Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ойлаудың бұзылуы




Ойлаудың бұзылуы психикалық ауруларда жиі кездесетін аурудың түрі. Аурудың диагнозын қояр кезде психиатр ойлаудың бұзылуының түрлерін басшылыққа алады. Патология симптомдары әр қилы болып келеді. Ойлаудың бұзылуыформасы мен мазмұнына қарай жіктейді. Ойлаудың бұзылын
формасына темптің бұзылуы жатады. Ауруда көп ойлар болғанымен, оны айта алмайды, үлгермейді. Адам миында эр түрлі ойлардың тууы соншалықты, тіпті ортақ магынаны түсінбей қалуы да осыған қатысты.>

Патологиялық түсініктер: жабысқақ, қалыптан тыс құнды ойлар және сандырақ ойлар ретінде болады. Жабысқақ ойлар ауырған адамның санасын жайлап, ол сын көзімен қарап күресіп, тырысқанымен бұл ойдан құтыла алмайтын жағдайға келеді.

Қалыптан тыс құнды ойлар - негізінде шындығы бар ойлар, бірак та оларға қалыптан тыс мән беру.

Ойлаудың мағыналық жақтан бұзылуына қалыптасқан жоғары бағалы сандырақтау ойлары жатады. Қалыптасқан жағдайдаоларда қорқынышты ойлар, күмәнданулар орын алады.

Бұл ойлардан ауру адам құтыла алмайды. Бірақ ондай ой сау адамдарда да кездесе береді.

Аталмыш ойлар маңызды сұрақтардан тұрады. Мәселен, неге адамның екі аяғы, иттің төрт аяғы бар. Бұл адамның еркімен болатын әрекет.

Қалыптасқан ой формасы: мысалы, көшеде не көрінсе соны санай беру - терезелерді, баспалдақтарды санау.

Күмәндану - бұл да сенімсіздіктен болатын қалыптасқан ойдың түрі. Ауру адам өз ойына күмәнданады. Мәселен, үйіне қайта оралып, терезе жабылды ма жоқ па, есік жабылды ма жоқ па деп тексеріп көру үшін қайта- қайта барады. Өзінің әрекетінің біткеніне күмәнді оймен қарайды.

Қорқыныш - фобия деп аталады. Фобия рационалды таным патологиясын зерттеу кезінде қарастырылады.

Нозофобия - адамның өлуіне алып келетін қорқыныш түрі. Олімнен қорыққаннан туатын ой - танатофобия деп аталады. Ал социофобия - қарым-қатынас арқылы туатын қорқыныш болса, лалофобия - сахнаға көпшілік алдына шығудан қорқыныш.

Сандырақ ойлар - ойлаудың ең сапалы бұзылуларының бірі. Бұл шындыққа жанасымсыз ой тұжырымдау мен ойлау. Сандырақ психикалық аурудың басты белгісі ретіндегі психоздың формальды белгісі болып табылады. Адамның кәдімгі қателесуінің сандырақтан айырмашылығы мынада:

1. Ол әрқашан аурудан пайда болады, бұл аурудың симптомы.

2. Адам өзінің түсінігінің, ойының қате екенін анық біледі.

3. Сандырақ ешқандай сендіруге, коррекцияға берілмейді.

4. Ауру адам үшін сандырақ өте маңызды рөл ойнайды. Ол адамның мінезіне әсер етеді. Сандырақтап тұрған ауру адамды ешқандай фактілік дәлелдеулермен де көндіре алмаймыз.

Клиникалық ереже бойынша ойларды төрт үлкен топқа бөлугеболады:

1. Қудалау сандырағы

2. Ұлылықсандырағы

3. Озін-өзі кемсіту сандырағы

4. Аралас сандырақ

Қудалау сандырағы - аурудың соңынан біреудің аңдып жүргенімен сипатталатын сандырақ түрі. Қудалау сандырағы байқалған ауру адам басқаларды көзін қысып, күліп өзіне шақырады. Мұндай науқастар қоғамдық ортада жүрмейді. Оларәрқашан өзінен - өзі күліп қарайды. Немесе түсініксіз сөздерайтып күле береді.

Ұлылық сандырағы - өзін-өзі жоғары бағалаумен сипатталатын сандырақ. Мысалы: жаңалық ашу, ұлылық байлық,махаббат сандырағы.

Махаббат сандырақ. Өзіне өзгенің қатты ғашық болғанын сену. Мәселен, мұндай адамдар ғашығымен кездесуге асығы тұрады. Оның мінезін, ойын, қандай екенін үнемі бақылай жүреді. Ендігі бір ұлылық сандырағының түрінде адам әліболмаған құбылысты салтанатты түрде болды, өтті деп есептейді.

Өзін-өзі кемсіту сандырағы. (Депрессивті сандырақ) өзін-өзі кемсіту, өзін кінәлау, өзін-өзі күнәhар ету формасында болады. Кінәлі болмаса да өзін айыптайтын ауруы бар адамдар өзінің істегенімен, тек өзінің ғана емес өзгенің де өмірін күл талқан еттім деп ойлайды. Ол үшін олар қандай болсын жазаға дайынмын дейді. Әдетте бұл сандырақ психоз ауруына жақын.

Ипохондрикалық сандырақ - СПИД, сифилис, рак ауруларына байланысты адамның ішкі жан дүниесінің күйзелуі.

Бір адамда бір немесе кейде бірнеше сандырақтар кездесе береді. Мысалы, бір мезетте ұлылық пен қудалау сандырағының болуы. Сондай-ақ, бір сандырақтан екінші сандыраққа ауысу процесі болады. Ол сандырақ транформациясы деп аталады.

Конформды сандырақ - ұқсас сандырақтардың екі жақын ауру адамдарда кездесуі. (Мысалы анасы мен қызы).

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1701 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2432 - | 2176 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.