Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ХIX ғ.бірінші жартысында Қиыр Шығыстағы еуропалық дипломатия




Еуропалық елдер мен АҚШ-тың Қиыр Шығыс аумағына отарлай енуі ХІХғ. басына қарай күшейе түседі. Олар Қытай, Жапония ж/е басқа да Қиыр Шығыс елдеріне бақылау жасауға ұмтылды. Өз кезегінде, Қытай, Жапония ж/е Корея шетелдік-дің елге енуін, олармен сауда жасауын шектеді н/е мүлде тыйым салып, «жабық елдерге» айналды. Әрине, мұндай жағдай, Еур-ның алдыңғы қатарлы елдерімен салыстырғанда, олардың артта қалуына түрткі болды. Шет ел мемл-мен болған бірінші қақтығыс-дың өзінде-ақ олардың әлсіздігі байқалды. Ал бұл кезде Қытай болса Шығыстағы ең күшті феодалдық держава болатын.

Еуропалық-дың Қытайды отарлау саясаты XVIғ. өзінде-ақ үлкен қарсылық-ға тап болды. Империяның түкпіріне дейін тек католиктік миссионерлер ғана енді. Алайда олар тек христиандықты уағыздап қойған жоқ, сонымен қатар елде батысеуропалық ықпалды нығайту үшін қажетті құралдар іздеді. XVІIғ өз үстемдігін орнату кезеңінде қытай халқымен күресу манчжурлық Цинь династиясы өзіне одақтастар іздеді. Олар батыс еуропалық-дың көмегін қытай халқымен күресу үшін қолданды, сонд. олар қытай жерінде шетелдік отар-дың ашылуына кедергі жасамады ж/е қолөнер мен мануфактура өндірісі бұйымдарының елден әкетілуіне шек қойған жоқ. Манчжурлар үшін еуропалық миссионер-дің қызметінің белгілі бір сіңірген еңбегі б/ды, яғни шетелдіктер оларға зеңбіректер жасап, оымен атуды үйретті. С.қ. олар Қытайда отарлау экспансиясы үшін негіз қалап дайындады. Манчжур-дың Қытайға енуін ж/е үкімет қырағылығының әлсіздігін пайдалана отырып, ост-үнділік компаниялар жағалауда өздерінің отарларын құруға ж/е сауда үшін тиімді шарт-ға қол жеткізуге ұмтылды. Қытаймен жанданған сауданы Англия жүргізді. Нинбода француздар өздерінің факториясын құрды. 1716ж. манчжур-дың еуропалық-дың көмегіне деген өткір қажеттігі бәсеңдеп, ал олардың елге енуі мен қытай істеріне араласуы күшейгендіктен, елге миссионер-дің кіруі шектелді. Кейіннен 1757ж. Кантоннан басқа барлық айлақ-да шетел саудасына тыйым салған император жарлығы шықты. Факторийлер жойылды, шетелдік-дің елге келуі қатаң түрде шектелді, яғни манчжурлар елді еур-лық отарлаушылар үшін жапты. Жағалаудағы ж/е арал-ғы щетел отарлары жойылды. Манчжур үкіметі мұндай іс-шараларды шетелдік-дің күшеюінің нәтиж-де Қыт-ғы өз үстемдігін айырылудан қауіптенгендіктен жүргізді. ХІХғ. басы өнеркәсіптік держава-дың Қыт-ға енуімен, держава-дың өз тауарларын шектеусіз көлемде қытай нарығына шығару үшін ж/е елде өзінің саяси ықпалын құру үшін Қыт-ды «ашу» күресімен белгілі б-ды. Қыт. «ашуда» шешуші рөлді Англия атқарды. Қытай ағылшын отарлаушылары үшін алғ.қорланудың қайнар көзі рет.танылды. Ағылшындық Ост-Үнді комп.контрабандалық жолмен Қытайға апиын кіргізіп, орныны күміс алып отырды.

Қиыр Шығыста ағылшын отарлау саясатының белсенділік танытуына б/ты бұл жерде ағылшын-орыс қайшылығы туындайды. Қыт-мен сауда жүргізу үшін база құруға ұмтылған ағылшындар бірнеше рет күшпен ертеректе португалдықтар жаулап алған Макао аралына тұрақтануға әрекеттер жасайды. Бұл әрекет-дің барлығы сәтсіз аяқталды. 1833ж. ағылшын парламенті Қыт-мен сауда жасаудағы Ост-Үнді компания-ның монополиясын жойды.

Ұлыбр-я 1840ж ақпан айында қытайға әскери экспедициясын жіберді. Осылай І апиын соғысы баст. Артта қалған феодалдық Қыт.әскерінің жақсы қаруланған ағылшын әскеріне ұзақ уақыт бойы қарсыласуға күші болмады. 1842ж тамызда ағылшындар қытай боғдыханының өкілетті өкілдерін бейбіт келісімшартқа қол қоюға мәжбүр етті. Бұл Қыт.таңылған алғашқы тең құқылы емес келісімшарт б/ды. Нанкин келісімшарты Қыт-ғы ағылш.азамат-на қамқорлық пен қауіпсіздікті қамт.етті; шетелдік сауда үшін 5 қытайлық айлақтың: Кантон, Амой, Шанхай, Нинбо ж/е Фучжоу айлақ-ның ашылуын талап етті. Келісімшарт Гонконг аралын ағылшын-дың басып алуын, яғни «мәңгілікке иелікке» берілгенін бекітті ж/е оны Англ. Тынық мұхит-ғы өзінің басты әскери-теңіз тірегіне айналдырды. Ағылш., келісімшартқа сәйкес, 21млн контрибуция алды. Британ көпестері «қандай да болмасын өзі қалаған тұлғалармен» сауда жасау құқығын алды, с.қ. келісімшарт ағылш.тауар-на 5℅ жеңілдік салығын орнатты. Нанкин келіс.апиын саудасын шектемедіғ ағылш.апиын тасуын одан әрі үдете түсті.

Нанкинмен шектелмей, ағылшын өкілеттігі 1843ж. Цинь үкіметін тағы бір қосымша келісімшартқа қол қоюға мәжбүр етті. Ол б/ша, Ұлыбританияға: экстеррит-лық құқық, ашық айлақ-да сеттлмент-ді салу құқығы, әрбір ашық айлақта ағылш-дың әскери крейсерді ұстау құқықт.берілді. Бұл келісімшарт Қытайдың х/қ қат. тәжірибесіне «мейлінше жеңілдік жасау» қағидасын енгізді. Осыдан бастап басқа елдерге Қыт. тарапынан берілген жеңілдіктер автоматты түрде Ұлыбр.да таралатын б/ды.

Ағылш-дың жолын басқа да мемл.ұстанды. Көп ұзамай, 1844ж АҚШ Цинь үкіметін ағылшындардікінен кем түспейтін тонаушылық сипаттағы кел-шартқа қол қоюға мәжбүр етті.

Тайпиндер көтер-нің арқасында Манчжур династиясының әрі қарай ыдырауын ескере отырып, Анг. Қытаймен жаңа соғыс ашуға шешім қабылдады. Бұл жолы өз тауарлары үшін теңіз жағалау-нан бөлек, Қыт.ішкі провинция-н да ашуды мақсат етті. Бұған сылтау рет. «Эрроу» кемесімен болған оқиға қызмет етті. Британдық тумен жүзіп келе жатқан Қытай кемесі Кантонда Цинь үкіметі тарапынан контрабанда мен теңіз қарақшылығы үшін айыпталып, тоқтатылды. Бұл жайт Анг-ның Қыт.қарсы тонаушылық соғысты баст.себеп б/ды. 1856ж қазанда ағылшын флоты кантонайлақтарын қиратты, сөйтіп жаңа соғыс баст. Әскери жеңістің жемістерін бірігіп пайдалану үшін 1857ж Анг-ға Франция келіп қосылды. 1858ж мамыр. Ағылшын-қранцуз флоты Пекиннің жағасындағы Дагу айлағын алды. Жақсы қаруланған флотқа қарсылық көрсетуге шамасы жетпеген манчжурлық боғдыхан бейбіт келісімшартқа келісім берді. Сонымен 1858. Тяньцзинь кел-шарттары Қыт.тәуелді елге айналдырудың жаңа қадамы б/ды.

Кел-шарттар Қыт-ды өз астанасыда тұрақты шетел уәкілдерін қабылдауға, шетел саудасы үшін: солт., Тайвань ж/е Хайнань аралд., с.қ. Қыт-дың орталық бөлігінде айлақтарды ашуға міндеттеді. Шетел көпестері Янцзы өз.еркін жүзіп жүру ж/е елдегі еркін қозғалыс құқықт.алды,христиан миссионерлері өз қызм.айналысуға мүмкіндік алды, ж/е Қыт.одақтас-ға үлкен көлемде контрибуция төлеуге міндетті б/ды. АҚШ ресми түрде соғысқа қатысқан жоқ, бірақ соғ-тың алдында Кантондағы қытай кемелерін бомбалауға ж/е 1858ж Қыт.ағылш. мен француздар секілді тең құқықсыз кел-шарт таңуға кедергі келтірген жоқ.

Анг. ж/е Фр-мен қайшылық-дың шиеленісу жағд-да Рес-дің Тынық мұхит жағалау-ның қорғанысын нығйту қажеттігі, Қыт-мен сауданы дамытуға деген мүдделілік орыс-қытай қатынас-ғы кейбір мәселе-ді, әсіресе, Амур мен Приморьенің сол жақ жағалауының Ресейге қарайтынын заңды түрде бекіту мәселесін қарастыруды талап етті. 1858ж Қыт.дип.миссиямен келген вицеадмирал Е.Путятин Тяньцзинь келіссөз-де делдал қызм.атқарып, Анг. мен Франция тарапынан Цинь үкіметіне деген қысымды әлсіретуге тырысты. Тянцзинь кел-шарты б/ша, Ресей Қыт-мен теңіз саудасын жүргізуге құқық алды.

Тяньцзинь кел-шарт.нәтижесі Анг. мен Фр-ны қанағаттандырды ж/е олар тайпин көтерілістері кезіндегі манчжур үкіметінің қиын жағдайын пайд.қалуға тырысты. Алд.2не қарағанда, жаңа ағылш.экспедициясы күштірек б/ды. Мұндай экспедицияны Фр. Да жақтады. 1860ж қырк. Манчжур армиясы талқандалды. Одақтастар Пекинге басып кірді, ал ханзада Гун боғдыханның келісімінсіз ағылш. ж/е фр.өкіл-мен жаңа тең құқықсыз кел-шартқа қол қоюға мәжбүр б/ды.

Жаңа кел-шарттар б/ша, одақтастар еркін сауда үшін Тяницзинді ашады; ірі контрибуция алады. Анг. Коулун жарты арал-ң оңт.жағалауын иеленеді.

Тайпин көтер.басу үшін 1862-64ж шетелдік интервенция ұйымдастырылды. Манчжурлар Анг., Фр. ж/е АҚШ көмектері арқ.тайпин көтер.басып, өздерінің Қыт-ғы үстемдігін бекітті. Қыт. Батыс елд.тәуелділігі арта түсті. Шетелдіктер өзд.экон-лық қызметі аясын кеңейтумен қатар, дип-лық ықпал ету, сыртқы саяс.бақылауда ұстауға ұмтылды. Қыт.біртіндеп шет мемл.тәуелді бола берді.

Жапонияның еуропалық мемл-мен қатынасы. Мүмкін болған сәтті пайд-нып, елді отарға айналдыруды көздеген еуропалық-дың енуі Жап-ң «жабылуына» әкелген себеп-дің бірі саналады.

ХІХғ І-жарт. Аяғында Токугава тәртібі саяси ж/е экон.тоқырауға тірелді. Бұл жағдайды шетел отарлаушылары өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Сыртқы әлемге «жабық мемл.» бағыты өзінің толық негізсіз екенін көрсетті. Жап-ң әлеум-экон. ж/е әскери артта қалуы оның шетел держава-ның күшпен «елдің есігін ашуына» қарсы әрекет етуіне мүмкіндік бермеді. Соның айғағы – жапон айлақ-на еур. ж/е американдық әскери кеме-дің шақырусыз келуі жиі өріс ала баст. Үкімет Жап-ң өзін-өзі сыртқы әлемнен оқшаулау саясатын ары қарай жүргізуді жалғастырудың тығырыққа тірелетінін түсінді. Бірақ бұл саясаттан бас тарту ескі тәртіпке соққы б-ды деп қауіптенді.

ХІХғ бас. Жап-ға сыртқы күш-дің қысымы күшейе түсті. Жапон үкіметімен қатынас-ды орнатуға жасалған көпт.қадамдар жеміссіз болғ-тан, АҚШ 1852ж коммадор Перри басшылығымен әскери экспедицияны жабдықтайды. 1854ж алғ.жапон-американ кел-шартына қол қойылды. Осылай американдық капитализм 2,5 ғасыр бойы ұстанған «оқшаулану» саясатынан Жап-ны күштеп бас тарттырды. Бұл кел-шарт жапондық Симода ж/е Хакодатэ айлақтарын шетел саудасы үшін ашты. Бұдан кейін қысқа уақыт ішінде Жап.осындай кел-шарттарды Ұлыбр-мен, одан соң Ресеймен, Голландиямен ж/е бірқатар басқа мемл-мен орнатты. 1856ж Қытайда шетел мемл-нің кезекті интервенциясы кезінде Жап-ға АҚШ генерал консулы Гаррис келді.Оның қысымымен Жап. АҚШпен, содан соң басқа держава-мен суда қатынасын одан әрі кеңейтуге мәжбүр б/ды. 1858ж жаңа кел-шарттарға қол қойылды. Оған сәйкес шетелдіктер сауда ж/е экстеррит-лық құқығын алды; Нагасаки, Канагава, Хего ж/е т.б. айлақтар ашылды; шетелдік-ге Эдо ж/е Осакада тұрақтану құқ.беруге уәде етілді; Жап.кедендік автономия құқығынан айырылды.

1860ж төңкерістен кейін Жап-дан «варвар-ды қуып шығу» үшін сегун мен феодалдық оппозиция ар-да келісім жас. Жер-жерлерде шетелдік-ге қарсы стихиялық көтерілсітер баст. 1862ж ағылшындар тобына самурайлар шабуыл жас., 1863ж жауап рет. Ұлыбрит.ультиматум қояды. Әрі қарай, «варвар-ды қуып шығу» директивасына сәйкес, 1863ж мамырда Нагасакиде шетел кеме-н атқылайды. Жауап рет.1864ж Симоносек портын біріккен ағылш-фр-голландық флот атқылайды. Жап.капитуляцияға асықты ж/е шетелдік держава-мен жаға келісім-ге қол қойды. Келісімдеп б/ша елге әкелінетін барлық тауар түріне кеден тарифі 5℅ төмендетілді.

АҚШтағы азамат соғысы американдық-дың Жап. мен Қытайдағы отарлық экспансиясын уақытша тоқтатты. Алдғ орынға Англия шықты. Ұлыбр.Қиыр Шығыста Фр-мен бірге орыс-ға қарсы саясатын жүргізе отырып, француз-дың Жап-ға отарлай енуін жіті қадағалап отырды. Бұл елдегі ықпалын күщейту үшін Ұлыбр. Токугава тәртібіне қарсы элемент-мен байланыс орната бастады.

Осылай ХІХғ ортасында Жапонияны шетел державалары күштеп «ашты» ж/е нарық өтіміне айналдырды. С.қ. осы уақытта Қиыр шығыста өз ықпалын күшейту үшін ағылшын-орыс ж/е ағылшын-американ қарама-қайшылықтары өріс алды.


 

9.ХIX ғасырдың 70-90-шы жылдарындағы халықаралық қатынастар. ХІХғ 70-жж қарай Еуропаның бейнесі біршама өзгерді. Италия мен Герм-ның бірігуі аяқталды, дуалистік Австрия-Венгрия мемл.құрылды. Бірақ, бастысы, нег.мемл-тер күштерінің арасалмағы өзгерді. Еур-лық саясатта Ұлыбрит., Франция, Австрия-Венгрия ж/е Ресей рөлдерінің төмендеуі, Герм. мен Италияның беделі мен ықпалының өсуі ХІХғ соңғы отыз жылд.қалыптасқан х/қ жағдайдың нег.белгілері б/ды.

1871ж Лондон конвенциясы. Ресейдің дербес құқықтарына үлкен соққы болған 1856ж Париж трактатының шектеушілік қарар-ның заңсыздығы бұғаз-ға қатысты шешім-дің бірқатарын қайта қарастыру қажеттігіне әкелді. 1870ж қазанында Анг., Фр, Австрия-Венгрия, Иатлия ж/е Түркиядағы орыс дип-лық өкілдік-не циркуляр жіберіледі. Бұл құжатта Ресейдің Қара тең.дербестік құқықтарын шектеуші келісімшарт қарар-ның ендігі жерде сақталмайтындығы айтылады. 1871ж қаңтарда шетелдік әскери кемелер үшін бұғаз-дың жабықтық қағидасын бекітуші ж/е Қара теңіздегі орыс әскери кемелерін шектейтін, 1856ж Париж трактатының шешімдерін жоққа шығарған Лондон конв-на қол қойылды. Ресейдің Қара т. дербестік құқықтары қалпына келтірілді. 1871ж Лондон конв. Париж келісімінің Рес-ң Қара тең.дербестігін шектейтін ХІ, ХІІ, ХІV баптарын, с.қ. Париж трактатына қосымша тіркелген жеке орыс-түрік конв-н алып тастады. Рес. мен Түркияға өздерінің қаратеңіздік әскери кемелерін шектеусіз көлемде ұстауға рұқсат етілді. Бұл Қара тең. Ресейдің дербестік құқығын қалпына келтіру үшін х/қ жағдайды тиімді пайдалана белген орыс дип-ның үлкен жетістігі б-ды.

Үш императорлар одағының құрылуы. 1871ж франк-прусс соғысы аяқталғаннан кейін қол қойылған Франкфурт бейбіт кел-шарты Фр-ның жеңілісін ж/е Еур-да Герм-ның алға шығуын білдірді. Герм. Эльзас, Шығыс Лотарингия ж/е 5 млрд франк контрибуция алды. Фр-ның жеңілуі сол кезеңдегі х/қ жағдайдағы үлкен өзгеріс-ге әкелді. Герман импер-ның пайда болуы, Фр-ның әлсіреуі ж/е бірігуін аяқтаған Итал-ның белсенуі Еур-дағы жағдайға өзіндік өзгерістер енгізді. Канцлер Бисмарк Фр-ны өзіне одақтастар таба алмайтындай етуге ж/е оның мүмкін болатын одақтастарын өз жағына тарту арқ. оқшаулануда ұстауға тырысты. 1866ж Пруссиядан жеңіліс тапқан Авст-Венгрия Фр-ның одақтасы ж/е реванш саясаты жолында болуы керек еді. Алайда 1871ж билікке Гер-мен тығыс қарым-қатынастағы қодаушы неміс либерал-ның үкіметі келеді. Бұл Герм-ның Авс-Венгриямен жақындасуына ықпалдастық етеді.1871ж тамызда І Вильгельммен ж/е канцлер О.Бисмаркпен кездесу б/ды. Бисмарк Авс-Венгриямен ж/е Ресеймен достық қатынас-ды, «Үш император» одағын құруды қолдады. Ол бұл комбинация арқ.мүмкін болатын Авс-Венгрия-Франция-Ресей коалициясының алдын алуға үміттенді. 1872ж қыркүйекте Берлинде үш император кездесуі б-ды, әрі осы кездесу барысында министрлер ар-да да тиімді келіссөздер жүргізілді. Герм. Фр. мен Ресей арас-ғы мүмкін болатын одақты болдырмау саясатын жүргізді. Осман имп-мен күресін, Орта Азияға жылжуын жалғастыра отырып, Рес. Герм-мен жақсы ж/е Авс-Венгриямен бейтарап қатынастарын сақтауды жөн көрді. ХІХғ 70-жж х/қ жағдай Рес, Герм ж/е Авс-Венгрия мүдде-нің жақындасуына әкелді. 1873ж 24 сәуірде Ресей мен Герм ар-да әскери конвенцияға қол қойылды. ІІ Александр, І Вильгелм ж/е Франц-Иосиф имп-дың бірқатар кездесу-нің, ең бастысы – канцлерлер О.Бисмарк, А.Горчаков ж/е Д.Андраши арас-ғы келіссөз-дің нәт-де 1873ж күзінде «Үш император одағы» деген атау алған келісімге қол жеткізілді.

1875-78 жж Шығыс дағдарысы. ХІХғ 70ж қарай осман имп-ның иелігіндегі славян-дың біршама бөлігі – болгарлар, македондықтар, Босния мен Герцоговинаның сербтері түрік езгісінде қалуын жалғастырды ж/е осы халық-дың ұлттық азат болуының шешімі басты мәселе б-ды. Осы кезде Балқандағы оқиға-дың белсенді қатысушылары Түркия, Ресей, Англия ж/е Авс-Венгрия б-ды. 1869ж Суэц каналының ашылуы Жерорта тең.апаратын сауда жолдары үшін, Түркияның Англ. Мен Фр арас-ғы азиялық ж/е африкалық иеліктері үшін еур-қ державалар арас-ғы күресті күшейтті. ХІХғ 70жж орт. Балқандағы ұлт-азаттық қозғалыс жаңа күшпен көтерілді. Ол түрік-дің экон-лық ж/е саяси езгісінің күшеюімен ж/е оған бағынышты халық-дың әлеум-экон.дамуымен б-ты б/ды. 1875ж Герцоговинадағы шілде көтерілісі, осы жылы тамыз Босниядағы түрік-ге қарсы наразылықтар Балқан халықт-ның мықты азаттық қозғалыс-ның бастауы б-ды. Шығыс дағдарысы баст.

Сан-Стефан бейбіт келісімшарты ж/е Берлин конгресі. Балқанда да, азиялық әскери іс-қимыл театрында да толық жеңіліске ұшыраған түрік үкіметі Ресейден келісім сұрауға мәжбүр б/ды. 1878ж орыс-түрік соғысын аяқтаушы Сан-Стефан бейбіт кел-шартына қол қойылды. Бұл келісімшарт б/ша, Сербия, Черногория ж/е Румынияға жаңа террит-лар қосылған толық тәуелсіздік беріледі. Румыния Солт.Добруджаны иеленді; Дунайдан Эгейге тең. Дейінгі ж/е Қара тең. Охрид көліне дейінгі Болгария номиналды түрде Түркияға тәуелді, бірақ князін сайлау құқығы бар автономиялық князьдікке айналды; Босния мен Герцоговина автономия алды; Ресейге 1856ж алынған Бессарабияның бір бөлігі, с.қ. Ардаган, Карс, Батум, Баязет өтті, Түркия Рес-ге әскери шығын-дың өтемі ретінде 310млн сом төлуге міндеттенді; ол Арменияда реформалар жүргізуге келісті. Келісімшартта бекітілген орыс-түрік соғысының маңызды саяси қорытындысы түрік билігінен Болгарияның азат етілуі б-ды; Болгария, Босния ж/е Герцоговина автономияға ие б/ды; Сербия, Черногория ж/е Румыния тәуелсіздік-н алды.

Келісімшарт бірден батыс держава-ның, әсіресе оның қайта қаралуын талап еткен Ұлыбр. мен Болгарияның қарсылығына ұшырады. Анг., ең алдымен, Ресей Болгария арқ.өзінің Балқандағы ықпалын күшейтеді ж/е Жерорта теңізіне шығу мүмкіндігін алады деп сақтанды. Берлин конгресінің ашылу қарсаңында Анг мен Түркия Анг-ға Кипр аралын беруші, с.қ. Кіші Азияда түрік үкіметінің жүргізетін реформаларына бақылау жасауды бекіткен Кипр конв-на қол қояды. 1878ж 21.07. өз жұмысын бастаған Берлин конгресінде ол Ресей мен Болгария үшін тиімсіз көп жақты кел-шартпен ауыстырылды. Дип-қ оқшаулануда қалған орыс үкіметі ұтылыс-ға барды. Берлин трактаты орнады. Берлин конгр-нің шешімдері Балқан түбегі халық-ның ұлт-азаттық күресіне соққы берді. Берл.трактаты – Б.Е. ұлы державалары дип-ның көптеген мәселе-мен, оның ішінде көп жылдар бойына Балқан Еур-ң «оқ-дәрі қоймасы» д.атаумен танымалдыққа ие болған айлалы қабысуы. Қалай болғанмен, Берлин трактатының тікелей ж/е жанама салдары болған: 1885ж серб-болгар соғ., 1908-9жж Босния дағд., 1912-13жж Балқан соғ., Сараево өлімі ж/е т.б. Дегенмен 1875-78жж Шығыс дағд-ның нәтижелері үлкен маңызға ие болғанын мойындамасқа болм. 1877-78жж орыс-түрік соғысы Балқан түб. Түрік езгісінің жойылуына әкелді. Сонд.оның нәтиже-нің маңызы өте зор.

Үштік Одақ. Герм. 1879ж Авс-Венгриямен одақ құрып, Фр-ны оқшаулау мақсатында белсенді түрде Италия сияқты одақтас іздестірді. Келіссөздер нәт-де 1882ж 20 мамырда Венада Герм, Австро-Венгрия ж/е Итал.ар-да Үштік одақ д.атауға ие болған одақтық шарт қабылданды. Шарт 5 ж. жасалды, әр 5 жыл өткен сайын мерзімі ұзартылып, 1915ж дейін өмір сүрді. 1-бапқа сәйкес, шартқа қатысушылар бір-біріне «бейбітшілік пен достықты» уәде етті, олардың біреуіне қарсы бағытталған ешбір одақтар мен міндеттеме-ге қатыспауға, «жалпы сипаттағы саяси ж/е экон.мәселелер б/ша бір-бірімен кеңесуге ж/е бір-біріне өз мүдделері шеңберінде өзара қолдау көрсетуге» міндеттенді. Фр. Италияға н/е Гер-ға шабуыл жасаған жағдайда олар бір-бірін қолдауға міндеттенді, ал Авс-Венгрия тек бейтараптыққа уәде берді. А-В мен Герм. шартқа қол қойғаннан кейін Итал-ның талабымен оның айрықша мәлемдемесін есепке алды. Оның мәні мынадай б-ды: егер оның серіктестеріне шабуыл жасаған держава-дың біреуі Анг. болса, онда Италия 3-бапта қарастырылған әскери көмекті өзінің одақтас-на көрсетпейді. Осылайша, Герм. 1-болып әскери одақтарды құра бастады. 1879ж канцлер бисмарк Авс-Венгриямен Рес-ге қарсы бағытталған одақтас шартқа қол қойды. 1882ж бұл одаққа Фр-мен қатынасы шиеленіскен Италия қосылды. Сөйтіп, І джс дайындауда үлкен маңыздылыққа ие б-н Үштік Одақ пайда болды.

Жерорта теңіздік Антанта. Отарлық мәселе-дегі ағылшын-француз қайшылықтары Анг-ның ТШ-ғы Рес. ұстаным-ның нығаюына жол бермеуге ұмтылыстары Анг-ның Үштік Одақ держава-мен жақындасуына алып келді. 1886ж, бір жағынан, Анг. ж/е 2-жағынан, Авс-Венгрия мен Италия ар-да келіссөздер басталды. «Керемет оқшаулану» саясатын ұстанатын Ұлыбрит.үкіметі өзін қандай да бір формалды одақпен байланыстырғысы келді ж/е қандай да бір нақты міндеттемелер бергісі келмеді. 1887ж Анг мен Италия арас-ғы келісім екі тарапты да Жерорта, Адриатика, Эгей ж/е Қара тең. статус-квоны сақтауға міндеттеді. Оны сақтау мүмкін болмаған жағдайда олардың арасында ерекше келісім қабылдау қарастырылды. Кейінірек үш державаның Түркияғы қатысты ұстанымдарын айқындаған ағылшын-австрия келісімі қабылданды. Державалар Шығыста статус-квоны сақтауға ж/е Түркияда Рес. ықпалының басым болуына жол бермеуге міндеттенді.

Алдын ала сақтанып қалу шарты. Үш император одағына сенім артпай, Рес. ж/е Герм. үкіметтері орыс-герман бәсекесінің күшеюіне қарамастан, 1887ж «алдын ала сақтану шарты» деген атқа ие болған шартқа қол қойды. Бұл шартқа сәйкес, тараптар олардың біреуі 3-державамен соғыс жүргізген жағдайда бейтараптықты сақтауға міндеттенді. Бұл міндеттеме Авс-Венгрияға н/е Фр-ға қарсы соғысқа қат.болмады. Герм. Ресейдің Балқан түбегіндегі «тарихи жолмен иемденген» құқықтарын мойындады. Екі жақ бұл аймақта бір-бірінің алдын ала келісімінсіз террит-лық өзгеріс-ге жол бермеуге ж/е ондағы қалыптасқан жағдайды бұзуға бағытталған кез келген талпыныс-ға қарсы тұруға міндеттенді.

 

 

10. ХIX ғ аяғында Германия және Италияның бірігу үдерісі: салыстырмалы талдау. 1850жж.соңында Дж.Гарибальди мен оның жақтастары бастаған Италияны «төменнен» біріктіру және Сардин корольдігінің премьер-министрі К.Кавурдың қолға алған «жоғарыдан» 0біріктіру әрекеттерінің нәтижесінде 1870 ж. Римнен Наполеон әскерлері шығарылып, папа билігі шектеліп, Италияның біртұтас ұлттық мемлекетке бірігуі аяқталды. Германия бірігуі үш кезеңді қамтыды: австро-прусс-дат соғысы (1864 ж.), австро-прусс соғысы (1866 ж.) және франко-прусс соғысы (1870 ж). Австро-прусс-дат соғысында Австрия мен Пруссия бір майданда әрекет етіп, нәтижесінде Даниядан Шлезвиг пен Гольштейнді алады. Яғни, Австрия мен Пруссия арасындағы 1865 ж. Гаштейн конвенциясы б.ша Гольштейді Австрия, Шлезвигті Пруссия иеленді. Дат соғысынан біршама күшейген Пруссия ендігі кезекте Австриядан Гольштейнді алып, оның неміс державалары арасындағы басымдығын азайтуды көздеді. Өзара қайшылықтар негізінде соғысқа ұласқан әрекеттер негізінде Пруссия жеңіске жетіп, ендігі кезекте ол неміс мемлекеттері арасындағы көшбасшыға айналды. Франция оқшауланған кезде басталған Франк-прусс соғысында Пруссия жеңіске жетіп, «жоғарыдан», яғни жаулап алу соғыстары барысында Германияның бірігуін аяқтады. Франк-прусс соғысы Еуропаның саяси жағдайында бірқатар өзгерістерді аяқтады. Австрияның неміс облыстарының қатысуынсыз болса да, Герм-ң ұлттық бірігуі жүзеге асырылды. Аумағы кішігірім Пруссияның орнына ауқымды, қуатты герман мемлекеті пайда болды. Триест пен Триенттің қатысуынсыз болса да Итал-ң бірігуі жүзеге асырылды. Бұрын Францияның шығыс көршілері әлсіз, ұсақ мемлекеттер болса, ал, Ресейдің батыс көршісі үнемі Австриямен бақталас жағдайында болған кішкентай ғана Пруссия болса, ендігі кезекте Франция мен Ресейдің шекараларында қуатты держава – Герман империясы пайда болды. Соғы одан әрі Ресейдің қолдауынсыз Францияның Германияға қарсы тұруының қиын болатындығын көрсетті. Франция үшін оның тек шығыс шекарасындағы ғана емес, сонымен қатар, оның оңтүстік-шығыс шекарасындағы жағдай да өзгерді. Бұл жерде де 1859-1871 жж. сегіз ұсақ итальяндық мемлекеттердің орнына Франция біріккен Итальян корольдігімен көршілес болып шықты. Бұрын ұлы державалар арасында әлсіз, ұсақ мемлекеттерден тұратын аумақ болып келсе, Италия мен Германияның бірігу процесінен кейін халықаралық жағдай шиеленіскен күйге түсті. Сонымен бірге, мұндай жағдай өткінші болған жоқ, керісінше, ол жаңа халықаралық қатынастардың ажырамас сипатына айналды. Осылайша, бұл екі мемлекеттің бірігуі Еуропа картасын ғана емес, сонымен қатар, күштер ара қатынасын да өзгертті. Атап айтсақ, Ұлыбритания, Франция, Австро-Венгрияның рөлдері төмендеп, Германия мен Италияның беделі мен ықпалы артты.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2094 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2167 - | 2124 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.