%
(7% 1 – 7 апталарда; 8% 8 – 15 апталарда, СӨЖ саны - 5);
3. Қорытынды емтихан (ауызша, жазбаша, тест түрінде жүргізіледі) – 40 %.
7 апта бойынша ең үлкен көрсеткіш 30 %, 15 апта бойынша – 60 %. Егер студент семестр бойына 40 % жинамаса, онда ол емтиханға жіберілмейді. Емтиханды тапсыру семестрді аяқтаудың және кредитті алудың міндетті шарты болып табылады.
10. Оқытушы саясаты (студент этикасы):
а) Сабаққа міндетті түрде қатысу;
б) Практикалық сабақ кезінде белседілік көрсету;
с) Сабаққа, үй тапсырмасын және өзіндік жұмысты орындауға дайындалу;
Тиым салынады:
а) Сабаққа кешігуге және сабақтан кетуге;
б) Сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға;
с) Өтірік айтуға, біреудің атын жамылуға;
«Электртехника негіздері» пәні бойынша
«Физика» мамандығы үшін
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ