Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарга жіктеуіміз керек.
Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша психикалық құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланысты 3 үлкен топқа топтастыруға болады: психикалық үрдістер, психикалық қасиеттер және психикалық жағдайлар (қалып).
Психикалық үрдістер - бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдестердісонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім, эмоцияжәне ерік.
Психикалық үрдістер - бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді.
Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім, эмоция және ерік.
Психикалық қасиеттер - бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.
Психикалық жагдайлар (қалып) - психикалық іс-әрекегтің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, белсенділік немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық пхикалық қүбылыстар бір-бірімен өзара байланысты.