Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ж.ж. халықаралық қатынастар




1918-19жж х/қ, Версаль-Вашингтон жүйесі тур. 14-сұрақтың жауабынан оқисыздар)

Керзон сызығы және оның мәні. Керзон сызығы екі д.ж. соғыс арал-ғы кезеңде Польшаның шығыс шекарасын белгілеген демаркациялық сызықтың шартты атауы б.т. П-ша терр-ның солт-нен оңт-ке қарай жүргізілген сызық б-ша поляк халқы қоныстанған аймақтар батыста, ал поляк емес (литва,белорусь ж\е украин) халықтар шығыста қалдырылды. Бастапқыда 1919ж Париж конф-да Антантаның Жоғ.кеңесі ұсынғанмен,1920ж шілдеде ағылшын СІМ лорд Керзонның ұсынысымен бітім сызығы ретінде бекітілген б-н. ІІд.ж соғыстан соң П-ша мен КСРО шекарасын анықтауда да К.сыз. негізге алынды. 1919ж соңында кеңес-поляк шекара-дағы жағдайдың қауырт ушығуына б-ты 8желт-да Ант-ның Жоғ.кеңесі «П-шаның уақытша шығыс шекарасы тур.Декларация» қабылдайды. Сәйкесінше шекаралық сызық орт-қ бөліктен Буг өз.арқ. өтті, Гроднодан Брест арқылы әрі қарай Галицияға дейін. Бұл негізінен украиндықтар қоныс тепкен (Львовтан өзгесі) даулы аймақта Антанта, шығыстағы поляк басып алуларын ресми мойындамастан, 2түрлі нұсқа ұсынды: (А сызығы) не шекара Львовтан батысқа қарай өтеді, не (Б сызығы) шығысқа қарай ж\е Львов П-ша құрамына енеді. Алайда «Декл-ны» поляк жағы қабылдамады, олар кеңес үкіметінің бейбітшілік пен орынды шекаралар тур.(1920) ұсыныстарын да ескермеді. Варшавада бұл кезде П-ның 1772ж (алғ.бөлінісіне дейінгі) шекараларын қалпына келтіруді көздеген батыл әскери әрекеттерге дайындақ басталып кеткен б-н. 1920ж сәуір айында поляктар Украинадан шабуылды қайта жандандырып, 8мамырда Киевті басып алды. Қызыл Армия қарсы шабуылға шыққанда, қал-қан жағдайға мазасызданған поляк үкіметі Антантаның Жоғ.кеңесі герман репарация-ы мәселесін талқылап жатқан бельгиялық Спа қаласына делдал болу өтінішімен өкіл жіберген б-н. Премьер-мин. Д.Ллойд Джордждың тапсырмасымен лорд Керзон 11шілдеде Мәскеуге сыртқы істер халкомы Г.В.Чичеринге Польша мен Кеңестік Ресей ар-да бітім орнату ұсынысымен нота жібереді. Сонд-ақ аталған нотада Бейбіт конф-да шығыс шекара ретінде бекітілген сызықтан әскерлерін екі жаққа алып кету ұсынылған б-н. Кейіннен «К.сыз.» аталып кеткен шекара кеңестік үкіметтің көңілінен шыққанмен, ол Керзонның делдалдығынан бас тартып, П-мен тікелей келіссөз жүргізуге мүдделі болды. Кеңес-поляк шекарасы екі ел ар-ғы соғыстың нәтижесі саналатын 1921ж Рига бейбіт келісімімен бекітілді ж\е «К.сыз-нан» шығысқа қарай өтті. 1939ж 17қыркүйекте ІІд.ж соғыстың басталысымен КО Бат.Украина мен Бат.Белоруссия террит-на әскер енгізді.1939ж бекітілген КСРО мемл.шекарасы негізінен «Керзон сыз.» арқылы өтті. Ал Тегеран конф-да (1943ж қараша-желт.) П-ның Бат.Украина мен Бат.Белоруссия жерлеріне талабы Гер-ның есебінен қанағаттандырылады, ал К.сыз. шығыс шекара ретінде деген Черчилльдің ұсынысы қабылданды. 1944ж 11қаңтарда Кеңес үкіметі соғыстан кейінгі кеңс-поляк шекарасының негізіне «К.сыз-н» алуға дайын екендіктерін білдірді. Қырым конф-да (1945ж) пунктердің бірі ретінде П-ша мен оның шекаралары мәселесі шешілді–КСРО-ның ұсынысымен П-ның шығыс шекарасы «К.сыз-мен» жүргізілуге тиіс б-ды. 1945ж 16там-да Мәскеуде КСРО мен П\ша ар-ғы шекараны түпкілікті анықтау жөнінде келісімге қол қойылды. КСРО-ның ыдырауымен бұл шекара бір жағынан П\ша, 2-жағынан Украина мен Белоруссия ар-ғы шекараға айналды. «К.сыз-нан» батыста қалған шығысславяндық тұрғындары бар жерлер кейде Закерзонье деп те аталады. Кеңес-поляк соғысы 1920-21жж Кеңестік Ресей мен Польша ар-ғы қарулы қақтығыс.Пилсудский басқарған Польша басшылығы 1772ж Речь Посполитаяның құр-да болған Белоруссия,Украина, Литваны қосып алып тарихи шекара-ды қалпына келтіру мақсатымен 1920ж 17сәуірде Киевке шабуыл жасауынан басталған соғыс 1921ж Рига бейбіт келісімімен аяқталды. Пилсудский 80мың әскер жинап, Шығыс Пруссия шекарасында жеңіске жетті. Қызыл Армия тылдан алыс қалып, жаңа күш-дің келіп жетпеуінен жеңіліске ұшырады. Қ.А-ның жеңілу себептері: 1)соғыс қимыл-на аса дайын болмады, П-ша әскерінің күшін дұрыс бағаламады; 2)большевиктер П.жерінде социализм орнату ниетінде б-ды. соғыс нәт-де тарапт-дың ешбірі қойылған мақсат-на жете алмады: Белоруссия мен Украина П-ша мен 1922ж КО-ға енген респуб-лар ар-да бөліске салынды.РКФСР өз тарапынан П-ның тәуелсіздігін ж\е Пилсудский үкіметінің легитмділігін мойындады. Бейбіт келісімге қол қойғанмен, 2 ел арасы алдағы 20 жыл уақыт бойына шиеленісті жағдайда б-п, соңында 1939ж П-ны бөлісуге КСРО-ның қатысуына әкеліп соқтырды. Лозанна конф-сы – Түркияға қарсы ағылшын-грек интерв-нан (1919-22) кейін шақыртылған Таяу Шығыс мәселесіне арн-н хал-қ конф-я. 1922ж 20қарашасынан –1923ж 24 шілде ар-да Швейц-ң Лозанна қ-да өткізілді. Қатысушылары: Ұлыбр-я, Фр-я; Ит-я; Грекия; Жап-я; Румыния; Югославия; Түркия ж\е АҚШ (бақылаушы ретінде).Л.конф-сы бірқатар құжат-ға қол қоюмен аяқталған б-н. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Түрк-ң қаз.шекараларын анықтаған ж\е 1920ж. Севр бейбіт келісімінің орнын басқан одақтас державалар мен Түркия ар-ғы бейбіт келісім еді. Лоз.конф-да Армян мәселесі де талқыға салынды. Армения Респ-ның делегациясына (А.Агаронян, А.Хатисян) Л.конф-на ресми түрде қатысуға рұқсат берілмеді, себебі енді Арменияда Кеңес билігі орнаған еді. Соңғы рет Армян мәселесі 1923ж. 17шілдедегі 1-комиссия мәжілісінде талқыланды, армян босқындары мәселесімен алмастырылып, ҰЛ-ның қарауына жіберілді. Лозанна бейбіт кел-де Армения мен армяндар мүлдем аталған жоқ. Түркия тек Бат.Армения мен Киликияны иемденіп қана қоймай, мыңдаған батыс армяндардың отанына оралуына кедергі келтірді. Л.кон-да Кеңес делегациясы (басшысы Г.Чичерин) өз меморандумымен армян босқындарына Ресей мен Украинадан пана беретіндігін білдірді. Х-қ конф-да Кемаль үкіметімен 1923ж 24шілдеде жасалған Лозанна келісімі: - Түркия мен Антанта елдері арасындағы соғыс жағдайын тоқтатты; - Осман имп-ның ыдырағандығын заңды түрде рәсімдеді; - Жаңа түрік шекараларын бекітті. Шығыс Фракия, Измир, ж\е т.б. Түркияда қалды.Бұрын Осман имп-сы құрамына кірген (Арабия,Египет,Судан,Триполитания,Месопатамия,Палестина,Сирия,Лемнос аралдары,Митилен,Хиос,Самос,Никария) бірқатар тер-дан ж\е Ливиядағы артықшылықтарынан бас тартып Түркия тәуелсіздігін мойындатты. Капитуляция режимі жойылды.Қаратеңіздік бұғаздар режимі жөн-гі Конвенция Түрк-ң пайдасына жеңілдетілді (ағылшын жобасы). Бұғаз-да бейбіт ж\е соғыс уақытында кеме-ге жүзу еркіндігі берілді. Л-на келісімі түрік мемл-ң ж\е жаңа Кемаль Ататүрік үкіметін х-қ мойындалуын білдірді. Түркиямен жасалған бейбіт келісім Еур-ғы соғыстан кейінгі реттеуді аяқтады. Ұлттар Лигасы ж/е 1924ж Женева хаттамасы. В-В жүйесінен кейінгі қалыптасқан қарама қайшылықтарға 1922-1923жж. Ұлттар Лигасының көмегімен қарсы тұруға кірісті. Лига Ассамблеясының XIY резолюциясында мүше елдер арасында ұжымдық қауіпсіздік мәселесінде біршама шешімдер қабылданды. Осылайша Англия мен Франция арасындағы ұзақ уақытқа созылған пікірталастан соң, Ұлттар Лигасына қауіпсіздікке байланысты бірыңғай келісімді ұсынды. 1924 ж қазан айында Женевадағы Лиганың сессиясында халықырылық дауларды бейбіт шешутуралы Хаттаманы бекітті (Женева хаттамасы). Оның мақсаты, ұлттық қауіпсіздік және халықаралық міндеттерді орындауға сәйкес келетін ұлттық қаруды мейілінше қысқарту болып бекітілді. Лиганың мүше елдері арасында даулар пайда болған жағдайда, төрелік процедурасына – осы мәселелерді шешуге бағыттлаған тұрақты орган Халықаралық Сотқа жүгінуге міндеттелді. Егерде қандай да бір ел төреліктен бас тартқан жағдайда, онда ол агрессор ретінде қаралуы мүмкін еді. Лига Кеңесі оған тиісті санкцияларды жүктеу құқығына ие болды. Хаттамаға қол қойып, державалардың өздеріне алған міндеттемелері шектеулі және шартты түрде болды. 1924-1925 жж. келіссөздер барысында британдық дипломатия өзара көмек келісімі мен халықаралық дауларды бейбіт шешу хаттамасы жобасын мойындаудан бас тартты. Ұлыбритания Үкіметі бұл саясатты Еуропадағы тепе теңдік жүйесінің құрылуының элементі ретінде қарастырды. Женева хаттамасын талқылау уақытында Германияның сыртқы істер министрі Г. Штреземан Антантаның он державалар өкілдеріне Германияның Ұлттар Лигасына кіру туралы меморандумын ұсынды. Ерекше белсенділікті британ дипломатиясы танытты. Еуропадағы қауіпсіздікті мәселесін шешуде Францияның көмегімен континентте әскери одақ жүйесін құру туралы француздардың жоспарына қарағанда, Англияның жоспары Германияның Ұлттар лигасына кіріп, жан жақты пактілердің мүшесі болады деген ойлардан тұрған болатын. 1925 ж қаңтарда Берлиндегі елші лорд д “Абернон және германдық статс хатшы Шуберт Рейндегі статус квоға кепілдік беретін, қауіпсіздік пакті туралы меморандумды құрастырған болатын. Яғни бұл, Франция мен Бельгия шекараларының Германиямен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еді. Осылайша, Версаль Вашингтон жүйесіндегі даулы мәселелерді реттеудегі және Еуропадағы тепе теңдік жүйесін құрудағы алғашқы қадамдар «орыс» және «герман» мәселелерін шешуге негізделген еді. Германия да, Ресей де 20ж. соңына қарай дипломатиялық түрде мойындалды. Яғни, бұл мемлекеттерді келісім міндеттемелеріне енгізу жолымен Версаль жүйесін күшейту мәселесі туындады. Бұл, өз кезегінде, Еуропаның қауіпсіздігін нығайтқан болар еді. Рейн кепілдік шартына 1925ж қол қойылған б/н. Бұл пактіде Франция, Германия және Бельгияның жағдайлары қарастырылды. Германия ж/е басқа да мемлекеттер арасындағы қатынастар осы кезде жандана бастады. Бұған Гер-ның ҰЛ-ның тұрақты мүшесі болып қосылуы мысал бола алады. Сонымен қатар Германия мемлекеті Рейн кепілдік пактін де қабылдайды. Пактіде Франция, Германия және Бельгия үшін міндеттері көрсетілген еді. Пакт бойынша осы мемлекеттердің шекараларының мызғымастығы бекітілді және бір біріне шабуыл жасамау туралы ережелер көрсетілді. Германияны Ұлттар Лигасының Кеңесіне мүшелікке алынуы оған «Ұлы Держава» статусын берді. Мұның барлығы Герман мәселесінің жойылуына және оны халықаралық қатынастардың тең қатысушысы ретіндегі беделін көтерді. 20-жж х/қ құқықтың алға жылжуына біршама ілгері қадамдар жасалды. Бірақ бұл қадамдар сәтсіздікке ұшыраған болатын, себебі, Версаль-Вашингтон жүйесі қарулану бойынша теңсіздік орнатты, және де жүргізілген келіссөздер барлығы осы теңсіздікті одан ары бекітуге жүргізілді. Рейн пактісін жасаудағы конференцияда екіжақты арбитражды келісім болды, яғни ол Германияның Франция, Бельгия, Польша және Чехословакиямен, келісім бойынша аумақтық- шекаралық даулар халықаралық арбитражды жүйемен шешілуі тиіс. Ал Франция өз кезегінде Чехословакия ж/е Польшамен өзара көмек көрсету жөнінде келісім жасады.Бұл құжаттардың қабылдануының басты мақсаты қандайда бір даулы мәселе туған жағдайда, оны шешудің бейбіт жолын іздестіру болды. Бұл шарттын жүзеге асу үшін кепіл қажет болды. Рейн шартына және соған косымша құжаттарға кепіл болып Англия мен Италия шықты. Бриан- Келлог пактiсi, оның мазмұны және маңызы. Бриан –Келлог пактісі - Ұлттық саясаттың қаруы ретінде соғыстан бас тарту келісімі. 1928ж 27 тамызында Париж қаласында АҚШ, Фр, Ұлыбр-я, Герм, Италия, Бельгия, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Ирландия, Индия, Польша, Чехословакия және Польша өкілдерімен қол қойылған. Париж пактісі деп те белгілі, АҚШтың мемлекеттік хатшысы Франка Келлог пен Фр/ң сыртқы істер министрлігі Аристида Бриан ұсынған. Алғашында, АҚШ пен Фр. арасында екі жақты келісім шарт құру ойластырған. Кейіннен америка жағы ұсынысымен көпжақты келісімге ауысып, барлық мемлекеттерге қол қоюға ашық болды. Келлог Франция ұстанымын АҚШқа қарсы қолданғысы келді – АҚШқа халықаралық арбитрдың рөлін қамтамасыз етіп, ҰЛ-ның алдыңғы қатарлы мемлекеттеріне соққы тигізу және кеңестердің қарусыздандыру ұсынысын әлсірету еді. 1927 жылы Кеңес қарусыздандыру жобасы Женева конференциясында АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа мемлекеттердің делегациясымен бас тарттылды. Негізінен, АҚШ КСРОны х/қ аренадан шығарғысы келді.Келісім мәселенің түрі мен сипатына қарамастан, бүкіл шиеленістерді бейбіт жолмен шешу ниетін дәлелдейтін үш баптан тұрады. Кеңес үкіметі құжатты жетілдіруге шақырылған жоқ, бірақ КСРО 1928жылы келісімге қол қойды. Кейін тағы 48 мемлекет, 1938ж келісімге сол кезеңде болған мемлекеттердің барлығы дерлік, яғни 63 қол қойды. Халықаралық қатынастарда күштің қолдануын шектейтін халықаралық-құқық негіздері осы келісіммен п.б.Пакт 1929 ж 24 шілдесінде заңды күшіне енді. 1930ж. Фрэнк Биллингс Келлогқа Нобель сыйлығы 1929 ж. «Париж пактісін дайындағанға» берілді. Аристид Бриан сол сияқты сыйлықты 1926ж. Локарнокелісіміне алған.

Келісімнің бұзылуы жөнінде нацисттік Германияның басқарушылары Нюрнберг үрдісінің құқық негіздерінің бірі болды. Бұл құжат соғыс шешудегі автоматты санкция қарастырмай, оны заңсыз деп қаралды. Басқа жағынан, ол қол мемл-нен заңды қорғаныс құқықығынан бас тартуының талап етпедi: егер ол заңды деп танылса қорғаныс акті соғыс актi сияқты қаралмайды. Негiзiнде, осы пакт табиғи құқықтарды теоретик iстеп шығарылған, жеке алғанда құқық ретiнде әдiл iстiң қорғауы үшiн күштің қолдануы танылатын Гроцием әлемнiң дәстүрiн заң арқылы тудырды.Ұлттар Лигасының құрамына кірмейтін мемлекеттерге Брайн Келлог пактісімен ҰЛЖарғысында соғыстан бас тарту таралды.Бұл пактін негізінде агрессия анықтау конвенциясы жетілдірілді және халықаралық құқықтың дамуына үлкен әсерін тигізді. Келісімнің алғашқы 15 мүшесімен әр уақытты бұзылғанымен, әлі де заңды күші бар. 1929-1933жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Герменияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті.Өнеркәсіп өнімдерін шығару азайды,инфляция күшейді,жұмыссыздық көбейіп 7,5 млн.адамды қамтыды.Көптеген өнеркәсіп орындары жабылып қалды,еңбекші халықтың сатуға мәжбүр б/ды, Гер/ң қаржы-несие жүйесі дағдарысқа ұшырады,мемлекеттік бюджет азайды.Соғыстан жеңілген Гер/ң экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Германияға бөлінген заем мөшері қысқартылды.Әлемдегі экономикалық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтік саяси ахуалға әкелді,саяси дағдарыс жаңа көзқарастарды пайымдап, милитаристік-фашистік күштер дағдарыстан шығу жолдары Версаль бітімін жою, Еуропаны қайта бөліске салу,жаңадан өмір кеңістігін іздестіру деген талаптар қоя бастады. Экон/қ дағдарыс Веймер республикасының әлеуметтік қоғамдық құрылымын түгел қамтыды.Үкіметтік дағдарыс барысында 1930жылы Г.Мюллер отставкаға кетіп,оның орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкіметі құрды.Г.Брюнингүкіметіелдегі буржазиялық демократияны жоюға бағыт алды.Экономикалық дағдарыс әсіресе орта таптарға өте ауыр соқты.Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады.Экономикалық дағдарыс ірі буржазия топтарына айтарлықтай ықпал етті.Ірі буржазия дағдарыстан шығу үшін милитаристік кек алуға шақырып,Германияны қаруландыруға әрекет жасап,жеке әскери патриоттық ұйымдар құра бастады.Экономикалық дағдарыс фашизм идеолгиясын күшейтіп,А.Гитлер бастаған фашистік партия елдегі барлық әлеуметтік топтарды дағдарыстан шығарудыңжолын фашизм деп түсіндірді.Елде әскери диктатура орнату қажет болып,сөйтіп А.Гитлер басына келетін болса,әлеуметтік дағдарыстаншығарады деген үгіт насихат жұмысын күшейтті.Фашизм ірі саяси күшке айнала бастады.Осыфашистік партия қоғамдағы әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастар арасында жүргізілген үгіт насихат жұмысын өте тиімді пайдаланған болатын.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1399 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2633 - | 2207 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.