Қандай маман кеңесі тиімдірек?
*Невропатолог
*Кардиолог
*+Инфекционист
*Психиатр
*Пульмонолог
#1913
*!Әйел 65 жаста, 2 жыл көлемінде клиникалық көрінісінде «айна синдромына» дейін жететін амнестикалық дезориентировкамен есте сақтау бұзылысы байқалады. Жалпы тұрмыстық және айналаны тану дағдыларын жоғалтумен. Логоклония көріністерімен заттардың атын атау қабілеті бұзылған. Соңғы айда жағдайы маразм жоғарылауымен, сору және ұстау рефлекстерінің болуымен нашарлады.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
*Пик ауруы
*Органикалық когнитивті бұзылыстар
*+Альцгеймер ауруы
*Қантамырлық деменция
*Майера-Гросс функционалды психозы
#1914
*!Әйел 65 жаста, ұйқының бұзылуына, тәбет төмендеуіне шағымданады. Науқас айтуынша: соңғы 3-4 аптада тез шаршағыштық, энергия төмендеуі байқалады. Қызы А. сырт келбетіне қызғушылығының жоғалуын, алайда киімдері жинақы, таза боп жүргенін айтады. Қызының шаруаларына, немерелерінің жетістіктеріне қызығушылық танытпайды. Отбасылық қуаныштардан шеткері қалады. Өзін негізсіз кінәлайды, өлім туралы жиі айтады.
Аталған жағдайда қандай препарат топтарын пайдаланған тиімдірек?
*Ноотроптар
*Психостимулирлеуші
*Типтік нейролептиктер
*+Антидепрессивті
*Атипті антипсихотиктер
#1915
*!Босану бөлімшесінде әйел 25 жаста, босанғаннан кейін 3-ші күні түні бойы ұйықтамады, мазасыз және қозған, көңіл-күйі өзгерген, өлім туралы үрейді сезеді. Келесі күні күдікшіл болып кетті, мағынасыз көп сөйледі, баласы мүгедек деген ойға қонымсыз ойлар айтады. Баласына қараудан бас тартады, оған деген махаббат сезінбейді, ол баласын өлтіру керек деген дауыс еститінін айтады.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
*Шизофрения
*Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті фаза
*+Босанудан кейінгі психоз
*Шизоаффективті бұзылыс
*Органикалық шизофрентәрізді бұзылыс
#1916
*!Ер адам 45 жаста, экономист, себепсіз шектен тыс белсенді болып кетті, көтеріңкі көңіл- күйде, әріптестерімен көп әзілдесіп, басшылықпен ара-қатынас сақтамайды, бөтен әйелдермен тез танысқыш, көп сөйлегіш, бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауысады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+ Абстинентный синдром
*Шизофрения
*Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті эпизод
*Биполярлы аффективті бұзылыс, маниакальды эпизод
*Циклотимия
#1917
*!21 жасар қыз көшеге шықпайды, ЖОО тастап кетті,ешкіммен сөйлеспейді, көңіл-күйі төмендеген, таңертең ұйқыдан тұрғанда біраз уақыт төсектен тұрмай отырады, кешене жақын көңілі аздап көтеріледі. Қоршаған ортаны сүреңсіз түрде қабылдайды. Кейде өмір сүргісі келмейтінін айтады. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Абстинентті синдром
*Жабысқақ жағдай неврозы
*+Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті фаза
*Биполярлы аффективті бұзылыс,маниакальды эпизод
*Шизофрения
#1918
*!Науқас 30 жаста. Өзге планеталықтардың әсер етуші объектісі екендігін айтады. Аталған препараттардың қайсысы көрсеткіш болып табылады?
*+Галоперидол
*Амитриптилин
*Ноотропил
*Седуксен
*Феварин
#1919
*!27 жастағы жыл бойы к/і героин қабылдайтын әйелде, АИТВ-серопозитивтілікті анықтағаннан кейін көңіл-күйі дереу үрей, паникалық шабуылдар түрінде өзгерді және ЖПИТЖ орталығы дәрігерінің кабинетінде қатты дауыс шығара жылаумен көрінді. Активті суицидальды ойлар айтты, өмір сүргісі келмейді, стереотипті түрде, ЖПИТЖ емделмейтінін, жақындарының алдында «ұятқа» қалғандығын айтады.
Төмендегі диагноздардың қайсыс дұрыс?
*+Бейімделудің бұзлылысы
*Алкогольды интоксикация
*Неврастения
*Алкогольды қабылдауды тоқтатудан кейінгі жағдай
*Тұлға бұзылысы
#1920
*!Әйел 54 жаста, бухгалтер, ұзақ уақыт қант диабетімен және созылмалы холециститпен зардап шегеді, күйеуі қайтыс болғаннан кейін бір жылдан кейін тез шаршағыштыққа, есте сақтаудың нашарлауына, бас айналу, эмоциональды лабильділіккке, мазасыздыққа, ұйқының бұзылысына шағымданып келді.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Бас миының ісігі
*+Бас миының дегенеративті ауруы
*Бас миының қантамырлық бұзылысы
*Прогрессивті паралич
*Реактивті психоз
#1921
*!Ер адам 45 жаста, ғылыми қызметкер, еш себепсіз мінез-құлқы күрт өзгерді: үнемі жоғары көңіл-күйде жүрді, балалардан, бөтен кісілерден ұялмай өзінің сексуалды қабілетін айтып мақтанды, ол өте зор мөлшердегі байлықтың иесі. Жұмысына үлгермей, ештеңемен айналыспады, өзін ауру деп санамайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+Биполярлы аффективті бұзылыс, маниакальды эпизод
*Лакунарлы кемақылдылық
*Тотальды кемақылдылық
*Концентриялық кемақылдылық
*Прогрессивті паралич
#1922
*!58 жастағы миокард инфарктымен науқастың психикалық жағдайы өзгерді. Мазасыз бола бастады, қорқыныш сезінеді, ұйқысы бұзылған, уақыт және орынға бағдары сақталған. Науқас қозған, бірдеңеге ұмтылады, сын жоқ. Көру және есту галлюцинациялары бар.
Төмендегі бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
*Фобиялық синдром
*Aментивті бұзылыс
*Мусситирлеуші делирий
*Делириозды бұзылыстар
*+Галлюцинаторлы бұзылыстар
#1923
*!Әйел адам 75 жаста, бас ми қантамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, жалпы әлсіздікке,бас ауруына,құлақтағы шуға шағымданады. Көңіл-күйі төмендеген,тежелген,өзін «күнәхар,өмір сүруге лайықты емес» деп санайды, райынан қайтпайды. Суицид әрекеттері байқалған. Ипохондриялы, астенизирленген.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Тотальы кемақылдылық
*Бас миының атросклерозы, астениялық синдром
*Прогрессивті паралич
*+ Бас миының атросклерозы, депрессивті синдром
*Реактивті психоз
#1924
*!Әйел 59 жаста, экономист, ұзақ уақыт қант диабетімен және гипертониямен зардап шегеді,күйеуі қайтыс болғаннан бір жылдан кейін тез шаршағыштыққа,есте сақтаудың нашарлауына,бас айналуна,кәсіби тұрақсыздыққа,эмоциональды лабильділікке шағымданып дәрігерге қаралды.
Төмендегі препараттардың қайсыс тиімді?
*Галоперидол
*Амитриптилин
*+Ноотропил
*Седуксен
*Феварин
#1925
*!Анамнезінде алкогольды шектен тыс қолданатын науқас психиатриялық стационарға ақылға қонымсыз іс-әрекетімен және бағдарының бұзылысымен госпитализацияланды.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Делирий
*Онейроид
*Аменция
*+Диагноз қоюға мәлімет аз
*Сананың қарауытуы
#1926
*!Жасөспірім 20 жаста, астениямен пневмонияны бастан өткерген. Үйлену тойында 150 мл арақ ішкен,тез масайды, сөйлеуі дизартриялық, жүрісі шайқалған. Содан кейін сауыққан сияқты үстелден тұрып, сенімді қадаммен бөлмеден шықты, пышақ алып, айғайлай бастады, қонақтарға шабуылдап, пышақпен қорқытты, қарсылық көрсетті. Беті бозарған, қарашықтары кеңейген. 20 минуттан кейін тынышталып, ұйықтап қалды. Таңертең ештеңе есінде жоқ.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Жай масаюдың орта дәрежесі
*Масаюдың патологиялық түрі
*Масаюдың дисфориялық түрі
*Масаюдың параноидты түрі
*+Масаюдың истериялық түрі
#1927
*!Науқас 48 жаста, алкогольды шектен тыс қолданады. Контакт толық емес,өзінің паспорттық мәліметтерін дұрыс айтады, бірақ уақыт және орынға бағдарланбаған. Жиі төсегінен секіріп түсіп,жерден бірдеңелерді іздейді,төсектің,шкафтың астына қарап,тышқандарды ұстауға тырысады,түнде қорқыныш сезімі мазалайды.Түнде ұйықтай алмайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Созызмалы галлюциноз
*Бас миының қан тамырлық бұзылысы, психоорганикалық синдром
*+Алкогольды делирий
*Алкогольды параноид
*Бас ми ісігі
#1928
*!Ер адам 32 жаста жансақтау бөлімшесіне үрейге, айқын қорқынышқа, көз алдына елестеулерге, жүрек айну және құсуға, әлсіздік, жүрек қағуына, АҚ 160/90 мм. с. б. дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Туған күн тойлаған кезде, 500 мл арақ ішіп, ет және салат жегеннен кейін ауырды. Анамнезінен: холециститпен, бронхитпен зардап шегетіні анықталды, алкоголь қолданбайды. Қарап тексергенде: артериялық қысым 130/80 мм. с. б., пульс 90 соққы 1 мин., өкпеде везикулярлы тыныс. Үрей, қорқыныш сезеді.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
*Гипертониялық криз
*Жедел бронхит
*Жедел холецистит
*Алкогольды делирий
*+Алкогольды қолданумен жедел интоксикация
#1929
*!47 жастағы ер адам емделуге түсті. Шағымы: ұйықтамайды, тәбеті жоқ, жүрегі айныйды, басы ауырады, жүрегі қағады, жүрегі қысып ауырады, көңілі төмен, тітіркенгіштікке шағым айтады, АД 180/100 мм с.б. мұның бәрі алкогольді тоқтатқаннан кейін кейін пайда болған. 10 жылдан аса алкогольді тыс қолданады, соңғы уақытта спирттіліктің үлкен дозасын ішеді, бірақ масаймайды. Жұмысқа бірнеше рет алкогольдің исімен келген.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Алкоголизмнің 1- сатысы
*+Алкоголизмнің 2- сатысы
*Алкоголизмнің 3- сатысы
*Алкогольдік делирий
*Симптоматикалық алкоголизм
#1930
*!Ер адам 40 жаста, қолайлы жағдайда тұрады, бүйрек шаншуына ұқсас ауру ұстамаларымен екінші рет терпапия бөліміне келіп түсті. Бел аймағындағы тартып ауру сезімі 4-апта көлемінде сақталған. Тексеру кезінде, УДЗ және рентгенографиямен қоса, бүйрек жағынан патология анықталмады. Спазмолитиктер тағайындау нәтижесіз. Науқас өзінің болашағы туралы уайымдайды, нашар ұйықтайды, таңертең өзін нашар сезінеді, түнде ауру сезімі мүлде болмайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Фобиялық синдром
*Шизофрения
*+Жасырын депрессия
*Неврастения
*Анықталмаған мүшелік патология
#1931
*!47 жастағы ер адам емделуге түсті. Шағымы: ұйықтамайды, тәбеті жоқ, жүрегі айныйды, басы ауырады, жүрегі қағады, жүрегі қысып ауырады, көңілі төмен, тітіркенгіштікке шағым айтады, АД 180/100 мм с.б. мұның бәрі алкогольді тоқтатқаннан кейін кейін пайда болған. 10 жылдан аса алкогольді тыс қолданады, соңғы уақытта спирттіліктің үлкен дозасын ішеді, бірақ масаймайды. Жұмысқа бірнеше рет алкогольдің исімен келген.
Қандай дәрілер комбинациясын қолданған тиімдірек?
*+Физ. ер-ді к/т, «В» тобының витаминдері, аскорбин қышқылы, күкірт қышқылды магнезия, реланиум, сонапакс
*Пирацетам, нейролептиктер
*Транквилизаторлар
*Тетурам, УРТ, «эспераль»
*Нейролептиктер, антидепрессанттар
#1932
*!Ер адам 37 жаста, соңғы 3 ай көлемінде қозған жағдайда, тежелген, әйелдерге негізсіз комплимент айтады. Үнемі күліп жүреді, анық емес сөйлейді, ретсіз әзілдейді. Қарапайым жағдайда қате жібереді, мақал-мәтелдердің мағынасын дәл айтады. Жағдайына сын жоқ.
Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру жүргізген тиімдірек?
*Электроэнцефалография
*Вассерман реакциясы
*+Психологиялық тексеру
*Реоэнцефалография
*Ультрадыбыстық зерттеу
#1933
*!49 жастағы ер адам 20 жыл алкогольді шектен тыс қолданады. Алкогольдің суррогатын қолданады. Соңғы жылдары тәулікте аз мөлшерде бірнеше рет ішеді, табананда ауру сезімінің төмендеуі байқалады, жүрісі бұзылған. Соңғы күндері ұмытшақ бола бастағандықтан туыстары ауруханаға жеткізген. Уақыт мерзімін білмейді, бірнеше минутта болған жағдайды есіне түсіре алмайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Алкогольды делирий
*Алкогольды параноид
*+Корсаков психозы
*Патологиялық мастану
*Жай мастану
#1934
*!Әйел 59 жаста, экономист, ұзақ уақыт қант диабетімен және гипертониямен зардап шегеді,күйеуі қайтыс болғаннан бір жылдан кейін тез шаршағыштыққа,есте сақтаудың нашарлауына,бас айналуна,кәсіби тұрақсыздыққа,эмоциональды лабильділікке шағымданып дәрігерге қаралды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Бас миының дегенеративті ауруы
*Реактивті психоз
*Прогрессивті паралич
*+Бас миының қантамырлық зақымдануы, психоорганикалық синдром
*Бас ми ісігі
#1935
*!Әйел 26 жаста, онкология бөлімшесіне тамағындағы бөгде зат сезіміне, жұтынғандағы жағымсыз сезімге, онкологиялық ауру алдындағы үрейге шағымданып келді. Күйеуімен ұрысқаннан кейін және ажырасамыз дегеннен кейін бір апта өткен соң ауырды. Анамнезінен әрқашан өзін саумын деп есептеді, бірақ мазасызданған кезде ентігу, ауа жетпеу сезімі пайда болады. Сымбатты болу үшін диета ұстады. Обьективті: аңқасы қызарған, тынысы жиі, бүкіл денесінде қалтырау. Гастродуоденоскопияда патология анықталмады. Онкологиялық үрдіс белгілері жоқ.
Қандай болжама диагноз дұрыс?
*Неврастения
*+Истериялық невроз
*Шизотипиялық бұзылыс
*Циклотимия
*Қайғы реакциясы
#1936
*!36 жастағы ер адам өткір пневмонияны емдеу үшін аурухана түсті. Бұрын ішімдікті көп жыл пайдаланып, алкоголизмнен емделген. Ішімдікті тыйғаннан кейін 3 –тәуліктің кешінде мазасыз, төсекте жата алмай, қорқыныш сезімінде болды. Төсекте көп жылан бар деп, өз үйінде жатырмын деп, терезеден әйелінің даусын естідім деп айтты.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+Алкогольді делирий
*Алкогольді галлюциноз
*Алкогольді параноид
*Корсаков психозы
*Пик ауруы
#1937
*!56 жасар науқас ұзақ жылдар бойы ішімдік қабылдайды, әйеліне деген қатынасын бірден өзгерткен: оның іш киімдерін тексере бастады, оның ойынша ол киімдерден жезөкшеліктің белгілерін айқындайтын іздер табады. Өзі шомылып жатқанда, әйелі оның көзіне шөп салатынын айтып, оны ұрады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Пик ауруы
*+Алкогольдың қызғаныш сандырағы
*Созылмалы сандырақ бұзылыстары
*Параноидты шизофрения
*Альцгеймер ауруы
#1938
*!19 жастағы ер адам қозған, эйфорияда, көп сөйлейді, бірақ сөйлеуі анық емес, дөрекі әзілдеп, іс-әрекетінің қимылы бұзылған, көз қарашығы аздап үлкейген, беті аздап қызарған, ішімдіктің исі сезілмейді.
Осы жағдай қай препаратты қолданғанда шақырылуы мүмкін?
*Кокаин
*+ Барбитураттар
*Гашиш
*Опий
*Тұрмыстық химия заттары
#1939
*!Емханаға 32 жастағы әйел жалпы жағдайының нашарлауы, арықтау, еркінің, тәбетінің төмендеуі, іш қатуына шағымданып келді. Кешкі уақытта азаятын көңіл – күйінің тұрақты төмендеуіне, беткей ұйқыға, өзінің келешегінің жоқтығы жайлы ойлар мазалайды. Кейде өмір сүргісі келмейтіндігі туралы ойлар мазалайды. Қандай диагноз дұрыс?
*Бас миының жарақаттық ауруы
*Бас миы ісігі
*+Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті эпизод
*Бейімделудің депрессиялық реакциясы
*Церебральды атеросклероз
#1940
*!Ішімдікке бірінші патологиялық әуес, спирттік ішімдікке толераннтылығы өскен және сандық бақылауы жоғалған науқас кейде 2-3 күн қатарынан ішеді. Осыдан кейін басы ауырады, кейде жүрегі айнып, құсады. Келесі күні ішкен ішімдігі оның жағдайын жақсартпайды, қайта ұлғайтады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Алкоголды тұрмыста шектен тыс қолдану
*+Алкоголизмнің 1 сатысы
*Алкоголизмнің 2 сатысы
*Алкоголизмнің 3 сатысы
*Патологиялық маскүнемділік
#1941
*!Жасөспірім 16 жаста, оқушы. Пневмонияға байланысты амбулаторлы емделуде, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдады. Қарап тексергенде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жақта құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақты пневмонияның қалдық көріністері. Орын және уақытқа бағдары бұзылған, өз есімін дұрыс айтады. Айналасына үреймен қарайды. «Көптеген қозғалып жүрген құрбақаларды, жыландарды» көретінін айтады. Үстінен үнемі бірдеңелерді теріп алады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
*Сананың аментивті жағдайы
*Жедел реактивті қозу
*+Сананың делириозды жағдайы
*Интоксикациялық психоз, параноидты синдром
#1942
*!Ер адам 72 жаста, сезіс сферасының лабильділігімен көрінетін эмоционалды әлсіздік байқалады. Оның жағдайы болмашы нәрсеге көңіл-күйінің үнемі ауысуымен сипатталады. Жоғары жылағыштық, ал көңіл-күйі көтерілген кезде – сентиментальдылық байқалады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Реактивті депрессия
*+Церебральды атеросклероз
*Циклотимия
*Шизофрения
*Сенильді деменция
#1943
*!Көмірқышқыл газымен уланудан кейін науқас өткен екі айдағы жағдайларды ұмытып қалды. Қайда жұмыс істегенін, қызметтестері кім екенін, Алматыға қалай келгенін білмейді.
Психикалық қызмет бұзылысының қайсысы болуы мүмкін? Ем тағайындаңыз.
*+Ретроградты амнезия - энцефабол, кавинтон,церебролизин
*Ретро-антероградты амнезия - ноотропил, церебролизин,сибазон
*Антероградты амнезия – глютамин қышқылы, галоперидол
*Фиксационды амнезия - аминалон, кавинтон,аминазин
*Прогрессирлеуші амнезия - танакан, пирацетам
#1944
*!Студент қыз 17 жаста. 2 апта бұрын тұмаумен ауырғаны белгілі.Дене температурасының жоғарылауына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне, ентігуге шағымданады. Уақыт және орынға бағдарланбаған. Мазасыз, контактіге түсу мүмкін емес. Қашуға тырысады, ұстап алған жағдайда қарсылық танытады. Анасын шақырып, біреулерге айқайлайды. Өзін біреу аңдып жүргенін, өлтіргіс келетінін айтады. Сын жоқ.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Шизофрения, параноидты форма
*Соматогенді психоз, параноидты синдром
*+Интоксикационды психоз, делириозды синдром
*Интоксикациялық психоз, аментивті синдром
*Соматогенді психоз, психопат тәрізді синдром
#1945
*!Бала 11 жаста. Стационарға қозған жағдайда жедел жәрдеммен участкелік милиционермен жекізілді, үйдің жертөлесінен басқа жасөспірімдермен бірге табылған. Дезориентирленген, қабырғадан «мультиктерді» көретінін айтады, қолымен қармау қимылдарын жасайды, қабырғадан бірдеңелерді ұстап алуға тырысады.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындауға болады?
*Транквилизаторлар
*+Дезинтоксикационды
*Аминазин
*Галоперидол
*Амитриптилин
#1946
*!Ешқандай себепсіз науқаста 2-3 минутқа созылатын қозу ұстамалары пайда болады, мағынасыз қимылдар жасайды, анық емес бірдеңелерді айтады, сұрақтарға жауап бермейді. Бұл ұстамалар толығымен амнезиялайды. ЭЭГда төбе аймағында патологиялық ошақ анықталды.
Төмендегі препараттардың қайсысы көрсетілген?
*Аминазин
*+Финлепсин
*Прозак
*Амитриптилин
*Рудотель
#1947
*!Баласының өлімін бастан кешірген әйел 2 ай бойы ешқайда шықпайды, шашын тарамайды, үйін жинамайды, тамақ дайындамайды. Күні бойы жылайды, баласының өліміне өзін кінәлі санайды, осы үшін оны бәрі жек көреді деп ойлайды. Бұрындары психикалық патология болмаған.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті эпизод
*Рекурентті шизофренияның депрессивті ұстамасы
*+Реактивті депрессия
*Атеросклеротикалық депрессия
*Соматогенді депрессия
#1948
*!Бала 11 жаста шет тілінен емтихан алдында кенет көзі көрмей қалды. Таңертең емтиханның орнына окулист кеңесіне әкелді, қарап тексергеннен кейін психиатрға жіберді. Психиатрға келе жатқанда үлкен көше сағатының жанынан өтіп бара жатып, уақыт туралы сұрады. Психиатр қабылдауында айқын оқу және жазу бұзылыстары анықталды.
Баладағы жағдай қалай аталады?
*Спецификалық фобия
*+Истериялық амавроз
*Тауық соқырлық
*Бейімделу бұзылысы
*Мюнхгаузен синдромы
#1949
*!18 жасар қыз, жоғары эмоциональдылық, сезімталдық, демонстративті әрекетке бейімділік, өзіне көңіл аудартуға тырысу сияқты ерекшеліктері бар. Ата-анасымен институттан шығып, асоциальды жүріс-тұрыстағы адамға күйеуге шыққысы келетініне байланысты ұрыстан кейін, бірнеше сағаттан кейін аяқтарында әлсіздік дамыды. Төсектен тұра алмады, тұрғызуға тырысқанда - құлап, аяғы «паралич» екенін айтты.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Неврологиялық «үнсіз» ми ісігі
*Мишықтық атаксия
*+Диссоциативті астазия-атазия
*Симулятивті әрекет
*Бейімделу бұзылысы
#1950
*!Қабылдауда ер адам үйден шыққанда газ немесе суды өшіруді ұмытқан сияқты негізсіз ойлар мазалайтынын айтты. Ол кері қайтып бәрі ойдағыдай екеніне көз жеткізеді, бірақ үйден шыққан бойда сол ойлар қайта мазалайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+Обсессивті-компульсивті бұзылыс
*Шизоаффективті бұзылыс
*Пик ауруы
*Неврастения
*Сандырақтық қиялдау
#1951
*!Жасөспірім 14 жаста. Достарымен кездесуден соң біртүрлі жағдайда оралды. Қарашықтары кеңейген, көздері жайнап тұр, склера гиперемияланған. Анасынан тамақ сұрады, оны дайындап жатқанда асықтырып, салқын сорпа тауып алып қомағайланып ішп алды. Біріншісін жеп болып, қолымен ыдыстағы тамақты жей бастады. Содан кейін өз бөлмесіне барып ұйықтап қалды. Анасы баласының киімінен тәтті иіс шығып тұрғанын байқады. Соңғы 4 күн ішінде тітіркенгіш, әлсіздікке шағымданды. Жасөспірім төмендегі есірткінің қайсысын қабылдаған?