Шаруашылық–қаржылық қызмет үдерісінде ШЖС/лар қаржылық қорларды –белгілі бір мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады.ШЖС/ң жұмыс істеуі үшін маңызды қорлар болып табылатындары: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық және жөндеу қорлары. Дербестік жағдайларында ШЖС–лар басқа да мақсатты ақшалай қорларды құруы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуына қатысудың үлестік қоры және т.б. Жарғылық қор (капитал) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген ШЖС (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда ШЖС/ды құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі б.т. оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық қордың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады.ШЖС/ң қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорларын құрады.
11. Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді: бүкіл жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу шығындары; ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар; еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақшалай және натуралдық нысандардағы қаражаттар; материалдық көмек; еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар; ШЖС/ң мүлкіне салынған жұмыскерлердің акциялары мен салымдары бойынша төленетін табыстар(дивидендтер, табыстар); оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнертабу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа жеке сипаттағы төлемдер.Қор қаражаттары жұмыскерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.
12. Қорлану қоры: ШЖС/ң қарамағында қалатын табыс (пайда); негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар; шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім – ақша; банктердің кредиттері; жай акцияларды қосымша шығару; басқа да көздер есебінен қалыптасады.
13. Қорлану қоры пайдаланылады: ғылыми – техникалық дамуға, жаңа өнімдерді игеруге; табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға; өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолдарын, есептеу орталықтарын, жөндеу, энергетика, құрылыс және басқа өндірістерді) салуға үлестік қатысуға; құрылысты және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін (тұрғын үйлерді, клубтарды, демалыс үйлерін, пансионаттарды, санаторийледі, емхана мен ауруханаларды, балалар мекемелерін, спорт объектілері мен ғимараттарын, қосалқы ауыл шаруашылық өндірістерін) салуға үлестік қатысуға.Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну мен қорланудың кешенді қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке – жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
14. Ұдайыөндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде резервтік қордың (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор.Қаржылық резервтерді ШЖС/ң өздері меншікті қаржылық ресурстар есебінен басқару құрылымдары, мамандандырылған сақтық ұйымдары және мемлекет жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық – қаржылық жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады.
15. ШЖС/ң валюталық қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады: экспорттық валюталық түсім – ақшадан; жарғылық капиталға түсетін жарналардан; банктердің, соның ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен; ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы валюта сатып алу; бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек. Валюталық қорлар ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік – мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюталық қорлардың қаржысы ізгіліктік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдаланылуы мүмкін. Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады.