Деректерді ұяшыққа енгізу барысында немесе енгізілгеннен кейін де түзетуге болады.
Егер деректерді ұяшыққа енгізу барысында қате кетсе, онда ол қатені BackSpace немесе Delete пернелерін басып өшіру арқылы түзетуге болады. BackSpace таңбаларды оңнан солға қарай, ал Delete оң жақта орналасқан таңбаларды өшіретінін білеміз.
Ұяшыққа енгізілген деректерді түзету үшін сілтемені қажет ұяшыққа орналастырып, F2 пернесі немесе формулалық қатарға маус көмегімен шертеді. Қажетті түзету жұмыстары жүргізіліп, Enter пернесі басылады.
Қатарлар, бағаналар және бөліктермен операциялар жасау
Бөліктерді тазартудың, өшірудің, көшірудің және ығыстырудың бірнеше әдістері бар. Үзінділермен жұмыс істеу үшін оны алдымен ерекшелендіру қажет:
- стандартты құрал–саймандар панелінің көмегімен (қию, көшіру, орналастыру);
- командалар көмегімен: қию, көшіру, қою, өшіру, тазарту, толтыру «Түзету» меню жүйесінде орналасқан;
- маус көмегімен;
- контекстік тәуелді меню көмегімен
- контекстік тәуелді меню көмегімен жұмыс істеу үшін ерекшелендірілген бөлікке маус сілтемесін апарып он жақ пернесін басу қажет. Пайда болған менюде қажетті командалар орналасқан.
Ығыстыру
Деректерді ығыстыру кезінде, ненің қандай ығысу керектігін көрсету қажет. Маус көмегімен ығыстыру үшін, алдымен қажет үзіндіні ерекшелендіріп алып, содан маус сілтемесін бөлік немесе ұяшық қоршауына апарып, сол жақ пернесін басып жібермей қажет орынға ығыстыру қажет.
Көшіру
Көшіру барысында түп нұсқа өз орнында қалып, ал көшірмесі көрсетілген жерге орналасады. Маус көмегімен көшіру, ығыстыру операциясы бойынша бірдей орындалады, бірақ Ctrl пернесін бірге басу қажет.
Толтыру
Толтыру барысында бастапқы ұяшықтағы немесе бөліктегі бір іс-әрекет бірнеше рет қайталанады. Толтыру төмен немесе оңға қарай орындалады.
Маус көмегімен толтыру ығыстыру іс-әрекетімен бірдей орындалады, бірақ меңзер бөліктің төменгі оң жақ бұрышына бағытталуы қажет. Бұл сәтте меңзер қара түсті қосу пішінін қабылдайды.
Егер маркер жоқ болса онда келесі іс-әрекетті орындау қажет: Меню көмегімен: Сервис – Параметрлер – Түзету – Ығыстыру – ОК.
Шіру және тазарту
Егер сандарды, тексті, формулаларды өшіру қажет болса, онда Del пернесін қолдану қажет.
Ұяшықты немесе үзінді тазарту үшін, оны ерекшелендіріп Түзету менюіндегі Тазарту бұйрығын қолданамыз.
Ұяшық құрамы
Excel-де кесте ұяшықтарына енгізілетін деректердің бірнеше типтері бар: текстік, сандық, уақыт, мерзім және формула.
Деректерді енгізу үшін кестелік мензерді қажет ұяшыққа орналастырып енгізеді, содан соң Enter немесе меңзерді жылжыту пернелерін басу қажет.
Енгізілген деректердің тектік, сандық немесе бірінші белгісі формула екендігін Excel анықтайды. Егер 1-ші енгізілген таңба әріп немесе “’” - (апостроф) белгісі болса, онда Excel программасы оны текст деп есептейді. Егер 1-ші таңба сан немесе “=”? (теңдік) белгісі болса, онда Excel программасы оны сан немесе формула деп есептейді. Деректерді енгізу барысында олар ұяшықта және бағаналар тақырыбының жоғарғы жағында орналасқан формулалар қатарында бейнеленеді, тек Enter пернесін басқанан кейін олар ұяшыққа орналастырылады.
Формула енгізу
Формула түрінде арифметикалық өрнектер жазылуы мүмкін. Ол арифметикалық операциялар немесе функциялармен біріктірілген, сандармен немесе ұяшыққа сілтемелер тізбегінен тұрады.
Формула «=» белгісінен басталады. Excel-де «2*3» өрнегінен қанша шығатынын есептеу үшін, «=2*3» деп жазу қажет. Ұяшыққа «=С1+F5» деп жазылады. Бұл С1 ұяшығының құрамындағы санға F5 ұяшығының құрамындағы сан қосылады дегенді білдіреді. Нәтиже формула жазылған ұяшыққа, яғни кестелік меңзер тұрған ұяшыққа жазылады.
Келісім бойынша формуланы енгізіп біткеннен кейін ұяшыққа берілген формула бойынша есептеулердің нәтижесі жазылады.
Формулаларда операциялардың орындалу реті операторлар көмегімен іске асырылады. Операторлар – бұл мітіндермен орындалатын амалдардың ретін анықтайтын шартты белгілер.
Көбейту, бөлу, қосу және алу – қысқартылған түрде қолданылған таңбалар немесе шартты белгілер түрінде жазылған операторлар. Excel-де операторларлардың бірнеше түрлері қарастырылған. Арифметикалық операторлар пернелерінің қазметін қарастырайық.
Перне | Өрнек | Шығынды |
+ - * / ^ % | 2+6(қосу) 4-7(алу) 4*8(көбейту) 6/2(бөлу) 4^2(дәреже) 0.6%(пайыз) | 60% |
Операторлардың тағы бір түрі – бұл салыстыру операторлары. Оларға: “=”(тең), “>”(көп), “<”(аз), “>=”(көп немесе тең), “<=”(аз немесе тең) және “< >”(тең емес) жатады. Формулада бұл оператордың орындалу жауабы Ақиқат немесе Жалған мәнді қабылдайды. Бұлар логикалық мәндер деп аталады.