Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мейоз кезеңдері, ұзақтығы және сипаттамасы




Мейоз (грекше “мейозис” – азаю, редукция латынша “редуцерес” – кішірею, азаю) – жыныс клеткалардың редукциялық бөліну тəсілі. Клеткадағы хромосомдардың саны екі есе азайып диплоидты клеткадан екі рет бөліну нəтижесінде төрт гаплоидты клетка пайда болады. Ұрықтанғаннан кейін хромосомдардың саны қайтадан қалпына келеді. Мейоз организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды жəне гендер мен хромосомдардың кездейсоқ, тəуелсіз рекомбинациясын қамтамасыз етеді.

Мейоз кезінде клетка екі рет бөлінеді, ал ДНК саны бір‐ақ рет екі есе көбейеді. Мейоздың екі бөліну арасындағы кезеңді интеркинез деп атайды. Мейоздың екі бөлінуінің нəтижесінде хромосомның саны екі есе азаяды. Кейде биваленттерде бірінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады да, екінші бөліну нəтижесінде хроматидтер бір‐бірінен ажырасады. Басқа жағдайда бірінші бөліну нəтижесінде хроматидтер ажырасып, екінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады.

Сондықтан, қазіргі кейбір ғалымдар бірінші бөлінуді редукциялық, ал екіншісін эквациялық деп айтқан дұрыс емес дейді. Мейоз циклі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші бөлінудің кезеңдері римше I деп, ал екінші бөлінуге тəн кезеңдері II деп белгіленеді.

Бірінші бөлінудің ерекшелігі өте ұзақ жəне күрделі профаза болады. Онда 5 сатыны бөледі. 1. Лептотена ‐ жіңішке жіпшелер сатысы. Интерфазалық ядроның торлы құрылымы жойылады да, жіңішке жеке жіпшелер көріне бастайды, олар хромосомдар болып табылады. Жарық микроскоппен көрінетін жіпшелердің саны диплоидты болады.

2. Зиготена ‐ гомологиялық хромосомдар ұқсас учаскелері арқылы біріне‐бірі қосыла бастайды. Олардың жұптасып қосылуы көбінесе екі шетінен басталады. Соның нəтижесінде барлық гомологтар биваленттерді құрады. 3. Пахитена ‐ жуан жіпшелер сатысы. Бұл сатыда кроссинговер құбылысы болады. Хромосомдар жұбындағы екі сіңлілі емес хромосомдар өзара учаскелерімен алмасады. 4. Диплотена ‐ жұптанған жіпшелер сатысы. Биваленттегі гомологиялық хромосомдардың бір‐бірінен ажырасуы жəне босауы басталады. Биваленттегі сіңлілі емес хроматидтер бір‐бірімен бірнеше нүктеде қосылып тұрады да хиазма деген қиылыстарды жасайды. Хиазмалар кроссинговер нəтижесінде пайда болады. Диплотенада хромосомдар спиральданып, ядрошықтар саны азаяды. Тек қана сарыуызды көп мөлшерде жинайтын жануарлар ооциттерінде хромосомдар босап «шам щеткасы» тəріздес пішінге айналып, РНҚ, белок синтезін күшейтеді. Бұл профазаның ең ұзақ сатысы. Мысалы «шам щеткасы» тəріздес хромосомдар насекомдарда бір жылға дейін, ал адамда 12‐50 жылға дейін сақталады.

5. Диакенез ‐ хромосомдар ең күшті спиральдануға байланысты қатты қысқарып жуандайды. Биваленттер оқшауланады. Клеткада оларды санауға болады. Олардың саны гаплоидты болады. Ядрошықтар мен ядро қабығы жойылады. Осымен І профаза аяқталады.

Прометафаза І. Бөліну ұрығы қалыптасады.

Метафаза І. Биваленттер экватор аймағында жиналып экваторлық пластинканы құрайды.

Анафаза І. Гомологиялық хромосомалар мен хроматидтер ажырап қарсы полюстерге кетеді.

Телофаза І ‐ өте қысқа уақытқа созылады, үнемі цитокинез басталмайды. Бұл жағдайда екі гаплоидты ядро бір клетканың ішінде болады.

Интеркинез ‐ екі бөлінудің аралығы. Интерфазадан айырмашылығы хромосомдар екі есе көбеймейді, ДНҚ‐ның репликациясы болмайды.

Мейоздың екінші бөлінуі: профаза ІІ, метафаза ІІ, анафаза ІІ, телофаза ІІ‐ден тұрады.

Мейоздың екі бөлінуі нəтижесінде 1 диплоидты клеткадан 4 гаплоидты генетикалық жағынан төрт түрлі клеткалар пайда болады

10.Клетка және ұлпаларды зерттеу әдістері. Цитололгияда негізгі колданылатын әдістердің бірі- жарық микроскопы. Соңғы жылдары клетканы зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлері қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы карама-карсы, электронды микроскопты). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5—7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бәлінеді: материал алу және оны бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге құю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 5175 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2217 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.