Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жүрек-қантамыр жетіспеушілігі




Аталмыш патологиялық үрдіс қан қысымының жоғарылауы, жүректің ишемиялық ауруы, әртүрлі жүрек ақаулары кезінде орын алады. Бұл кезде ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі көкшіл тартып, екі ұртта, тілдің бүйір беттерінде тістердің ізі пайда болады. Кейде тіл тіндерінің қатты домбығуы нәтижесінде (қантамырларында іркілген қан сарысуының сыртқа шығуына байланысты) тілдің көлемі үлкейіп, оның қозғалмалылығы төмендейді. Жүрек етінің өліеттенуі кезінде (инфаркт миокарда) домбығу үрдісімен қатар кілегей қабықтың түсі бозарып, тіліктер, эрозиялы немесе жаралы ошақтар пайда болады.

Жүрек-қантамыр ауруларының өте ауыр теңгерілмеген түрінде ауыз кілегей қабығы көбірек жарақаттануға ұшырайтын аймақтарда (жасанды тіс сауыттарына жақын орналасқан жиектік қызылиек, тілдің бүйір беттері, көпірге ұқсас тіс протезінің аралық аймағы, алмалы протездер асты аймағы) алғашында эрозия пайда болып, біртіндеп жараға айналады және ол трофикалық жара деп аталады.

Трофикалық жара көбінесе белгілі бір аймақта қан айналымының бұзылып, тіндердің қоректенуінің нашарлануына байланысты өліеттену үрдісінің (некроз тканей) дамуы нәтижесінде пайда болады. Трофикалық жара жаншылу жарасына (пролежневая язва) ұқсас келеді, тереңдігі әртүрлі (негізгі аурудың ауырлығына қарай), жиегі тегіс емес, беті ақшыл-сұр түсті өліеттенген қақпен жабылады. Жараның шеттерінде қабынуға тән белгілер (қызару) байқалмайды, консистенциясы жұмсақ, ағымы ұзақ және аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймайды, жазылуға бетбұрысы анықталмайды. Уақыт өткен сайын жараның көлемі ұлғайып, тереңдей түседі. Мұндай жара кейде қатерлі ісікке ауысуы мүмкін (1% жағдайда). Эрозия немесе жара пайда болмағанда, көпшілік жағдайда кілегей қабықтың домбығуы және түсінің өзгеруі белгілі бір субъективті белгілер туындатпайды. Сондықтан дәрігер-стоматолог аталмыш объективтік белгілердің себебін анықтаға тырысу керек. Науқас адамның жағдайы түзеле бастағанда (жалпылай емдеу жүргізгеннен кейін), кілегей қабықтағы өзгерістер жойылып, жаралар мен эрозиялар жазыла бастайды.

Трофикалық жараның жазылуы барысына дәрігер-стоматолог жергілікті емдеу шараларын жүргізуі қажет. Олар: ауру сезімін басу, ауызды антисептик ертінділерімен өңдеу, жара бетіне жазылуды жылдамдататын дәрілерден аппликат (бастырма) қою.

Баяу жазылатын жара аймағында қан айналымын жақсарту үшін В4 витаминінің коферменті 0,05 г фосфаден күніне 2 рет немесе 0,15 г теоникол (компламин) күніне 3 рет ішуге тағайындайды. Емдеу курсы 1-2 ай.

Гипертония ауруымен және қан тамырларының атеросклероздануымен ауырған науқастардың ауыз кілегей қабығында қанды күлбіреуік бөрткендер (гемморагический пузырь) пайда болады. Алғаш бұл бөрткенді Т.И.Лемецкая (1965) анықтап, «гематома» деп атаған. Кейін бұл симптомды А.ЛМашкиллейсон және т. б., (1972) мұқият сипаттап, «күлбіреуік-қан тамыр синдромы» (пузырно-сосудистый синдром) деп атаған. Аталмыш синдром кезінде кілегей қабықта қабығы қалың, ішінде таза қан бар, көлемі әртүрлі (диаметрі 1-3 см) күлбіреуік бөрткендер (сурет-)пайда болады. Бұл күлбіреуіктердің пайда болуын авторлар жүрек-қантамыр аурулары бар адамдардың ұсақ қылтамырларының өткізгіштігінің жоғарылығымен, олардың қабырғаларының үзілгіштігімен түсіндіреді.

Күлбіреуік-қантамыр синдромы жасы 40-75 арасындағы әйел адамдарда жиірек кездеседі және қан қысымы бірден көтерілген кезде көбірек қысым түсетін қабық аймақтарында (ұртта, жұмсақ таңдайда, тілдің екі бүйірінде) пайда болады. Күлбіреуік бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін ешқандай ауру сезімін туындатпай сақталады. Кейде күлбіреуік аздаған шаншу сезімінен кейін пайда болуы мүмкін. Ол жарылғаннан кейін ауыратын, төңірегінде жабынды эпителий қалдықтары бар, беті таза немесе ақшыл-сұр түсті фибринді қақпен жабылған эрозия ошағы пайда болып, 3-4 күннен кейін жазылады. Жаңа пайда болған эрозия ошағынан алынған жақпа-таңбада шеткерлік қан түйіршіктері анықталады, акантолизденген клеткалар табылмайды. Никольский симптомы теріс болады.

Күлбіреуік-қантамыр синдромын гемангиомадан, пиогенді гранулемадан, акантолиздеуші және акантолиздемеуші күлбіреуікшеден ажырата білу керек.

Емі. Науқастың негізгі ауруы тиімді емделуі қажет. Қантамырларының өткізгіштігін төмендету үшін бір ай шамасында күніне 2-3 рет 0,05 г аскорутин немесе,15 г компламин, күніне 3 рет қабылдау керек. Ауыз ішін сауықтырып,эрозияның тез жазылуына жағдай жасау қажет. Ол үшін ауызды антисептик ертіндісімен шайқап, жарақат ошағына кератопластик ертінділерімен бастырма қойған тиімді болады.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1046 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2299 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.