Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мәліметтік-дидактикалық блок




· Громашевский Л.В. бойынша - эпидемиялық процесс дегеніміз жұқпалы жағдайлардың бір-бірімен байланысты тізбек.

· Елкин И.И. Эпидемиялық процесс дегеніміз бір-бірімен байланыс және бір-бірінен шығатын эпидемиялық ошақтар.

· Беляков В.Д. Эпидемиялық процесс бұл белгілі бір әлеуметтік және табиғи жағдайда адамдар манифестік және симптомсыз формада кездесетін инфекция, қоздырушы (паразит) және адам организмі бір-бірімен байланысқан процесс.

Эпидемиялық процесс өзіне тән ерекшеліктері, иерархиялық құрамы және реттелу механизмдері бар өте күрделі жүйе, сонымен қатар, басқа да күрделі құбылыстар сияқты, оның негізгі, табиғаты, мағынасы мен даму механизмдері және көрініс өзгешіліктері бар құбылыс. Осыған орай, эпидемиялық процессті жан-жақты толық зерттеп түсінгенде ғана эпидемиология пәнінің басқа да бөлімдері мен тарауларын жете меңгеруге мүмкіншілік туады. Демек, ол эпидемиологияның барлық бөлімдерін біріктіретін түп қазық десек те болады. Ол - эпидемиологияның зерттеу объектісі.

Эпидемиялық процесс туралы ілімнің өзіндік тарихи түп негізгі бар. Жұқпалы аурулардың кең көлемде пайда болуы, қоғамда таралуы, азаюы мен жоғалып кету себептері туралы мәселелер әр уақытта зерттеушілердің алдында тұрады. Адамдардың жұқпалы аурулар мен паразиттер түрлерінің арасындағы байланысты білмей тұрып - ақ, ертеректе, алдымен, аурулардың жұқпалылығы (контагиоздігі) туралы түсініктер пайда болғаны белгілі. Атап айтқанда, дәл осы түсініктерді қазіргі эпидемия және эпидемиялық процесс туралы ұғымдардың қалыптасуындағы алғашқы қадам деп есептеуге болады.

Эпидемия және эпидемиялық процесс туралы бірқатар теориялық көзқарастар көптеген орыс ғалымдарының белгілі еңбектерінде орын алды (Д.Н. Заболотный, В.А. Башенин, М..Н. Соловьев, Н.А. Семашко, В.Н. Беклемишев, В.М. Жданов, И.И. Елкин т..б.). Әсіресе, солардың ішінде осы салаға В.Д. Беляков, В.И. Покровский, Б.Л. Черкасский, Ю.В. Литвин, Э.Н. Шляхов көп үлес қосты. Осы бағытта Қазақстан ғалымдары да (С. Әміреев, Ж. Темірбеков, И. Шуратов, А. Исмағұлов, А. Айқымбаев т.б.) көп еңбектеніп, өз үлестерін қосты.

Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л.В. Громашевский болып саналады (1941, 1949, 1965). Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырды, инфекцияның берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық процесстің қозғаушы күштерін анықтады "Эпидемиялық процесс" деген терминді де бірінші рет еңгізген Л.В. Громашевский болды, "Эпидемия" деген ұғымды тар мағынада ""эпидемия" деп, кең мағынада "эпидемиялық процесс" деп екіге бөлді.

Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себептерін талдау кезінде Л.В. Громашевский үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда болу үшін бірінші, ең қажет жағдай, инфекция қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия да, тіпті, жеке ауруда пайда болуы мүмкін емес.

Бірақ эпидемиялық процесстің пайда болуы үшін, егер осы процеске сыртқы орта қатыспаса, тек инфекция қоздырғышының көзінің болуы жеткіліксіз.

Осы себептен эпидемиялық процесстің пайда болуы үшін міндетті түрде екінші бір қажетті жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы азды - көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің болуы болып табылады.

Эпидемиялық процесстің пайда болуы үшін үшінші міндетті шарт осы аурудың қоздырғышын қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі.

Осы көрсетілген үш алғы шарттың (инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі, қабылдаушы халық) қосылған жиынтық жағдайында ғана жұқпалы аурудың, яғни эпидемиялық процесстің пайда болу мүмкіндігі туады. Керісінше, осы көрсетілген үш шарттың тек біреуі ғана болмай қалса, онда жұқпалы ауру, яғни эпидемиялық процесс пайда болмайды. Л.В. Громашевскийдің осы теориялық тұжырымдамасы эпидемиологияда толыққанды заңның негізін қалады. Ол заңның тұжырымы былай: "Эпидемиялық процесстің пайда болуы және үзілмеуі үшін оның міндетті үш элементінің өзара әрекеті қажет: инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі, осы ауруды қабылдағыш халық. Осы элементтер болмаса немесе олардың өзара әрекетін үзсе, онда эпидемиялық процесс тоқтайды.

Сонымен, эпидемиялық процесстің қарапайым негізгі инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі және қабылдағыш халық болып саналады. Бірақ осы жеке бөліктерді зерттеу эпидемиялық процесстің табиғатын, мәнін толық түсінуге мүмкіншілік бермейді.

Эпидемиялық процесс адамдар арасында табиғи және әлеуметтік жағдайлармен байланысты өтетін болғандықтан, оның басқа процесстерге (эпизоотиялық және эпифитиялық) қарағанда өзіне тән сапалық ерекшеліктері болады. Сондықтан эпидемиялық процесс, өзінің ішкі табиғаты жағынан, әлеуметтік - биологиялық құбылысқа жатады.

Эпидемиялық процессті әлеуметтік-биологиялық жағынан сипаттағанда оның себебі мен даму жақтарын бірге талдаған жөн. Ол үшін бір-біріне қатынасы бар бөлшектерін біртұтас зерттеген тиімді. Эпидемиялық процесстің "үштігі" (көзі, берілу механизмі, қабылдағыш) жұмыс істегенде әлеуметтік және табиғи жағдайлар тікелей әсер етеді, олар эпидемиялық процесстің қозғаушы күші болады.

Эпидемиология ғылымының өте маңызды теориялық жетістігі ретінде Л.В. Громашевский (1949) ойлап тапқан инфекцияяның берілу механизмі туралы ілімді айтуға болады. Бұл ілімнің негізгі түйіні мынада: паразит эволюциялық даму барысында қалыптасқан механизмдері арқылы, өзіне тән берілу механизмдерінің көмегімен, жеке тән организм иелерін ауыстырып отыру үшін, паразиттің биологиялық түрі ретінде сақталлады. Берілу механизмінің қоздырғыштың ие организміндегі басты орнығуының сәйкестігі осы ілімнің негізгі болып саналады.

Берілу механизмі - эволюциялық даму барысында қоздырғыштың иелерін ауысстыру арқылы биологиялық түрін сақтауды қамтамасыз ететін механизм, яғни қалыптасқан заңдылық негізінде қоздырғыш инфекция көзінен қабылдаушы ие организміне ену механизмі. Ол үш сатымен (фазамен) іске асады: а) ауру адамнан шығу сатысы; б) сыртқы ортаның биотикалық және абиотикалық объектілерінде уақытша бола тұру сатысы;

в) қабылдағыш организмде ену сатысы. Берілу механизмінің екінші және үшінші сатысы белгілі бір (немесе бірнеше) фактор арқылы іске асады.

Берілу факторлары - қоздырғыштың бір организмнен екіншісіне тасылуын қамтамасыз ететін сыртқы орта объектілері және буыняақтылар. Қоздырғыштың берілу механизмін бірінші сатыда іске қосуда қатысатын факторларды алғашқы берілу факторлары деп атайды. Қоздырғышты организмге жеткізетін факторларды соңғы факторлар деп атайды. Берілу факторлары міндетін атқаратындарға жататындар: ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынаяқтылар. Қоздырғышты инфекция көзінен қабылдаушыға тасуға қатысатын буынаяқтыларды қоздырғыштың тасымалдаушысы деп атайды.

Берілу жолдары деп нақты эпидемиялық жағдайда қоздырғышты бір организмнен екіншісіне жеткізуді қамтамасыз ететін нақты сыртқы орта элементтерін және тасымалдаушыларды (буынаяқтыларды) немесе осылардың үйлесімділігін (факторлар жиынтығын) айтады.

Қоздырғыштың жұққан организмнен бөлініп, басқаға ену қасиеті дегеніміз біржола құрып кетпеу үшін, ие өлгеннен кейін немесе жазылғаннан кейін келесі организмде өмірін жалғастыру үшін, эволюциялық даму кезінде пайда болған қасиеті болып табылады.

Берілу механгизмінің бірінші сатысы - қоздырғыштың шығуы кейбір физиологиялық реакциялар арқылы (үлкен және кіші дәрет, құсу, демалу, сөйлеу, жөтелу, түшкіру), олардың патологиялық үдеуі арқылы (іш өту, құсу, жөтелу, кілегей қабаттарындағы жара) жүзеге асады.

Екінші саты - қоздырғыштың сыртқы ортада уақытша болуы. Бұл көптеген қоздырғыштарға тән қасиет. Берілу механизмінің осы фазасында қоздырғыштың уақытша сақталуы ғана емес, оның келесі жаңа организмге жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Егер берілу факторы

ретінде қансорғыш буынаяқтыларды алатын болсақ, кейбір жағдайда олардың организмінде қоздырғыштың сақталуымен қатар оның өніп-өсуі де байқалады (мысалы, энцефалиттерде - кене, обада - бүрге, безгекте - маса т.б.). Мұндай жағдай көбінесе табиғи ошағы бар ауруларға тән.

Үшінші саты - қоздырғыштың қабылдағыш организмге енуі. Бұл процесс әртүрлі факторлардың қатысуымен, мысалы, қоздырғышпен ластанған ауаны жұту, суды немесе тағамды ішу, ластанған құрал жабдықтармен жанасу немесе қансорғыш тасымалдаушылар арқылы жүзеге асады.

Қоздырғыштың бірінші және үшінші сатылары - сыртқы ортаға шығуы мен келесі организмге қайта ену әдістері оның ие организмдегі тәндік орнымен анықталады және дәл осы орын жұққан организмнен қабылдаушы организмге берілу механизмін де анықтайды.

Қоздырғыштың адам организміндегі негізгі орнығу белгісіне қарай және осыған сәйкес берілу механизміне байланысты жұқпалы аурулар төрт топқа бөлінеді. Қоздырғыш тыныс органдарының кілегей қабаттарында орналасса, оның сыртқы ортаға шығуы деммен шыққан ауа құрамындағы аэрозольдермен беріледі, ал жұғу процесі осы микроорганизмдермен ластанған ауамен демалғанда болады. Әрі қарай қоздырғыш келесі дені сау адамның тыныс алу мүшелерінде тағыда өзіне тән орын табады.

Сондықтан тыныс мүшелері аурулары қоздырғыштарының берілу механимін аэрозольдік (аспирациялық, ауа-тамшылық, ауа-шаңдық, аэрогендік, респираторлық) деп атайды.

Аэрозольдік берілу механизмі негізінен екі жолмен іске асады: микроорганизмдер сыртқы ортада төзімсіз болғанда ауа-тамшылық жолымен (мысалы: менингококктар, қызылша вирусы т.б.) және ауа-шаңдық жолмен - төзімді микроорганизмдер сыртқы ортада төзімсіз болғанда ауа-тамшылық жолымен (мысалы: туберкулез микобактериясы). Кейбір жағдайда, ауа фактор ретінде, үлкен роль атқарады (мысалы: лабораториялық жұғу байқалса, немесе бактериологиялық қару қолданса). Мұндайда, тіпті, осындай берілу механизм қалыптаспаған аурулардың қоздырғыштары да аэрозоль түрінде таралуы мүмкін. Мысалы, бруцеллез, рикетсиоз, түйнеме қоздырғыштары осылай жұғуы мүмкін.

Қоздырғыштың тәндік орналасуы көбінесе ішекте болса, ол оның сыртқы ортаға әртүрлі эксперименттермен (улы дәрет, сүйық дәрет) немесе құсықпен шығады. Келесі сау организмге ауыз арқылы микроорганизммен ластанған суды, тамақты тағы да ас қорыту органдарында өзіне ыңғайлы орын табады. Санитарлық жағдай нашар болғанда қоздырғыштың таралуында шыбын тасымалдаушы ролін атқарады. Халықтың санитарлық мәдениеті және санитарлық тұрмысы төмен болса, қоздырғыш тұрмыстық жол арқылы да беріледі. Ішек ауру қоздырғыштарының берілу механизмін жалпылама нәжісті - ауыздық деп атайды.

Қоздырғыштың тәндік орналасуы көбінесе қан тамыры жүйесінде болса, оның жұқтырған адамнан сыртқы ортаға шығуы негізінен қансорғыш буынаяқтылардың (маса, бүрге, кене және т.б.) шағуы арқылы іске асады. Келесі организмге енуі де осы залалданған буынаяқтылардың шағуы арқылы болады. Сондықтан қан инфекциялары қоздырғыштарының берілу механизмін қалыптастырады. Мысалы, оба микробы бүргенің лоқсығанында (құсқанда), рикетсия биттің нәжіс шығарғанында болады.

Қоздырғыштың тәндік орналасуы көбінесе тері қабатында және кілегей қабаттарында болса (ас қорыту, демалу жүйелерінен басқа), оның басқа организмге өтуі қоздырғыш көзімен тікелей жанасу арқылы іске асады (жыныс аурулары, тері аурулары). Сондықтан сыртқы қабат аурулары қоздырғыштарының берілу механизмін жанасулық деп атайды. Осы инфекциялар қоздырғыштарының берілуі залалданған сыртқы ортаның абиотикалық объектілерімен жанасқанда да болуы мүмкін (мысалы, түйнемеде топырақ арқылы, микоздарда тұрмыстық заттар, киім-кешек арқылы). Қоздырғыштың жанасулық жолмен берілуі тікелей және тікелей емес жанасуы арқылы іске асады.

Эпидемиялық процесс туралы ілімнің даму барысында берілу механизмінің кейбір жақтары толықтырылып анықталды. Соның ішінде берілу-механизмнің негізгі төрт түрінен басқа, бесінші "вертикальдық" түрі анықталды. Ол анадан іштегі нәрестеге, яғни ұрпақтан ұрпаққа (цитомегалия вирусы, токсоплазмоз, герпес вирустары, қызамық, АИВ-инфекция, т.б.) берілу жолын сипаттайды.

 

4 қосымша

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 821 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2539 - | 2234 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.