Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Безді эпителийге жалпы сипаттамасы. Грандулоциттердің ультрақұрылымдық ерекшеліктері, оның секреторлы циклі мен секреция типі




Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тосқауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер атқарады. Без эпителийі метаболизм прцессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады. Паталогиялық процестерге ұшырауы: Бір ғана соратын клетка 1000 клетканы қоректік заттармен қамтамасыз етеді. 4,9%безді клеткалар-бокал тәрізді. Клетканың 2-ші түрі Панетов безді клеткалары. Олар криптінің түбінде орналасқан. Ішектегі бактериальді флораны реттейді, антибактериальді фактор жасайды мөлшері 7,5 %. Энтерохромофин клеткалары-қанға сероптонин шығарады. Өз өмір циклін олар варсинканың үстіңгі бетінде аяқтайды 0,5%. Безді эпителийдің түрлері:

1. Экзопринді бездер

2. Эндопринді бездер

3. Паракринді бездер-секретін интерстицияға, клетка аралық заттарға бөледі.

Секреция- клеткадағы биосинтезді айтамыз. Жинақталуы және оның клеткадан тыс шығуы организмнің қалыпты физиологиялық процесстерін қамтамасыз етеді. Рекреция- клеткадан кейбір заттардың шығуы (су, иондар) олар химиялық өзгерістерге ұшырамайды. Экскреция- клеткадан зиянды, керек емес заттардың шығарылуы (несеп, несеп қышқылы). Бөлінетін секретті заттардың химиялық құрамы алуан түрлі (белок түрінде табиғатта пептидті болуы мүмкін) Секрет липидті мысалы стероидты гормондар, май тамшылары. Мезотелий - әр жануарларда әртүрлі. Дөңгелек ауыздыларда - цилиндр тәрізді ал қосмекенділерде-куб тәрізді немесе жалпақ. Рептилийде және құстарда мезотелийдің талшықтары жойылған.Бездердің көбісі эпителий ұлпасының құрамында болады.Тек бүйрек үсті безінің, гипофиздің және эпидермистің паренхималары нейрогенді. Бездер қан тамырларымен, нервтермен және дәнекер ұлпалармен жақсы қамтамасыз етілген. Бездер бір клеткалы және көп клеткалы болып келеді.Экзокринді без-шырышты бокал тәрізді клеткалардан тұрады. Қалқанша без-жалпы организмдердегі зат алмасу процессін реттейді. Аденогипофизге- картинотропты, тиреотропты, гонадотропты гормондар жатады. Секреция процессі гипоталамус арқылы реттеледі. Клеткалар-оксофильді, базофильді, хромофобты..
Қазіргі уақытта клетканың тіршілік циклі барысымда бір клеткада экструзия (секрет бөліну процесі) типтерінің ауысуы жүріп жататындығы анықталады. Сонымен қатар химиялық құрамы бойынша әртүрлі секреттср бөлінсе, бір клеткада секрет бөліну әртүрлі типтер бойынша жүреді және де секреция стимуляциялануы мен патология жағдайларында-экструзия типінің басқа типпен ауысуы байқалады.
Жабынды эпителий сияқты безді эпителийде бір-бірінен аз ажыратылған клетка аралық заттармен бөлінген өзара өте тығыз байланыскан клеткалардан тұрады. Барлық клеткалар тіршілікке кажетті өнімдерді бөліп шығарады, бірақ безді эпителийдің өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері бар, яғни клеткалар (грандулоциттер) әртүрлі секреттерді көп мөлшерде өндіреді және бөледі. Ағзада секрет ретінде: сүт, сілекей, ас қорыту сөлдері, өт, төр,әртүрлі иісті заттар, гормоны. Сөл не тері беткейіне, шырышты кабықшаға, ішкі мүшелер куысына (экзокринді секреция кезінде), не қанға, лимфаға немесе ұлпалық сұйықтықка (эндокринді секреция кезінде).
Эмбриогенезде безді эпителий жабынды эпителийдің туындысы болып табылады. Алғашында ол төменде жатқан ұлпаға батып тұратын клеткалық шоғыр түрінде болады. Содан соң қабат өседі және әртүрлі бағытта дифференцацияланады. Кейбір кабаттар эпителийдің бастапқы затымен байланысты болып қалады. Жабынды эпителийдің инвагинациясы болып табылатын (сөлді бөлімімен бірге) шығару ағымына байланысты. Олардан бөлінетін өнімдер ағын арқылы ішкі ортаға шығарылады. Бездің мұндай түрін экзокринді деп атайды. Баска қабаттар эмбриогенездің ерте кезеңінің өзінде эпителийдің бастапқы затынан бөлініп кетеді және өздері бөлгеи сөл синтезделінетін қан тамырларымен тығыз байланыска түседі. Мұндай бсздерді эндокринді деп атайды.
Барлық безді клеткаларға өздерінің өндіретін сөлінің құрамына байланысты эндоплазмалық тордың (егер сөлдің табиғаты белокты болса, онда түйіршікті, ал егер белок, көмірсу және стероидтар болса, онда түйіршіксіз), Гольджи аппартының, митохондрияның гипертрофиясы тән (күшейтілген даму).
Грандулоциттердің цитоплазмасында әсіресе цитоплазманың апикальды бөлімінде эдетте түйіршіктер немесе сөлдің тамшылары жақсы ажыратылады. Әдетте олар Гольджи аппаратының ішінде шоғырланады. Органеллалардың даму деңгейі және безді клеткалардағы сөлдің мөлшері сөл бөліну циклының фазына тәуелді периодты түрде өзгеріп отырады.

4.Қан. Клеткалық және химиялық құрамы мен қызметі. Қан-қоректік және қорғаныш қызметтер атқаратын сұйық дәнекер ұлпа. Қан-бұл сұйық зат, дене салмағының он екіден бір бөлігін құрайды. Орташа алғанда ересек адамда 5-5,5л қан болады. Қан екі құрылымнан тұрады: қан клеткаларынан және плазадан.

Қан клеткалары 40-45%

Қан плазмасы 55-60%

Қан плазмасында сондай- ақ тамыр және ұлпа лимфасында белок, тұздар және әртүрлі зат алмасу өнімдері болады. Қызыл клеткаларды эритроциттер (гректің эритос-қызыл) ақ клеткаларды лейкоциттер (гректің лейкос-ақ) тұрады. Қан пластинкалары-тромбоциттер. Олар тұтас клеткалар емес, мембранамен қамтылған цитоплазманың бөлігі. Бұлар сүйек майында өте ірі клеткалар- мегакариоциттердің ыдырауынан пайда болады. Қан пластинкаларында ядроның құрылымды бөліктері болмайды.

Эритроциттер мен қан пластинкалары қызметтерін тікелей қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің әртүрлі қызметтерін қанда емес, дәнекер ұлпасында атқарады.

Эритроциттерді 1673 жылы Левенчук ашқан. Бұлар қанның негізгі клеткалары. Ерлердің 1мм қанында 5 млн-ға жуық, әйелдерде 4-4,5 млн эритроциттер болады. Адам олрганизміндегі эритроциттерінің саны 25 триллион. Адамдағы эритроциттердің шамасы 2 литр. Эритроциттердің саны организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл маусымына және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестелердің 1мм қанындағы эритроциттердің саны 6-7 млн-ға жетеді. 10-11 жасқа келгенде қалпына келеді. Адам қартайғанда қайтадан көбейеді, оның себебі олардағы гемоглабиннің азайуының салдарынан.

Қан плазмасында, сондай-ақ тамыр және ұлпа лимфасында, белок, тұздар және әртүрлі зат алмасу өнімдері болады. Тұздардың хлорлы натрийдің, яғни «ас тұзының» үлкен маңызы бар. Сүтқоректілердің қанындағы жалпы осмостық қысым ас тұзы ерітіндісінің 0,9% тең қысымға сәйкес келеді. Мұндай ерітіндіні физиологиялық ерітінді деп атайды. Оны қанға құю арқылы қан шығынын толтырады. Сондай-ақ несеп Қышқылы, холестерин, лецитин және тағы басқа алмасу өнімдері кездеседі. Эритроциттердің диаметрі 7,3-7,6 мкм., көлденеңі 1,9-2,5 мкм. Мысалы: эритроциттерінің диаметрі 4 мкм оның есесіне 1 мм қандағы қызыл клеткалардың саны 14,5 млн. Сүтқоректілер мен адам эритроциттерінің ядросы болмайды. Олардың орталық бөлігі шет жағына қарағанда жұқалау да, сондықтан ақшылдау болып көрінеді.

Эритроциттер-оттегін тасушы болып есептеледі. Олардың денесі ерекше затпен- белок текті пигмент-гемоглабинмен толтырылған. Гемоглабин оттегімен оңай қосылады және оны оңай береді. Өзіне оттегін қосып алған гемоглабинді-оксигемоглабин дейді.

Өкпеде бронхтар тармақтарының ұшына орналасқан көпіршіктер (альвеолдар) газ алмасу жүретін орын болып табылады. Көпіршіктердің тамырларын қан капиллярлары тығыз орап жатады. Бұл жерде өкпеге жұтылған ауадағы оттегін альвеолдардың жұқа капилляр эндотелийі арқылы капилляр мен өтетін эритроциттерін гемоглабиндерін қабылдап қосып алады. Гемоглабин оксигемоглабинге айналып, ашық қызыл түске боялып, қанға ал қызыл түс береді. Одан әрі оттегі бүкіл денеге тарап, әрбір клетканы қамтамасыз етеді. Гемоглабинмен берік байланысқандықтан, оттегі клеткалар мен ұлпаларға оңай ауысады.

Капиллярда қан оттегін ғана беріп қана қоймайды, сонымен бірге ұлпалардан көмірқышқыл газымен клетка аралық алмасудың басқа өнімдерін сіңіріп алады. Өкпеде көмірқышқыл газы капиллярлардан альвеолдарға келеді де тыныс шығарған кезде су буларымен бірге организмнен әкетіледі.

Сүтқоректілерден басқа барлық омыртқалы жануарларда эритроциттер нағыз клеткалар болып табылады, және ядросы болады, сондықтан бүйірінен қарағанда дөңесті болып көрінеді. Осыдан пішіні дөңгелек емес, элипсоид тәрізді болады.

Қосмекенділердің эритроциттері аса ірі келеді. Бақада олардың үлкен диаметрі 23 мк, ал кіші диаметрі 16 мк.

Ірі лейкоциттердің газ алмасу қызметі ұсақ эритроциттердікіне қарағанда онша жетілмегендігі түсінікті, өйткені қайсібір денені көбірек майдаласақ, оның бетінің көлеміне қатынасы күрт артады. Ал эритроциттердің оттегін қармап алуы немесе беруі оның беті арқылы іске асырылады.

Сөйтіп, эритроциттер өзінің құрылысы жағынан қан плазмасына оттегін тасушы қызметіне барынша сәйкес келеді. Өз қызметін 100 күндей атқарады. Өлген эритроциттердің орнына жілік майында түзілетін жас қызыл май клеткалары келеді. Белсенді жүретін қан жасалу процессінің арқасында қандағы эритроциттердің мөлшері орташа алғанда нормаға сәйкес келетіндей тұрақты болады.

Эритроциттер қан плазмасының құрамындағы тұздарға сезгіш. Егер қанның плазмасында тұздардың мөлшері көбейсе онда эритроциттер жиырылып бүрісіп қалады, өйткені құрамындағы суды гипертониялық ерітіндіге береді. Гипертоникалық ерітіндіде ісінеді, олардан гемоглабин сыртқа шығады (гемолиз) одан кейін К ионы клеткаға енеді. Дені сау адамдарда күніне 200 миллиард эритроциттер өледі. Олар негізінде көк бауырда өледі. Бұл органда эритроциттер ерекше клеткалармен қоршалынып алынады (макрофагтар) олар эритроциттерді қортып жойып жібереді. Қан плазмасында белоктар 6-8%, су 90% құрайды. Глобулиндер-антиденешіктер қорғаныштық қызмет ал гормондар реттеуші қызмет атқарады.

Плазманың құрамындағы ферменттер: амилаза, фосфатаза, дегидрогеназалар, липазалар. Белокқа жатпайтын азотты заттар да кездеседі мысалы: амин қышқылдары, мочевина, несеп қышқылы, креатин, билирубин. Сонымен қатар плазмада липидтер, глюкоза, трикарбон қышқылдары кездеседі.

Лейкоциттер- қан клеткаларының құрамы болып табылады. Олардың қандағы мөлшері шамамен эритроциттерге қарағанда мың есе аз. Қалыпты жағдайда олардың мөлшері 1мм –де 6-8 мың аралығында.

Лейкоциттерді 2 топқа бөлуге болады:

Түйіршікті (гранулоциттер)

Түйіршіксіз (агранулоциттер)

Түйіршіктілер цитоплазмасында ерекше түйіршіктері болады. Олардың клеткалары сегменттеліп келеді. Гранулоциттер митоз жолымен бөлінбейді, бір түрден екінші түрге ауыспайды. Түйіршіксіздері керісінше. Түйіршіктілерге: нейтрофилдер, эозинофильдер, базофильдер жатады. Нейтрофилдер қышқылды да негізгі бояуды да қабылдайды. Эозинофилдер қышқылды қабылдайды, ал базофилдер негізгі бояуларды қабылдайды.

Нейтрофилдер барлық лейкоциттердің 62%-құрады. Олардың диаметрі 10-12мк, түйіршіктердің көлемі 0,2-0,2мк. Нейтрофильдердің ядролары сигменттелген. Клетка неғұрлым ертерек түзілсе, оның ядросы соғұрлым көбірек сегменттерден тұрады. Олардың саны 5-ке дейін жетеді. Жас нейтрофильдердің ядролары әлі сегменттеле қоймағандықтан иілген таяқшаға ұқсас болып келеді, мұндай клетканы таяқша-ядролы клеткалар деп атайды.

Электронды микроскоппен қарағанда нейтрофильдердің цитоплазмасында түрлі органоидтардың бары екені байқалған. Нашар дамыған эндоплазмалық тордың едәуір мөлшердегі ұсақ митохондриялары мен көпіршіктері бар екен. Түйіршіктердің кейбіреулері лизосомалар түрінде берілген. Нейтрофильдер- барынша активті фагоциттер Эозинофильдердің мөлшері қалыпты жағдайда 3-4%.Организмде глистер (құрттар) болса, олардың мөлшері күрт артады. Ядролары 2 сегменттен тұрады. Эозинофильдер нейтрофильдерге қарағанда аз қозғалады. Олардың диаметрі 12-14мк.

Базофильдер 0,5-1%. Ядросы аз сегменттелген. Түйіршіктерінде гистамин мен гепарин бар екені анықталды. Базофильдерде гепариннің болуы олардың қанның ұюына әсерін көрсетеді.

Түйіршіктері жоқ лейкоциттер-агранулоциттер деп аталады. Лимфоциттердің ядролары сегменттелмеген. Олардың мөлшері ересек адамдарда 24-30% аралығында. Организмде лейкоциттердің, үлкен, орташа және кішкене түрлері кездеседі. Қалыпты жағдайда лимфоциттер тек лимфалық қан жасау мүшелерінде жиналып жатады. Лимфоциттердің клетка органоидтары жақсы жетілген.

Лимфоциттер организмде қорғаныш ролін атқарады, сондай ақ жарақаттанудан кейін регенерация кезіндегі ұлпалық процесстердің стимуляторлары болып табылады. Бұндай қызметті борпылдақ дәнекер ұлпасының құрамында атқарады.Олар 20мк-ға жететін фагоциттерге айналғандықтан И.Н.Мечников макрофагтар деп атаған. Олар трефондардың көзі болып табылады. Г.К.Хрущов көрсеткендей, осы трефондардың әсерінен жарақаттың жазылып-бітуі тездейді. Лимфоциттер клеткалардың екі популяциясынан тұрады. Тимусқа тәуелді лейкоциттер немесе тимоциттер. Тимустан шыққаннан кейін бұларды Т-лимфоциттер дейді. Т-лимфоциттер клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде заттарды жойып жібереді. Сонымен қатар қан жасалу бағытын анықтайды. В-лимфоциттер. Лимфоциттердің бұл түрі алғаш рет фабрицус бұрсалары (bursa-дорба) деп аталатын құстың лимфоидтық мүшесінде байқалатындықтан аталған. В-лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді инфекциялардан қорғайды.

Моноциттер-лейкоциттердің ішіндегі ең ірілері. Олардың диаметрі 20мк-ға жетеді. Ядролары бұршақ тәрізді және эксцентрлі жатады. Олардың цитоплазмасында органоидтары жақсы жетілген. Моноциттерді қанның макрофагы деп қарастыруға болады.

Лейкоциттердің проценттік көрсеткіші дені сау адамдарда:

Базофильдер 0-0,5%

Эозинофильдер 3-4%

Таяқшалы нейтрофильдер 63-67%

Лимфоциттер 24-30%

Моноциттер 6-8%

Түрлі ауру кезінде олардың қайсы бірі азайып не көбеюі байқалады.

Тромбоциттер олар адамда клетка емес, клетканың бөліктері сияқты, сондықтан қан пластинкалары деп аталады. Функциялық жағынан сүтқоректілер мен адамның қан пластинкалары омыртқалылардан басқа кластарының тромбоциттеріне ұқсас. Олар бір бірімен жабысып кесек жасайтын қасиеті бар, ал ең бастысы қан ұю процессіне қатысатын тромбокиназа ферменттеріне бастама береді. Адамның қан пластинкасы өте кішкене 2-3мк, оның есесіне олардың саны өте көп 1мм-де 150000-300000.

Қан пластинкасының үстіңгі бетінде сиаломуциндер орналасқан олардың маңызы қан пластинкасын бір-біріне жабыстырып тұрады. Қан пластинкасы қанның ұюына қатысады. Тромбопластин-фибриноген белогін синтездейді. Сонымен қан полифункциональді ұлпа күрделі химиялық құрамы бар.

 

5.Гемопоэз. ҚБК (қанның бағана клеткалары) туралы түсінік. ҚН түзілу процесін гемопоэз деп атаймыз. Эмбрионалды қан түзілу ұлпа ретінде қанның түзілуі. Ол сары уыз қапшығының қабырғасында ұрықтың эмбрионалды дамуындағы екінші аптасынан басталады. Алдымен алғашқы эритроциттер түзіледі. Ірі мүйізді ірі қара малдың эмбриогенезінің бесінші аптасында бауырда эритроциттер, түйіршікті лейкоциттер және мегакароциттер түзіледі. Эмбриогенездің соңында бауырдағы қанның түзілуі тоқтайды. 7-8 аптада қанның түзілуі тимуста, көк бауырда, және лимфа түйіндерінде басталады. Көк бауыр мен лимфа түйіндері алғашқыда қан түзілудегі әмбебеапты мүше болып табылады, кейінірек тек лимфоциттерді өндіреді. 13-14 апталарда қанның барлық клеткалары түзілетін сүйектің қызыл кемігінде гемопоэтикалық ошақтар пайда бола бастайды. Сонымен қатар, қызыл кемік тимусты және басқа гемопоэтикалық мүшелерді бағана клеткалармен қамтамасыз етеді. Постэмбрионалды қан түзілу қызыл кеміктің миелоидты ұлпасында, тимустың лимфоидты ұлпасында, лимфалық түйіндерде жүреді және қанның физиологиялық регенерациясы болып табылады, яғни клеткалардың ескіруі мен бұзылуы нәтижесінде табиғи азаюын толықтырып тұрады. Миелоидті ұлпада эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер, қан пластинкалары, ал лимфоидті ұлпаларда лимфоциттер түзіледі. Гемопоэз И.Л. Чертков пен А.И. Воробьев бойынша 6 кезеңнен тұрады: I кезең: бағаналы полипотентті клеткалар. Олар барлық клеткалардың негізін қалаушы. Бағаналы клеткалар сирек бөлінеді. Бағаналы клеткалардың бір бөлігі жартылай бағаналы клеткаларға айналады. II кезең: жартылай бағаналы клеткалар. Бағаналы клеткалардың дифферециялануы гемопоэтикалық фактор эритропоэтиннің, гранулопоэтиннің, лимфопоэтиннің және тромбопоэтиннің әсерінен жүреді. Жартылай бағаналы клеткалар детерминацияланған болып келеді. Оларды колония түзуші бірліктер деп атайды. Себебі жартылай бағаналы клеткалардың біреуінен гранулоциттер, моноциттер, мегакариоциттер колониялары, ал екіншілерінен В, Т лимфоциттер колониялары түзіледі. III кезең: унипотентті клеткалар. IV кезең: бласт-клеткалар. Егер алғашқы үш кезеңнің қанның формалық элементтерінің ізашарлары бір бірінен морфологиялық тұрғыдан ерекшеленбесе және морфологияжағынан кіші лимфоцитке ұқсап тұрса, онда бластар көлемі айтарлықтай өседі, ядросында 2-3 ядрошықтары анық көрінеді, цитоплазмасында органоидтар аз және нашар базофильді боялған болады. V кезең: дамып келе жатқан клеткалар. Олар морфологиялық жағынан әртүрлі және әр даму сатысында ерекшеленеді. VI кезең: пісіп жетілген клеткалар: қанның формалық элементтері пісіп жетіледі, қан тамырға түсіп, қызметін бастайды.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2071 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2039 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.