Қаржыны басқару - бұл көзделген нәтижеге жету үшін басқарылатын объектіге мақсатты түрде қолданылатын әдістер мен тәсілдердін жиынтығы.Қаржыны басқаруды ерекше әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ оны ынталандыру және санкциялар көмегімен арнайы аппарат жүзеге асырады.Қаржыны басқарудың объектісі ретінде қаржылык катынас, басқару субъектісі ретінде басқаруды жүзеге асыратын үйымдық құрылымдар танылады. Қаржы қатынастарының сынықтамасына сөйкес саласы бойынша екі объектіні жіктеушісі болады; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы және мемлекет қаржысы. Сәйкесінше олардың басқару объектілеріне мыналар жатады: қаржы қызметі (шаруашылық жүргізуші субъектілердін бөлімдері), қаржы және салык, органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын бұл ұйымдардың жиынтығын қаржы аппараты деп атайды. Қаржыны басқарудың қағидалары:
- басқарудағы демократизм;
- қаржы мәселелеріне саяси көзқарас;
-басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістерді оңтайлы үйлестіру;
- басқарудың ғылымилығы;
-орталық, салалык және аумақтық басқарудын үйлесімділігі;
- басқарудағы жауапкершілік;
-шаруашылық шешімдердін сабақтастығы.
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы Министрлігі жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жузеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертеулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белглейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
63. Эссе: «ҚР қаржы қатынастарының құқықтық қамтамасыз етілуі»
Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады:
- олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады;
- бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек;
- қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады;
Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады.
Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары.
Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді:
v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді
v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді.
v Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды.
Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді
Біржақтылық-биліктік
Келісімділік.
Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады.
Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі, ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады.
Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар.
Гипотеза нақты норманың қолданылуы қажет жағдайын сипаттайды. Диспозиция әрекет тәртібін сипаттайды. Санкция қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік болып табылады.
Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді.
Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады.
64. Эссе: «Инновациялық дамуды қаржыландыру»
Инновациялық дамыту үшін қабылданған стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.Бұл стратегияның мақсаты: шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау. Оның мiндеттері - өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнғабарынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi игеру; ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу.Iске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдар 1-кезең - 2003-2005 жылдар, 2-кезең - 2006-2010 жылдар, 3-кезең - 2011-2015 жылдар
Қажетті ресурстар - стратегияны iске асыруға жұмсалатын және қаржыландыру инвестициялық сипаттағы тiкелей шығындардың көздерi болжамды көлемi жылына 1,2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте Стратегияны iске асыруға жұмсалатын мемлекеттiк шығындардың құны 2002 жылғы бағалармен жылына 260 млн. АҚШ долл. құрайды.
Республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.Стратегия iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаражаты тартылатын болады. Бұл ретте жаңа инвестициялық және инновациялық институттарды құру iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi.
65.Эссе: “Инновациялық қордың ҚР ҮИИД стратегиясын жүзеге асырудағы рөлі”
Жалпы алғанда, Қазақстанда қалыптасқан жағдайды бағалау ұлттық инновацияларды қолдау жүйесі мен енгізу әлсіз деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді, себебі елде отандық және шетелдік білімді ұлттық байлыққа айналдырудың тиімді жүйесі жоқ.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі.
2009 жыл ішінде технологиялық инновацияларға арналған күрделі және ағымдағы шығын 61050,9 млн. теңгені құрады. (2008 жылы - 113460,1 млн. теңге). Бұл ретте, технологиялық инновациялармен байланысты машиналар мен жабдықтарды сатуға кеткен шығын 78,2% болса, жаңа өнімдерді, өндірістік үдерістерді зерттеу мен әзірлеуге 12%, жаңа технологияларды сатып алуға 2,1% жіберілген. Инновациялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындардың 80 %-ы үдерістік инновациялар болып табылады, яғни жаңа өнімдерді зерттеу мен әзірлеуге сұраныс жоқ.
Ғылыми-зерттеу институттары.
Ғылыми ұйымдар қызметіне жасалған талдау инновациялық өнімдерді жасау бойынша көптеген жобалар өңірлік немесе ғылыми-техникалық тапсырыс емес, әзірлеушілер бастама білдірген жобалар екенін көрсетті, яғни әзірлеушілердің өздері қандай да бір тауарды әзірлейді де, кейіннен оның пайдалануын айқындауға және бұл өнертабыстардың сатып алушыларын табуы керек.
Сонымен, мемлекеттік тапсырыс өз кезегінде бизнестің қажеттіліктерімен тікелей байланысты емес және мемлекеттік органдар дербес айқындайды. Бұл ғылым мен кәсіпорындар арасындағы байланыстың жоқ екенін көрсетеді.
Инноваторлар мен инновацияларды тұтынушылар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі коммерцияландыру офистерінің желісін құру және дамыту үшін қалыптастырылған базаның болмауы институционалдық кемшіліктердің бірі болып табылады.
Осылайша, қазақстандық қолданбалы ғылымды басқару мен қаржыландыру бизнес алдында тұрған технологиялық сипаттағы нақты індеттерді шешуге емес, елеулі шамада ғылыми мүддені қанағаттандыруға бағытталған. Бұл модель халықаралық нарықтарда бәсекелесе алатын серпінді салалар мен өндірістерді құруға ыңғайлы емес екені анық.
Өнеркәсіптік меншіктің айрықша құқығының жедел құжаты ретіндегі инновациялық патент жергілікті жаңашылдыққа және өнеркәсіптік қолданушылыққа сараптама нәтижелері бойынша берілетін, нарыққа инновацияларды жедел шығару құралдарының бірі болып табылады.
Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйе 2003 жылы институционалдық және физикалық инфрақұрылым түрінде қалыптаса бастаған болатын: жобалау қаржыландыру «Ұлттық инновациялық қор» АҚ (бұдан әрі -«ҰИҚ» АҚ) тұлғасында, инжиниринг және технологиялар трансферті «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ (бұдан әрі - «ИТТО» АҚ) тұлғасында, венчурлік қаржыландыру «ҰИҚ» АҚ-ның қатысуымен бірқатар венчурлік қорлар тұлғасында және физикалық инфрақұрылым Алматы, Қарағанды, Орал қалалардағы 4 технопарк, сондай-ақ, Алатау АТП түрінде болды.
66. Эссе: «ҚР-дың салық жүйесі және оның элементтері»
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экоеомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;
салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасынығ салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
67. Эссе: «Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде»
Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады;
негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
68. Эссе: «Мемлекеттік қаржы экономикалық жүйені мемлекеттік реттеудің құралы ретінде»
• Жалпымемлекеттік қаржы: 1)мемлекеттік бюджет (республикалық және жергілікті бюджеттер); 2)мемлекеттік кредит (мемлекеттік борыш: ішкі және сыртқы); 3)мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс қорлар (зейнетақы қоры, сақтандырудың мемлекеттік қоры, инвестициялық қор, инновациялық қор, ҚР Ұлттық қоры).
• Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы: 1)материалдық өндіріс сферасының қаржысы (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, жүк көлігі, байланыс, т.б.). 2)материалдық емес өндіріс сферасының қаржысы (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, т.б.).
• Үй шаруашылықтарының (халықтың) қаржысы (еңбекақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, игіліктер мен қажеттіліктерді сатып алумен, салық төлеумен байланысты қаражаттар).
Қазіргі кезде қаржы жүйесі өзгерістерге ұшырап қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның ҚР әлеуметтік дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге, қаржы жүйесінің ықпалын күшейту,жалпы ұлттық табыстың, қаржылық ресурстардың,үздіксіз өсуін қамтамасыз ету,қоғамдық өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есептерді нығайту болып табылады.
Қазіргі жағдайдағы ҚР-ң қаржы жүйесінің міндеттеріне:
1. Кіріс мөлшерін, шығысты несиелендіруді, бюджет дефицитін ескере отырып жоспар құру.
2. Бюджетті қаржыландыруда приоритетті таңдау
3.Негізгі бюджеттік жоспарлауда нормативті бағдарламалар ретінде қолдану, орталықтандыруды жалғастыру арқылы жергілікті бюджетке өз қаражаттарын өзіне жұмсау мүмкіндіктерін беру.
4.Несие қарыздарды қысқарту қаржы міндеттемелерін тіркеу механизмін жетілдіру, заманға сай бюджетті жоспарлау.
5.Бюджет тапшылығын азайту мақсатында жергілікті бюджеттермен байланыс жүйесін нығайту.
6. Мемлекеттік қаржыны орнымен жұмсау, мемлекеттік сатып алулар жүйесін нығайту, мемлекеттік сатып алуларды заңды және ашық түрде қадағалау.
7.Қаржылық жоспарлауда методология енгізу арқылы мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу және түзету.
69.ҚР Ұлттық қоры: қалыптасуы жəне миссиясы (мақсаткерлігі)
Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры да кіреді. Бюджет кодексінде берілген анықтама бойынша ҚР Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы активтер Ұлттық қорды құрайды.
Ұлттық қор елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін төмендету мақсатпен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.
Ұлттық қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды басқарудан түсетін инвестициялық тбыстар қарастырылады.
Жергілікті бюджеттер бойынша ресми трансферттер көлемі ауылшаруашылық арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде анықталады.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану механизмі мемлекеттің және шетелдердің жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық тұрақтылық пен фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік пен ішкі тауар, сонымен қатар қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.
Қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс:
Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.
Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.
Жалпы, Ұлттық қорды құрудың мақсаты еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақ үшін қаражат жинақтауды қамтамасыз ету және экономиканың сыртқы қолайсыз факторлар ықпалына деген тәуелділігін азайту. Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.