Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Инновациалық менеджмент объектісі ретінде жаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі




 

Кәсіпкерлік, экономикалық әрекет формасы ретінде, екі негізгі түрде жүзеге асырылу мүмкін (немесе олардың комбинациясы):

1) тікелей өндіргіш функцияларын жүзеге асыру жолымен, яғни тауар, өнім, қызмет өндіру арқылы (өндірістік кәсіпкерлік);

2) делдалдық функцияларды жүзеге асыру жолымен, яғни тауарды тікелей өндірушіден, оны тұтынушыға жеткізуге байланысты қызметтер көрсету (делдалдық кәсіпкерлік).

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті. Бұл кезде өндіру функциясы анықтаушы болып табылады. Жалпы қоғамдық тұрғыдан өндірістік кәсіпкерлік басымдылық маңызға ие, өйткені қоғамдық байлық материалдық, ғылыми-техникалық және сервистік өндіріс саларындағы жағдайға тәуелді.

Бұдан бөлек, тауар өндіру саласындағы кәсіпкерлік әрекет негізгі және қосалқы сипатта болуы мүмкін. Негізгілерге, нәтижесі тұтынуға дайын тауар өндіру болатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Қосалқыларға,мақсаты тікелей тауар шығарушыларға, өндіру процесі барысында өндірілетін тауардың сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал ететін, әдістер мен амалдарды құрастыру және беру болып табылатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Бұған әрекеттерінің нәтижесі тікелей тауар өндірушілерге жаңа техника, технология немесе ғылыми-техникалық жаңалықтарды, өндірістік сипаттағы қызмет көрсету (құрылыс жұмыстары, транспорттық қызмет және т.б.) болып табылатын кәсіпкерлік фирмалар да жатады.

Осыған байланысты экономикалық әдебиетте кәсіпкерліктің екі моделі бөліп қарастырылады: классикалық және инновациалық. Кәсіпкерліктің классикалық моделі (дәстүрлі, репродук­тивті кәсіпкерлік) кәсіпкер жұмысты ресурстардан ең жоғары қайтарым алуға ұмтылып ұйымдастырады деген болжамға сүйенеді. Нақты осы модель шеңберінде өндірістің өсуін басқару концепциясы қалыптасады деп есептеледі, оны жүзеге асыру кәсіпкер үшін сыртқы факторлар – субсидиялау, үкімет тарапынан протекционизм – есебінен бірқатар шараларды жүргізуді талап етеді. Рентабельділікті жоғарылату, өндірісті жетілдіру және өнім ассортиментін жаңарту үшін ішкі мүмкіндіктер де жұмылдырылады.

Екінші модель – инновациалық кәсіпкерлік (продуктивті) кәсіпорынның дамуының жаңа жолдарын іздеуді қарастырады, бұл өсуді, немесе инновацияны басқару концепциясы туралы айтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік әрекет тәжрибесінің құрамына, оның кез-келген формасында, әдетте инновациялық процесс кіреді. Өндіріс толық инновацияларға негізделген жағдайда, оның мұндай ұйымдастырылуының нәтижесі жаңа тауар немесе жаңа сипаты, қасиеттері бар тауар болады. Бірақ, нарыққа дәстүрлі тауарларды шығару да, өндірісті ұйымдастыруға, өндірістің техникалық элементтері немесе өндірілетін тауардың сапалық көрсеткіштерін өзгертуге байланысты қандай да бір жаңа элементтер мен әдістерді қолданып жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда дәстүрлі тауарларды жартылай инновация енгізу арқылы өндіру туралы айтуға болады.

Инновациалық кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы ғылыми қауымдастығы мен кәспкерелер үшін салыстырмалы жаңа ұғым. Дәл қазіргі уақытта ҚР жаңашылдықтың шарықтау кезеңін басынан өткізуде. Шарықтау – бұл жаңа мүмкіндіктерге ұмтылған кәсіпкерлердің әрекеттерінен туындаған құбылыс. Шарықтау шектен тыс оптимистік үміттер есебінен күшеюі мүмкін. Шарықтаудың мәнін өндірістік жүйеге алғы технология, басқару әдістерін және жаңалықтарды енгізу деп түсіндіруге болады.

Экономиканы басқарудың бір формалары мен әдістерінің орнына басқалары келеді. Бұл жағдайда инновациялық қызметпен, басқарудың мемлекеттік деңгейінен бастап, шағын бизнесте жаңадан құрылған жауапкершілігі шектелген серіктестікке дейінгі, барлық шаруашылық субъектілері айналысуға мәжбүр.

Инновациялық менеджментке әр түрлі көзқараспен қарайтын ғалымдардың концепциясына байланысты, оларды келесі түрде жіктеуге болады:

· процесс ретінде – Твисс Б., Койре А., Пинингс И., Раппопорт В., Санта Б., Кабаков Г. М,., Макаров В.;

· жүйе ретінде – Шумпетер Й., Лапин Н. және басқалар;

· өзгеріс ретінде – Валента Ф., Яковец Ю., Водачек Л., және басқалар;

· нәтиже ретінде – Бешелев С., Гурвич Ф., Левинсон А. және басқалар;

Инновациялар бойынша зерттеулердің негізін қалаушы ретінде Н.Д.

Бірақ, Қазақстанда бұл мәселе өте аз зерттелген, мұнда әлі экономиканы шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық бағытқа ауыстыру күрделі күйінде қалуда, жаңалық енгізуді басқарудың бірыңғай жүйесі ретінде инновациялық процессті құрудың критерийлері мен принциптері анықталмаған.

“Жаңалық енгізу” – бұл жаңа техника мен технологияны, ұйымдастыру мен басқарудың жаңартылған әдістерін игеру. Ал “инновация” – бұл “өнімнің жаңа түрлерін, жаңа технологиларды, ұйымдастыру формаларын түзу, құрастыру және таратуға бағытталған әрекет”.

Э.А. Уткин “Фирманы басқару” жұмысында инновацияны (жаңалық енгізуді) жүргізілген ғылыми зерттеу немесе ашылған жаңалық негізінде, алдыңғы үлгіден сапалық айырмашылығы бар, өндіріске енгізілген объект ретінде анықтайды.

Инновцияларды дамытудың ынталандырушы механизмі бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Өндірушілер мен тұтынушылар ескірген техника мен технологияны пайдалану барысында дифференциалды зардап (шығын) шегеді, оның нәтижесінде инновация негізінде өндіріс шығындарын азайтуға мәжбүр. Тиімді инновацияларды алғашқы болып игерген кәсіпкерлік фирмалар өндіріс шығындарын азайтуға және оған сәйкес сататын тауарлардың (өнімдердің, қызметтердің) құнын төмендетуге, нәтижесінде ұқсас тауарларды (өнімдерді, қызметтерді) ұсынатын фирмалармен күресте өзінің нарықтағы жағдайын нығайтуға мүмкіндік алады.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Й. Шумпетер алғашқы рет “инновация” ұғымын қолданды, және оны өнеркәсіпте тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндіріс құралдарын, нарықтар мен ұйымдастыру формаларын енгізу және пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндірді.

Қазіргі уақытта инновациялық кәсіпкерліктің пайда болу қажеттілігін келесілер айқындайды:

· өндірістің интенсивті факторларының күшеюі, олар ғылыми-техникалық прогрессті экономикалық әрекеттің барлық салаларында қолдануға ықпал жасайды;

· жаңа техниканы құру мен енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушы ролі;

· жаңа техниканы құру, игеру мерзімін елеулі қысқарту, өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату, ғалымдар мен жаңашылдардың шығармашылығын жаппай дамыту қажеттілігі;

· ғылыми-техникалық өндірістің ерекшелігі, шығындар мен нәтиженің белгісіздігі, зерттеудің айқын көрінетін көп варианттығы, қатер және мүмкін теріс нәтижелер;

· жаңа өнімді игеру барысында шығындардың көбеюі және экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы;

· техника мен технологияның жедел моральдық ескіруі;

· жаңа техника мен технологияны жеделдетіп енгізудің объективті қажеттілігі және т.б.

Инновациалық кәсіпкерлік деп техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесін түсіну керек. Әдетте, кәсіпкерлік әрекеттің негізінде жаңа нарық құрып, жаңа қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік беретін, өнім мен қызмет саласында жаңалық енгізу жатады. Сондықтан біздің ойымызша «кәсіпкерлерді инновациялық ой қабілеті ерекшелейді. Инновация – кәсіпкерліктің ерекше құралы» деп атап көрсеткен П. Дракер шындыққа жақын.

Дракер П. инновациалық идеяның жеті көзін бөліп атайды:

§ ұйым немесе сала үшін күтпеген оқиға – күтпеген табыс, күтпеген шығын, күтпеген сыртқы оқиға;

§ бейконконгруэнттік – күнделікті өмір (шындығында қандай) және ол туралы біздің түсінігіміздің (қандай болу керек) арасындағы сәйкессіздік;

§ процесстің қажеттілігіне негізделген жаңалық енгізу (процесстің қажеттілігі деп, түзетілуі мүмкін және түзетілуі керек кемшіліктері мен осал жерлерін түсіну керек);

§ сала мен нарық құрылымындағы кенеттен болған өзгерістер;

§ демографиялық өзгерістер;

§ көзқарас, көңіл-күй және құндылық ұстанымдардағы өзгерістер;

§ жаңа мағына (ғылыми да, ғылыми емес те).

Австриялық ғалым И. Шумпетер [8] бес типтік өзгерістерді бөліп қарастырады:

1. Жаңа техниканы, жаңа технологиялық процесстерді немесе өндірісті жаңа нарықтық қамтамасыз ету (сатып алу-сату).

2. Жаңа қасиеттері бар өнімдерді енгізу.

3. Жаңа шикізатты пайдалану.

4. Өндірісті ұйымдастыруды және оны материалдық-техникалық жабдықтауды өзгерту.

5. Жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.

Инновациялық процесстің тауарлыққа айналу барысында оның екі органикалық кезеңі бөліп қарастырылады: а) құру және тарату; б) жаңалықты диффузиялау. Біріншісі, негізінен, тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар, тәжрибелік өндіріс пен өткізуді ұйымдастыру, коммерциялық өндіріс сияқты ғылыми зерттеудің кезеңдерін біріктіреді. Бірінші кезеңде әлі жаңалықтың пайдалы әсері жүзеге асырылмайды, тек қана мұндай жүзеге асырудың алғы шарттары құралады. Екінші кезеңде қоғамдық-пайдалы әсер жаңалықты өндірушілер, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында бөлінеді. Диффузия нәтижесінде өндірушілердің де, тұтынушылардың да саны және сапалық сипаттары өзгереді. Жаңалық енгізу процестерінің үзіліссіздігі нарық экономикасында жаңалық енгізу диффузиясының жылдамдығы мен кеңдігіне анықтамалық әсер етеді.

Инновацияның диффузиясы – уақыт бойында ол арқылы жаңалық коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйе мүшелері арасында жеткізілетін процесс. Жаңалық ретінде шаруашылық субъектісі үшін жаңа болып табылатын, идеялар, бұйымдар, технологиялар және т.б. болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда диффузия – бұл бір рет игерілген және пайдаланылған инновацияны жаңа жағдайда немесе жаңа қолдану орнында тарату. Инновацияны тарату – бұл ақпараттық процесс, оның формасы мен жылдамдығы коммуникациялық каналдардың қуаты, шаруашылық субъектілерінің ақпаратты қабылдау ерекшеліктері, олардың осы ақпаратты пайдалану қабілеті және т.б. тәуелді. Бұл нақты экономикалық ортада әрекет етуші шаруашылық субъекттер инновацияларды іздеуде әртүрлі көзқарасты ұстануы және оларды игеру қабілеттерінің әртүрлілігіне байланысты.

Нақты инновациялық процесстерде жаңалық енгізу диффузия процесінің жылдамдығы әртүрлі факторлармен анықталады: а) шешім қабылдау формасымен; б) ақпаратты жеткізу әдісімен; в) әлеуметтік жүйенің сипатымен, сонымен қатар жаңалық енгізудің өз сипатымен.

Жаңалық енгізудің (ЖЕ) сипаттары: дәстүрлі шешімдерге қарағанда салыстырмалық артықшылығы; қалыптасқан тәжрибе мен технологиялық құрылымға үйлесімділігі, күрделілігі, жинақталған енгізу тәжрибесі және басқалар.

ИП соңғы нәтиже тұрғысынан қарастыруда тек мәселе аумағында жаңа дәлелдеуші мәліметтерді және ақпаратарды жинақтауға бағытталған зерттеу қызметін бөліп қарастыру қажет.

Теориялық, фундаменталды зерттеу (ФЗ) тікелей нақты қолданбалы есептерді шығарумен байланысты емес. Бірақ, ол инновациялық процесстің негізі болып табылады. Сонымен қатар, теориялық зерттеулердің қажеттілігі тәжрибенің қажеттіліктерінен және зат туралы бұрынғы білімдерді синтездеу қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. Фундаменталды зерттеулер, әдетте, қолданбалы зерттеулерде көрініс табады, бірақ бұл бірден болмайды: көбінесе бір зерттеу келесі тармақталған құрастырылымдардың тізбегінің негізі болады, олардың бір бөлігі ары қарай дамытылмай тұйыққа тіреледі, басқалары, керісінше, қолданбалы зерттеулер кезеңіне дейін жетеді және нарыққа енгізуге арналған тауар өндіруде көрінісін табады. Мысалы, жаңа дәрілерді өндіру кезінде жүз мыңдаған заттар фармакологиялық скринингтен өткізіледі, бірақ олардың жүздегені ғана қолданбалы құрастырылымдарға енгізіледі, және тек бірнешеуі ғана фармацевтикалық өнім шығаруға негіз болады.

 
 

 


1-ші сурет. Инновациалық процессті басқару

Сонымен, инновациалық процесстің әртүрлі кезеңдерімен байланысты және осыны есепке ала отырып өзінің басқарушылық әрекетін құрастырады.

Инновациялық менеджментке, менеджменттің басқа облыстары сияқты, келесілер тән:

¨ мақсат қою және стратегия таңдау;

¨ төрт кезең.

Айтылған 1-ші суретте көрнекіленген.

Суреттен басқару процесінің 4 кезеңнен тұратынын көруге болады:

1. Жоспарлау: стратегияны жүзеге асыру жоспарын түзу;

2. Шарттарды анықтау және ұйымдастыру: инновациялық кезеңнің әртүрлі фазаларын жүзеге асыру үшін ресурсқа деген қажеттілікті анықтау, қызметкерлер алдына міндеттерді қою, жұмысты ұйымдастыру;

3. Орындау: зерттеулер мен құрастырылымдарды, жоспарды жүзеге асыру;

4. Басқару: бақылау және талдау, әрекеттерді түзету, тәжрибе жинақтау; инновациалық жобалардың тиімділігін бағалау; инновациалық шешімдердің тиімділігін бағалау; жаңалықтарды қолдану.

Келтірілген суреттен, басқарушылық тұрғыдан инновациялық менеджмент - бұл жаңалық енгізуді, инновациялық әрекетті, осы әрекетпен айналысатын ұйымдастырушылық құрылымдар мен олардың персоналын басқарудың принциптері, әдістері мен формаларының жиынтығы деген қорытынды жасауға болады.

Өз кезегінде жаңалықтар, тек оларды таратуға қабылданаған кезден ғана бастап жаңа сапаға ие болады – инновация болады. Жаңалықты нарыққа енгізу процесін коммерциализация процесі деп атау қалыптасқан. Жаңалықтың пайда болуымен, оның инновацияға айналуы аралығындағы уақыт кезеңі инновациалық лаг деп аталады.

Бір сападан екінші сапаға өту ресурстарды шығындауды қажет ететіні (еңбек, капитал, қаржы, уақыт, және т.б.) жалпыға белгілі. Жаңалықтарды инновацияға айналдыру да әртүрлі ресурстарды шығындауды қажет етеді, олардың негізгілері инвестициялар мен уақыт болып табылады. Нарық жағдайында инновациялық әрекеттің негізгі компоненттері жаңалық, инвестициялар және жаңалық енгізу болып табылады. Жаңалықтар жаңалықтар нарығын, инвестициялар капитал (инвестиция) нарығын, жаңалық енгізулер (инновациялар) жаңалық енгізулер нарығын қалыптастырады. Осы үш компонент инновациялық әрекет саласын құрайды (2-ші сурет).

Кең мағынада инновация деп жаңалықтарды жаңа технология, жаңа өнім мен қызмет түрлері, өндірістік, қаржылық, коммерциялық, әкімшілік және басқа да сипаттағы ұйымдастырушылық-техникалық, әлеуметтік-экономикалық шешім түрінде табысты пайдалануды түсіну керек. Идеяның пайда болуы, құрастырылуы мен таратылу және оны пайдалану арасындағы уақыт кезеңін инновацияның өмірлік кезеңі деп атау қалыптасқан. Жұмыстарды жүргізу ретін ескере отырып инновацияның өмірлік кезеңі инновациялық процесс деп қарастырылады.

Жаңалықтар нарығы. Нарықтағы негізгі тауар оған авторлық және ұқсас құқықтар таралатын, қолданыстағы халықаралық, отандық және басқа да заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес рәсімделген, интеллектуалдық іс-әрекеттің ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижесі болып табылады.

Әлемдік тәжрибеде ғылыми (ғылыми-зерттеу), ғылыми-техникалық іс-әрекетті, сонымен қатар эксперименталды (тәжрибе-конструкторлық) құрастырылымдарды бөліп қарастырады. Ғылыми (ғылыми-зерттеу) іс-әрекеттері жаңа білімді алу, тарату және қолдануға бағытталған.

Жаңалықтар нарығын ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, уақытша ғылыми ұжымдар, ғылыми қызметкерлердің бірлестіктері, коммерциялық ұйымдардың ғылыми-зерттеу бөлімдері, дербес лабораториялар мен бөлімдер, отандық және шетелдік жаңашылдар қалыптастырады. Осындай концепцияның негізінде жаңалықтар нарығының сыныптамасын келесі түрде көрсетуге болады (3-ші сурет).

 
 

 

 


2-ші сурет. Инновациялық әрекет сызбасы.

Суреттен инновациалық процесстердің сыныптамасын келесі критерийлер бойынша жүргізуге болатынын көруге болады: мазмұны, жаңалық деңгейі, инновациялық потенциалы, бойынша; ұйымдастырушылық ерекшеліктері, жаңалық енгізудің өмірлік кезеңінің мерзімі және т.б. осыған сәйкес инновациялардың келесі түрлерін ажыратады:

1.Радикалдық (жаңалық) деңгейі бойынша:

· базистік инновациялар, ірі жаңалықтарды жүзеге асырады және техниканың дамуының жаңа бағыттарын қалыптастыруға негіз болады;

· жақсартатын инновациялар, әдетте ұсақ және орташа жаңалықтарды жүзеге асырады және ғылыми-техникалық кезеңнің таратылу және тұрақты даму кезеңдерінде басым болады;

· псевдоинновациялар, ескірген техника мен технологияларды жартылай жақсартуға бағытталады.

2. Қолдану сипаты бойынша, яғни жаңашылдық потенциалы бойынша:

· өнімдік инновациялар, жаңа өнімдерді өндіру мен пайдалануға бағытталған;

· технологиялық инновациялар, жаңа технологияны құру және қолдануға бағытталған;

· әлеуметтік, жаңа құрылымдарды құру мен жүзеге асыруға бағытталған;

· кешендік, өзгерістердің бірнеше түрінен құралады;

· нарықтық, жаңа нарықтарда өнімдерге, қызметтерге деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.

3. Пайда болуының ынтасы (көзі) бойынша: ғылым мен техниканың дамуынан туындаған инновациялар; өндірістің қажеттілігінен туындаған инновациялар; нарық қажеттілігінен туындаған инновациялар.

4. Ұдайы өндіру процесіндегі ролі бойынша:

· тұтынушы инновациялар;

· инвестициалық инновациялар.

5. Көлемі бойынша:

· күрделі инновациялар (синтетикалық);

· қарапайым инновациялар.

Келтірілген инновациялардың сыныптамасы жаңалық енгізу процесстері өз сипаты бойынша көп түрлі және күрделі, яғни, оларды ұйымдастыру формалары, инновациялық әрекетке ықпал жасау көлемі мен амалдары да көп түрлі болуы керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жаңалық енгізудің таза бәсекелестік нарығы. Таза бәсекелестік нарығы деп, бір де бір сатушы немесе сатып алушы ағымдағы бағаларға үлкен әсер етпейтін жағдайда, ұқсас тауарлармен мәмлелерді жүзеге асыратын сатушылар мен сатып алушылардың жиынтығын атайды. «Таза» бәсекелестік ұғымын пайдалану бізге шаруашылық субъектілері арасында тиімді капитал салу, өткізу нарығы, ресурстар көзі мен ғылыми-техникалық әрекет нәтижесі үшін бағалық, бағалық емес және басқа да жарыс және күрес мәселелерін қарастырмауға мүмкіндік береді. Ертеректе ғылыми және ғылыми-техникалық әрекет нәтижесі ретіндегі жаңалықтан, жаңа технологияларды, тауарларды, қызмет түрлерін, жаңа әдістерді және с.с. қоғамдық мойындау ретіндегі жаңалық енгізуге дейін уақыт және ресурстар шығындау процесі жүзеге асырылатыны туралы айтылған. Таза бәсекелестік нарығы бұл процессте екі тұрғыдан көрінеді, олар қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі түрінде болады. Ұйымның жаңалық нарығына қатысу формасының әртүрлілігіне қарамастан, анықтаушы шарт ретінде ғылыми және ғылыми-техникалық салаға да, жаңалықтарды инновациларға айналдыру процесіне де инвестиция салу болып табылады. Капитал (инвестиция) нарығы. Компаниялар мен кәсіпорындарға жаңа технологиялар, ішкі және сыртқы нарықтарды бәсекеге қабілетті өнімдер (қызметтер) сатып алу, өз тауарлары үшін жаңа нарықтар, жабдықтаушылар мен сатып алушыларды табу қажет. Мемлекетке қару-жарақтың жаңа түрлері, жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді жүйесі, эенергияның экологиялық таза түрлері, ресурс үнемдеуші технологиялар және т.б. қажет. Бірақ, кез келген шаруашылық субъектісінің қажеттілігін қанағаттандырудағы негізгі шектеуші барлық түрлердегі капитал болып табылады (жарғылық, несиелік, айналымдық, акционерлік, венчурлық және т.б.). Капитал нарығының негізгі даму факторлары 4-ші суретте көрсетілген.

Келтірілген сызбадан капитал нарығының негізгі факторлары макроэкономикалық ортаның жағдайы, заңнамалық негіздер, жекешелендіру, салық жүйесінің шарттары, қаржылық механизм мен ақпараттық технологиялардың даму деңгейі, сонымен қатар елде қолданылатын өндіріс және өнім стандарттары болып табылатынын байқауға болады. Капиталдың негізгі міндеті инновациялық салаға отандық және шетелдік қаржы ресурстарын тарту және тиімді орналастыру болып табылады.


Мазмұны бойынша - Техникалық - Ұйымдастырушылық - Әлеуметтік - Экономикалық Иноовациялық процесстің ерекшелігі бойынша   - Ұйым ішіндік - Ұйым аралық   Құрастыру және тарату деңгейі бойынша   - Мемлекеттік - Республикалық - Аймақтық - Салалық - Корпорациялық - Фирмалық  
     
Жаңалықтар мен инновациялық процесстің классификациялық сипаттары  
 
Радикалдық-жаңалылық деңгейі бойынша   - Абсолюттік - Салыстырмалы - Шартты - Жеке    
  Құрастыру және тарату салалары бойынша   - Өнеркәсіптік - Қаржылық - Қызметтер - Сауда-делдалдық - Ғылыми-педагогикалық - Құқықтық  
Технологияның, тауардың, ұйымның өмірлік кезеңі бойынша  
   
 
Жаңашылдық потенциалы бойынша   - Радикалдық - Аралас - Модификациялық Инновациялық процесстің кезеңдерінің мерзімі бойынша  
 
   
   
 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-19; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1591 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.