Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Инновациялық жоба кезеңдерінің мазмұны




Жобаның инвестиция алды кезеңі Жобаның инвестициялық кезеңі
Жобаны инвестиция-лау алдында зерттеу және жоспарлау Құжаттарды түзу және жүзеге асыруға дайындау Сауда өткізу және келісім-шарттар түзу Жобаны жүзеге асыру Жобаны аяқтау
1. Болжамдарды зерттеу 1.Жобалау-тексеру жұмыстарының жоспарын құру 1. Келісім-шарттар түзу 1. Жобаны жүзеге асыру жоспарын құру 1. Жүргізу-реттеу жұмыстары
2. Алғашқы ойды жүзеге асыру шарттарын талдау, жобаның концепциясын түзу. 2. ТЭН-ге тапсырма беру және ТЭН-ді түзу. 2. Жабдық жеткізуге келісім түзу. 2. График түзу. 2. Объектті іске қосу.
3. Инвестиция-ларды жоба алдын негіздеу. 3. ТЭН-ді келісу, сараптау және бекіту. 3. Подряд жұмыстарына келісім жасау. 3. Жұмыстарды орындау. 3. Ресурстар демобилизациялау, нәтижелерді талдау.
4. Орналасу орнын келісу және таңдау. 4. Жобалауға тапсырма беру. 4. Жоспарлар құру. 4. Мониторинг және бақылау. 4. Эксплуата-ция.
5. Экологиялық негіздеу. 5. Құру, келісу және бекіту.   5. Жобаның жоспарын түзету. 5. Жөндеу және өндірісті дамыту.
6. Сараптама. 6. Инвестиция-лау туралы соңғы шешім қабылдау.   6. Орындалған жұмыстарды төлеу. 6. Жобаны жабу, жабдықтарды бұзу.
7. Алдын-ала инвестиция-ық шешім.        

 

§ жаңалықты құру, өндіру және өткізу кезінде пайда болатын, ресурстық шектеулерді анықтау керек, яғни, жаңалықтың экономикалық потенциалын жан-жақты дұрыс болжау керек;

§ инновациялық жобаны табысты жүзеге асырудың міндетті шарты компания персоналының жоба талаптарына сай келуі болып табылады;

§ материалдық-қаржылық ресурстардың шектеулілігі және нарықтық анықсыздық жағдайында, инновациялық жобаның табысты болуында ұйымдастыру мен басқарудың сапасы маңызды роль атқарады.

Идеяның пайда болуы, жаңалықты құру және таратудан бастап, оны нақты пайдалануға дейінгі уақыт кезеңін инновациялық жобаның өмірлік кезеңі деп атау қалыптасқан. Басқаша айқанда, фундаменталды және қолданбалы зерттеулерден басталып, жаңа ғылыми-техникалық идеяны құру, игеру және қолданумен, шығарылатын техниканың техника-экономикалық параметрлерін жақсартумен, оны жөндеу және басқа да қызмет көрсетумен жалғасатын және осы техника жаңа, тиімдірек техникамен асмастырылуымен аяқталатын кезең инновациялық жобаның өмірлік кезеңі деп аталады. Жұмыстарды жүргізу ретін ескере отырып инновациялық жобаның өмірлік кезеңі инновациялық процесс ретінде қарастырылады (5-ші сурет).

Теория мен тәжрибеде инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің сатыларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ, әсіресе қызмет түрлеріне қатысты. Біз ұсынып отырған сызбада, ТМД елдерінде кеңінен қолданылатын, өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі әдістемесі (ӨСБ КЖ) пайдаланылған.

Осыған сәйкес біз инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңінің төрт сатысын бөліп қарастырамыз: зерттеу және құрастыру; дайындау (жасау); айналу және сату; қолдану және тұтыну (5-ші сурет).

Халықаралық тәжрибеге сәйкес (ИСО 9004) инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңі бұдан да көп сатыларға бөлінеді:

маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу; жобалау және (немесе) технологиялық талаптарды құрастыру; өнімді құрастыру;

материалдық-техникалық жабдықтау; өндірістік процесстерді дайындау және құрастыру; өндіру;

бақылау, сынақ пен тексерулер жүргізу; қаптау және сақтау; өнімді сату және тарату; монтаждау және қолдану; техникалық көмек және қызмет көрсету; өнімді пайдаланғаннан кейін жою.

Инновациялардың формаларының көптігі инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің құрамы мен мазмұнына қатысты бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, инновациялық процесстің негізгі кезеңдерін, оның негізгі құрам бөліктерін қарастыру арқылы анықтауға болады.

Келтірілген концепциялар негізінде инновациялық жобаны жалпы құру мен жүзеге асырудың келесі негізгі кезеңдерін жүйелеуге болады:

1. Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру;

2. Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;

3. Келісімшарттық құжаттарды дайындау;

4. Жобалық құжаттарды дайындау;

5. Құрылыс-монтаж жұмыстары;

6. Объектті пайдалану;

7. Экономикалық көрсеткіштер мониторингі.

Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру кезеңі деп ойланған әрекеттер жоспарын айтады. Бұл кезеңде, алдымен, инвестициялардың объектісі мен субъектісін, олардың формалары мен көздерін анықтау керек.

Инновациялық жобаның екінші кезеңінде инвестициялардың келесі формалары пайдаланылады:

· Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мақсаттық салымдар, айналымдағы қаржылар, құнды қағаздар, мысалы, акциялар мен облигациялар, кредиттер, несиелер, кепілдіктер және т.б.);

· жер;

· ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және сынау құралдары, өндірісте қолданылатын және ликвидтігі бар басқа да кез келген мүлік;

· әдетте ақша эквивалентімен өлшенетін, мүліктік құқықтар.

Инвестициялардың негізгі көздері:

· өзіндік қаржылық қаражаттары, басқа да актив түрлері (негізгі қорлар, жер телімдері, өнеркәсіптік меншік және т.б.) және тартылған қаражаттар;

· республикалық, аймақтық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржылар;

· біріккен кәсіпорындардың жарғылық қорына қаржылық немесе басқа да формада берілген, шетелдік инвестициялар;

· әртүрлі формадағы несиелік қаражаттар, соның ішінде, мемлекеттік кредитер, шетел инвесторларының кредиттері.

Инновациялық жобада ұзақ және орта мерзімдік инвестициялар анықтаушы роль атқарады, өйткені инновациялық процесс орта есеппен 3-5 жылға және одан да көпке созылады. ҚР Ұлттық Банкінің мамандарының бағалауы бойынша инвестициялардың реккордтық ағылуы шетел компанияларынң беретін несиелердің тұрақты жоғары көлемінің сақталуымен де, реинвестициялардың едәуір өсуімен де байланысты. Тікелей инвестициялардың шамамен 70% мұнай және газ өндіру саласына, геологиялық және іздестіру әрекеттеріне жұмсалады [9].

Инвестицияларды тарту әдістері 6-шы суретте көрсетілген.

Сызбадан, жалпы түрде инвестициялар, табыс алу мақсатында, экономиканың әртүрлі салаларына ұзақ мерзімдік қаржы салуды білдіретінін көруге болады. Жоғарыда аталғандай инновацияларға капитал салуға байланысты инвестициялық әрекетті инновациалық-инвестициалық әрекет деп атауға болады, және оны келесі түрде сыныптауға болады (7-ші сурет).

Бұл жерден инвестициялардың, экономикалық мәні және мақсаты бойынша, тікелей және портфельдік болып бөлінетінін көруге болады. Тікелей инвестицияларды шетелдік және отандық компаниялар тікелей жер, өндіріс құралдары, материалдық емес және басқа да активтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады. Портфельдік инвестициялар – бұл шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың әртүрлі эмитенттердің құнды қағаздарын сатып алуы.

Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу кезеңі келесілерді қарастырады:

· экспорт пен импортты ескере отырып, өнім мен қызметке деген сұранысты алдын-ала зерттеу;

· өнімнің (қызметтің) базалық, ағымдық және болжамдық бағаларының деңгейлерін бағалау;


Инновациалық қызмет және и маркетинг






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-19; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1510 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2159 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.