Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Менеджмент ғылымының дамуы




 

Бүгiндерi басқару өнерi мен ғылымының қалай және қашан пайда болғанын ешкiм айта алмайды. Менеджмент қайсыбiр нысанда адамдар топ болып жұмыс iстеген жерлерде, әдетте, адамзат қоғамының үш өрiсiнде әрдайым болды:

- саяси – топтардағы тәртiптi орнату мен ұстап тұру қажеттiлiгi;

- экономикалық – ресурстарды табу, өндiру және бөлу қажеттiлiгi;

- қорғаныс – жаулардан және жабайы аңдардан қорғау қажеттiлiгi.

Тiптi ең көне қоғамдарда топтардың қызметiн үйлестiрiп, бағыттайтын тұлғалар қажет болды. Мәселен, египет пирамидалары – бұл сол заманғы басқару өнерiнiң ескерткiшi, өйткенi мұндай ғажайып құрылысты салу көптеген адамдардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастырудағы дәлдiктi, олардың қызметiн бақылауды талап еттi.

Басқару теориясы мен тәжiрибесiнiң дамуында бiрнеше тарихи кезеңдердi ажыратады.

I кезең – көне кезең. Ең ұзағы басқару дамуының алғашқы кезеңi болды – б.з.д. 9-7 мың жылдан бастап шамамен XVIII ғ. дейiн. Дербес бiлiм саласына бөлiнiп шыққанға дейiн адамзат мыңдаған жылдар бойы басқару тәжiрибесiн бөлшектеп жинақтады.

Бiрлескен еңбектi реттеу мен ұйымдастырудың алғашқы, ең қарапайым нысандары алғашқы қауымдық құрылыс сатысында болды. Бұл кезде басқару ақылдаса отырып, ру, тайпа немесе қауым мүшелерiнiң барлығымен жүзеге асырылды. Ру және тайпа ақсақалдары мен көсемдерi сол кездегi барлық қызмет түрлерiнiң басқарушы басшылары болды.

Шамамен б.з.д. 9-7 мың жылдықтарда Таяу Шығыстың бiрқатар жерлерiнде иемденушi шаруашылықтан (аңшылық, жемiс теру және т.б.) өнiмдердi алудың мүлдем жаңа нысаны – оларды өндiруге (өндiргiш экономикаға) көштi. Өндiрушi экономикаға көшу менеджменттiң туындауын есепке алудың басы, адамдардың басқару саласындағы белгiлiктi бiлiмдердi жинақтауының негiзгi кезеңi болды.

Басқару туралы алғашқы жазбалар Ежелгi Шумерде жазу өнерi пайда болған кезден (б.з.д. 5 мың жылдық) басталады. Сол кезде онда саудамен байланысқан абыз саудагерлер пайда болды.

Ежелгi Египетте мемлекеттiк шаруашылықты басқарудың мол тәжiрибесi жинақталды. Бұл кезеңде (б.з.д. 3000-2800 жж.) сол заман үшiн әжептәуiр дамыған мемлекеттiк басқару аппараты және оған қызмет көрсетушi топ қалыптасты.

Вавилон патшасы Хаммурапи (б.з.д. 1792-1750 жж.) мемлекеттi басқарудың 250-ден астам заңы бар заңдар жинағын жасады.

Ассирия патшасы II Навуходоносор (б.з.д. 605-562 жж.) тоқыма кәсiпорындары мен астық қоймаларында өндiрiстiк бақылау жүйесiн әзiрлеп, ендiрдi.

Қызметтiң ерекше саласы ретiнде басқаруға сипаттама берген алғашқылардың бiрi Сократ (б.з.д 470-399 жж.) болды. Ол басқарудың түрлi нысандарын талдап, соның негiзiнде басқарудың әмбебап сипаты туралы идеясын тұжырымдады.

Платон (б.з.д. 428-348 жж.) мемлекеттiк басқару нысандарын жiктеп, мемлекеттiк органдардың қызметтерiн бөлуге тырысты. Ол қоғамның өмір сүруінің маңызды шарты деп есептеп, басқаруды адамдардың жалпы қоректенуі жөніндегі ғылым ретінде қарастырды.

Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) өзінің үй шаруашылығы туралы ілімінде құл иеленушілердің құлдарды басқару өнеріне үйренуі керектігін атап өтті.

Александр Македонский (б.з.д. 356-323 жж.) әскердi басқару теориясы мен тәжiрибесiн дамытты.

Көне римдіктерде мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызмет сатысында төмен шенділерге бағыну тәртібі енгізілген. Аға Катон (б.з.д. 234-149 жж.) басқару міндетін әділ атқару туралы пікірлер айтқан.

Көне Үнді ғалымдары «Артхашастра» трактатында шаруашылық және басқару туралы бірқатар қызғылықты ой айтады. Шығыс ойшылдары басқаруды күш қолданумен байланыстырады. Мысалы, санскритте басқару өнерін «данданити» деп атайды, ол таяқпен төмпештеп басқару деген мағынаны білдіреді.

Орта ғасырда iрi империялар мен орасан зор әскердi басқару қажеттiгi болмай, шаруашылық өмiр феодалдық усадьбалар мен қолөнер шеберханаларынан тысқа өте сирек шыққандықтан бұл дәуiр басқару өнерiне онша үлес қоса қойған жоқ.

II кезең – индустриялық кезең (1776-1890). Бұл кезеңдегi басқару туралы түсiнiктiң дамуына ең көп үлес қосқан Адам Смит (1723-1790). «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерi туралы зерттеу» (1776) және басқа да еңбектерiнде ол басты мақсаты баюға ұмтылу және жеке қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылатын, «экономикалық адам» идеясын тұжырымдады.

Қазiргi кездегi менеджменттiң көптеген ғылыми бағыттары мен мектептерiнiң қалыптасуына Роберт Оуэннiң (1771-1858) iлiмi үлкен ықпал еттi. «Мануфактураларды басқарушыларға үндеу» (1813) еңбегiнде Оуэн басшыларға «жансыз машиналармен» қатар «жанды машиналарға» да (қызметкерлерге) бiрдей көңiл бөлу керектiгiн атап өттi. Сол кезеңде бiрқатар тоқыма фабрикаларының басқарушысы болған Оуэн 1800-1828 жж. кең ауқымды әлеуметтiк тәжiрибе жүргiздi. Ол бойынша жұмысшыларға жабдықталған тұрғын үй беру, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайын жақсарту, қол жетерлiк бағамен күнделiктi қажет тауарларды сататын дүкендер ашу көзделдi. Одан басқа балалар жұмыс iстей алатын ең төменгi жас деңгейi арттырылды, жұмысшы кенттерiнде мектептер ашылды. Сонымен қоса Оуэн қайырымдылық идеясын ғана емес, сондай-ақ осындай тәсiлмен еңбек өнiмдiлiгiн арттырудың экономикалық есебiн басшылыққа алды. Оуэн әлемде тұңғыш рет фабрикада моральдық ынталандыру әдiстерiн қолданды. Ол станоктарға түрлi түстi ленталарды байлады. Жалақыны арттырмағанның өзiнде екi айдан кейiн барлық станоктарда нормаларды асыра орындағанын бiлдiретiн қызыл түстi ленталар болды. Оуэн идеялары өз заманынан бiр жарым ғасырға озық болды, сондықтан да қоғам оны қабылдамай, көп ұзамастан ұмытылып қалды.

Басқару теориясы мен тәжiрибесiнiң дамуына алғашқы есептегiш машинаның өнертапқышы ағылшын Чарльз Бэббидж (1792-18__) маңызды қадам жасады. Ол түрлi операцияларды жүзеге асыру кезiндегi жұмыс уақытының шығындарын зерделеу, бiр профильдi кәсiпорындардың жұмысын салыстырмалы талдау, статистикалық талдау негiзiнде еңбек тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын табу, еңбекке ақы төлеудiң сыйлықақылық жүйесiн қолдану әдiстемелерiн әзiрледi. Өз зерттеуiнiң нәтижелерi мен практикалық ұсыныстарын Бэббидж ғылыми басқару саласындағы дүние жүзiндегi алғашқы басылым болған «Материалдар мен жабдықтарды үнемдеу туралы» (1832) атты кiтабында баяндады.

Ресми түрде иiру машинасының өнертапқышы болып саналатын ағылшын Ричард Аркрайт өз фабрикасының астында тоқыма өндiрiсiнiң барлық процестерiн бiрiктiрдi және оны ұйымдастырудың иерархиялық қағидасын енгiздi. Еңбектi бөлу, жабдықтарды орналастыруды жоспарлау, машиналар мен қызметкерлердiң жұмысын үйлестiру, тәртiптi қамтамасыз ету негiзiнде ол технологиялық процестердiң үздiксiздiгiне және шығындарды әжептәуiр үнемдеуге қол жеткiздi. Сөйтiп, Аркрайт бүгiндерi индустриялық басқару немесе өндiрiстi ұйымдастыру деп аталатынның негiзiн қалады.

III кезең – жүйелендiру кезеңi (1890-1960). Басқару туралы ғылым әрдайым қозғалыста болады. Жаңа бағыттар, мектептер, ағымдар қалыптасады, ғылыми аппарат өзгередi және жетiлдiрiледi, ақырында, зерттеушiлердiң өздерi және олардың көзқарастары өзгередi. Уақыт өте келе менеджерлер бағдарларын өзiнiң нақты ұйымының қажеттiлiктерiнен айналада әрекет ететiн басқару тәсiлдерiн зерделеуге ауыстырды. Олардың бiреулерi өз басқарушылық мәселелерiн бұрынғы кезеңде көмектескен тәсiлдермен шештi. Өзге зерттеушiлер басқаруға барынша жүйелендiрiлген тәсiлдемелер iздедi. Олардың жеке табыстары мен сәтсiздiктерi бүгiнгi таңдағы менеджерлер үшiн құнды сабақ болуы мүмкiн.

IV кезең – ақпараттық кезең (1960 ж-дан қазiргi кезге шейiн). 60-шы жж. бастап оның көмегiмен математикалық талдау және менеджерлердiң субъективтi шешiмдерiн шоғырландыруға қол жететiн математикалық аппаратты пайдалануға сүйенетiн басқару тұжырымдамаларын кеңiнен әзiрлеу басталды.

Бiрқатар басқарушылық қызметтердi формализациялау, еңбектi, адам мен ЭЕМ-дi ұштастыру ұйымның құрылымдық элементтерiн қайта қарауды талап еттi. Шешiмдердi елiктегiш үлгiлеу, белгiсiздiк жағдайларындағы талдау әдiстерi, көп мақсатты басқарушылық шешiмдердi бағалауды математикалық қамтамасыз ету секiлдi фирмаiшiлiк жоспарлаудың жаңа элементтерi пайда болды.

Қазiргi жағдайларда математикалық әдiстер басқарушылық ғылымның барлық бағыттарында дерлiк пайдаланылады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2785 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.