Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тіл, сөйлеудің сипаттамалары, қызметтері




Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқару, оның негізгі қызметі. Сондай-ақ тіл адам сана- сезімнің, психологиясының көрсеткіші. Тіл адамды қимыл әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.

Тіл ғылым мен психология пәнінің сабақтасқан буыны - психолингвистика ғылымының зерттейтін мәселелері - тіл мен ойдын байланысқан және өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі, психология, логика, социология, тарих т.б. ғылымдар тұрғысынан қарастыру, тіл мен сөйлеу әрекетінің жеке психикалық процесстері мен өзектестігі сияқты жайттар. «Тіл» ұғымының да ауқымы ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық қүбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақталған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырылады.

Адамның саналы құрылған күрделі саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған шарт - бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін рәміздер (символ, код) жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла тілдесудің негізгі құралына айналды, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл алғашқыда адамдардың еңбек процесінде қарым-қатынас жасау қажеттігіне байланысты қалыптасты. Біріккен тұрмыстықіс-әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл-күй ғана емес, еңбек байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру қажеттігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация, ишаралар және қарапайым дыбыстар болды. Тек мыңдаған жылдардың өтуімен дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дербестігіне жетті. Тіл - заттарды, олардың қозғалысын, сапасын және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былай өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпенқатар сана қалыптасуының негізгі себептерінің біріне айналды.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

- қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді;

- тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракты арқылы танып, қабылданушы заттытиісті категорияларға (мәндес топтарға) жатқызуға көмек берді;

- тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы.

Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімніңкөп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибе және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.

Сөйлеу - бұл тілдің көмегімен адамдардың озара карым қатынас үрдісі. Сөйлеу негізгі екі қызметті атқарады – коммуникативтік және сигнификативтік, олардың арқасында сөйлеу қарым-қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүрутүрі болып табылады. Сөзде негізгі болып табылатын оның мәні,оның сематикалық мазмұны. Біздің зейінімізде негізіндесөйлеудің мағыналық мазмұны шоғырланған. Адам тілінің әрбір сөзі қандай да болмасын затты білдіреді, қандай да болмасын сөздерді айта отырып, біз әр уақытта да белгілі бір затты немесеқұбылысты білдіреміз. Адамның тілі жануарлар тілінен ерекшеленеді, ол тек қана дыбыстар арқылы аффективтікжағдайды білдіре алады, бірақ ешуақытта да дыбыстармен белгілі заттарды білдіре алмайды. Тілді құрайтын сөздің негізгі қызметінсигнификативтік деп атайды. Ол адамға ерікті түрде заттардыңбейнесін жасауға мүмкіншілік береді.

Сөз одан да басқа өте күрделі қызметке ие, ол заттарды талдауға мүмкіншілік береді.

Сөйлеудің келесі қызметі оның-коммуникативтік қызметі, ол мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметін сөйлеуде өздігінен анықтай алмайды.

Сөздің екі негізгі коммуникативтік және сигнификативтік қызметінің арқасында ол қарым-қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүру түрі болып табылады, біріншісі екіншісі арқылы қалыптасады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1667 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2456 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.