Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Витаминдер аздығы мен тапшылығы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер




Адамның тіршілік етуінде витаминдердің рөлі ертеден-ақ белгілі болған. Витаминдер (дәрумендер) тобы организмнің қорғаныс, әртүрлі жағдайларға бейімделу және басқа қызметтеріне әртүрлі деңгейде әсер етеді.

Витаминдер тапшылығы (авитаминоз) – организмде витаминдердің тапшылығынан дамитын патологиялық жағдай. Оның негізгі себептері:

· тағамдық заттардың құрамында өте аз болуы (алиментарлық тапшылық). Көбінесе тағам құрамын тиімді таңдамау және тағамдық заттарды аспаздық өңдеуден дұрыс өткізбеу нәтижесінде дамиды. Мұны экзогендік витаминдер тапшылығы деп атайды.

· витаминдер сорылуының бұзылуы (резорбтивтік немесе эндогендік тапшылық), асқазан-ішек жолы аурулары, ұзақ уақыт антибиотиктер мен сульфаниламид тобындағы препараттарды қабылдаған жағдайда дамиды;

· витаминдердің тіндерде бұзылуы (диссимиляциялық немесе ахристиялық тапшылық), организмде зат алмасу үрдістерінің бұзылуы және әртүрлі уыттану (улану) жағдайларында орын алады.

· витаминдерді шамадан тыс пайдалану, жедел жұқпалы аурулар, жүктілік, қоршаған орта температурасының қатты төмендеуі немесе жоғарылауы, жүйке-психикалық күйзелістер және т.б.

Витаминдер жетіспеушілік (гиповитаминоз) жағдайы көбінесе организмде витаминдердің аздығынан дамиды және қалыпты организм мен витаминдер тапшылығы аралығындағы жағдай деп түсінуге болады. Қазіргі кезде витаминдер тапшылығы өте сирек кездеседі, көбінесе витаминдер жетіспеушілігі және тек бір витамин емес көптеген витаминдер жетіспейтін жағдайлар орын алады. Витаминдер жетіспеушілігі көбінесе қыс және көктем айларында жирек кездеседі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек (Спиричев В.Б., 1987) «С» витаминінің жетіспеушілігі 27-75%, ал В тобындағы витаминдер жетіспеушілігі 20-60% жағдайда кездеседі екен.

Витаминдер ауыз кілегей қабығының қорғаныс және қайта құру қызметтерін жақсартуда маңызды рөл атқарады.

В1 витамині кокарбоксилазаның құрамдық бөлігі болып саналады (кокарбоксилаза көмірсулар алмасуын реттеуге қатынасады) және мидың өміршеңдігін, қозу үрдісінің және жүйке жүйесінің трофикалық қызметін сақтауда алатын орны өте маңызды.

В1 витамині жетіспеушілігі кезінде ауыз кілегей қабығында парестезиялық ауытқулар – ысу, күю, ашу сияқты белгілер пайда болады, ауыз құрғап, тілдің саңырауқұлаққа ұқсас бүртіктері ұлғаяды. Адамның ұйқысы қашып әлсіздік, күдікшілдік пайда болып, себепсіз арықтауы мүмкін.

В1 витаминін үштік нервтің қабынуын, невралгиясын, белдеме теміреткіні, ауыз кілегей қабығының әртүрлі парестезиялық ауытқуларын, ауыздың әртүрлі қабынуларын емдеу үшін қолданса жақсы нәтиже береді.

В1 витаминінің организмге тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг.

Емдік мақсатта В1 витаминін іштей (внутрь - peros) тамақ жегеннен кейін немесе сырттай (парэнтерально) қабылдайды. Асқазан-ішек жолы аурулары бар науқастарға В1 витаминін көкетке немесе көктамырға инемен егу арқылы жіберген тиімді.

Емдеу мақсатында тиамин хлориді: 0,002; 0,005; 0,01 г түймедақ (таблетка) түрінде, 5%-1,0 мл ертінді түрінде; тиамин бромиді 0,00258; 0,00129; 0,00645 г түймедақ; 3% және 6% залалсыздандарылған ертінділері бұлшық етке және көктамырға егу үшін пайдаланылады. Ересек адамдарға арналған мөлшері 0,012 г, күніне 3 рет, кейде 5 рет бір ай шамасында қабылдау қажет. Ішек жолында сорылу үрдісі төмендеген жағдайда тиамин хлоридінің 2,5% немесе 5% 1 мл ертіндісін (0,025-0,05 г құрғақ тиамин мөлшеріндей); тиамин бромидінің 3% және 6% ертінділерін (0,03-0,06 құрғақ тиамин мөлшеріндей) бұлшық етке егеді (барлығы 10-15 инъекция). Бұл мақсатта боксилазаны (В1 витаминінің коферменті) да сырттай енгізу үшін (1ампулада 0,05 г) пайдалануға болады.

В1 витамині мен В6 және В12 витаминдерін бір уақытта және бір шприцпен сырттай егуге болмайды. Себебі, цианокобаламин (вит. В12) тиаминнің аллергияландырушы қасиетін жоғарылатады, ал пиридоксин (вит. В6) В1 витаминінің белсенді түрінің құрылуына (фосфорланған түрі) кедергі жасайды. Бір шприцте В1 витамині және никотин қышқылын араластыруға болмайды (никотин қышқылы оны ыдыратып жібереді).

В2 витаминінің жетіспеушілігі. В2 витамині (рибофлавин) көптеген тотықтырушы-тотықсыздандырушы ферменттердің құрамына кіреді. Ол көмірсулар, майлар және белоктар алмасуына қатынасады.

В2 витамині жетіспеушілігі кезінде тез шаршағыштық, асқа тәбеттің төмендеуі, бұлшық еттердің әлсіздігі байқалады және негізгі үш белгі: терінің, ерін жиектерінің, тілдің қабынулары орын алады.

Мұрын-ерін қатпарлары, мұрын қанаттары және қабақ терілері қызара қабыршақтанып түлейді, екі езулерде тіліктер және қабықшалар пайда болады. Күшті қабыршақтану ерін жиектерінде байқалады. Олар қатты құрғап, оңай қанайтын ұсақ тіліктердің пайда болуына алып келеді. Бұл аймақтарда ысып-күю, қышу және ауызда ащу сезімдері мазалайды. Ауыз ішінде құрғау, күю сезімдері байқалады. өзгеріске көбірек тіл ұшырайды, кілегей қабығы қызарып, бүртіктері атрофияланады, кейде саңырауқұлаққа ұқсас бүртіктері ұлғаю да мүмкін. Осының нәтижесінде тілдің үсті тегіс, құрғақ және жылтыр болады. Ұрттардың және еріндердің кілегей қабығында ашық-қызыл түсті құрғақ жолақтар пайда болады. В2 витаминін еріндер мен тіл қабынулары кезінде міндетті түрде тағайындайды, көбіне 0,01 г 3 рет іштей қабылдайды (1-1,5 ай шамасында).

Витамин В3 немесе никотин қышқылы (РР витамині) жетіспеушілігі.

Никотин қышқылы пеллаграға қарсы емдік әсер көрсететін дәрумен болып саналады, қан тамырларын кеңейтіп, көмірсулар алмасуын, қан айналымын жақсартады.

РР витамині жетіспеушілігі көбіне белокты тағамдарды аз қабылдаған кезде орын алады және бұл кезде адамның асқа тәбеті болмай, жүрегі айнып, ұзақ уақыт іші өтуі мүмкін. Ауыз кілегей қабығында парастезиялық белгілер дамып, тіл ысып-күйіп мазалайды.

Бастапқы кезде тіл біраз домбығып, беті өңезденеді, бүртіктері ұлғаяды, кейінірек керісінше тілдің кілегей қабығы қатты түлеп, бүртіктері атрофиялану үрдісіне ұшырап, беті ашық-қызыл түстеніп құрғайды және жылтырланады. Патологиялық үрдіс тілдің ұшынан, бүйір беттерінен басталып, біртіндеп үстіне ауысады, кейде ұсақ тіліктер пайда болады, ас қабылдағанда жоғары сезімталдық мазалайды. Терінің ашық аймақтарында және ауыз кілегей қабығында ашық-қызыл түсті эритема ошақтары пайда болады.

Стоамтологиялық тәжірибеде никотин қышқылын қызыл жалпақ теміреткіні, қызыл жегіні, ауыздағы ұзақ жазылмайтын жараларды және тілдің әртүрлі қабынуларын емдеу кезінде қолданады. Оны күніне 0,05 г 2 рет іштей қабылдайды (тамақтан кейін) немесе 1%-1мл ертіндісін күніне бір рет тері астына және бұлшық етке егеді (емдеу курсы 15-20 тәулік).

В5 витамині (кальций пантотинаты) жетіспеушілігі.

Пантотен қышқылы «А» коэнзимінің құрамына кіреді, көмірсулар және майлар алмасуына, ацетилхолин құруға қатынасады, кортикостероидтардың құрылуын ынталандырады.

В5 витамині жетіспеушілігі кезінде эпителийдің әртүрлі әсерлерге қарсыластығы төмендейді, терінің әртүрлі қабынулары орын алады, шаш ерте ағарады. Кейде тілдің түлей қабынуы да орын алады.

Стоматологиялық тәжрибеде В5 витаминін ауыз ішіндегі әртүрлі парестезиялық өзгерістер, үштік нерв невралгиясы, тілдің түлей қабынуы, қызыл жалпақ теміреткі, қызыл жегі, лейкоплакия, әртүрлі баяу жазылатын жараларды емдеу кезінде 0,1-0,2 г күніне 2-4 рет іштей тағайындайды (емдеу курсы 15-20 тәулік).

Витамин В6 (пиридоксин) жетіспеушілігі.

Пиридоксин организмде пиридоксаль-5-фосфатқа айналып, ауыстыруға болмайтын аминқышқылдар алмасуын реттейтін ферменттер түзуге қатынасады. Пиридаксиннің жетіспеушілігі итохрамды қан аздығына, темір алмасуының бұзылуына әкеліп соғады. Осының нәтижесінде тілдің жіпке ұқсас бүртіктер атрофиялануға ұшырайды, тілдің үсті тегістеліп, эпителий қабаты жұқарады.

В6 витаминін емдік мақсатта әртүрлі нервтер невралгиясы, үштік нервтің қабынуы, белдеме теміреткі, ерін қабынулары, лейкоплакия, ауыздық пайда болуы кезінде және гипохромды анемияны емдеу үшін қолданады.

Пиридоксинді іштей 0,002, 0,005 және 0,01 г күніне 1-2 рет (тамақтан кейін) тағайындайды. Сонымен қатар 5%-1 мл ертіндісін тері астына, бұлшық етке және көктамырға тәулігіне бір рет енгізуге болады (емдеу курсы-15-20 тәулік).

Фолий қышқылы (витамин Вс) жетіспеушілігі.

Фолий қышқылы эритрозиттер құрылуын жеделдетеді, аминқышқылдарын, нуклеин қышқылдарын, пурендер мен холин құруға қатынасады. Фолий қышқылының алмасуы аскорбин қышқылының алмасуымен тығыз байланысты. Сондықтан аскорбин қышқылы аздығы жағдайында фолий жетіспеушілік, қан аздығы дамиды.

Фолий қышқылы жетіспеген жағдайда қызыл иек қабынып, қанағыш болады, ауыз іші құрғап, табынды эпителий жұқарады, мегаломакроцитарлық қан аздығы дамиды.

Емдеу мақсатында фолий қышқылын қан аздығы негізінде дамыған ауыздағы патологиялық үрдістерді, иондаушы сәулелер әсерінен дамыған жарақаттарды емдеу мақсатында 0,001 г күніне 3 рет тағайындайды. Емдеу курсы 1-2 ай.

Витамин В12 (цианкобаламин) гемопоэзді (қан құрылу үрдісін) реттеуге қатысып, эритроциттердің дұрыс жетілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар фолий қышқылымен қосыла отырып гемоглобин құруға қатысып, қан ұйытушы жүйенің белсенділігін жоғарылатады.

В12 витамині жетіспеушілігі кезінде сүйек майында қан түйіршіктерінің құрылуы бұзылып, мегабластық типті қан аздығы (анемия) немесе Адиссон-Бирмер анемиясы дамиды. Қан құрылу қызметі бұзылуымен қатар аймақтық жүйке жүйесінде де өзгерістер (неврит, невралгия, ауыз кілегей қабығының парастезиясы) байқалады. В12 тапшылық анемиясы кезінде тілде көптеген өзгерістер байқалады: тілдің қызуы, ысып-күюі, сезімталдығының ауытқуы, тіл бүртіктерінің атрофияға ұшырауы (семуі). Бұл кезде тілдің үсті тегіс және жылтыр болады, бүйір беттері мен ұшы қатты қызарады. Мұндай тілді «тегістелген тіл» немесе Меллер-Гунтер глосситі деп атайды.

Стоматологиялық тәжірибеде емдеу мақсатында В12 витаминін әртүрлі себептерден дамыған (уытты заттар мен дәрілер) қан аздығы, үштік нервтің қабынуы мен невралгиясы, глоссалгия, ауыз кандидозы және т.б. аурулар кезінде тағайындайды және екі күнде бір рет 100-200 мкг тері астына немесе көк етке жіберіледі. В12 витаминімен бірге фолий қышқылын тағайындауды ұмытпау керек.

Витамин В15 (кальций пангаматы). Пангам қышқылы тіндердің оттегіні дұрыс пайдалануын, көмірсулардың аэоробты айналымының жеделдеуін қамтамасыз етеді, бүйрек үсті бездері мен бауырдың қызметін жақсартады, С витамині мен тиаминді пайдалану үрдісін жеделдетеді.

Емдеу мақсатында көптеген аурулар кезінде, «С», В1 витаминдері және кортикостероидтармен қатар 0,05 г күніне 2-3 рет тағайындайды (тәулік мөлшері 0,15-0,3 г).

Витамин С (аскорбин қышқылы). Бұл витаминнің адам ағзаларының қызметі үшін маңызы өте зор.

Витамин С адам организмінде толассыз жүретін тотығу-тотықсыздану, стероидты гормондар құрылу үрдістеріне қатысады, арнаулы антиденелердің пайда болуын жылдамдатып, фагоцитоздау белсенділігін арттырады, коллаген құруға қатынасады, қылтамырлардың тұрақтылығын жоғарылатып, өткізгіштігін азайтады, тіндердің қатты құрылу үрдісін жеделдетеді, уытсыздандыру қасиеті жоғары. Қалыпты жағдайда қан сарысуындағы С витаминінің мөлшері 0,5 мг%.

Организмде С витамині жетіспеушілігі көп жағдайда жасырын түрде дамиды және тез шаршау, ашуланшақтық, аяқтардың бұлшық етінің себепсіз ауыруы, жүректің жиі соғуы сияқты белгілермен сипатталады. Тіндерде С витамині жетіспеушілігі кезінде қылтамырлардың өткізгіштігі жоғарылап, геморрагиялық синдромдар дамиды: кілегей қабықты аймақтарда, теріде, буындарда нүктелі (петихияалы) немесе аумақты (эхкимозды) қан құйылу ошақтары пайда болады. Қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы С және Р витаминдерінің қатар жетіспеушілігі кезінде өте айқын байқалады.

С витамині жетіспеушілігі кезіндегі ауыз ішіндегі өзгерістер дәрігер-стоматологтардың есінде болуы керек. Бұл кезде ауыз-кілегей қабығының әртүрлі аймағында (зақымдаушы ықпалдардың әсеріне жиірек ұшырайтын жерлерде), оның ішінде қызыл иекте нүктелі қан құйылу пайда болады, қызыл иек бүртіктері қанағыш болады. Қызыл иек бүртіктері ісініп, борпылдақтана бастайды, көкшіл-қызыл түстеніп, көлемдері ұлғаяды.

Кейде қан құйылған аймақтардағы тіндерде өліеттену үрдісі дамып, тістердің түбірлері ашылып, біртіндеп қозғалмалы бола бастайды. Мұндай жағдайлар қазіргі кезде ауыл тұрғындарында жиірек кездеседі. С витамині жетіспеушілігі аталмыш витамин астық тағамдарда өте аз мөлшерде болған кездерде кездеседі.

С витамині жетіспеушілігі жиі кездесетін жағдайлар: астық тағамдарда деңгейінің төмен болуы; асқазан-ішек жолдары және жұқпалы вирустық аурулар; дененің жиі суыққа шалдығуы; жүйкелік күйзелістер; ауыр дене еңбегімен айналысу.

С витаминінің жетіспеушілігін қан ауруларынан, қызыл иектің фузоспирохетоз әсерінен өліеттене-жараланып қабынуынан (Венсан гингивиті) ажырата білу керек.

Стоматологиялық тәжірибеде С витаминін (аскорбин қышқылын) емдік дәрумен ретінде әртүрлі қан аздығын, уланулар кезіндегі ауыз ішіндегі өзгерістерді, пародонт қабынуларын, вирустық ауруларды, ауыз кандидозын, ауыз кілегей қабығындағы баяу жазылатын жараларды емдеу үшін қолданады және 0,1-0,3 г күніне 3 рет тағайындайды (тамақтан соң іштей қабылдайды). Сонымен қатар 5% ертіндісін 1-3 мл тері астына, көк етке немесе көктамырға егеді.

Витамин А (ретинол). Бұл витаминнің маңызды қызметі – эпителий тіні клеткаларының жетілуін (дифференцировка) және қалыпты мүйізгектенуін қамтамасыз етіп, тері мен кілегей қабықтың әртүрлі ауруларға төзімділігін арттыру. Витамин А эпителийдің бүтіндігін қамтамасыз етумен катар дәнекер тіннің де белсенділігін арттырып, коллагенді және эластикалық талшықтарды жуандатады. Сонымен қатар тотығу-тотықсыздану үрдістеріне, кортикостероидтар, жыныс гормондарын, нуклеин қышқылдарын құруға қатысып, жас организмнің дамуына және өсуіне үлес қосады.

Витамин А жетіспеушілігі кезінде эпителийлі құрылымдар зардап шегеді. Ауыз кілегей қабығы құрғап күңгірттенеді, шамадан тыс мүйізгектену, қорғаныс қасиетінің төмендеуі және қабынуға, жаралануға бейім болады. Май, сілекей және жас бездерінің қызметі бұзылып, тері мен ауыз кілегей қабығы және көз құрғай бастайды.

Стоматологиялық тәжрибеде А витаминін ауыз кілегей қабығы шамадан тыс мүйізгектенетін аурулары (лейкоплакия, қызыл жалпақ теміреткі), жиі құрғауы, атрофилануға ұшырауы кезінде, әртүрлі эрозилар мен жаралар шыққан жағдайларда қолданады.

А витаминнің 3300 халықаралық бірлігін таблетка, драже немесе капсула түрінде күніне 3 рет тағайындайды (тамақтан кейін); ретинол ацетатының 3,44% немесе ретинол пальмитатының 5,5% ертінділерін 10-20 тамшыдан күніне 2 рет тағайындайды, емдеу ұзақтығы 1,5-2 ай А витаминнің майлы ертіндісін жара бетіне бастырма (аппликат) ретінде қоюға болады.

Е витамині (токофералдар) антиоксиданттар тобына жатады және тотығу-тотықсыздану үрдістерін, оның ішінде майлардың асқын тотықты үрдісін реттеуге қатысады. Токоферолдың белоктардың құрылуындағы, көмірсулар мен майлар, микроэлементтер, нуклеин қышқылдарының алмасуындағы маңызын атауға болады. Жүйке жүйесінің, жыныс бездерінің қызметтері үшін, жасушалар жарғақтарының (мембран) бүтіндігінің сақталуы үшін де токоферол өте қажет. Токоферол А витаминінің пайдалы әсерін күшейте түседі, коллатеральды қан айналымын жақсартып, қылтамырлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын азайтады, қаңқа мен жүрек еттеріндегі бұзылу үрдістерін, бауырдың майлы инфильраттануын тежейді. А витамині алмасуы бұзылған кезде Е витамині жетіспеушілігі байқалады.

Стоматологиялық тәжірибеде Е витамині лейкоплакияны, қызыл жегіні, қызыл жалпақ теміреткіні, ауыз кілегей қабығының әртүрлі жараларын емдеу кезінде А витаминімен қоса (аевит) тағайындалады. Аевитті бір капсуладан күніне 3 рет қабылдайды. Сонымен қатар Е витаминінің (токоферол ацетаты) 5%, 10% және 50% майлы ертінділерін да іштей қабылдауға болады (50-100 мг тәулігіне 20-40 күн шамасында). Капсулада шығарылатын 50% 0,1 және 0,2 мл ертіндіде 0,05 және 0,1 г токоферол ацетаты бар. Ауыз кілегей қабығында пайда болған эрозиялар мен жаралардың жазылуын жеделдету үшін Е және А витаминдерінің майлы ертінділерін жарақат ошағы бетіне аппликат ретінде пайдалануға бола

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1624 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.