20 жастағы жүкті келіншек өз жыныстық серігімен бірге алғаш рет әйелдер консультациясына (ӘК) келеді. Анамнез бойынша: оның алғашқы жүктілігі, бұрын ол ата анасынан ұялған соң ӘК келген емес, және ешқандай анализ тапсырмаған. Жыныстыстас серігі екпе арқылы есірткі қабылдайды, және олардың қатынасы мүшеқапсыз болады.
Шағымы жоқ, клиникалық ахуалы қанағаттанарлық және дәрігерлік қарауда 30-32 апталық жүктілік анықталады. Терісінде себорей түріндегі дермат байқалады.
Дәрігер пациентті қолын алдын ала зарарсыздандырмастан, қолғапсыз тексереді де жалпы анализге жолдама жазып береді. Қорытынды: «30-32 апталық жүктілік»
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 12.
Алматы қаласы ауруханаларының бірінде мейірбике В ауыр науқастан система бүркегішін алайын деп система иенесін бас бармағына шаншып алады. Сөйтіп асқынып кетуге қарсы әрекеттер жасайды: қолғабын антисептикпен зарарсыздандырады, қан қалдығын сығып алады, қолын сабындап жуады, 70% дық этил спиртін жағады, сосын қолына йод жағып бұласырмен таңып тастайды. Бөлімшеде апатты жағдайларды тіркеу журналы бола тұра мейірбике бұл жағдайды ешкімге айтпайды.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 13
Пневмонияға байланысты бір әйелге үш күн бұрын процедуралық кабинетте ішкі екпе егіледі. Дәрігергерге кезекті қаралуы кезінде әлгі әйелдің егілген жері тығыздалып тұрғаны байқалады, аумақтық гиперемия белгі беріп, ыстығы 38,00С болып, ауырсыну процесі сезіледі. Учаскелік дәрігер, ықтимал себептерін түсіндірместен, госпитализациялық жолдама жазып береді.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 14.
Ревматизм диагнозымен терапия бөлімшесінде емдеуде жатқан 30 жастағы науқастың 12-ші күні ыстығы 39,00Сқа көтеріліп, іші өтіп, лоқсуы жиілеп іші ауырады. Оның шағымына дәрігер жеуге жарамсыз тағамды пайдаланып, өзің тамақтану тәртібін бұздың деп жауап береді.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 15.
Босанған әйел перзентханадан шыққан 9-шы күні үйіне учаскелік дәрігерді шақырады. Науқас үш күн бойы ыстығы 39,00С болғанына, ішінің төменгі бөлігі ауырғанына, жыныс органынан бөлінген белгісіз затқа шағымданған. Қарау кезінде өңі солғын тартып, денесі ыстық болып тұрғаны, пальпация кезінде іші түгел ауырғаны анықталды. Дәрігер әйелдің босанғаннан кейінгі психологиялық жағдайын ескермей, онымен сөйлеспей амбулаториялық түрде қынаптық антибиотиктер (қан мен зәр талдамасын қоса алғанда) тағайындайды.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 16
Бір емхананың (клиниканың) бас дәрігері өзінің мекемесіндегі АИВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайының қолайлығына күмән келтіріп, мазасызданған соң қарамағындағы барлық қызметкерлерді АИВ-қа ИФА анализін алып тексеруге шешім қабылдады. Тексерудің алдында медициналық қызметкерлерді сол мекеменің әкімшілігінің шешімі бойынша барлығына АИВ-қа тексеруден өту қажет екендігі туралы жай ғана ескертілді. Тексеру барысында үш қызметкердің арасында (бөлімшенің аға мейірбикесі, шаруашылық мейірбике және лаборант) нәтиженің «оң» болып шыққандығы анықталды және ол нәтиже соңынан иммундық блотингте дәлелденді.Тексерудің нәтижесімен әкімшілік қызметкерлері танысқан соң аталған жұмысшылар жұмыстан шығарылды. Әкімшілік өзінің бұл әрекетін аталған медициналық қызметкерлер науқастарға қауіп-қатер туғызуы мүмкін екендігімен түсіндірді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Ситуациялық есеп 17
Операция жасап жатқан кезде хирург дәрігері абайсызда өзінің сол қолының сұқ саусағына тереңдетіп ине кіргізіп алды. Бір апта өткен соң хирург дәрігері науқастың АИВ инфекциясымен ауыратындығын естіп АИТЖ орталығына барады. Қарым-қатынастан кейінгі алдын-алу шарасы жасалынбады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?