Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кіндік жарасының қабынуы - бұл?




 

290. Қай препаратты тағайындағанда Сулкович сынамасы жүргізіледі:

Д витамині

 

291. Хромосомалардың 21-нші жұбының трисомиясы тән

 

292. 1 жастағы балаларды тамақтандыруда қосымша тамақ қосу мақсаты

 

293. Жаңа туған нәрестенің ядролық сарғаюы қандағы жоғары көрсеткішке негізделген

 

294..Қандай ауруда таңертеңгі құрысу байқалады

 

295. Аллергиялық ринитке тән симптом

 

296. Бүйректерді ультрадыбысты зерттеуде гломерулонефритке не тән?

 

297. Женя К., 1,5 жаста. Физикалық дамуы қалыпты. 10 күн бойы белсенділігі төмендеген, тәбеті нашар. ТЖ 36 рет минутына. ЖСЖ 118 рет минутына. Цианоз жоқ. Жөтел жоқ. Өкпесінде сырылдар жоқ, тынысы біркелкі таралған. Жүрек шектері көлденеңінен кеңейген. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты, жүрек ұшында айқын емес систолалық шу естіледі, тұрғанда күшеймейді. Бауыры +1см. Ісіктер жоқ. Бұл жағдайды не шақыруы мүмкін?

 

298. 8 айлық балада туғаннан тері және кілегей қабаттарының цианозы, физикалық дамуда қалыс қалу, төстің сол жақ қырында, максимальды II-III қабырғааралықта естілетін қарқындылығы орташа систолалық шу көрініс береді, екі рет ентігу-цианозды ұстамалар байқалған. Қай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді

 

299. 6 айлық бала. Физикалық дамуында қалыс қалады. Туылғаннан бастап балада жүрек жетіспеушілігі, акроцианоз. Тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттары орташа көгерген, бала мазасызданғанда көгеру күшейеді. Жүрек шектері кеңейген. Жүрек тондары дыбысты, ырғақты, төстің сол жақ қырынан, максимальды II-III қабырғааралықта систолалық шу естіледі. Рентгенограммада жүрек көлеңкесі «бүйірінен жатқан жұмыртқа» тәрізді. Сіздің диагнозыңыз?

Туа болған кардит

ТБЖА. Фалло тетрадасы

ТБЖА. Өкпе артериясының тарылуы

ТБЖА Жүрекше аралық перде ақауы

+ТБЖА. Магистральды тамырларының транспозициясы

 

 

301. Бала артрит басталғаннан кейін 2-ші күні ауруханаға жатқызылды. Дене температурасы 37.8°С, буындардың ауырсынуы мен ісінуі сақталады. Жүрек ұшындағы систолалық шу ұзағырақ, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Антибиотикотерапияны өткізуге қатысты сіздің тактикаңыз?

+пенициллин

преднизолон

ацетилсалицил қышқылы

парацетамол

ККБ

 

302. Саша Е., 12 жаста. 8 күн бойы ауырады. Дене қызуының 37,50С-ға дейін көтерілуі, оң жақ шынтақ буынының ауырсынуы мен ісінуі байқалады. Қарағанда тілерсек буындары ісінген, басқа буындары өзгеріссіз. Жүрек шектері кенеймеген. Жүрек тондары тынықталған, V нүктеде әлсіз диастолалық шу естіледі. ЖСЖ 1 минутта 80 рет. Қан анализінде ЭТЖ 30мм/сағ. Аурудың себебі қандай?

хламидиялар

В коксаки вирустар

стафилококктар

+стрептококктар

пневмококктар

 

303. 10 жасар бала, анамнезінде жедел ревматикалық қызба, объективті қарағанда «мысық пырылы», жұрек ұшында шапалақ тәріздес I тон және диастолалық шу. Ең ықтимал диагноз?

митральды жетіспеушілік

+митральды стеноз

аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі

аорта стенозы

қосалқы митральды ақау

 

304. Костя А., 9 ай. Ауруханаға ентігумен түсті. 1 ай бұрын ЖРА ауырған. Физикалық дамуы жасына сай. Терісі бозғылт, ісіктер жоқ. Катаральды белгілер жоқ. Өкпеде сырылдар естілмейді. Жүрек шектері сол жаққа кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, жүрек ұшында қысқа систолалық шу естіледі. ЖСЖ-132 рет минутына. Бауыры +2 см. Ісік жоқ. Осы жағдайда қан анализінде қандай өзгерістер болу мүмкін?

+спецификалық өзгерістердің болмауы

нейтрофильды лейкоцитоз

ЭТЖ жогары

абсолютты лимфоцитоз

полицитемия

 

305. Асқар, 3 жаста. Ауырғанына 4 ай, осы уақыт бойына сол жақ аяқбасы буынының артриті сақталады. Полиадения анықталған, ішкі мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

жедел ревматикалық қызба

+ювенильді ревматоидты артрит

жүйелі қызыл ноқта

дерматомиозит

геморрагиялық васкулит

306. Арман, 10 жаста. Клиникасында анықталады: Рейно синдромы, жұтудың бұзылысы, өкпелік гипертензия, саусақтарын бүгудің қиындауы, қол басы аймағында терінің тығыздалуы. Сіздің болжам диагнозыңыз?

жүйелі қызыл ноқта

ревматоидты артрит

+жүйелі склеродермия

жедел ревматикалық қызба

дерматомиозит

 

307. Балада ТБЖА анықталған. Қарағанда терісінің бозаруы, шаршағыштық, аяқтарының ісінуі, бауыры +3 см қабырға доғасынан шығыңқы, тахикардия. Жөтел жоқ, өкпеде тыныс өткізіледі, сырыл жоқ. Қандай жағдай/ауру ең ықтимал?

 

308. Катя, 2,5 айлық. Туылғаннан бастап жүрегінде органикалық шу естіледі. Қарағанда акроцианоз, жөтел, үнемі ентігу. ТЖ- 62 рет, ЖСЖ- 152 рет минутына. Өкпеде тынысы қалыпты, сырыл жоқ. Бауыры +3см. Аяқтарында ісіктер. Диурез төмендеген. Рентгенологиялық пневмония анықталмаған. Қандай жағдай/ауру деп ойлайсыз?

бүйрек шамасыздығы

гипоксемиялық криз

+бивентрикулярлы жүрек жетіспеушілігі

оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

 

309. Арман К., 2 жас 1 айлық бала. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Содан соң ентігу пайда болды. Қарағанда бала белсенді емес, ТЖ- 40 рет, ЖСЖ- 120 рет минутына. Жөтел ылғалды. Өкпеде локальды симптоматика жоқ. Жүрек шектері кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында қысқа систолалық шу естіледі. Бауыры +3 см. Балтырлары ісіңкі. Қандай жағдай/ уру деп ойлайсыз?

тыныс жетіспеушілігі

гемодинамикалық жүрек жетіспеушілігі

бронхообструкция

+энергетикалық – динамикалық жүрек жетіспеушілігі

ентігу-цианозды криз

 

Бір ай бұрын стрептодермиямен ауырған 10 жастағы балада хорея, кардит, артрит анықталды. Созылмалы тонзиллитпен жиі ауырады. Ем алған. Келесі алдын алу неге бағытталуы керек?

Л бала, 1 жас 6 айда. «ТБЖА. ҚАПМ» диагнозымен бақыланады. Қарау кезінде берінің бозғылттығы, шаршағыштық, дене салмағының жетіспеуі, тыныштық кездегі ентігу және тахикардия, жөтел анықталады, температура жоқ. Өкпесінде сырыл жоқ. Кеуде қуысының рентгенограммасында инфильтративті көлеңкелер жоқ. Бұл жағдайда қай препарат ең тиімді?

 

312. Ваня К., 9 жастағы бала мұрыннан ұзақ уақыт қан кетуге шағымданады. Терісінде экхимоздар, қатты таңдайында қан кұйылулар анықталады. Бірінші қан құйылулар 5-6 ай бұрын пайда бола бастаған. Ішке мүшелер бойынша өзгерістер жоқ. Бұрын дәрігерге бармаған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

гемофилия А

+тромбоцитопениялық пурпура

геморрагиялық васкулит

жедел лейкоз

теміржетіспеушілік анемиясы

 

313. 12 жастағы қыз бала. Шағымдары: субфебрилитет, әлсіздік, аяқбасы буынының ауырсынуы. Қарағанда айтылған буын аймағында, сонымен қатар балтырдың алдыңғы бетінде және иық терісінде дақты-папулезді геморрагиялық бөртпелер анықталған. Жүрек ұшында систолалық шу. «Геморрагиялық васкулит» диагнозы қойылған. Төменде берілгендердің қайсысы диагноз қоюға ең маңызды?

қызу сипаты

буындар ауырсынуы

+бөртпелер орналасуы және сипаты

жүректегі өзгерістер

әлсіздік

 

314. 6 жастағы ер бала. Шағымдары: тәбетінің нашарлауы, шаршағыштық, әлсіздік, терісінің бозаруы. Аурудың нақты басталу белгілері жоқ, бірнеше ай бойы себепсіз дене қызуының көтерілуі байқалған. Терісінде біркелкі қан құйылулар, көптеген лимфа түйіндерінің, бауырының ұлғаюы. Қандай лабораториялық көрсеткіш нақты диагноз қоюға көмектеседі?

коагулограмма

+стернальді пункция

белок электрофорезі

сары судағы темір деңгейі

эритроциттердің осмотикалық тұрақтылығы

 

315. 3 жастағы ер бала аяқтарындағы гематомаларға шағымданады. Анамнезінде: анасы жағынан ер балаларда қанаққыштық болған. Туғаннан кейін кіндік қалдығынан қан кету байқалған. 2 жасынан бастап гематомалар пайда бола бастаған. Бұрын тексерілмеген. Қандай лабораториялық көрсеткіш нақты диагноз қоюға көмектеседі?

тромбоциттердің қызметін зерттеу

ЖҚА

+VIII фактор деңгейі

қан ағу ұзақтығы

сүйек ми пункциясы

 

Жасар бала, бірінші рет тіс жұлғаннан кейін бірден қан кете бастады, 5 сағат бойы қан тоқтамады. Қарау кезінде теріде көптеген көгерулер, склераға қан құйылу, бозғылттық байқалады, мүшелер бойынша патология жоқ. Үйде бірреттік шамалы мұрыннан қан кету болды. Бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу керек?

 

Ыз бала, 6 жаста. Ауруханаға іштің айқын ауырсынуымен, тізе буынының ісінуі мен ауырсынуымен, аяқ-қолдарындағы папулезді геморрагиялық бөртпемен, қызбамен түсті. Гепарин, курантил, аскорутин алды. Бөртпе қайталап шыға береді, некроз пайда болды. Аурудың ауырлығын ескере отырып, еміне қай препаратты енгізу маңызды?

Жастағы қыз бала, 1 ай бойы анорексия, тез шаршағыштық байқалады, жата беруді ұнатады. Соңғы аптада терісі айқын бозарған, теріде бөлек қан құйылулар, периодты түрде температуралық «балауыздар» анықталды. Бірінші кезекте ЖҚА-нан бөлек қандай зерттеу жүргізу қажет?

 

Жастағы бала, мальабсорбция синдромымен ауырады, салмақ жетіспеушілігі бар. Терісі, кілегей қабаттары бозғылт, трофикалық бұзылыстар, эпителиальды синдром, астеникалық синдром. Қанда гипохромия, гемоглобиннің 80г/л дейін төмендеуі.Бұл анемияны емдеудегі негізгі принцип болып табылады

320. 4 жастағы бала, гематологиялық бөлімшеге бірінші рет қызба, интоксикация, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр ұлғаюы, терідегі геморрагиялық бөртпелер шағымдарымен келіп түсті. Қанда анемия, тромбоцитопения, лейкопения анықталады. Жұлын-ми пункциясын тағайындай отырып, дәрігер қай ауруды болжап отыр?

 

321. Гастроэнтерологиялық бөлімшеге 10 жасар қыз бала тамақ ішкеннен кейін пайда болатын (жиі түстен кейін) эпигастрий аймағындағы тұрақты, сыздап ауыратын ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті. Асқазанның толып кету сезімі, қышқыл дәммен немесе ауамен кекіру мазалайды. Бұл шағымдар 8 жасында пайда болды. Ең ықтимал диагноз?

+созылмалы гастродуоденит, дискинетикалық түрі

созылмалы гастродуоденит, жара тәрізді түрі

жара ауру

ішек тітіркену синдромы

созылмалы холецистит

 

322. Қыз бала 12 жаста. 1,5 жыл бойы тамақ ішкеннен 30-40 минут кейін эпигастрий аймағындағы ауырсыну, түнгі ауырсыну, кекіру, жүрек айну, сирек құсу, аузынан жағымсыз дәмнің болуы мазалайды. Тәбеті сақталған. Аурудың этиологиясың анықтау үшін қандай зерттеу қажет?

 

323. 11 жастағы қыз бала тәбетінің төмендеуіне, аузынан ащы дәмнің болуына, мазасыздыққа, шаршағыштыққа, майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға доғасы астында ұстама тәрізді ауырсынуына шағымданады. 3 жыл ауырады. Диагнозды болжамдау үшін алдымен қандай тексерістен бастау керек?

 

324. 11 жастағы бала, 2 апта бойы тәбетінің төмендеуіне, тамақтан кейінгі эпигастрий аймағында пайда болатын сыздап ауырсынуға, кеше бірреттік құсуға шағымданады. Бауыры ұлғаймаған. Кэр, Ортнер симптомдары теріс мәнді. Іш қату. Қай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді?

 

325. 9 жастағы ұл бала, 6 ай бойы эпигастральды аймақтағы ауырсыну, әсіресе диета бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну, жүрек айнуға шағымданады. Іштің терең пальпациясында эпигастральды аймақта ауырсыну байқалады. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылайды?

 

326. 10 жасар қыз бала, физикалық жүктемеден кейінгі дамитын оң жақ қабырға астының жалобы периодты түрдегі қысқа мерзімді шаншып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну құсумен, іштің ауырлық сезімімен бірге жүреді. Ауырсынуды басу үшін не тағайындау керек?

 

327. Жеті жастағы балада соңғы уақытта оң жақ қабырға астында кернеу сезімі, жүрек айну, ауызға ащы дәмнің келуі, тәбетінің төмендеуі пайда болған. Тексеру кезінде созылмалы холецистит анықталған. Төменде көрсетілген эхографиялық көрсеткіштердің қайсысы диагнозды нақтылайды?

бауыр паренхимасының жоғары эхотығыздығы

өт қабының құрамының тұнбасыз біртектілігі

+өт қабының қабырғасының тығыздалуы

өт қабының мойын бөлімінде бүгілісі

өт қабының қуысының ұлғаюы

 

Баланы шаршағыштық, ұстамалы, жедел айқын ішінің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі мазалайды. Ішінің пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну, Кер, Мерфи симптомдары оң мәнді. Қан анализінде аздаған лейкоцитоз. Нәжісі қалыптасқан. Қай зерттеу әдісі нақты диагноз қоюға көмектеседі?

 

Дәрігерге 11 жастағы бала 5 ай бойы аш қарынға ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, қыжылдау, сирек жағдайда құсу, іш қату шағымдарымен келіп түсті. Қарау кезінде терісі бозғылт, ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Грегерсон сынамасы оң мәнді. Балада не болуы мүмкін?

Ыз бала, 8 жаста, майлы тамақ қабылдағаннан кейін периодты түрде жүрек айну, батып, сыздап ауырсыну, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі байқалады. ЖҚА – патологиясыз, УДЗ – өт қабы көлемі ұлғайған, өт қабында өттің іркілу белгілері көрініс береді. Басқа құрылымды өзгерістер жоқ. Жалпы емдеу жоспарына қандай дәрілік препараттарды енгізу дұрысырақ?

 

Жасар қыз бала. Ауруханаға салмақ аз қосу, іш кебуі, кезекті құсу шағымдарымен түсті. Анамнезінде: осы шағымдар 6 айлығынан бастап, 1,5 жасынан ішінің үлкеюі, жиі көп мөлшердегі нәжіс, құсу. Нәжіс анализінде – стеаторея. Диагноз нақты қою үшін қандай зерттеу қажет?

 

332. 7 айлық балаға қосымша тамаққа ботқа берілгеннен кейін нәжісі көп мөлшерде, иісі сасық пайда болды. Шаршағыштық және салмағының төмендеуі мазалайды. Қарағанда – бала жүдеу болып келеді, іші қампиған. Лактозаға қарағанда гликемияның өсуі– 3,5 ммоль/л. Іш өтудің себебін ата:

инфекциялық энтерит

дисахаридтердің қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылуы

+глютенді қабылдай алмаушылық

моносахаридтер сіңірілуінің бұзылуы

экзокринді бездердің патологиясы

 

333. Катя, 10 жаста. Соңғы жарты жыл бойы күніне 2-4 рет, көбісіне таңғы уақытта сұйық нәжіс, әсіресе, эмоциональді күйде дефекацияға императивті бейімділік мазалайды. Нәжісі жиі кілегейлі болады. Қарағанда қыз бала нормостеник, тамақтануы қалыпты. Эксикоз бен токсикоз белгілері байқалмайды. Іші жұмсақ, сигма тәрізді ішегі аздап қатайған. Ең ықтимал диагноз:

 

334. Женя 10 жаста. Жарты жыл бойы 3 тәулікке дейін созылатын іш қатуға, іштің төменгі бөліктерінің ауырсынуына, ішектің толық босамау сезімі болатынына шағымданады. Кейде іш өтуі болады (эмоциональді жағдайымен байланыстырады). Қарағанда: дене бітімі қалыпты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Лабораториялық анализдерінде қандай өзгеріс болуы мүмкін?

Крон ауруы

+Ішек тітіркену синдромы

Муковисцидоз

Созылмалы холецистит

 

Жасар қыз бала, іштің ауырсынуына, үрленуіне, құрылдауына шағымданады. Ауырсыну сезімдері дефекация алдында күшейеді және ішектер босағаннан кейін, газдар шыққаннан кейін азаяды. Лабораторлы және инструментальды зерттеу әдістері патология анықтамады. Бірінші кезекте қандай дәрілік препараттарды тағайындаған дұрыс?

 

336. Дәрігер қабылдауында 8 айлық бала. Объективті тексеру кезінде қай процедураны ең сонында өткізу керек?

Пульс,тыныс жиілігін санау

Іштің пальпациясы

Жүрек аускультациясы

Окпе перкуссиясы

+араны карау

 

337. Шала туылған балада өмірінің 11 тәулігінде әлсіздік, гипотония, салмақ жоғалтуы күшейген. Қарағанда: терісі бозғылт, сұр түстес, аздаған геморрагиялық бөртпелер анықталады, кіндік тамыры пальпацияланады. Тынысы ырғақсыз, апноэ периодтары болады. Өкпесінің төменгі бөліктерінде тынысы әлсіреген, крепитацияланған сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, жүрек ұшында қысқа систолалық шу. ЖСС 160 рет мин. Іші кепкен, қабырға доғасынан бауыры +3,0см., талақ +1,0см. Нәжісі кілегей мен жасыл түстес. Осы ауруда этиотропты ем тағайындау үшін қандай зерттеу қажет?

 

338. 10 айлық бала. Тексерген кезінде: іште, денесі мен аяқ-қолдарында тері асты шел майы жоқ, бетінде де күрт азайған. Дене салмағының жетіспеушілігі 33%. Диеталық ем тағайындалды. Науқастың тамаққа төзімділігін анықтау мерзімі қандай?

1-2күн

3-4күн

5-7күн

+10-14күн

20-21күн

 

339. 9 айлық бала. Тері асты шел майы барлық денесінде жұқарған, әсіресе ішінде. Чулицкая бойынша толықтық индексі 10-15 см. Шел май қабаты болбыр. Баланың бойы қалыпты. Нерв-психикалық дамуы жасына сай, бірақ бала тітіркенгіш, мазасыз. Лоқсуға бейім. Тамақтың тәуліктік көлемін қандай салмаққа есептеу керек?

+тиісті салмакка

Қазіргі салмакка

Орташа салмакка

Орташа алынган тиісті салмаққа

Қазіргі салмаққа+тиісті салмақтың 20%

 

340. 10 айлық бала. Өте арық. Терісі бозғылтау-сұр түсті, құрғақ, аяқ-қолдары салқын. Тері қатпарлары жазылмайды. Чулицкий бойынша толықтық индексі теріс. Салмақ жетіспеушілігі 35%. Осы науқаста диетотерапияны неден бастау керек:

 

Айлық балада мазасыздық, қозғыштық, әлсіздік байқалады. Терісі сұр реңкі бар бозғылт түсті, құрғақ, қыртыстарға тез жиналады. Тері асты шел май қабаты іш аймағында жойылған, аяқ-қолдарында қатты жұқарған. Дене массасы жетіспеушілігі 24%. Бұл жағдайды емдеуде ең маңызды болып табылады

Айлық бала. Анасында гипогалактия. Қараған кезде бала әлсіз, жылауық. Терісі бозғылт. Тері асты шел май қабаты бетінде сақталған. Санның ішкі бетінде болбыр ұзына бойғы қыртыстар байқалады. Аталған қадамдардың қайсысы диагнозды қою үшін маңызды?

 

Айлық бала, туғандағы салмағы 3кг, қазіргі салмағы 5 кг. Бой ұзындығы бойынша 4 см қалыс қалады. Мазасыз, тәбеті төмен, тері асты шел май қабаты тек бетінде сақталған, Чулицкая индексі - 5, аяқтарындағы қыртыстар ұзына бойғы, нерв-психикалық дамуы қалыс қалады, жүрек тондары тұйықталған. Баланың бұл жағдайында диетотерапияны қандай принциппен құру керек?

Айлық балада мазасыздық, қорқақтық, қозғыштық, гиперестезия, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы байқалады. Қарағанда күшейген қызыл дермографизм, жоғары тершеңдік (ащы иісті жабысқақ тер), шүйде аймағында шашының түсіп қалуы көрініс береді. Сүйек жүйесі патологиясыз. Бұл жағдайда бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу қажет?

 

Айлық балада бассүйек деформациясы байқалады, маңдай және төбе төмпешіктері шығыңқы, бассүйек қырлы пішінді – caput quadratum. Қандағы кальций құрамы 2,0 ммоль/л, фосфор 0,65 ммоль/л. Педиатр эргокальциферол тағайындады. Бұл препаратты қабылдау кезінде қай зерттеу әдісін периодты түрде тексеріп тұру қажет?

Айлық ұл бала. Тістерінің шықпауы мазалайды, үлкен еңбегі 2,5х2,5 см. Қарағанда кеуде клеткасы қайық тәрізді, бұлшықет гипотониясы, Гаррисон сайы. Салмағы 10 кг. Бойы 74 см. өкпесінде сырыл жоқ. Жүрек тондары дыбысты, 5 нүктеде қысқа систолалық шу. Қай препаратты тағайындау қажет?

 

347. Жаңа туған нәрестеде Грегга триадасы анықталады: туа болған мылқау, көздің катарактамен зақымдалуы, микроофтальмия, жүректің ақаулары. Болжам диагнозыңыз?

Токсоплазмоз

Листериоз

+краснуха

Хламидиоз

Цитомегаловирусты инфекция

 

348. 7 күндік нәресте. Микрофтальм, хориоретинит, құрысу, гидроцефалия анықталады. Негізгі қосымша диагностикалық әдісі болып табылады?

Бас миының УДЗ-і

+серологиялық реакциялар (РСК,РНГА)

Көз түбін зерттеу

ЭЭГ

Түтік сүйектерінің рентгенографиясы

 

Жастағы қыз бала жайылмалы ісіктермен, АҚ 95/45 мм сын.бағ., олигуриямен ауруханаға түсті. Қалдық азот 14 ммоль/л, мочевина 5 ммоль/л, холестерин 9 ммоль/л, шумақтық фильтрация 95%, меншікті салмағы 1005-1018. Бүйрек қызметін бағалаңыз?

 

350. Женя 8 жаста. 2 жасында ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін зәр анализінде гематурия, аздаған лейкоцитурия, протеинурия анықталды. Өткізген емнен нәтиже болмаған, физикалық дамуы қалыс қалып отырған. Объективті: дизэмбриогенез стигмалары, естудің нашарлауы. Анамнезінен: үлкен ағасы 5 жасында бүйрек жетіспеушілігінен қайтыс болған. ЖЗА: белок-0,9 г/л, Л-6-7 к/а, эритроциттер- барлық көру аймағын жауып жатыр, салыстырмалы тығыздығы -1007. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

Жедел пиелонефрит

ЖГН, нефритикалық синдром

СГН, гематуриялық түрі

+Альпорт синдромы

Екіншілік обструктивті птелонефрит

 

Жастағы қыз бала, бөлімшеге келесі шағымдармен түсті: бел аймағының ауырсынуы, дизурия, дене температурасының 380с жоғарлауы. ЖҚА: лейкоцитоз, солға ығысумен нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы. ЖЗА: белок-0,09 г/л, эритроцит-1-2 к/а, бактериурия, лейкоцит-көп мөлшерде. Бұл ауруды емдеу үшін қандай препараттарды тағайындау керек?

 

Жастағы ұл бала. Анамнезінде: 2 жыл бұрын ауырған стрептодермиядан кейін асцит, протеинурия байқалған. Одан кейін бірнеше рет жағдайы нашарлап ауруханаға түсті. Объективті қарағанда: АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ., перифериялық және қуыстық ісіктер байқалады. ЖЗА: айқын протеинурия. Аурудың морфологиялық көрінісін анықтау үшін және әрі қарай емдеудің тактикасын шешу үшін қандай зерттеу көрсетілген?

 

Жастағы ер бала. Бір апта бойы мұрнынан көп мөлшерде бөліністердің болуы мазалайды. Анасының айтуы бойынша балада мұндай жағдай еңбек сабағында желім қолданғаннан кейін пайда болады. Қарағанда: бала түшкіреді, мұрнын тыржитады, мұрнынан көп мөлшерде серозды бөліністер бөлінеді, көзінен жас ағады. Лабораториялық, инструменталды зерттеулерде қандай өзгеріс болуы мүмкін?

355. Қыз бала 7 жаста. Анамнезінде кезеңді қинайтын түнгі жөтел. Мысықпен ойнағаннан кейін құрғақ жөтел мен тыныс алудың қиындауы пайда болды. Өкпесінде құрғақ ысқырықты сырылдар бар. ТЖ=35 р/мин, ЖЖС=105 р/мин. Перифериялық қанда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Лейкоцитоз

Нейтрофилез

Нейтрофильді формуланың солға ығысуы

+эозинофилия

ЭТЖ жогарлауы

 

356. Қыз бала 10 жаста. Тыныс шығарудың қиындауына, аз қақырықты мазалайтын жөтелге шағымданады. Мұндай жағдай дене шынықтыру сабағынан кейін пайда болды. Ерте жасында экземамен ауырған. Анасында созылмалы бронхит. Өкпесінің екі жағында ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ= 48 р/мин, ЖЖС= 128 р/мин. Осы аурудың рентгенографиялық көрінісі қандай?

Ошакты караюлар

Диффузды пневмосклероз

+окпе тінінің молдірлігінің жогарлауы

Окпе тамырларының ұлғаюы мен деформациясы

Аралык бөліктік плевраның қалыңдауы

 

357. Балада 7 жастан бастап шулы қиындаған тыныс эпизодтары байқалады, вентолинмен ингаляция жасау арқылы жойылады. Базистік ем тағайындайды. Баланың жағдайына мониторинг жасау үшін қандай әдіс қолданылады?

Пульсометрия

+пикфлоуметрия

Спирометрия

Кеуде клеткасына рентгенограмма

термометрия

Жастағы ұл бала, шағымдары: қақырықпен кетпейтін жөтел, 2 ай бойы мазалайды. Ауырғанына екінші жыл. Анамнезінде: отбасы жағдайы қолайсыз, бала 12 жастан бастап темекі шегеді, марихуану «қолданған». Объективті қарағанда: физикалық дамуда қалыс қалады, бозғылт. Өкпесінде қатқыл тыныс фонында шашыранды әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Перкуторлы дыбысы өзгермеген. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зертеулерді жүргізу қажет?

 

Жастағы қыз бала, 2 ай бойы бөлмеден далаға шыққан кезде пайда болатын құрғақ қайтпайтын жөтел мазалайды. Температурасы қалыпты. Антибиотиктер мен муколитиктерді қолдану көмектеспеді. Тағамдық аллергиясы бар. Мүшелер бойынша ауытқусыз. Аурудың аллергиялық сипатын қандай зерттеу дәлелдейді?

360. Қыз бала 5 жаста. Іштің ауырсынуына, көру қабілетінің бұзылуына шағымданады. Қарағанда: Куссмауль тынысы, екі бетінің қызаруы, терісі құрғақ, көз алмалары жұмсақ, аузынан ацетон иісі шығады, араны қызарған, тахикардия. Бірнеше апта бойы шөл, жиі кіші дәретке отыруы мазалаған, 2 кг салмағын жоғалтқан. Науқасты қандай бөлімшеге жатқызу керек?

ЖРВИ, мидың ісуі

Кантсыз диабет

+диабетикалық кетоацидотикалык кома

Менингит

Гипогликемиялык кома

 

361. Ер бала 8 жаста. Анасының айтуы бойынша соңғы кезде зәр шығаруы жиіленіп, көп мөлшерде сұйықтық іше бастаған. Анамнезінде: ірі болып туылған, салмағы 4,200. Бір ай бұрын ауыр эпид.паротитпен ауырған. Қарағанда терінің аздаған құрғақтығы байқалады. Қалған жүйелері бойынша ерекшеліктер жоқ. Аш қарынға қан глюкозасы = 6,5ммоль/л. Глюкозотолерантты тест – 2 сынамада глюкозаның мөлшері 11,5ммоль/л жоғары, глюкозаның несептегі көрсеткіші 0,5г/л, лейкоциттер -3-5 к/а. Сіздің диагнозыңыз?

+1 типті кант диабет

Кантсыз диабет

Зиянды емес глюкозурия

2 типті кант диабет

Зәр шыгару жолдарынын инфекциясы

 

362. 3 күндік жаңа туған балада әлсіздік, бейнелістердің төмендеуі, жуан дауысы анықталады. Уақытында туылған, туылғандағы салмағы 3100гр. Қарағанда: терісі құрғақ, сарғыш, ісіңкі, бұлшықет тонусы айқын төмендеген. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс, жүрек тондары тынықталған. ЖСЖ 100 рет минутына. Кіндік жарығы анықталған. Диагнозды анықтау үшін қандай скрининг тест өткізу қажет?

Фенилкетонурия тестін

+тиретропты гормон тестін

Глекемия тестін

Инсулинемия тестін

Тері хлориды тестін

 

363. Қыз бала 7 айлық. Қарағанда: өздігінен отырмайды, басын нашар ұстайды. Терісі құрғақ, бозғылт, ісіңкі; бұлшықет тонусы төмендеген. Өкпеде пуэрильді тыныс, жүрек тондары тынықталған, ЖСЖ 96 рет минутына. Іші ұлғайған, тілі үлкен, кіндік жарығы, іш қатуы. Диагнозды тағайындау үшін қандай мүшенің УДЗ жасау керек?

Калканша маңы бездердің

Жүректің

Бүйректің

+калканша бездің

Уйкы безінің

 

Жастағы қыз бала. Жедел ауырды, субфебрильді температура. Құрғақ жөтел, мұрыннан кілегейлі бөліністің бөлінуі мазалайды. Ауыз жұтқыншақ кілегейі қызарған. Перкуссияда – ашық өкпе дыбысы, аускультацияда – қатқыл тыныс, екі жақтан шашыранды құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық зерттеулерде не көрініс береді?

 

Жасар ұл бала, 2 ай бойы сұйықтықты көп ішеді, энурез мазалайды. Қанда қант мөлшері 15,8 ммоль/л. Бұл ауру кезінде диетадан нені алып тастау керек

 

Ауруханада бала нефротикалық синдроммен 8 апта бойы преднизолон қабылдап жатыр. Зәрінде протеинурия сақталады. Емнің нәтіжесін қалай бағалайсыз?

 

Емшек жастағы балада температура, үздіксіз құсу, салмақ қоспау, мазасыздық байқалады. Тексеру кезінде зәрде лейкоциттер 30-40 көру аймағында, белок 0,066 г/л. Аурудың этиологиясын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

 

368. 5 айлық бала жөтелмен, жоғары температурамен, құсумен, мұрын қанаттарының керілуімен, тыныс алудың жиілеуімен, қабырғааралықтардың тартылуымен келіп түсті. Өкпесінде сол жағында паравертебральды бірен-саран ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Диагнозды нақты қою үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

 

Айлық балада аз өнімді жөтел, субфебрильді қызба, шулы ұзарған дем шығару, өкпесінде қатқыл тыныс, шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар, перкуторлы қорап дыбысы байқалады. Қан анализінде лимфоцитоз. Өкпе рентгенограммасында қандай көрініс болу мүмкін?

 

 

Жастағы балада азөнімді жөтел, дене температурасының 37,8 градусқа дейін жоғарлауы байқалады. Көңіл күйі нашарламаған. ТЖ 34 рет минутына. Өкпесінде шашыранды азғана ылғалды сырылдар естіледі, перкуссияды ашық өкпелік дыбыс. Бұл ауруды симптоматикалық емдеу үшін қандай препарат қолданылуы мүмкін?

 

Айлық бала жедел пневмония диагнозымен ауруханаға келіп түсті. Клинико-лабораториялық көріністердің қайсысы диагноз үшін маңызды роль атқарады?

372. 10 айлық бала, дене қызуы 38,50С. Тынысы жиіліген, мұрын желбезіктері кернелген. Айқайлаған кезде периоральді цианоз байқалады. Перкуторлы қорап дыбыс, қатқыл тыныс, жауырынның сол жақ бұрышы астында ұсақ ылғалды сырылдар естіледі. Осы патологияның мүмкін болатын этиологиясы қандай?

Вирусты

Микоплазмалық

+бактериальді

Саныраукұлакты

Инфекционды емес

 

Айлық балада субфебрилды қызба, жөтел, қосымша бұлшық еттерінің қатысуымен жүретін ауыр дәрежелі аралас ентігу, аускультацияда өкпенің екі жағында көптеген ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар анықталады. Аурудың этиологиясы?

 

374. 7 жастағы қыз бала ауруханаға түсті. Дем шығаруы қиындалуымен шулы тыныс, ТЖ 34 рет минутына, ЖСЖ 112 рет минутына, жайылмалы құрғақ ысқырықты сырылдар. Ұстаманың жоюды неден бастау керек?

Кең спекрлі әрекетті антибиотикті кабылдаудан

Глюкокортикоидтарды per os кабылдаудан

+симпатомиметиктермен ингалияциясынан

Журек гликозидтерди кабылдаудан

Антигистаминды препаратын кабылдаудан

 

375. 4 жастағы ер бала. Анамнезінде: қайталамалы ауыр өтетін бронх-өкпелік аурулар. Физикалық дамуы қалыс қалған. Нәжісі сұйық, сасық. Үлкен ағалары белгісіз этиологиялы пневмония мен ішек инфекциясынан ерте жасында өлген. Қандай зерттеме диагнозды анықтауға көмектеседі?

Кеуде клеткасының рентгенографиясы

Спирография

Пикфлоуметрия

Аш ішектің кілегей кабатының биопсиясы

+терлік сынама

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1198 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2282 - | 1989 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.