Ұйым күрделі объект болып табылады, ал әрбір ұйымдастырылған іс-әрекеттерге қиындықтар тән. Басқарушылық шешімдер адамдармен қабылданып, оларға әсер ететін болғандықтан шешім қабылдаған кезде алуан түрлі факторларды ескеру қажет.
Басшының жекелік бағалауы маңыздылықты, сапаны субъективті тізуден тұрады. Шешім қабылдауға қатысты бағалау баламалы іс-әрекеттердің арасынан таңдау жасау үшін ықыласты бағытты көрсетеді. Әрбір адамның іс-әрекетін анықтап, оның шешім қабылдауына әсер ететін өз құндылық жүйесі бар. Зерттеулер көрсеткеніндей, құндылық бағдарлаулар шешім қабылданатын тәсілге әсер етеді. Мәселен, пайданы арттыруды бірінші орынға қоятын басшы көбіне жұмысшылардың демалыс бөлмесін жақсартуға қаржы жұмсамайды.
Жекелік бағалаудағы өзгешеліктерден басқа оңтайлы баламаларды анықтаған кезде шешім қабылданатын орта қиындық туғызады. Басқарушылық шешімді қабылдаған кезде әрдайым тәуекелді ескеру қажет. Тәуекел нәтижені болжауға болатын анықтылық дәрежесіне жатады. Баламаларды бағалау мен шешім қабылдау барысында басшы түрлі жағдайлардағы мүмкін болатын нәтижелерді болжауы тиіс. Негізінен, шешімдер түрлі жағдайларда тәуекелге қатысты қабылданады. Бұл жағдайлар анықтылық, тәуекел немесе белгісіздік жағдайлары деп жіктеледі.
Басшы әрбір баламалы нұсқаның нәтижесін дәл білген жағдайда шешім анықтылық жағдайында қабылданады. Біршама аз ұйымдық немесе жеке шешімдер анықтылық жағдайында қабылданады (мысалы, жалгерлік ақы).
Нәтижелері анық емес, бірақ әрбір нәтиженің ықтималдығы белгілі шешімдер тәуекел жағдайында қабылданғандарға жатады. Ықтималдық аталмыш жағдайдың іске асу мүмкіндігінің дәрежесі ретінде анықталады әрі 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады. Барлық баламалар ықтималдығының қосындысы 1-ге тең болуы тиіс. Ықтималдықты анықтаудың ең ықыласты тәсілі - объективті. Егер ықтималдықты математикалық әдіспен немесе жинақталған тәжірибені статистикалық талдау жолымен анықтауға мүмкін болса, онда ол объективті. Мәселен, өмірді сақтандырумен шұғылданатын ұйымдар халықтың өлім деңгейін болжай алады. Статистикалық тұрғыдан болжам шынайы болуы үшін ақпарат жетерліктей келіп түссе, ықтималдық объективті анықталады. Көптеген жағдайда баламаны объективті бағалау үшін жеткілікті ақпарат болмайды, бірақ басшылық тәжірибесі өте жоғары дәлдікпен не болатындығын айта алады. Мұндай жағдайда басшы қандай да бір субъективті немесе болжанатын ықтималдықпен баламаларіың іске асуы жөніндегі пайымдауды қолдана алады. Мысалы, ат жарысына қойылатын ставкалар.
Потенциалдық нәтижелердің ықтималдығын бағалау мүмкін болмаған жағдайда шешім белгісіздік жағдайында қабылданады. Бұл есепке алынуы тиіс факторлар тым жаңа әрі күрделі болғандықтан, олар жайлы жетерліктей релевантты ақпарат алу мүмкін болмаған жағдайда орын алады. Нәтижесінде белгілі салдардың ықтималдығын шынайылықтың жетерліктей дәрежесімен болжау мүмкін болмайды. Белгісіздік тез құбылатын жағдайларда кабылдануы тиіс шешімдерге тән. Іс жүзінде өте аз басқарушылық шешімдер мүлдем белгісіз жағдайларда қабылданады. Белгісіздікпен кезіккесін басшы екі негізгі мүмкіндікті пайдалана алады. Біріншіден, қосымша релевантты ақпаратты алуға тырысып, мәселені қайыра талдай алады. Екіншіден, қосымша ақпарат жинауға уақыт жетпегенде немесе оның шығындары тым жоғары болғанда бұрынғы тәжірибе, пайымдау немесе интуицияға сәйкес әрекет етіп, жағдайлардың ықтималдығы жөнінде болжам жасау.
Ақпараттық шектеулер. Ақпарат ұтымды шешім қабылдау үшін қажет. Алайда кейде дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат қол жеткісіз немесе өте қымбат болуы мүмкін. Ақпараттың құнынаоны жинауға кеткен басшылар мен бағыныштылардың уақытын, сондай-ақ іс жүзіндегі шығындарды да қосу керек. Сондықтан да басшы қосымша ақпараттан келетін олжа елеулі ме, және ол ұйым ресурстарының әжептәуір немесе шағын үлесімен байланысты екендігін шешуі тиіс. Егер ақпаратты қолайлы бағамен алу оңай емес, ал мұндай мүмкіндік жуық арада пайда болатын болса, басшы үшін ең дұрысы шешім қабылдауды кейінге қалдыру. Алайда бұл уақыт қыспаған немесе шешімнің кешіктірілуі салдарынан келетін шығынның орны, қосымша ақпараттың негізінде барынша сапалы шешім қабылдаудан келетін олжаның есебінен артығымен толатын болған жағдайда ғана мүмкін.
Жүріс-тұрыстағы шектеулер. Жекелік және ішкі ұйымдық коммуникацияны қиындататын факторлардың көбі шешім қабылдауға әсер етеді. Мәселен, басшылар көбіне мәселенің болуы мен күрделілігін түрліше түйсінеді. Олар сондай-ақ шектеулер мен баламаларды да түрліше түйсінуi мүмкін. Бұл болса шешім қабылдау процесіндегі түсініспеушілік пен жанжалға әкеледі. Басшылар: ақпарат пен ағымдық жұмыстан қол тимейтіндіктен, ашылғалы отырған мүмкіндікті түйсіне алмауы да мүмкін. Басшы қандай да бір іс-әрекеттегібағытты жекелік құмарлықтың немесе біреуге қатысты адалдықтың салдарынан қолдамауы мүмкін. Ол біреуді ұзак жылдар бойы қолдап келгендіктен, оның күмәнді жобасын тоқтатпауы да мүмкін. Нәтижесінде жобаны игеру жайын объективті бағалау оған қиын болады.
Келеңсіз салдар. Басқарушылық шешімдерді қабылдау көбіне тиімді ымыра табу өнері болып табылады. Бір жердегі ұтыс әдетте өзгедегі шығындар есебінен болады. Өнімнің сапасын барынша жақсарту жайлы шешім қабылдау шығындарды арттырады. Кейбір тұтынушылар риза болғанмен өзгелері қымбатырақ бағамен сатып ала алмайды. Шешім қабылдаған кезде осындай келеңсіз салдарды ескеру қажет. Шешім қабылдау процесінің мәселесі барынша жалпы ұтысқа ие болу үшінартықшылықтар мен кемшіліктерді салыстырудан тұрады.
Шешімдердің өзара тәуелділігі. Ұйымдағы барлық шешімдер өзара тәуелді. Маңызды бір шешімді қабылдау жүздеген мейлінше маңыздырақ шешімдерді қабылдауды талап етуі мүмкін. Ірі шешімнің сол шешім тікелей қозғайтын сектор үшін ғана емес, тұтастай ұйым үшін әкелетін салдары бар. Егер өндірістік фирма завод үшін жаңа әрі барынша өнімдірек жабдық сатып алуға шешім қабылдаса, онда ол өнімді өткізуді арттыру тәсілдерін де табуы керек. Сонымен, жаңа жабдықты сатып алу тек өндірістік бөлімге ғана емес, сондай-ақ өткізу мен маркетинг бөлімдеріне де әсер етеді.
БӨЛІМ