Бір әйел перзентханаға АИВ бойынша тестілеу нәтижесінсіз түседі. АИВқа экспресс тестілеу жүргізіледі және оның нәтижесі «теріс» болады, АИВқа қаттыфазалық ИФА бойынша қан тапсырады. АИВқа экспресс тестілеудің «теріс» нәтижесіне байланысты әйел мен балаға босану және босанғаннан кейінгі кезеңде профилактикалық антиретровирустық терапия жүргізілген жоқ. Бала әйелдің бауырына беріліп, төрт күн бойы емшекте болады. Мейрам күндерін қоса есептегенде ЖИТС Орталығы босанғаннан кейінгі төртінші күні ғана ИФА бойынша «оң» нәтиже береді.
Экспресс тестілеу мен қаттыфазалық ИФА нәтижелері сәйкес келмегендіктен эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Экспресс тестілеу жүргізген кездегі акушердің қателігі анықталады. Ол нәтижені оқу уақытын ескермеген. Әйелден анамнез алу кезінде оның күйеуінің инфекциясы бар екені анықталады. Осылайша бала төрт айлық болғанда оған «АИВ инфекциясы» деген диагноз қойылады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Ситуациялық есеп 19.
Мейірбике зертханаға АИВ инфекциясы бар баланың қаны құйылған әйнек пробирканы алып бара жатып құлатып сындырып аалады. Ол әйнек сынықтарымен қолымен тере бастағанда қан дақтары бар әйнек сынықтары оның саусағын кесіп кетеді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Ситуациялық есеп 20.
Өзінде АИВ індеті бар адам ЖИТС Орталығында әлеуметтік қызметкер лауазымын атқарады. Ол жүйелі түрде тең негізде туберкулез ауруының белгісі бар адамдарға кеңес беріп жүреді. Кеңестерін кішігірім жабық кабинеттерде өткізеді. Кеңес тыңдаушылар әдетте жөтеліп, тіпті қақырығын еденге түкіріп отыратын. Жарты жылдан кейін әлеуметтік қызметкердің өзі туберкулезге шалдығады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Ситуациялық есеп 21
Науқас М. стоматологқа тіс ауруымен медициналық көмек сұрап келдіде, дәрігерге бірден өзінің АИВ статусы жөнінде айтты. Дәрігер бұған "дөрекі" қарап, науқасты қабылдаудан бас тартып, оны бөлмесінен шығарып салды.
Науқас, медициналық көмек қажет болғандықтан, басқа емханаға барды. Онда өзінің АИВ статусы жөнінде ештеңе айтпастан-ақ тиесілі медициналық көмекке қол жеткізді.
Бұл жағдайда "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы"Кодексінің қай баптары бұзылған?
Ситуациялық есеп 22
Әйелге босану кезінде 1000,0 мл донорлық қан мен 400,0 мл жаңа мұздатылған плазма құйылды. 3 ай өткеннен соң әйелде әлсіздік, жүрегінің айнуы, құсу, склералары мен тері жабындарының сарғыштығы біліне бастады. Емханаға қаралған кезде "С вирусты гепатиті" диагнозы қойылып, науқас инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Науқастың күйеуі перзентхана әкімшілігі мен емдеуші дәрігеріне оның әйелінің перзентханада індет жұқтырғандығы жайында шағым айтып келді.
Бұл жағдайда "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің қай тармақтары бұзылған?
Ситуациялық есеп 23
20 жастағы науқас А. инфекциялық стационарға "А вирусты гепатиті" диагнозымен келіп түсті. Стационарлық емнің 10-шы күнінде температурасы 380С-қа көтеріліп, жөтел, мұрнының бітелуі білініп, тері жабындыларында дақты-папулезді сипаттағы бөртпе пайда болды. Науқасқа «Қызылша» диагнозы қойылды. Эпидзерттеу жүргізгенде, қабылдау бөлімінде науқаспен бірге басқа Қызылша ауруы бар науқас болғандығы анықталды.
Бұл жағдайда "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің қай тармақтары бұзылған?
Ситуациялық есеп 24
Облыстық аурухананың бірінде кардиохирургия бөлімшесінде бір айдың ішінде жасанды қанайналдыру негізіндегі жүрекке жасалған операциясы болған науқастарда 9 іріңді-септикалық инфекция (ІСИ) жағдайлары тіркелді. Ауру бір типте дамыған. Операциядан кейінгі 2-3-ші күні іріңді трахеобронхит басталып, 3-4 күннен кейін пневмония қосылған, 7-10 күннен соң операциядан кейінгі жараның іріңдеуі, алдыңғы медиастинит, одан кейін септикалық зақымдалу белгілері пайда болған. Науқастардың қанын бактериологиялық зерттеуде көкірек таяқшасы анықталған.
"Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің қай тармақтары бұзылған?
Ситуациялық есеп 25
Нейрохирургия бөлімшесінде диагноздары әртүрлі (бас миының қатерсіз ісігі, жарақаттан кейінгі самай бөлігінің гематомасы, жұлын қабығының кеулеуі, жұлынның қатерлі ісігі және т.б.) 9 науқасқа операция жасалған.Операция жасаған бригадалар әртүрлі болған. Операциялардың бір бөлігін өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратын қолданумен жүргізілді. Наркоз да әртүрлі болған. 5 науқас операциядан кейінгі 2-7 тәулігінде қайтыс болған. Патологоанатомиялық зерттеуде материалдардан Staphylococcus aureus-тың бөлінуімен сепсис анықталған. Бөлімшеде жаңа науқастарды қабылдау тоқтатылып, жабылды, операциялар тоқтатылды.
"Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің қай тармақтары бұзылған?